Трансұлттық коорпорациялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:39, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек бөлісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқалды. Осы жаңалықтардың негізіне материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуын, сондай-ақ социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орнына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуын айтуға болады.

Содержание

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Трансұлттық корпорациялар
2.2 Трансұлттық корпорациялар халықаралық құқықтың субъектісі ретінде
3.Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

СРС ХЖҚ.docx

— 35.59 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

               2.1 Трансұлттық корпорациялар

   2.2 Трансұлттық корпорациялар халықаралық құқықтың субъектісі ретінде

3.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап егеменді ел болып өз экономикасын дамытуға мүмкіндік алып әлемдік еңбек  бөлісіне қатыса бастады. Бұл кезеңде елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи маңызды, орасан зор өзгерістер байқалды. Осы жаңалықтардың негізіне материалдық өндірістің, бұрынғы экономикалық қатынастардың орнына жаңа қатынастардың пайда болуын, сондай-ақ социалистік деп аталған мемлекеттік және кооперативтік меншіктің орнына көп түрлі меншік формаларының келуі, оның ішінде жеке меншік түрлерінің пайда болуын айтуға болады. Меншіктің жекешелендіріліп, мемлекет иелігінен алынуы әкімшілік жүйенің құлауына жол ашты.

ТҰК қазіргі экономика  дамуының негізі болып табылатын  елдер тәжірибесі негізіндегі  кәсіпкерлік  қызметтің формасы ретінде оны  ұлттық экономика дамуының стратегиялық факторы ретінде тануға болады. ҚР экономикасы дамуындағы ТҰК алатын орны мен маңызын айқындадық және оның ел экономикасына сәйкес қолдануда ынталандырушы сипатын белгіледік.

     Постиндустриалды кезеңдегі фирманың негізгі түрі ретіндегі корпорацияның артықшылығы осы кезеңнің жандануына алып келді. Кәсіпкерлік қызметтің акционерлік формасы капитал ресурстарын жинақтауды жалдамдатады, басымды дамуын қажет ететін салалардың шоғырландыру мүмкіндігін ұлғайтады. Жалпы, кәсіпкерліктің жаңа формаларының дамуы концерндердің, холдингтердің, қаржы топтарының, траст компанияларының құрылуынан көрінеді.

     Кәсіпкерліктің институционалды формаларының ерекешелігін қарастыру корпорация түрлерін талдаудан басталды. Трансұлттық корпорациялар қазіргі әлемдік қаржылық капиталдың бүкіл қуатын қамтиды. Бұл корпорациялардың ерекшелігі корпорациялар арасындағы қатынастарда орталықтандыру тенденцияларын күшейтеді. Трансұлттық корпорациялардың экономикалық формасы ретіндегі франчайзингті елімізде қолдану аясының мүмкіндігі де жоғары. ТҰК-ң институционалды формалары қаржы өнеркәсіптік топтардың ерекшелігі ірі өндірістік корпорациялар, банктік құрылымдар, қаржы-сауда капиталының шоғырлануы арқылы дамыған мемлекетімізде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ете алуы. Қаржы өнеркәсіптік топтардың аграрлық секторда құрылу мүмкіндігі, агробизнестің тиімділігін арттырудағы оның ролі мен осы саладағы ерекшелігін айқындайды.

Қазiргi әлемдiк экономиканың дамуында негiзгi рольдi халықаралық  қаржы капиталының iрi топтары, оның iшiнде ядросы ретiнде қалыптасқан  ТҰК иеленедi. Олардың стратегиясы жоғарғы инновациялық белсендiлiкпен және динамикалығымен, iшкi бiрлескен құрылымдарды белсендi жетiлдiрумен, әлемдiк нарықтың жекелеген сегменттерiн ғана емес, өндiрiс пен өнiм өткiзудегi әлемдiк шаруашылықтың негiзгi бағыттарын жаулап алуға бағытталуымен ерекшеленедi. 
Бүгiнгi таңда ТҰК халықаралық экономикалық қатынастарға елеулi түрде әсер етуде. Мүндай жағдайда өзiнiң ұлттық нарығын сыртқы елдерге жаңадан ашып отырған өтпелi экономикадағы елдердiң үкiметiнен терең ойластырылған, оперативтi және икемдi макроэкономикалық саясат талап етiледi. Қазақстан экономикасының инфрақұрылымының бүгiнгi таңдағы басты мiндетi - елiмiздiң экономикасын және халқымыздың экономикалық тұрғыдағы саулығын қорғаудың кең ауқымды, қуатты жүйесiн құрып шығу. Экономиканы әлемдiк деңгейге көтеру үшiн экономикалық саясатты жетiлдiру қажет. Экономиканы жетiлдiруде елiмiздiң өндiрiстiк корпорацияларын дамытуға қолдау жасау керек. Өтпелi кезең жағдайларында ел үшiн әлемдiк жаһандану шығынға ұшырау қаупi өте жоғары болады. Өйткенi, елдегi ұлттық экономикалық құрылымның әлсiздiгiн, өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмен дәрежелiгiн және басқарушы кадрлар біліктілігінің жетiспеушiлiгiн есепке алғанда, ел экономикасына әлемдiк нарықтағы өте iрi, бәсекеге қабiлеттiлiгi жоғары, жеткілікті маманданған, технологиясы жетiлген корпорациялар терiс ықпал тигiзуi де мүмкiн. Сондықтан, әлемдiк шаруашылық байланыстарына тиiмдi қатысу мәселесiн шеше отырып, Қазақстан ТҰК-дың экономикалық қызмет жүйесiнiң барлық қиындығын, терiс әсерлерiн ескеру қажет. Бүл жерде мемлекеттiң әлемдiк экономикадағы алатын орны маңызды мәселе болады. Егер мемлекеттiң өзiнiң iрi корпорацияларының халықаралық саудадағы, әлемдiк экономикадағы ықпалы елеулi түрде маңызды болса, онда сол мемлекеттiң де әлемдiк экономикада алатын орны маңызды болады.

 

Тақырыптың өзектілігі - қазіргі заманда адамзат жаһандану  адами қоғамының барлық салаларына әсер ететін қиындықтарымен  айналысады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, сонымен қатар әлемнің, аймақтардың, белгілі мемлекеттердің мен жерлердің әлеуметтік-экономикалық және саяси географиясы. Жаһандану үрдісі әлемдік экономика эволюциясы, әлемдік шаруашылық байланыстар күшеюінің қайталмайтын нәтижесі болып объективті сипатқа ие. Жалпы әлемдік нарықтың, капитализмнің әлемдік жүйесінің және оның ішінде трансұлттық корпорациялары билігі дамуының қалыптасуына қарай экономикалық үрдістің қатысушылары ретінде ұлттық мемлекеттердің «құруы» концепциясы ұсынылды. Осы концепцияға сәйкес аса ірі корпорациялар өсуі кезінде «ұлттық мемлекет экономикалық бірлік ретінде өзінің соңына жақындап келеді». «Әлемнің экономикалық болашағы әлем кіріктіретін ірі корпорациялар қолында». Осындай үрдістің шарықтау шегі ретінде «ірі корпорациялар қол астында әлемнің экономикалық ұйымдастыруы» болуға тиіс. Көлік пен байланыс саласында технологиялық жетістіктердің «жаһандану әсері» трансұлттық корпорациялары іс-әрекеттері экономикалық әсерінің дамуында көрінеді. ТҰК сауда операциялары мен капиталдың шығарылуын алмастырады, кейбір жинақтаушы бөлшектерді шығаруын әртүрлі елдерде және солардың біреуінде күрделі өнімнің соңғы шығаруын  орналастырып, әлем көлемінде еңбекті цехаралық бөлудің пайдаларын тиімді қолданады. ТҰК – бұл жаңа «жаһанды субъектілер», олардың ең ірілері қаржы-экономикалық және технологиялық мүмкіндіктері бойынша әлемнің кіші және орта мемлекеттерінің көбін асып түседі.

Трансұлттық корпорациялар  өздерінің филиалдарын оларға қызықты  мемлекеттерде ашады. Қызықтарының негізі - өзінің технологиялық бөлімдерін мен өндірісті орналастыру немесе дайындалған тауарларды, өндірілетін  қызметтерді сату болып  табылады. ТҰК өздерінің эволюциясы кезінде өздерінің географиясын бұрынғы КСРО елдеріне де өткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

Трансұлттық корпорация — келісілген саясат пен ортақ стратегия жүргізуге мүмкіндік беретін шешімдер қабылдау жүйесіне сәйкес екі немесе одан көп елде жұмыс істейтін бөлімшелері бар, орналасқан еліне, меншік нысанына тәуелсіз жекеше, мемлекеттік немесе аралас кәсіпорын; шетелге тікелей қаржы (инвестиция) салушы фирма. Трансұлттық корпорацияның қай елдікі екені оның штаб-пәтері орналасқан ел бойынша анықталады. Төлем балансы тұрғысынан шетелдік кәсіпорынның кез келген несие беруі немесе акцияларды (жарғылық капиталдағы жарнапұлды) сатып алуы шетелдің тікелей қаржы салуына жатады.

Қазақстан Репсубликасының  мемлекеттік егемендішін алуы ішкі және сыртқы ресурстарының сапасы мен  жұмылдыруына байланысты елдің өмірге төзімділігінің негізгі кепілі ретінде  Трансұлттық корпорациялармен қауіпсіз экономикалық қатынастармен қатар  жалпы ұлттық экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығын күшейтті.

Қазіргі уақытта ұлттық қауіпсіздік  ең алдымен Қазақстанның алдыңғы  қатарлы экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға, елде әрекет ететін трансұлттық копорациялар, инвесторлар мен шетел компаниялардың экономикалық іс-әрекеттердің ұлттық экономикасына теріс жағдайларын  тоқтату, аталған экономикалық объектілерімен дұрыс қатынасты құруға бағытталған  экономикалық қауіпсіздігіне сүйенеді.

Осыған орай Қазақстан  Республикасы даму стратегиясының негізгі  бағыттарының ішінде, елдегі трансұлттық  компаниялардың филиалдарымен ойдағыдай  жұмыс істеп, оларға заңсыз операцияларды  жүргізуге, мемлекеттің салық органдарынан табиғи ресурстардан түскен пайдалырының ірі көлемдерін көрсетпеуіне, табиғатқа  және аймақтардың әлеуметтік- әлеуметтік, экологиялық жағдайларын кемсітуге  жол бермеу, қазақстандық өнеркәсіптерін технологиялық, өндірістік жағынан  өздерінің елдеріне тәуекел етуге  тосқауыл қоятын барлық саяси-әлеуметтік салалардың тиімді және тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ететін экономикалық жүйесінің қауіпсіздігі басым болып  табылады.

Экономикалық қауіпсіздігін  стратегиялық қамтамасыз ету мен  шетел мен трансұлттық компаниялардың зиянды да теріс әсерлерін төмендету, олардың экономикалық-әлеуметтік жағдайына  оң салдарын көбейту мәселелеріне деген  ерекше назар аударылуы келесі жағдайлармен себептеледі:

1. Қазақстан Республикасы  экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі  қауіп-қатерлері ұлттық қауіпсіздігінің  басты және түйінді қауіп қатерлердің  қатарына кіретін құбылысқа айналды;

2. Экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі қауіп-қатерлердің материалдық залал келтіру деңгейі мен айқымдары (мысалы, шетел мен трансұлттық корпорациялардың филиалдарымен жасалатын экономикалық қылмыстардың деңгейі, шетелге кететін капиталдарының «кему» көлемдері) қауіп қатерлердің басқа түрлері бойынша қалыптасқан шығышдарының едәуір жоғары болады;

3. Шетел мен трансұлттық корпорациялар жасаған экономикалық зиян салдары толықтырылмайды және кеткен капиталдар мемлекеттік бюджетке штрафтар немесе алымдар ретінде толығымен қайтарылмайды, сондықтан қазіргі қауіп-қатерлердің кейінгі сақталуы мен таратылуы әлеуметтік-экономикалық қатынастарының деформациялануына шарасыз болып жатады.

4. Қазақстан Республикасында  орналасқан шетел мен трансұлттық  корпорациялармен бірге құрылған  бірлескен немесе шетел капиталы  бар кәсіпорындар мемлекеттің  ұлттық қауіпсіздік мағынасында  стратегиялық салаларда үлкен  роль алады. Бұл кәсіпорындарға  экспорт пен импорт, тауар өндіру  мен ішкі нарықта сату көлемінің  50-80% пайызға дейін келеді. Бұл болашақтағы мемлекеттің тәуелсіз экономиканы құруға көлемді күдікті туғызады 

 

Корпарация түрлері

Атаулары

Саны

Ұлттық және мемлекеттік компаниялар

"ҚазМұнайгаз" Ұлттық  мұнай компаниясы, "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдайтын ұлттық компаниясы, "Қазоборонпром" ұттық атом компаниясы, "Қазақстан-Жібек жолы" ұлттық компаниясы, "КЕГОК" АҚ, "Госпродкорпорация" АҚ, Мемлекеттік агронесиелік корпорация, "НК Казахстан темір жолы" ЖАҚ, "Эир Қазақстан" ұлттық әуе жолы, "Казтелеком" ААҚ, "Халықтық жинақ банкісі" ААҚ, Қазақстан Даму банкісі, Ғылым академиясы ұлттық оталықтары

20-ға жуық

Акционерлік компаниялар, мемлекеттік және жеке жбалармен құрылған

"Испат-Кармет" АҚ, "Қазақмыс" корпорациясы, "Қазцинк" ААҚ, "Өскемен титанды-магниттік комбинаты" ААҚ, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, "Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "Қазхром" АҚ, "Соколов-Сарыбай кенбайыту өндірістік бірлестігі" АҚ, "ПетроКазахстанОйлПродактс" ААҚ, "ШығысҚазақстан мыс-химиялық комбинаты" АҚ, "Борлы" АҚ

Жалпы саны 40-тай

Рыноктық өзін-өзі басқару деңгейінде құрылған жеке корпорациялар

"Казкоммерцбанк" АҚ, "КазахстанКаспийшельф" АҚ, "Тұранәлембанк" АҚ, "Темірбанк" АҚ, "Нефтеббанк" АҚ, "Банк Каспиский" АҚ, "Нефтехимбанк" АҚ

Жалпы саны 15

ТҰК Қазақстандық бөлімі

"Теңізшевройл", "Казахстанкаспийшельф" АҚ және  және "OKІOC" АҚ, "ПетроКазахстанКумкольРесорсиз" АҚ, "ИспатКармет" АҚ, "Алюминий Казахстана" ААҚ және "ТНК Казхром" АҚ, "Корпорация "Казахмыс"" ААҚ, "Қазцинк" АҚ, "Алматы темекі фабрикасы" АҚ, "Альфабанк Казахстана" АҚ

Барлығы 45


 

 

 

Трансұлттық және көпұлттық  корпорацияларға халықаралық компаниялардың ішінен бөлініп шыққан өркениетті корпорацияларды  қосуға болады. Олар ХХ ғасырдың 80-ші жылдары дами бастады. Өркениетті корпорациялар қазіргі әлемдік қаржылық капиталдың бүкіл қуатын қамтиды. Химиялық, электро-техникалық, электронды, мұнайлы, көлікті, ақпаратты, банкті және т.б. Кейбір салалар глобализацияның қарқынды дамуын білдіреді.

     ТҰК-ның шығуының жалпы себебі өндірістік күштердің дамуының негізінде ұлттық-мемлекеттік шекараларынан асып, өндіріс пен капиталдың ұлттандыру процесінің айғағы.Трансұлттық корпорациялардың пайда болуының нақты себептерін  – үстеме пайда алуға ұмтылуы. Өз кезегінде қатаң бәсекелестіктің, осы күресте сақтану қажеттілігі халықаралық масштабта өндіріс пен капиталдың шоғырландырылуына алып келді. Әлемдік шаруашылық ағымындағы объективті экономикалық процесстерге сәйкес, трансұлттық корпорациялардың бірнеше өзіндік ерекшелгі  сипатталады:

ТҰК халықаралық еңбек  бөлінісінің белсенді қатысушылары бола отырып, оның дамуына көмектеседі; трансұлттық корпорациялардың капитал қозғалысы, ереже бойынша, корпорация орналасқан мемлекеттегі процестерден тәуелсіз болады;

    Трансұлттық корпорациялар өндірістің жоғарғы технологиялық, ғылымды қажет енетін салаларға енгізіліп, аса беделді қызметкерлер мен көп инвестицияларды қажет етеді. Осыдан трансұлттық компаниялардың осы салаларды басып алу немесе басқару тенденциясы байқала бастайды.

   ХХ ғ. 80-ші жылдың  орта шенінде капиталистік әлемнің өнеркәсіптік өнімінің төрттен үші 2 мыңдай ірі корпорацияларда өндірілген. Бірнеше жүздігі 50 ден 80 %-ға дейін аса маңызды өнім түрін шығарған. Бұл трансұлттық корпорациялар негізгі өндірістік және инновациялық жаңалықтарды енгізіп келеді.

Трансұлттық корпорация өзінің шетелдегі қызметінде алғашқы компанияның қолданатын жұмыстылық үлгісін қолданады және де жергілікті жағдайға да бейімделеді.

    1990-шы жылдардың  басында БҰҰ бағалауына сәйкес, ТҰК тікелей немесе жанама 150 млн. Адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, соның ішінде тікелей – 73 млн., бұл қазіргі өндірістік емес салалардағы жұмыс санының 10% сәйкес. Оның ішінде 60%-ы алғашқы компаниялардың қызметкерлері, 40%-ы әр түрлі шетел құрылымдары. Жартысынан көп шетелде жұмыспен қамтылған ТҰК жұмыскерлерінің 47%-ы дамушы елдерде жұмыс істеді.

     
     Корпорация тиімділігі екі жақты факторлармен анықталады : біріншіден, ол корпорацияны теориялық тұрғыдан талдауға тәуелді болады. Екіншіден, пайдаланылатын көрсеткіштер тобына тәуелді. Бұл мақсатта қазіргі теориялық көзқарас (ұйымдық)   бойынша трансакционды шығындар, жаңа рационалдық және жаңа өнеркәсіпті институционалдық активтерді бағалау, корпорацияның ортақ меншігіне ынталандыру, келісім – шарттық механизм көрсеткіштері анықталған . Сонымен, трансакционды теория бойынша, тимділік позициясы  тұрғысынан корпорацияның арнайы активтеріне ерекше мән беріледі.

Информация о работе Трансұлттық коорпорациялар