Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Медицина мекемелері тек соңғы кезде ғана өз қызметтерінде маркетингті қолданып, енді ғана оның қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне бастады. Денсаулық сақтау саласында қызмет ететін жеке меншік медициналық мекемелердің маркетингтік іс-әрекеттерді жеткілікті түрде қолданбауы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің қазіргі жағдайы, оның проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1-бөлім. Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің теориялық негіздері.
Қызмет көрсету маркетингінің түсінігі................................................................4
1.2 Денсаулық сақтау маркетингісінің ерекшеліктері...........................................10
2-бөлім. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының даму және жетілдіру жағдайы.....................................................................................................15
2.2 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін талдау......................................................................................................26
2.3 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін жетілдіру жолдары.................................................................................32
Қорытынды.................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Ardana медицина саласындағы маркетинг.docx

— 1.01 Мб (Скачать файл)

Медициналық-экономикалық тарифтерді одан әрі жетілдіру медициналық жабдықты сатып алуға шығыстарды қосуды көздейді, бұл нақты келген шығындарға төлем жүргізуге, негізгі қаражатты пайдалану тиімділігін және медициналық қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Азаматтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру және ТМККК-ге кіретін қызметтерге заңсыз төлемдер мен сыйақылардың көлемін төмендету мақсатында медициналық қызметтердің кейбір түрлерінің  
(ТМККК-ге кіретін) құнын қосымша төлеу тетіктерін жасау және енгізу  
(2015 жылы) жоспарлануда.

Авариялық және бейімделген үй-жайларда, әсіресе ауылда орналасқан денсаулық сақтау объектілерін қайта жаңарту үшін мақсатты қаржы салуға үлкен мән беріледі. Дүниежүзілік Банкпен бірлескен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасын одан әрі іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында инвестициялық саясат жетілдіріледі, бірінші кезекте ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфроқұрылымын регламенттейтін ұлттық стандарттар әзірленеді.

Қаржыландыруды жетілдіру мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:

1) тариф саясатын  және қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;

ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге медициналық жабдықты сатып алуға арналған шығыстар тарифіне енгізе отырып, медициналық-экономикалық тарифтерді одан әрі жетілдіру;

ішінара қор ұстауды және БМСК тарифіне қосымша құрамдауыш енгізу;

қаржы ағынын стационарлық көмекке жұмсалатын шығыстарды қысқартуға  және БМСК қызметі мен аурулар профилактикасына жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға қайта  бөлу тетіктерін әзірлеу;

медициналық ұйымдардың ТМККК-ге мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты жұмсауының ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесін жетілдіру;

ақшалай қаражаттың ағынын жинаудың, тізімдемеге енгізудің, бағалаудың қатаң тәртібін қамтамасыз ету;

медициналық ұйымдар түрлі көздер есебінен алатын, оның ішінде ақылы негізде медициналық қызмет көрсеткені үшін алатын қаражатты есепке алу жүйесін жетілдіру;         

 медицина  қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің  түпкілікті нәтижеге бағдарланған  сараланған жүйесін жетілдіру;

2) азаматтардың  ортақ жауапкершілігін арттыру  және медициналық сақтандыруды  одан әрі дамыту:

ТМККК-нің қолданыстағы жүйесімен қатар қоса төлеу тетіктерін әзірлеу және енгізу;

шетел азаматтарын медициналық  сақтандыруды  енгізу;

ТМККК-ден тыс қызмет алуға ерікті медициналық сақтандыруды дамыту;

3) денсаулық  сақтаудың инвестициялық саясатын  жетілдіру:

материалдық-техникалық базаны теңестіру және  нығайту қағидатын іске асыру үшін бірінші кезекте, амбулаториялық қызмет қуаты жеткіліксіз өңірлерге бағытталған инвестицияларды жоспарлаудың ғылыми-негізделген жүйесін әзірлеу;

саланың басым бағыттары бойынша денсаулық сақтауға салынған салымның мониторингі мен тиімділігін бағалау жүйесін енгізу;

денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту тетіктерін әзірлеу және енгізу:

- мемлекеттік-жеке  меншік әріптестікті дамыту;

- заңнамада  белгіленген тәртіппен медициналық  техниканы жеткізудің лизингтік  сызбаларын пайдалану жүйесін  әзірлеу және енгізу;

- шетелдік  инвестицияларды тарту. 

4. Медициналық  қызметтердің қауіпсіздігі мен  сапасы.

Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін диагностикалық, емдік, оңалту және профилактикалық қызметтерді ұйымдастыру мен көрсетудің қазіргі заманғы технологиялары енгізіледі, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі (нақты ауруларда немесе патологиялық жағдайларда) дәлелдеу медицинасының қағидаттарымен расталады. Медициналық ұйымның деңгейінде сапаны басқару жүйесі (ішкі аудит) жетілдіріледі және клиникалық практиканың сапасын арттыру, медициналық технологияларды бағалау (стандарттау, дәлелдеу медицинасының қағидаттарын енгізу негізінде) жүйесін енгізу, сервисті дамыту және бағдарланған технологиялар-пациент бойынша жұмыс жалғасатын болады. Медициналық көмек сапасының сыртқы аудиті жетілдіріледі. Қазіргі заманғы сапаны басқару технологияларын енгізудің қисынды жалғасы денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу жалғастырылады. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу ұлттық стандарттар негізінде, ал кейіннен халықаралық стандарттар негізінде жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа медициналық көмек сапасының халықаралық және ұлттық стандарттарын сақтауды қамтамасыз ететін және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер жетілдірілетін болады.

1) Медициналық  қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін  басқару тетіктерін жетілдіру:

денсаулық сақтаудың ұлттық стандарттарын әзірлеу және енгізу;

сапаны үздіксіз жақсарту қағидаттарына негізделген, медициналық қызметтердің сапасын басқарудың ауруханаішілік жүйесін (CQI) енгізу;

клиникалық нұсқауларды, диагностикалау мен емдеу хаттамаларын жетілдіру, оларды қолдану тиімділігінің мониторингі жүйесін енгізу; 

халықаралық қағидаттарға негізделген медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеуді дамыту;

халыққа денсаулық сақтау ұйымы қызметінің тиімділігі туралы  ақпарат беру жүйесін әзірлеу және енгізу;

пациенттер мен қоғамдастықтың әлеуетін арттыру және жалпы денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын жақсарту процесіне қатысуын көтермелеу;

денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін ішкі және сыртқы аудит нәтижелері негізінде рейтингтік бағалау жүйесін әзірлеу;

аккредиттелген тәуелсіз сарапшыларды даярлау жүйесін  жетілдіру.

2) Пациенттердің  құқықтарын қорғау институтын, медициналық  этиканы және деонтологияны дамыту:

барлық деңгейлерде халықаралық этика қағидаттарын енгізу және этика комитеттерін құру;

пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқығы мен міндеттерін регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

дәрігер қателіктерін олардың жіктегішімен және пациенттердің денсаулығына зиян келтірудің ауырлық деңгейімен дербестендіру жүйесін құру және енгізу;

пациенттердің құқықтарын регламенттейтін ақпаратқа қол жеткізуді арттыру;

ТМККК шеңберіндегі қызметтер тізбесін қосқанда, отандық медицина ұсынатын әртүрлі ауруларды емдеудің, профилактиканың тиімді әдістері туралы халықты ақпараттандыру

 

5.5. Медициналық, фармацевтикалық білім  беруді  жетілдіру,

медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу 

 

Бағдарлама шеңберінде дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіби дамыту жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтаудағы инновациялық технологияларды енгізу жоспарланып отыр. «Назарбаев университеті» базасындағы Медициналық мектепте дәрігерлерді даярлау Америка моделі бойынша жүргізілетін болады. Кадрларды даярлаудың қазақстандық жүйесімен салыстырғанда, бұл модель шеңберінде  Premed міндетті кәсіпке дейінгі даярлық болуы, Медициналық мектепке түсу үшін арнайы іріктеу рәсімі, сондай-ақ қорытынды аттестаттау алу үшін тәуелсіз емтихан тапсыру көзделген. 

Мақсаты: денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті кадр әлеуетін құру және инновациялық технологияларды дамыту.  

Негізгі міндеттері:

1) денсаулық  сақтау кадрларына дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру  және оларды үздіксіз кәсіптік дамыту жүйесін жетілдіру.

2) ғылымды  одан әрі дамыту және денсаулық  сақтау саласына инновациялық  технологияларды енгізу. 

Нәтижелер көрсеткіштері:

халықаралық басылымдарда жарияланымдардың үлесін 2013 жылға қарай 10%-ға дейін, 2015 жылға  қарай 12%-ға дейін (2009 ж. – 6%) ұлғайту.

барлық медициналық ЖОО-ларды 2015 жылға қарай аккредиттеу. 

Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

Денсаулық сақтау кадрларына дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және оларды үздіксіз кәсіптік дамытуды жетілдіру  аясында мынадай жұмыстар жоспарланып отыр:

денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесін басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу:

денсаулық сақтау кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды  ұйымдастыру  және қаржыландыру  жүйесін өңірлік қажеттілік негізінде жетілдіру;

медициналық ЖОО-лардың, колледждердің бітіруші түлектерінің және денсаулық сақтау саласының практикадағы қызметкерлерінің білімдерін және дағдыларын тәуелсіз бағалау институтын енгізу.

Материалдық-техникалық базаны жаңғырту:

студенттер жатақханаларын салу;

медициналық ЖОО-лардың оқу-клиникалық орталықтарын және зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес қазіргі заманғы жабдықтармен толық жарақтандыру;

3) медициналық  және фармацевтикалық білім беру  жүйесін жетілдіру:

Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін одан әрі дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру;

дәрігерлерді халықаралық озық стандарттарға сәйкес «Назарбаев университеті» базасында даярлаудың инновациялық жүйесін енгізу;

шетелдік аккредиттеу ұйымдарының қатысуымен медициналық  
ЖОО-ларды аккредиттеу;

шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын жетілдіру;

инновациялық білім беру технологияларын енгізу, профессорлар мен оқытушылар құрамының әлеуетін көтеру, шетелдік үздік тәжірибені тарту;

медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік білім беру және дамыту жүйесін жетілдіру. 

2. Ғылымды  одан әрі дамыту және денсаулық  сақтау саласына инновациялық  технологияларды енгізу мыналарды көздейді:

1) медицина  ғылымын басқарудың және қаржыландырудың  жаңа қағидаттарын енгізу:

мультиорталық зерттеулерін, оның ішінде жетекші әлемдік ғылыми орталықтармен дамыту;

денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;

денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бағалаудың халықаралық индикаторларын енгізу;

2) медицина  ғылымының инфрақұрылымын жаңғырту:

Астана қаласында регенеративтік медицина, молекулалық биология және жасуша технологиялары орталықтары бар «Өмір туралы ғылыми орталық» ғылыми-зерттеу кешенін құру;

әлемдік үздік стандарттарға сәйкес келетін жабдықтармен жарақтандырылған ұжымдық пайдаланылатын 2 ғылыми орталық құру;

ЖОО ғылымының деңгейі мен сапасын арттыру;

денсаулық сақтау саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау, оның ішінде PhD магистратура және докторантура шеңберінде ғылыми-педагог кадрларды даярлау бағдарламаларын жетілдіру;

әлемге танылған ғалымдарды шақыра отырып, жас және перспективалы ғалымдардың шетелде тағылымдамаларын ұйымдастыру

 

5.6. Дәрілік заттардың халық үшін  қолжетімділігін және сапасын

арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен   
жарақтандыруды жақсарту 

 

Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында пациенттерге дәріхана мен дәрілік затты таңдау құқығын беру арқылы халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді реформалау жүргізілетін болады.        

 Бұл тетік  фармацевтика нарығындағы субъектілердің, оның ішінде шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің көпшілігін амбулаториялық  дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге  қатысуға тарту жолымен халыққа  дәрілік заттардың нақты қолжетімділігін  жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоспарланып отырған іс-шаралар бүкіл халықтың сапалы дәрілік заттарға тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, дәрілік заттар бағасының жыл сайынғы өсуін төмендетеді, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың көлемі мен тізбесін кеңейтеді және отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасайды.

Мақсаты: халықты сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз ету, олардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қолжетімділігін ұлғайту.  

Негізгі міндеттер:     

1) халықты  сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз  ету жүйесін жетілдіру;    

2) денсаулық  сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы  медициналық техникамен жарақтандыру  және олардың сервистік қызмет  көрсету жүйесін қалыптастыру;    

Информация о работе Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы