Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 15:08, курсовая работа

Краткое описание

Медицина мекемелері тек соңғы кезде ғана өз қызметтерінде маркетингті қолданып, енді ғана оның қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне бастады. Денсаулық сақтау саласында қызмет ететін жеке меншік медициналық мекемелердің маркетингтік іс-әрекеттерді жеткілікті түрде қолданбауы тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Мақсаты - денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің қазіргі жағдайы, оның проблемалары және оларды шешу жолдарын анықтау.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
1-бөлім. Қызмет көрсету саласындағы маркетингтің теориялық негіздері.
Қызмет көрсету маркетингінің түсінігі................................................................4
1.2 Денсаулық сақтау маркетингісінің ерекшеліктері...........................................10
2-бөлім. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының даму және жетілдіру жағдайы.....................................................................................................15
2.2 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін талдау......................................................................................................26
2.3 «ХАҚ» және «Сұңқар» денсаулық сақтау кәсіпорындарының маркетингтік іс-әрекетін жетілдіру жолдары.................................................................................32
Қорытынды.................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Ardana медицина саласындағы маркетинг.docx

— 1.01 Мб (Скачать файл)

 

         Мына:        

 есірткіні  қолданумен байланысты қайтымсыз  салдарлар туралы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың хабардар болу деңгейін  арттыру;        

 есірткінің  профилактикасы жөніндегі бағдарламаларды  ведомствоаралық деңгейде әзірлеу  және енгізу;        

 «тең-теңімен»  қағидаты бойынша еріктілер қозғалысын  одан әрі дамыту (балалардың, жасөспірімдердің, жастардың арасында жауапкершілік  дағдысын, құрбыларының қысымына  қарсы тұра білу, есірткіден бас  тарта білу, өмір сүру дағдысын  ұстану негізінде интерактивті  оқу өткізу жолымен дұрыс шешім  қабылдай білу);        

 әдістемелік  және ақпараттық-білім беру материалдарын  әзірлеу;        

 спорт  алаңдарын, балалар клубтарын, үйірмелерді, секцияларды, аула клубтарын, жазғы  лагерьлерді дамыту және қолжетімділігін  арттыру, балама қозғалыстарды дамыту (велосипедтер, роликтер, стритбол, скейтбордтар  және т.б.) арқылы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын тиімді  ұйымдастыруды қамтамасыз етуге  ықпал ету;        

 балалардың, жасөспірімдер мен жастардың  жеке және әлеуметтік проблемаларын  жеңуде психоәлеуметтік қолдау  жүйесін дамыту және жетілдіру;         

 жастар  үшін денсаулық және анонимдік  консультациялар орталықтарын  дамыту, сенім телефондарының жұмысы жетілдіру арқылы есірткінің, темекі шегу мен алкогольдің мектеп оқушылары мен жастар арасында таралуы мен қолданылуына қарсы тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету.

 

Жол-көлік қауіпсіздігі                      

 

Мақсаты: жол-көлік жарақаттанушылығы мен одан болатын өлім-жітімді төмендету.                                                           

Негізгі міндет: халық пен жол қозғалысына қатысушылардың арасында заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсіз қатынастардың стереотиптерін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешенді жүйесін құру.  

Нәтижелер көрсеткіштері:

2013 жылға қарай ЖКО нәтижесінде  қайтыс болғандардың санын  
2009 жылғы деңгейден (2898 адам) 10%-ға, 2015 жылға қарай 14%-ға төмендету.

2013 жылға қарай зардап  шегушілерімен ЖКО-ның санын 2009 жылғы  деңгейден (14788 адам) 8%-ға, 2015 жылға қарай 10%-ға қысқарту. 

 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауіпті мінез-құлқының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша әлеуметтік роликтер, ақпараттық-талдау телевизиялық бағдарламаларды шығару, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша республикалық журнал басып шығару арқылы қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласында профилактика және халықпен ақпараттық жұмыс істеу жүйелілігінің тиімділігін арттыру және қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелерді сақтау деңгейін арттыру, Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен жол қозғалысын қадағалауды жетілдіру, жолдағы авариялық-қауіпті учаскелерді жою жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды қолдану, жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі – ЖКО) автоматтандырылған ақпарттық-іздестіру жүйесін әзірлеу және енгізу, сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарды жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды көлік жүйелерімен жарақтандыру жоспарлануда.  

 

Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл медициналық-құтқару көмегі 

 

Мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету.        

Негізгі міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді жетілдіру. 

Нәтижелер көрсеткіштері:

шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету аймағындағы тас жолдарда ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандар санын 2013 жылға қарай 23%-ға дейін және 2015 жылға  қарай 16%-ға дейін төмендету (2009 ж. – 26%);

келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсетудің басталуын ЖКО туралы дабыл келіп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейін қысқарту. 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар        

 Кәсіптік  медициналық авариялық-құтқару құралымдарын  құруды және жарақтандыруды қоса  алғанда, апаттар медицинасы қызметін  материалдық-техникалық жарақтандыруды  жетілдіру арқылы төтенше жағдайлар  кезінде шұғыл медициналық көмек  көрсетудің тиімді жүйесін ұйымдастыру: Алматы – Көкшетау трассасында 12 трассалық медициналық-құтқару  пунктін (бұдан әрі – ТМҚП) және  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»  трассасының қазақстандық бөлігінде 28 ТМҚП құру; апаттар медицинасы  қызметін аэромобильді госпитальмен  жабдықтау; апаттар медицинасы қызметін  көп бейінді ұтқыр госпитальмен  жабдықтау; ТЖ қызметінің медицина  және құтқару құрылымдарын санитариялық  тікұшақтармен және реанимобильдермен  жарақтандыру. 

 

Пенитенциарлық жүйеде туберкулез бен АИТВ/ЖИТС профилактикасы        

         

 Мақсаты: пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен  және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық  пен өлім-жітім деңгейін төмендету.

Негізгі міндеттер:

қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі – ҚАЖ) мекемелерінде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру;

пенитенциарлық жүйе контингентін туберкулез бен АИТВ/ЖИТС таралу мәселесі бойынша ақпараттандыруды арттыру. 

Нәтижелер көрсеткіштері:

түрмедегі 100 мың адамға шаққанда сотталғандар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішін 2013 жылы 643-ке дейін,  
2015 жылы 642,9-ға дейін (2009 жылы – 643,9) төмендету;

1000 адамға шаққанда бас  бостандығынан айыру орындарындағы адамдар арасында жалпы өлім-жітімді 2013 жылы 2,89-ға дейін және  
2015 жылы 2,8-ге (2009 жылы – 2,91) төмендету;

2015 жылға қарай сотталғандар  арасында АИТВ жұқтырғандардың  таралу деңгейі 5 %-дан аспауы тиіс. 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Тергеудегі және сотталған адамдарды медициналық қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі іс-шараларды үйлестіру мақсатында жоғары деңгейдегі ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері) бірінші басшыларын енгізу жоспарлануда.

ҚАЖ мекемелерінде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмекті жақсарту үшін мыналар жоспарлануда: қажетті  медициналық жабдықтар сатып алу арқылы ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру; пенитенциарлық жүйенің туберкулезге қарсы мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу; медициналық және медициналық емес бейін мамандары үшін кәсіби стандарттарды әзірлеу.

Туберкулездің, АИТВ/ЖИТС-тің таралу мәселелері бойынша пенитенциарлық жүйедегі адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін  мыналар жоспарлануда:

туберкулез, АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату;

ҚАЖ медициналық қызметіне тартылған медициналық және медициналық емес бейін мамандары үшін ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

пенитенциарлық жүйедегі адамдар арасында әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуының алдын алу мақсатында үкіметтік емес сектордың әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарды тарту.

Бұдан басқа, қамау орындарында АИТВ/ЖИТС профилактикасы бағдарламаларын іске асыру және  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізу жалғасатын болады. Емдеу аяқталмаған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, туберкулезбен ауыратын науқас адамдарды іздестіру және емдеуді жалғастыру тетіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленетін болады. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесіндегі наркологиялық жағдайдың мониторингі мен бағалау жүйесін құру жоспарлануда

 

Аса қауіпті инфекциялардың (конго-қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі – КҚГҚ) профилактикасы 

 

Мақсаты: халықтың КҚГҚ-мен  сырқаттанушылығын төмендету. 

Негізгі міндеті: кенеге қарсы іс-шаралар кешенін жоспарлы түрде және уақтылы өткізу.

Нәтижелер көрсеткіші: КҚГҚ-мен сырқаттанушылықты 100 мың адамға шаққанда 0,2-ден аспайтын деңгейде ұстау. 

Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

КҚГҚ-мен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында тиісті профилактикалық шаралар кешені жетілдірілетін болады, оның барысында эндемиялық өңірлерде мал бастарына және малдың қора-жайларына кенеге қарсы өндеу жүргізу, сондай-ақ КҚГҚ бойынша қолайсыз елді мекендердің айналасына санитариялық-қорғау аймақтарын құру жоспарлануда.

Республиканың КҚГҚ бойынша эндемиялық аумақтарында кенеге қарсы өндеу жүргізудің бірыңғай әдіснамасын әзірлеу жоспарлануда. Бұдан басқа, КҚГҚ-ны жұқтыру жолдары және алдын алу шаралары туралы халық арасында санитариялық-түсіндіру жұмысын күшейту жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады. 

 

5.2. Негізгі әлеуметтік мәні бар  аурулардың және жарақаттардың  профилактикалық іс-шараларын, скринингтік  зерттеулерін күшейту,   
диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетілдіру  

 

Бағдарлама шеңберінде перинаталдық медицинаны дамыту, акушериялық-гинекологиялық және педиатриялық қызметтер арасында өзара іс-қимылды жақсарту, босандыру және балаларға арналған ұйымдарды қазіргі заманғы емдеу-диагностикалау аппаратурасымен жарақтандыруды жалғастыру, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, неонаталдық технологияларды белсенді енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ауруларды ерте анықтауға, оларды уақтылы емдеуге, асқынуға, мүгедектікке және өлім-жітімге алып келетін ауыр аурулардың дамуын тоқтатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, олардың жас, физиологиялық ерекшеліктеріне және ДДҰ ұсынымдарына негізделген халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтік бағдарламалар кешені әзірленеді және енгізіледі.

Осы бағдарламаның шеңберінде негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар  
мен жарақаттарды: жүрек қан-тамыр ауруларын, онкопатологияларды, туберкулезді, АИТВ-ны, психиатриялық ауруларды, эндокриндік ауруларды (диабет), сондай-ақ жарақаттарды (жол және өндірістік жарақаттар, күйіктер) диагностикалау, емдеу және оңалту әдістері жетілдірілетін болады. Көрсетілген аурулар мыналармен сипатталу нәтижесінде алынған:

таралуы жоғары және тез өрбитін, қаралуы бойынша сырқаттанушылық құрылымында бірінші орындарды алады;

өлім-жітім және мүгедектікке шығу себептері құрылымында елеулі  
үлесі бар;

ауру ағымының ауыртпалығы (сырқаттардың өмір сүру сапасын төмендетеді, функциялық белсенділігін шектейді) және жағымсыз нәтиженің жоғары ықтималдығы;

бәсекеге қабілеттіліктің  жаһандық индексіне  елеулі әсер ету.

Халықтың жалпы санында егде адамдар үлесінің айтарлықтай артуының күтіліп отырған үрдісін ескере отырып, геронтологиялық және гериатриялық медициналық көмек жетілдірілетін болады.  

 

Мақсаты: халықтың денсаулығын одан әрі нығайту және негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттардың деңгейін төмендету.  

Негізгі міндеттер:

1) азаматтардың  ұрпақты болу денсаулығын және  ана мен бала денсаулығын сақтауды  нығайту;

2) аурулардың, оның ішінде мүгедектіктің профилактикасына  тәсілдерді жетілдіру, скринингтік  зерттеулерді дамыту және СӨС-ті  ынталандыру;

3) негізгі  әлеуметтік мәні бар аурулар  мен жарақаттануларды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру;

4) егде жастағы  адамдарға көрсетілетін медициналық  көмекті (геронтологиялық және гериатриялық  көмек) жетілдіру. 

Нәтижелер көрсеткіштері:

нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін (2009 ж. – 36,9) төмендеуі;

ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін (2009 ж. – 29,2)  төмендеуі;

мүгедектікке бірінші рет шығудың 10 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 28,4-ке дейін, 2015 жылға қарай 28-ге дейін (2009 ж. – 29,4) төмендеуі;

қанайналым жүйесінің ауруларынан өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 374,8-ге дейін, 2015 жылға қарай 353,9-ға дейін  
(2009 ж. – 416,4)  төмендеуі;

онкопатологиядан өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 99,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 95,8-ге дейін (2009 ж. – 112,7)  төмендеуі;

туберкулезден өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 12,0-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,6-ға дейін (2009 ж. – 12,9)  төмендеуі;

жарақаттанушылықтан өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда  
2013 жылға қарай 94,6-ға дейін, 2015 жылға қарай 92,1-ге дейін  
(2009 ж. – 108,4)  төмендеуі;

15-49 жас аралығындағы жас  тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 шегінде ұстау. 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

1. Азаматтардың  ұрпақты болу денсаулығын және  ана мен бала денсаулығын сақтауды  нығайту мыналарды көздейді:

1) ДДҰ-ның  халықаралық стандарттарына сәйкес  ана мен баланың денсаулығын  сақтау (бұдан әрі – АБДС) қызметі  ұйымдарында әйелдер мен балаларға  мамандандырылған көмектің және  БМСК деңгейінде көрсетілетін  медициналық көмектің сапасын, қолжетімділігін  және сабақтастығын арттыру:        

Информация о работе Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы маркетингтің даму жағдайы