Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді
Реферат, 05 Ноября 2014, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Құрамына қарай жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді
(По составу суффиксы бывают простые и составные)
Жалаң жұрнақ – мағына және форма жағынан бөлшектенбейді.
(Простые суффиксы – по значению и по форме не делятся). Мысалы: біл+ім, мал+шы, үй+шік, кес+пе, оқу+шы: -ім – шы – шік – пе – шы – жалаң жұрнақтар./простые суффиксы/
Вложенные файлы: 1 файл
реферат.docx
— 607.21 Кб (Скачать файл)Ұсынылатын әдебиет: [7], 89-96, [10], 35-46 беттер.
14. Тұрақты тіркес етістіктер
Ұсынылатын әдебиет: [16], 83-98 беттер, [14], 108-113 беттер.
15. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары.
Ұсынылатын әдебиет: [6], 88-32 беттер, [1], 112-116 беттер.
Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
1 рейтинг (1 семестр) |
Барлық балл | |||||||||
Апта |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 | ||
Аптадағы максим. сағат |
14 |
6 |
14 |
6 |
8 |
12 |
8 |
32 |
100 | |
Дәріс сабағына қатысу |
СӨЖ түрі |
ҮТ 1 |
ҮТ2 |
ҮТ3 |
ҮТ4 |
ҮТ5 |
ҮТ6 |
ҮТ7 |
ҮТ8 |
8 |
Бақылау формасы |
Қ |
Қ |
Қ |
Қ |
||||||
Макс. балл |
2 |
2 |
2 |
2 |
||||||
Үй тапсырмасын орындау |
СӨЖ түрі |
ҮТ 1 |
ҮТ2 |
ҮТ3 |
ҮТ4 |
ҮТ5 |
ҮТ6 |
ҮТ7 |
ҮТ 1 |
24 |
Бақылау формасы |
Қ |
Қ |
Қ |
Қ |
||||||
Макс. балл |
6 |
6 |
6 |
6 |
||||||
Қосымша материалдарға дайындық |
СӨЖ түрі |
ҚМ1 |
ҚМ2 |
ҚМ3 |
ҚМ4 |
24 | ||||
Бақылау формасы |
К |
К |
К |
К | ||||||
Макс. балл |
6 |
6 |
6 |
6 | ||||||
Семестрлік тапсырманы орындау |
СӨЖ түрі |
СТ |
СТ |
СТ |
СТ |
24 | ||||
Бақылау формасы |
Р1 |
Р2 |
Р3 |
Р3 | ||||||
Курс саясаты
Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.
Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы ұпай 100 б. қойылады. Курсты өту барысында төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады:
- дәріске қатысу – 2 балл.
- тәжір. сабаққа қатысу – 1балл.
- тәжір. жұмысты орындау – 4 балл
Тәжірибешілік жұмыстарын орындау барысында
Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру -2 балл;
Жаттығу жұмыстарын орындау-1 балл;
Грамматикалық талдаулар жасау -1 балл.
Өздік жұмыстарын орындау және қорғау барысында:
материалды толық меңгеру -3 балл.
Талқыланатын тақырыптың, жоба мәселесінің мазмұнын ашу-2 балл
Лексика-грамматикалық және стилистикалық сауаттылығы -2 балл.
- Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 2 ұпай.
Студенттер білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:
сабақты босату (себепсіз);
тапсырмаларды уақытымен орындамау;
тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.
Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
Пән бойынша қорытынды рейтингті есептеу әдісі
№ |
Қорытынды бақылау түрі |
Бақылау түрлері |
¤лшемдік ‰лес |
1 |
Емтихан |
Емтихан |
0,4 |
Ағымдық үлгерімді бақылау |
0,6 | ||
2 |
Сынақ |
Сынақ |
0,4 |
Ағымдық үлгерімді бақылау |
0,6 | ||
3 |
Емтихан К/Ж |
Емтихан |
0,4 |
Курстық жұмыс |
0,3 | ||
Ағымдық үлгерімді бақылау |
0,3 | ||
4 |
Курстық жұмыс |
Курстық жұмыс |
0,6 |
Ағымдық үлгерімді бақылау |
0,4 |
Пән бойынша қорытынды рейтинг мына формула бойынша анықталады:
Қ = Р1 + Р2__ ӨҮаү + Е*ӨҮе+КЖ*ӨҮкж
мұндағы Р1, Р2, Е, С, КЖ – бірінші, екінші рейтингте алған ұпай бойынша емтихандағы балл көрсеткіші
ӨҮаү, ӨҮе, ӨҮс, ӨҮкж – ағымдық үлгерімнің семестрдегі үлестері.
Студент сынақты тапсырмай алуы үшін жинаған балы 100 болу керек.
Егер оқу жоспарында емтихан мен сынақ қарастырылған болса, онда сынақ ағымдық бақылау түрі деп есептеледі.
КЖ ғылыми жетекші қатысуымен комиссия алдында қорғалады және пікірмен бірге бағаланады. Пән бойынша қорытынды рейтинг 2-кестеге сай баллдан сандық баламаға, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады. Сөйтіп, оқу жетістіктері журналына және рейтингтік ведомостьқа жазылады. Ведомость пен сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен баға қойылады.
Егер пән бойынша емтиханнан басқа курстық жұмыс қарастырылған болса, онда сынақ кітапшасына дәстүрлі үлгімен Кж балына сай баға қойылады.
Студенттердің білімін анықтау көрсеткіші
Балл түріндегі қорытынды баға |
Балдың сандық баламасы |
Әріп жүйесі бойынша бағалау |
Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға | |
Емтихан, дифф. сынақ |
сынақ | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
95-100 |
4 |
А |
өте жақсы |
Есептелді
|
90-94 |
3,67 |
А- | ||
85-89 |
3,33 |
В+ |
Жақсы | |
80-84 |
3,0 |
В |
Жақсы | |
75-79 |
2,67 |
В- |
Жақсы | |
70-74 |
2,33 |
С+ |
қанағаттанарлық | |
65-69 |
2,0 |
С | ||
60-64 |
1,67 |
С- | ||
55-59 |
1,33 |
Д+ | ||
50-54 |
1,0 |
Д | ||
0-49 |
0 |
F |
қанағаттанарлықсыз |
есептелмеді |
Егер студент емтиханда F деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомостьқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Егер пән бірнеше семестрде өтетін болса, онда балл түріндегі баға орташа есеппен қорытылады:
Қ= _Қ1*К1+Қ2*К2+...+Қn*Кn
К1+К2+...+Кn
Мұнда Қ1 ,Қ2 ,Қn – семестр бойынша балл түріндегі қорытынды баға;
К1,К2,Кn – семестр бойынша пән сағаты
n – семестр саны
Жұрнақтардың құрамы
Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды болып бөлінеді.
Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтінбір бүтінжұрнақты айтамыз.
Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я одан да көп жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақтар құранды жұрнақ болады. (-шылық, -шылык, -ғылықты, -ымпаз, -імпаз (жағымпаз), -ыншық, -іншек, -сыра, -сіре (қапсыра, естіре), -ырқап, -іркеп (жабырқап, шіміркеп), -ыңқыра, -іңкіре (етістіктен туған) (барыңқыра, жүріңкіре)).
Байқа-шы, қой-шы, ая-шы сөздеріндегі, сондай-ақ, келейін-ші, келейік-ші, кел-ші, келтір-ші, келіңдер-ші, келсін-ші, келсем-ші формаларындағы –шы (ші) қосымшасы етістіктің түр-түрлеріне тілену, жалыну мағынасын жамап тұрса, бармақшы, келмекші дегендерде –шы (-ші) жұрнағы мақсаттылық тиянақты түрде жүзеге асырылатындығына көзді жеткізе түсетін мағына үстейді.
Жұрнақтар мынандай топтарға бөлінеді:
Тілдің өз төл материалынан я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл және кірме жұрнақтар болып бөлінеді.
ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай көне және жаңа жұрнақтар болып бөлінеді.
Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай, олар тірі және өлі жұрнақтар болып саналады.
Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай, жалаң және құранды жұрнақтар болып бөлінеді.
Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіруіне қарағанда, олар дара мағыналы (моносемиялық) және көпмағыналы (полисемиялық) болып бөлінеді.
Формасы (айтылуы мен жазылуы) басқа-басқа бола тұра мағыналары бір-біріне жақын я мағыналас синоним жұрнақтар; сондай-ақ, формасы бірдей (айтылуы мен жазылуы) бола тұра, мағыналары бір-бірінен алшақ омоним жұрнақтар болады.
Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларына қарай, құнарлы, құнарсыз болып бөлінеді.
Жұрнақтардың мағыналық түрлері (А. Ысқақов)
Тілдің өз төл материалынан, я басқа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, олар төл жұрнақтар және кірме жұрнақтар деп бөлінеді.
олар ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай көне жұрнақтар және жаңа жұрнақтар деп бөлінеді.
Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай, олар тірі және өлі жұрнақтар деп бөлінеді.
Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай, олар жалаң және құранды болады
Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіруіне қарай, олар дара я көп мағыналы болады.
Формасы басқа-басқа бола тұра, мағыналары бір-біріне жақын я мағыналас синоним жұрнақтар, сондай-ақ формасы бірдей бола тұра, мағыналы бір-бірінен алшақ омоним жұрнақтар болады.
Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларына қарай, құнарлы, құнарсыз болып бөлінеді. (-шы, -ші мамандық я бір іске бейімділік, икемділік мәнін береді)
Кәтембаева Б., Нұрғалива М. Морфологияны оқытудың методикасы А, 1975