Алтын ғасыр (1877-1901)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 14:06, реферат

Краткое описание

1873 жылы АҚШ-та Марк Твенннің (1835-1910) «Алтын ғасыр» (the Guilded Age) атты алғашқы романы жарық көрді, онда басты кейіпкер полковник Селлерс ейпінде принципсіз іскердің сатиралық образы көрсетіліп, «ақша жасау» идеясы шырмауында барлық қылмыстық әрекеттерге баратын адам бейнеленген. Полковник әрекеті өз кезінде ауқымды байлық қордалаған мұнай алпауыты Джон Д.Рокфеллер мен болат алпауыты Эндрю Карнегилерді астарлаған болатын. Роман атауы ХІХ ғасырдың 70-80 жылдардағы американ тарихының барлық кезеңіне теліне, қолданыс тапты. Оның айқын сипаты американ қоғамының сыртқы ұшқынынан байқалған еді.

Вложенные файлы: 1 файл

золотой век сша.doc

— 69.00 Кб (Скачать файл)

Республикандықтар экономикалық және финанстық ел жетістіктерін  басты назарда ұстай отырып, испан-американ соғысы нәтижесіндегі АҚШ иеленген болашақ территориялары туралы мәселе тақырыбында сыртқы саяси жайтты тыс қалдырмады. Куба мен Филиппиндер тәуелсіздігін дереу тануды талап еткен Брайан және оның жақтастарына қарсы тұрған Маккинли бастаған күш алдыңғы кезекте сол территорияларды «өркениетттендіру» мәселесін орындауды алға тартты. Республикандық партияның сайлау алды  платформасы сайлаушыларға алтын стандартты бекітуді, кедендік тариф жүйесін сақтауды ұсынып, испан-американ соғысын территориалдық және коммерциялық пайдажағынан ақтап алуға тырысып, сонымен қатар Маккинли екінші рет сайланатын болса тағы да көптеген жетістіктерді уәде етті. Съезд делегаттары соғыс нәтижелеріне қанағат білдіріп, оны «адам құқығы мен еркіндігінің» соғысы деп атады.

Демократиялық партия болса, «республика туы барлық уақытқа  мәңгілік, ал империя ешқашан болмақ емес!» деген антиимпериалистік  үндеумен ұсақ буржуазия дауысын өзіне тартатын әрекет ету бағдарламасымен сайлау алды науқанға шықты. Демократтардың саяси платформасында республиканың сыртқы экспанионистік саясаты айыпталды, ертеде қабылданған антитрестік заңдарға жүгінуге шақырып, монополистік бірлестіктерге қарсы қатал саясат жүргізу қарастырылды.

Елдің көрініп тұрған экономикалық игілігі, оған жазылған белсенді сыртқысаяси жіне ішкісаяси республикалық  үкімет курсы электораттың ауқымды  бөлігіне әсер етпей қоймады. Испаниямен болған соғыс аз уақытта тоқтатылды, ал сол соғыс нәтижелері бейбіт келісімшарт негізінде американ буржуазиясына тиімді шарттар қалыптастырды. «Бақыттан бақытты іздемейді» деген республикалық кампания үндеуі тек қана елдің монополистік бірлестіктерінен қолдау тауып қоймай, сонымен қатар Маккинли есімімен байланыстырылған келешектегі нақты экономикалық игілікке деген сенімдері мол сайлаушылар қатарының да сеніміне бөленді. Республикандықтар қазынасына көп мөлшерде қаржы салған монополистік бірлестіктер ішінде «Стандарт ойл», «Нью-Йорк лайф» және теміржолдық кампаниялар айрықшаланды. Маккинли жақтастары сайлау кампаниясы тамамданған кезде 3,5 миллион долларда дейін қордалап алған болатын.

Алдын ала ойластырылғандай, барлық баптар бойынша Маккинли жеңімпаз атанды, ол өзінің қарсыласына қарағанда 900 мың дауысқа көп жинап, сайлаушылардың 65,3% дауысын иеленді. Онымен бірге сайланған вице-президент Теодор Рузвельтке ХХ ғасырдың алғашқы басшылары, яғни Америка Құрама штаттарының бірінші жетекшілері болу алда күтіп тұрды. 

Өзінің екінші инаугурациясынан алты ай өткен соң президент Маккинли Нью-Йорк штатындағы Буффалода болған Панамерикандық көрмеге барады. Бұл визит Ақ үйдің халықаралық сауда-экономикалық байланыстардың дамуына асқан назарын символдауы керек болатын. Көрмеде болған бірінші күнінде ол барша әлемге өзара келісім бойынша кедендік салықтарды төмендетуді ұсынды. Алайда келесі күні таңертеңгі уақытта Маккинли өміріне қауіп төндірілді. Оған екі мәрте атқан анархист Леон Чолгош президент қолын алғысы келген топ арасында болған еді. Аса ауыр жараланған президент тағы жеті күн өмір мен өлім арасында күй кешіп, дүниеден өтеді. Уильям Маккинли 1901 жылдың 14 қыркүйегінде қаза тапты. Алдағы үш жарым жылда сайланылмаған келесі АҚШ президенті ретінде қырық үш жасар Теодор Рузвельт тарихи сахнаға шықты. Ақ үйге елдің бар тарихындағы жас президенттің аталмыш орынға көтерілуі әлемдік және американдық дәуірде жаңа кезеңнің басталуымен дәлме-дәл келді. Бір кездері өзін сақтап қалу қамын ойлаған американдық республика ендігі жерде экономика мен халықаралық саясатта шешуші роль атқаруға дайын және әлемде ықпал етуші позициясын алуға ұмтылысын жасырмайтын ірі әрі алдыңғы қатарлы дамыған әлем державасына айналды. Елдің экономикалық және саяси өмірінде шешуші позицияларды алуға байланысты қиындықтарды жеңген АҚШ-тың ірі монополистік капиталы халықаралық және ұлтаралық масштабта көшбастаушы орынға ие болып, сол арқылы әлемде империализм дәуірінің, ал елде мемлекеттік-монополистік капитализмнің дәуірінің келгендігін көрсетті.

                              


Информация о работе Алтын ғасыр (1877-1901)