Алтын ғасыр (1877-1901)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 14:06, реферат

Краткое описание

1873 жылы АҚШ-та Марк Твенннің (1835-1910) «Алтын ғасыр» (the Guilded Age) атты алғашқы романы жарық көрді, онда басты кейіпкер полковник Селлерс ейпінде принципсіз іскердің сатиралық образы көрсетіліп, «ақша жасау» идеясы шырмауында барлық қылмыстық әрекеттерге баратын адам бейнеленген. Полковник әрекеті өз кезінде ауқымды байлық қордалаған мұнай алпауыты Джон Д.Рокфеллер мен болат алпауыты Эндрю Карнегилерді астарлаған болатын. Роман атауы ХІХ ғасырдың 70-80 жылдардағы американ тарихының барлық кезеңіне теліне, қолданыс тапты. Оның айқын сипаты американ қоғамының сыртқы ұшқынынан байқалған еді.

Вложенные файлы: 1 файл

золотой век сша.doc

— 69.00 Кб (Скачать файл)

            

                                           «Алтын ғасыр» (1877-1901)

1873 жылы АҚШ-та Марк Твенннің (1835-1910) «Алтын ғасыр» (the Guilded Age) атты алғашқы романы жарық көрді, онда басты кейіпкер полковник Селлерс ейпінде принципсіз іскердің сатиралық образы көрсетіліп, «ақша жасау» идеясы шырмауында барлық қылмыстық әрекеттерге баратын адам бейнеленген. Полковник әрекеті өз кезінде ауқымды байлық қордалаған мұнай алпауыты Джон Д.Рокфеллер мен болат алпауыты Эндрю Карнегилерді астарлаған болатын. Роман атауы ХІХ ғасырдың 70-80 жылдардағы американ тарихының барлық кезеңіне теліне, қолданыс тапты. Оның айқын сипаты американ қоғамының сыртқы ұшқынынан байқалған еді.

Америка Құрама штаттарындағы «Алтын ғасыр» дәуірінің қайраткерлері:

Разерфорд Берчард Хейс (1822-1881), (1877-1881) АҚШ-тың 19-ншы президенті;

Джеймс Абрам Гарфилд (1831-1881), (1881 наурыз-1881қыркүйек) АҚШ-тың 20-ншы президенті;

Честер Алан Артур (1829-1886), (1881-1885) АҚШ-тың 21-нші президенті;

Гровер Кливленд (1837-1889), (1885-1889) АҚШ-тың 22-нші президенті;

Бенджамин Гаррисон (1833-1901), (1889-1893) АҚШ-тың 23-нші президенті;

Гровер Кливленд (1837-1889), (1893-1897) АҚШ-тың 24-нші президенті;

Уильям Маккинли (1843-1901), (1897-1901) АҚШ-тың 25-нші президенті;

                                      Даталар мен оқиғалар:

1878               Гринбекерлік партияның құрылуы

1881,  2 шілде      Президент Дж.Гарфилдтің өміріне қауіп төндірілді

(19 қырқүйекте дүние  салды)

                1881              Американдық еңбек федерациясының құрылуы

                1890              Шерманның Антитрестік заңының қабылдануы

                1891              Популистік партияның құрылуы

                1898, 15 ақпан Гавандық портта «Мэн» американ крейсерінің күйреуі

                1898, сәуір           Испан-американ соғысының басталуы

                1898, желтоқсан Испан-американ соғысының аяқталуы және Париж бейбіт

                келісімшартына қол қойылуы

1900, наурыз      АҚШ-тың Қытайға қатысты «ашық есік» саясатының жариялануы

1901, 6 қыркүйек У.Маккинли өміріне қауіп төнуі(14 қыркүйекте дүниеден өтті)

                                Американ мемлекетінің қалыптасуы

Солтүстік Дакота (2қараша 1889) – 39-ншы АҚШ штаты

Оңтүстік Дакота (2қараша 1889) – 40-ншы штат

Монтана (8қараша 1889) - 41-нші штат

Вашингтон (11қараша 1889) – 42-нші штат

Айдахо (3 шілде 1890) – 43-нші штат

Вайоминг (10шілде 1890) – 44-нші штат

Юта (10қаңтар 1896) – 45-нші АҚШ штаты

       

 

       

                                      Ішкі саяси және экономикалық жағдай

1890-1910 жылдар аралығы  кезеңінде Америка Құрама штатттарына  12миллионға жуық адам көшіп  келген. 1880 жылдан бастап иммиграттардың негізгі массасын әлеуметтік әділдік идеясын таратудың тиімді ортасына айналған христиандық немесе иудамзмді ұстанған Оңтүстік және Шығыс Еуропадан шыққандар құрады (1900ж-84,9%). Австро-Венгрия мен Балқан елдерінен шыққан итальяндықтар мен гректер, поляктар мен ресейліктер АҚШ-тың Солтүстік-Шығыс және Орта Батыстың ірі өнеркәсіптік қалаларында қоныстанған,себебі оңтүстік штаттарда негрлердің көптеп орналасуы жалақы деңгейін айтарлықтай төмендетіп жіберген болатын. Сол кезде жапондықтар қоныс аударуы да басталған болатын. Олар көбіне Калифорнияда тұрақтаған. 1910 жылға қарай жұмысшы-эмигранттар елдің жұмыс күшінің жартысын құрады.

1873-1876 жылдардағы экономикалық дағдарыс Американың аз мөлшердегі ауқатты қоғамы мен көпшілікті құрайтын еңбекшілер арасындағы ара жікті айқындап берді. Осы жылдар бойында жүрген өндірістік төңкеріс жұмысшылар қатарын көбейткенмен, әлеуметтік мәселелерді ушықтыра түсті.

Американ әлеуметтанушысы Моррис Хилквит атап өткендей, «Америкада архимиллионерлер мен ақшалылар  эрасы басталды,алайда сонымен бірге  әрдайым жан түршігерлік кедейшілік пен қатал жетіспеушілік ілесе  жүрді».

1867 жылы АҚШ-та І Интернационалдың секциялары пайда болды.

1869 жылы түрлі түстілердің Ұлттық кәсіподағы құрылып, кооперативтік ассоциациялар мен негр-жұмысшыларды біріктіру мақсатын алға қойды. Алайда қара түстілер саясатының экономикалық емес, сайлау алды саяси науқан аясында жұмысқа кірісу мүддесі ұйымның 1874жылы жабылуына әкеп соқты.  

Жұмысшылар бірлігінің нығайтуға  себепші болған шаралардың бірі салалық, жалпы ұлттық ереуіл-бойкөтерулердің  жүргізілуінде жатыр еді.  Экономикалық дағдарыс нәтижесінде белең алған  жұмыссыздық 1877жылы теміржолдық ереуілмен күрделі сипатқа ие болды. 80-90 жылдарда 6,5 миллион жұмысшы қатысқан 23 мыңға жуық ереуілдер болып өткен. Сол жылдардағы ірі бойкөтерулер қатарына кәсіподақтармен жалпы ұлттық ереуіл деп танылған Нью-Орлеондағы, Теннесидегі шахтерлер, Буфаллодағы теміржолшылар, Айдаходағы мыс рудниктерінің жұмысшылары ереуілдері жатқызылады. Ел тарихында қалған ірі ереуіл 1882 жылы  3 мың болат құюшы жұмысшылар қатысқан Пенсильвания штатындағы Гомстедте болды,ондағы зауыт болат алпауыты Э.Карнегиге тиесілі болатын. Төрт айдан соң ереуіл тұншықтырылып, көшбасшылары «қара тізімге» енгізіліп, оның ұйымдастырылуына ат салысқан кәсіподақтық комитеттер таратылды.

Өршіп, өсіп келе жатқан жұмысшылар қозғалысын басу немесе тоқтату мақсатында күрес жүргізген кәсіпкерлер штрейкбрехерлер (ереуілді бұзатын адамдар) қызметін кең ауқымды пайдаланып,локауттар жариялап (lock out- біреудің алдынан есік жабу,яғни ереуілдерге қарсы күрес құралы ретінде кәсіпкерлермен қолданылған бұқаралық жұмысшыларды босату немесе мекемені жабу әрекеттері), ереуілшілерді жұмыстан босатып, олардың кейжағдайда жалақыларын төмендетіп те отырған. Тұтастай алғанда елдің қоғамдық пікірі ереілдік қозғалысты қолдамады, себебі олар «қалыпты» өмір жағдайын бұзған еді. АҚШ әкімшілігі жұмыс берушілер жағына көбіне шығып, ал жергілікті сот органдары ереуілшілерге қатаң шаралар қолданды.

Қандай штатта болмасын ешбір заң ресми түрде ереуілдер  өткізуге тыйым салмады, алайда эффективті ереуілдік күресті болдыртпайтын  заңдар қолданыста болатын.

Әлеуметтік идеялардың  кең таралуы және жұмысшы қозғалыстарының белсенділігі І Интернационалдың ұлттық секциялары арасындағы шиеленісті күшейтті. Соның нәтижесінде 1874 жылы Солтүстік Американың Социал-демократиялық жұмысшы партиясы құрылды. 1876 жылы Филадельфиядағы сьезде Құрама штаттардың Жұмысшы партиясы құрылды. Ол өз кезегінде 1877 жылдың желтоқсанында атауын Солтүстік Американың Социалистік жұмысшы партиясына өзгертті. 1886 жылы АҚШ-та Біріккен жұмысшы партиясы, жұмысшылар одағының партиясы, өндірістік жұмысшы партиясы, реформалардың жұмысшы партиясы, жұмысшы партия және тағы басқалары бой көтерді. 1887 жылдың қыркүйегінде Прогрессивтік жұмысшы партиясы құрылғанмен, оның Социалистік жұмысшы партиясымен саяси одағы іске аспады. Социалистер арасында басталған дағдарыс 1900 жылға дейін жалғасын тауып, өз көрінісін төменгі партиялардың құрылысында тапты: Американың социал-демократия партиясы (1897) және Ю.Дебс басқарған Американың Социал-демократиялық партиясы. Осы екі партияның біріккен сьезді 1900жылы наурызда болды. 1901 жылы шілдеде қайтадан құрылған партия Социалистік партия атауын иеленді.

1878 жылы «Еңбек рыцарлары»деген атпен 1871 жылы құрылған жұмысшы одағы ұлттық ұйым ретінде қалыптасты. 1881 жылдан бастап одақ өзіне түрлі мамандық иелерін тартты, 1886 жылы онда 500 мыңнан 800 мыңға дейін адам саналды. Алайда одақ құлдырап, оның көптеген мүшелері 1881 жылы құрылған Американдық еңбек федерациясына кетіп қалды.

1874 жылы Орта Батыс фермерлеріне сүйенген гринбекерлер Партиясы құрылды. Бұл партияның құрылуына 1873 жылы болған экономикалық дағдарыс түрткі болып, ақша жүйесі реформасы үшін қозғалыстың бастамасына алып келді. 1877 жылғы ереуілдер партияның белсенділігін арттырды. 1878 жылы ол жұмысшы партиялармен бірігіп, ендігі жерде Гринбекерлік жұмысшы партиясы деп аталына бастады. Олардың талаптарының негізін қағаз ақша шығаруды кеңейту (гринбекерлер пікірінше, фермерлердің жиналып қалған қарыздарын төлеуді жеңілдетіп, ауыл шаруашылық өніміне бағаның өсірілуіне алып келер еді), капиталистік корпарациялар әрекетін қатаң бақылауға алу, прогрессивтік салық енгізу, протекционистік тарифтердің төмендетілуі, сегіз сағаттық жұмыс күнін енгізу, теміржол компанияларына жерді беруді тоқтату құрады. АҚШ Конгресіне сайлауда 1878 жылы гринбекерлер 1 миллионға жуық дауыс жинады (13,8% электорат даусы). 1878 жылдан кейін гринбекерлер қозғалысы бәсеңдеді, ол қаржылық дағдарыстың аяқталуының сипатына айналды. Ауыл шаруашылығы қалпына келтіріліп, монетамен есептесу қайта жанданды. Ол өз кезегінде күміс ақшалардың еркін шығарылуын тездетті. 1884жылдан кейін партия мүшелері басқа партияларға ауыса бастады, көп ұзамай гринбекерлер дербес саяси күш ретінде өмір сүруін тоқтатты. Партия таратылуының шынайы себебі, оның көп құрамдылығы мен бағдарламасының болмауында еді.  Алайда гринбекерлер фермерлік одақтарды біріктірген келешектегі популистік қозғалыстың базасын қалыптастыруда маңызды орын алды. Олардың идеялары мен кадрлары 1891 жылы Американың Халықтық партиясы атауын иеленген Популистік партияның дүниеге келуін қамтамасыз етті. Аталмыш партия Құрама штаттар тарихындағы алғашқы саяси бірлестік ретінде елдегі билікті қолға алуды көздеп, 1892 жылғы президенттік сайлауда айқын көрінді.

ХІХ ғасырдың 50-80 жылдарында Элизабет Стэнтон мен Сюзан Энтони басқарған суфражистік (дауыс құқығы) қозғалыс белсенді дами бастайды. Джейн Аддамс  пен Фрдэнсис Уиллард секілді танымал қоғам қайраткерлерінің күш-жігерімен балалар мен жасөспірімдер проблемасын шешу, көмек беру, мемлекеттік аппаратта парақорлықты түбегейлі жою, иммигранттар құқығын қорғау, салауатты,ашық түрдегі өмір салты үшін күрес жүргізуші одақтар мен әлеуметтік белсенді ассоциациялар  құрылған еді. Сол жылдары төмендегідей қоғамдық және қайырымдылық ұйымдары өз әрекетін бастады: Американың жас христиандары Ассоциациясы, қорғану Армиясының американдық бөлімі, әйелдер үшін дауыс беру құқығына бағытталған күрестің Ұлттық ассоциациясы. 1869 жылы «құрғақ заң» Партиясы негізделіп, ол алкогольдік ішімдіктерді сатуға тыйым салуды бастап, аталмыш сусындар кедейшілік, ауру, сырқат, қылмысқа түрткі болады деп атап көрсетті.

 

                                    1898-1899ж.ж. испан-американ соғысы

1898 жылдың ақпанында  АҚШ-тағы испандық елші де Ломенің президент Маккинлиді ғайбаттаған, намысына тиерлік сипаттама берген жеке хаттары жарияланады. Испан дипломаты дереу отставкаға кеткенімен, ол жайт американ қоғамындағы антииспандық көңіл күйді бәсеңдетпеді. Апта өтісімен Кубадағы ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі шартында АҚШ меншігі мен азаматттарын қорғау қажеттігі сылтауымен Гавана порты бұғазына «Мэн» американдық крейсері жіберіледі. 15 ақпанда жарылыс нәтижесінде крейсер суға кетіп, экипаждың 260 мүшесі қаза табады. АҚШ үкіметі крейсер жарылысына байланысты испан үкіметі берген түсіндірмеге қанағаттанбай, Испаниямен Кубада жүргізілген «концентрациялық лагерь саясатын»тоқтату және испан-кубалық конфликттегі жау жақтардың ортақ шешімге тез келуін талап еткен ультиматум жібереді. Жарты ай өткен соң Испания талаптардың жартысынан көбін орындауға келіседі. Алайда соғыс жақтастарының ықпалымен Маккинли іс жүзінде әскери әрекеттердің басталғаны жөнінде жариялайтын жолдауын дайындайды. Испания жауабын қабылдаған президент оны 11 сәуірде конгреске жібереді. Тоғыз күн өткен соң конгрестің екі палатасы Кубаның тәуелсіздігін мойындап таныған резолюцияны қабылдайды.

Президенттің резолюцияға  қол қоюы ультиматум формасындағы талапты  испан үкіметіне тануға негіз  болды. Келесі күндері оқиғалар тез  қарқынды дамыды – 1898 жылы 21 сәуірде Испания АҚШ-пен барлық дипломатиялық қатынастарды үзді, 22 сәуірде АҚШ барлық кубалық порттарды блокадалады, 24сәуірде Испания АҚШ-қа соғыс жариялады, ал 25 сәуірде АҚШ ресми түрде Испанияға соғыс жариялады.

Әскери шиеленіске әлі де испан отарлары болған Куба мен Пуэрто-Рико және 1897 жылы Испаниядан өз тәуелсіздігін алған Филиппин аралдары тартылды.

100 күндік теңізде болған «күшті шағын соғыс»АҚШ үшін жеңіл жеңіспен аяқталды, оның нәтижесінде 1898жылдың маусым және тамызында Кубадағы Сантьяго бұғазы мен Филиппиндердегі Манильдік бұғазда испан флоты талқандалып, Пуэрто-Рико оккупацияланып, Гавай аралдары аннексияланды. 1898 жылы желтоқсанда Парижде қол қойылған бейбіт келісімшартқа байланысты  Испания Кубадан өз әскерлерін шығарды, 400миллион доллар көлемінде кубалық қарызды төлеуге келісті. Филиппиндік аралдармен қоса, контрибуция үшін Гуам мен Пуэрто-Риконы АҚШ-қа беру де келісілді. Маккинли соғыс барысында-ақ 12 біткен соң ел барлық меншігін сақтайды деп мәлімдеген болатын. Кариб теңізі және Тынық мұхитінің орта тұсына бақылау орнатқан АҚШ Азия материгіне жақындап келді,ал ол өз кезегінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде алдыңғы қатарлы еуропалық елдердің өсе түскен сауда-экономикалық қызықғушылықтарының обьектісіне айналған болатын. 1899 жылы Самао архипелагының бір бөлігіне құқықты иеленген АҚШ Австралия мен Жаңа Зеландия бағытында сауда кемелеріне жол ашты.

1899 жылдың қыркүйегінде Ұлыбритания, Франция, Италия, Ресей, Австрия, Жапония үкімет басшыларының мекен жайына мемлекеттік секретарь Джон Хэй қолымен ноталар жіберіледі. Онда АҚШ үкіметі Қытайда «барлық әлемдік сауда үшін ашық есік»саясатын сақтау жөніндегі тілегін мазмұндайды. 1900жылы наурызда АҚШ ресми түрде Қытайға қатысты «ашық есік» саясатын жариялайды, ол осы әрекетімен империалистік державалар арасында бұл елді бөліске салу құқығына ие болуды қалдырды.

Маккинли президенттігі  экономикалық жарылыс кезеңімен  сәйкес келді; елдің экономикасына  капитал салудың өсуі, алтын қайтадан айналымға енгізілді, Шерманның  антитрестік заңына қарамастан, тресттер мен банкілер баи түсті, жаңа кедендік тариф шетелдік бәсекелестермен шығарылатын тауарлардан ішкі американ нарығын қорғады. Экономикалық және әлеуметтік мәселелер «жалпы қоғамдық игілікпен» бүркемеленді. Маккинли есімімен елдің сыртқы саяси курсы да байланысты болып келеді, себебі сол кезде американ экспансионистерінің империалистік ұмтылыстарына жауап беретін айқын өзгерістер болған еді.

1900 жылғы президенттік сайлау алдындағы елдегі саяси жағдайға обьективті анализ жасасақ, Маккинли бұл сайлауға АҚШ өнеркәсіп-финанс капиталынан алған екінші кезек сайлануға мандатымен жіті сенім білдіре барған болатын. Республикалық әкімшіліктің экспансионистік сыртқы саясатын оң бағаламаған демократтар 1896 жылы сайлауда жеңіліп қалған У.Дж.Брайанның кандидаттығын қайтадан ұсынғандықтан,  сайлауда басым түсе алмайтын да еді. Маккинли өзінің сайлау алды кампаниясының басты мәселесі етіп ұлт игілігі тақырыбын таңдап айрықшалап алып, Брайанның империализм мәселесі бойынша сайлау алды күрес насихатын жүргізуден ашық бас тартты. Ақ үй мен президент жақтастары перспективті түрде елдің интенсивті экономикалық дамуын алға қоя үгіт жүргізіп, сол ұлттық игілік пен елдің жақсы да қалыпты жағдайын сақтап қалу, бір қалыпта ұстау үшін,дәуір бойына қамтамасыз ету үшін Маккинли екінші рет президент қызметін өз міндетіне алу керек деп халықты сендіруге талпынды.

Информация о работе Алтын ғасыр (1877-1901)