Адам мен табиғаттың бөлінбейтін бірлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 10:03, лекция

Краткое описание

Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. Адам табиғатты аялап, қамқорлап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауы тиіс.
Адам табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, көңіліне шуақ алып, аса зор іңкәрлік сезімге бөленеді.
Өзін – өзі тану сабақтарын табиғат аясында ұйымдастыру ерекшеліктері,табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
адам мен табиғаттың үйлесімдігі, табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер-ықпалы туралы ұғымдарын кеңейту.

Вложенные файлы: 1 файл

Копия өзін өзі портфолио 1,2,3 тарау.docx

— 204.79 Кб (Скачать файл)

   Кеш соңында қос әнші қыздарымызға қалалық мәдениет бөлімі өз лебіздерін білдіріп, гүл шоқтарын ұсынды. Бағдарлама барысында Роза «аса танымал емеспін, балаларым әлі жас, бір жағы сол да бар, бәріне үлгеру қажет» деген ойын айтып қалды. Роза Әлқожаны танымайтын жандар бар шығар. Дегенмен де, телеарналар мен «Қазақ радиосы», «Шалқар» радиосы арқылы өз тыңдарманы мен табынушыларын қамтып үлгерген әншілер сапында деп есептеймін. Сазгерлігінің өзі – бір төбе! Әншінің «Аташым» әнін тыңдағанда өзгеше күйге ендім.  Осы әннің дүниеге келуі туралы ақпарат бере келе «залда атасының балалары болса түсінеді…» деп жүрегіндегі сағынышын жеткізді.

Тыңдарманы (табынушысы) ретінде  әншіге шығармашылық табыс, отбасылық  бақыт тілеймін!    

 

                             

          

  1. тарау. Жан дүниемнің жайдары шуақтары
    1. Жағымды ойы
    2. Ішкі үйлесімділік сезім
    3. Адамның өз күшіне сену, өз- өзіне оң баға беру қабілеті
    4. Жан дүниеңе үңілу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      3. Жан дүниемнің жайдары шуақтары

3.1.Жағымды ойы

 

Құдіреті күшті Аллаһ  Тағала бұл дүниені сынақ ретінде  жаратқандықтан, ол – фәни, жалған дүние  аталады. Атына сай жалған дүние  жақсылық пен жамандық, арлы, намыстылық пен арсыз, намыссыздық, сұлулық  пен көріксіздік, мейірімділік пен  қатыгездік, адалдық пен харамдық тәрізді бір-біріне қарама-қайшылықтардан тұрады. Соның ортасында өмір сүретін  адамдар осы қарама-қайшылықтар  арқылы сыналып, кейбірі өз нәпсісінің жетегінде кетеді, кейбірі рухани кемелділікке ұмтылады. Әркімнің рухани байлығы мен рухани денсаулығы қандай, ол оның ісінен, мінез-қылығынан, еңбегінен, адамдармен қарым-қатынасынан, өмір сүру салтынан, ағайын, еңбек ұжымы, ел алдындағы  абырой, сый-құрметінен айқын аңғарылады.

Жер бетінде нығмет жаратылған жан иесі – адам болса, оның өн бойындағы  жақсы қасиеттердің негізі әубаста  он нұрдан бастау алып, дамыйды. Олар мынандай нұрлар:

 

1. Нұр сыддық – адалдық, әділеттілік, шындық.

2. Нұр сабыр – төзімділік, табандылық, шыдамдылық.

3. Нұр шәкір – қадірлеу, құрметтеу, қастерлеу.

4. Нұр фәкір – тәкаппарлық, асқақтық.

5. Нұр зәкір – көркем келбет, сипат, Аллаһқа мадақ.

6. Нұр намаз – ғибадат ету, құлшылық жасау.

7. Нұр Ораза – өзін тыю, қанағат ету.

8. Нұр иман – ақиқатты түсіну және оған сену.

9. Нұр садақа – қайырымдылық жасау.

10. Нұр пәк жан –  әрқашанда таза болу. Тәннің һәм  жанның тазалығы.

 

Табиғаттағы заңдылықтың  басы – ұлы үйлесімді зерттеушілердің  айтуынша, адам бойындағы алғашқы  бес нұр оған бесіктен даритын  болса, оның жаны таза болады, рухани жағынан  сомдалып, қалыптасып, жанның мәңгілігіне  негіз қалайды. Осы он нұрдың адам бойында жинақталуы, соның нәтижесінде  жан мен тән иесінің шығатын  биігі – ұшпақ, ол – жанның мәңгілігі. Өйткені, ұшпаққа шыққан адамның  мәңгілік орыны – қашанда жаннат (жұмақ) болмақ.

Күлімдеп, ақжарқын жүретін  адамның көңіл-күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл-күй жаныңды  сау етеді. Жаның сау болса, денің  сау болады. Денің сау болса  жақсы еңбек ете аласың. Жақсы  еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді. Сол себепті  де халық даналығында «Қуаныш-өмір шаттығы» деп айтқан болатын.

 

                               3.2. Ішкі үйлесімділік сезім

 

Үйлесімділік деп отырғанымыз  — белгілі біртұтастықты құрастырып отырған бөлшектер элементтерінің сыртқы қарама-қайшылық өлшеміне сай  бірлігі. Сұлулық — материалдық  және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты, өсемдік, әдемілікпен  тектес эстетикалық ұғым. Сұлулық  объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтиды. Ал әсемдік құбылыстардың  сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады.

Сұлулықтың, ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімділік, ырғақтылық сынды, табиғи өлшемдерін эстетикалык түйсінуде  адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл-парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сыртқы сұлулығы оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. "Жылтырағанның  бәрі әдемі емес" демекші, керісінше, сыртқы сұрықсыздық пен сиықсыздық тасасынан жоғары жан сұлулығын  кездестіру әбден мүмкін.

Ізгілік пен жылылықтан алыс сұлулық кейпіне ежелгі қазақ  аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнелері жатады. Сыртқы сұлулықты рухани сұлулықтан алшақтатып жіберуге мүлдем болмайды. Өмір мен  өнерді рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып сұлулық, қоғамда зор  танымдық және тәрбиелік рөл атқарады. Адам дүниені сүлулық үлгісінде  қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек.

Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, дене, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге  мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік білім беру жүйесінде өзін-өзі  тану пәні арқылы жүзеге асады.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін, байытуы және өзіндік қайталанбас  жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттері мен жасампаздық  әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін көздейді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің  оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың  қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталуып, олардың жасампаздық  белсенділігін танытуға мүмкіндік  беретін өмірлік маңызы бар, кең  ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.Өзін-өзі тану бойынша  білім берудің негізгі мақсат-мүдделері  мынадай:

• Адамның өзіндік бейімділіктерін  ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде  дамыту;

• Оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген  қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

• Қоғамға қызмет етуге  бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған  білімдерін іс жүзінде шығармашылықпе қолдану дағдыларын қалыптастыру;

Өмірдің мағынасы – ол адамның  санасындағы субьективті ең маңызды  құндылық және оның мінез-құлқының басты  реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының  белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі  бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер  белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін  ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас  тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен  дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі  тану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           3.3. Адамның  өз күшіне сену, өз- өзіне оң баға беру қабілеті

 

Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты  қозғап та, аяғының башайларын қимылдатып та — бірінен-бірін айырмай ойнай  береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің органдары мен тұтас денесін  қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата  бастайды. Бұл физикалық саралау  процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы  кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз органдарының қалыпты жайы мен  қимыл-қозғалысын сезіну) өтеді. «Баланың өзін өзі аңғаруынан кейін,— деп  жазды И. М. Сеченев,— есейгенде  адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл  ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын  барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен қатар  қоя қарауға (салыстыруға) — бір  сөзбен айтқанда, өз санасының актін  зерттеуге мүмкіндік беретін  өзіндік сана-сезім туады». Күрделі  психикалық кұбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып-білу іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде  өтеді. К. Маркс былай деп көрсетті: «адам алдымен айнаға қараған  сияқты, басқа адамға қарайды. Павел  дейтін адамға өзі сияқты адам деп  қарау арқылы Петр дейтін адам өзіне адам деп қарай бастайды».

Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-, бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады.

Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше. Егер бір  адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты  сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы  сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.

Өзін-өзі тану өзіндік  сана-сезімнің қалыптасуында маңызды  роль атқарады. Өзін-өзі тану — адамның  өз психологиялық және физикалық  ерекшеліктерін зерттеп-білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып  біледі. Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.

И.М.Сеченев. Таңдамалы философиялық және психологиялық шығармалары. М., Мемлекеттік саяси баспа.

Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай  отырып, жұмысқа жұмсалған уақыт  пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы  өз мінез-кұлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық  ерекшеліктерін танып, біледі. Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген жеке адамға айналасындағылардың өзі  жайындағы көзқарасын талдаудың  да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес  жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.

Өз басыңның қасиеттеріне берген өз бағаң мен басқа жұрттың  бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу-шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.

Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым-қатынаста  болу өз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып  білуге кемектеседі екен.

Жас ұрпақ, яғни адам тәрбиесі туралы ой толғаған бір ұлағатты ұстаз: «Адамда бір ғана мамандық болуға тиіс, ол шын мәнінде адам деген  атқа ие болу», - дейді. Оның мұндағы  бейнелеп айтып отырған ой-пікірі: кез-келген адам адал, адамгершілігі  жоғары, еңбекке қабі-летті де зейінді, өз міндетіне жауапты, бейнетке төзімді, мейірімді де білімді жан болса, ол таңдаған мамандық маңызды, жұмысы же-місті болып, өмірде жар-қын із қалдыра алады. Алайда, мұндай адамдар  ең бірінші, өзінің қандай іске арналып  жаратылғанын білсе, халқына да берер  жемісі қанша ма мол болар еді...

Өмірде көріп, біліп жүрген ақиқат: көп адамның өзіне лайықты  орнын таппауы, кейбіре-улердің өз ақыл-ойы, дүниетанымы, іскерлігі, білімі, біліктілігі сәйкес келмейтін жоғары орында болуы, дәрежесінен артық  сый-құрметке бө-ленуі. Бұл барлық кезде  қоғамымызда орын алып келе жатқан жиіркенішті жаман дерт. Сол себепті  де Жүсіпбек Аймауытовтың айтып кеткен мына бір сөзі әлі күнге дейін  мән-маңызын жоғалтқан жоқ: «Әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі - әлеуметтің мүшесі, әр адам «өз орнында» қызмет етпеу. Естеріңізде болсын: адам қалай болса солай сүйреуге көне беретін тулақ емес, қалай қақса  солай домалайтын «алланың» добы да емес. Адам өзінің ыңғайымен, еркімен  қызмет ететін зат. Кісі іштен туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икемді болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки, зеректік болады. Біреу  бала оқытуға, біреу етік тігуге, біреу  әкім болуға, біреу мал бағуға, біреу  әскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу  дәрігерлікке, біреу саудаға, біреу  сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаралады. Өмірде түк жұмысқа икемі жоқ  жан сирек болады; ең болмаса өтірік айтуға зерек болып жаралады. Кімде-кім  өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен  жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке  де, үлкен пайда келтірмек. «Өз  орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады. Адамның  көбі ана жолға бір, мына жолға  бір түсіп, өмір бойы өз соқпағын таба алмай, сенделумен күні өтеді. Өз жолында  қызмет істемеген адамның жұмысы бере-кесіз болғаны өз алдына, ондай  адам ісіне көңілі жарымағандықтан  өмірге, тағдырға налып, зарланып, бақсыз жан болып күнелтеді».

Иә, өте орынды айтыл-ған, ұлтымызға ұлағат боларлық асыл сөз. Өйт-кені, адамдардың қай-қайсы да өзі  өмір сүріп отырған елдегі қоғамның мүшесі, яғни сол әлеу-метке бір  бөлшегі ретінде өз пайдасын тигізуге, сол үшін еңбек етуге, қоғамдық жұмысқа  ат салысуға тиіс. Алайда, ада-мдардың  сана-сезімі әрқи-лы. Біреулер елі мен  жері үшін көп еңбек сіңіреді, сол  жолда үйін де, күйін де ұмытып кететіндері  де жоқ емес. Екінші біреулер өзінің жеке басының мақсат – мүддесін көбірек ойлап, көп еңбектенуден бойын тежейді. Сонда, әр адам өзі мен қоғамның мақсат-мүддесін қандай жағдайда бірге тоғыстырып, екі жаққа да пайдалы еңбек ете алады? Біздің ше, ол әрбір адам бойына біткен қабілетіне, ыңғайына, мүмкіндігіне, зеректігіне, еңбексүйгіштігіне, іскерлі-гіне, жауапкершілігіне, адалдығына, білімі мен біліктілігіне сәйкес өз орнында қызмет істесе ғана жүзеге асады.

«Әр адам өзі өмір сүріп  отырған қоғамға пайдасын тигізіу  үшін «Өз орнында» еңбек етіп жүр  ме?». Оны сол адамның елі мен  жері үшін атқарған қызметі, сіңірген еңбегі айқындап береді. Бұл қазіргі  ел ағалары атанып жүргендерге де, билік басындағыларға да тән. Олардың  қайсы жақсы, жаман атымен тарихта  қалады, ол уақыт еншісінде.

Сөз орайы келгенде айта кететін жағдай, қазір оқыған, ақыл-есі  бүтін бірқатар азаматтар өздерін  қызметте тұрлаусыз, не болса соған  тез еліктегіш, одан тез суынғыш, шала білімділік, мансапқорлық, пайдакүнемділік, кеңсе-шілдік, даурықпа – даңға-залық, өз бетінше шешім қабылдай алмаушылық, жауапсыздық, жағымпа-здық, сөз тасығыштық тәрізді жағымсыз жақтары-мен, мінез-құлқымен жиі көрсетеді. «Білгіштер» оған заманды, тұрмыс жағдайының қиындығын, ардың да, намыстың да ақшаға сатылатындығын кінәлайды. Біздің ше, бұл – мұндай адамдардың мемлекеттік, қоғамдыққызметке, сол мамандық-қа пісіп, жетілмегенін, тәжірибе жинақтамағанын, лайықты еместігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                3.4. Жан дүниеңе үңілу

 

Қаламгер Ә.Кекілбаев  өз шығармаларында адам баласының ішкі жан дүниесіне аса мән береді. Оқырмандарын образдардың жан әлеміне  үңілу ақрылы адам баласына ортақ  рухани мәселелерді қозғайды.  Сол  арқылы оқырман мен кейіпкер арасына  байланыс, рухани  көпір  салып, ой  баспалдақтарынан сүрінбей өтуді оқырманға  тапсырады. Философия ғылымында  кеңінен орын алған -Экзистенциализм  — рухани дағдарыс фәлсәфасы және тек буржуазиялық қоғамның «бәрінің ашқан майданы (Шопенгауер) тұсында  дүниеге келген ағым. Оның өмірлік  концепцияларының негізгі тұжырымы - адамның онтологиялық жалғыздығы, әлемдік жалғыздығы, оның өзіне жат, бөтен дүниеге аспаннан түскендей  «тасталғандығы» (заброшенность - хайдегер), ұмыт қалғандығы. Сондықтан әрбір  адам үшін - физиологиялық, тәни сезіне алатын, көзбен көріп, қолмен ұстайтындай  екі ақиқат бар: оның біреуі — нақ  осы шақта тоқтаусыз ағып бара жатқан өткінші өмір ағыны (экзистенция) да, екіншісі — өлім.  Ал енді өмірдің  баянсыздығын, өткіншілігінің, жалған қызықтарының таусылымпаздылығының жырлаудың  казақ прозасындағы көрінісі - кейіпкердің  жер ортасы жасқа келіп, өмірдің  ащы-тұщысының дәмін татқан, атақ пен даңқтың қызылды-жасылды желегін  жамылып, оны да тоздырған шағында  келер нәубеті, өмірдің, қас-қағым  ғұмырдың өткіншілігін даңқ пен дақпырттың сусыма күйінен іздейтін жазушы  Ә.Кекілбаев. Оның «Аңыздың ақыры» романының  түпқазық идеясы - осы. Сол сиякты «Ханша — дария хикаясындағы» мына тұстарды алайық:

Информация о работе Адам мен табиғаттың бөлінбейтін бірлігі