Адам мен табиғаттың бөлінбейтін бірлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 10:03, лекция

Краткое описание

Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. Адам табиғатты аялап, қамқорлап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауы тиіс.
Адам табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, көңіліне шуақ алып, аса зор іңкәрлік сезімге бөленеді.
Өзін – өзі тану сабақтарын табиғат аясында ұйымдастыру ерекшеліктері,табиғат құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
адам мен табиғаттың үйлесімдігі, табиғаттың тылсым құдіреті, оның адам тіршілігіне әсер-ықпалы туралы ұғымдарын кеңейту.

Вложенные файлы: 1 файл

Копия өзін өзі портфолио 1,2,3 тарау.docx

— 204.79 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

  1. тарау. Өнер- өмірдің мәні мен сәні
    1. Адам өмірі жарасымның бір құрамдас ретіндегі өнердің мәні
    2. Өнер- көркем өнер
    3. Өнерден  алған әсерім (шығарма)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2тарау. Өнер- өмірдің мәні  мен сәні

2.1. Адам өмірі жарасымның  бір құрамдас

 

Өмірдің мәні «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?»  деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», — деп жауап беретін болар.Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

             Ұлы Абайдың  жас ұрпаққа:  «Атаңның ұлы болма, адамның  ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны  белгілі. Әрине, бұл жерде өз атынан лайық, ізгі, мейірімді өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын,өмірден кеткен соң артына жақсы сөзімен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.

     Өмір және оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады. Мысалға , «Кім көп еңбек етсе,бақыт соған қонады» Леонардо да Винчи. «Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кәсіппен айналысу, ұзақ және қызықты еңбек жолынан өтіп,мол тәжірибе жинап, кәсіби деңгейдің шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нәтижесін көру – міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның  зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында достары мен туыстарының арасында тату тәтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.

Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып  табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық  тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел  ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды.

Осыған сай өнердің:

  • көркем әдебиет,
  • музыка,
  • мүсін,
  • кескіндеме,
  • театр,
  • кино,
  • би,
  • сәулет өнері, т.б. түрлері бар.

Өнердің қызметін, қоғамдық сананың, адам танымының айрықша  формасы ретіндегі ерекшелігін  айқындайтын белгілі бір анықтама беру немесе оның адам өміріндегі маңызы мен мәнін анықтау жайлы тартыстар  бүкіл мәдениет тарихында тоқталған  жоқ. Өнер жайлы: “табиғатқа еліктеу”, “Құдайды тану”, “шындықты бейнелеу”, “сезім тілі”, т.б. анықтамалар берілді. Көптеген теорияшылар өнердің күрделілігі  мен санқырлылығына сай оның мән-маңызын  тек танымдық немесе идеялдық, яки  эстетикалық деп біржақты қарастырушылар да болды. Осындай көзқарастарға  қанағаттанбай өнертанушылар өнердің  бойында таным да, шындықты көре білу де, жасампаздық та, көркем бейне  де, рәміз сияқты көптеген мәселелер  келісті үйлесімде, тығыз қарым-қатынаста  деген тоқтамға келді. Өнер жеке тұлғаның жан-жақты дамып жетілуіне, оның эмоционалды күйіне, интеллектуалды өсуіне ықпал етіп, адамзаттың қордаланған  сан ғасырлық мәдени тәжірибесінен, даналығынан сусындауға мүмкіндік  береді. Өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны  басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззәтқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміздер жүйесі арқылы, айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Адамның  көркем шығармашылдық әрекеті сан  алуан қалыпта дамып, ол өнердің  түрлері, тектері, жанрлары ретінде  таратылады. Өнер теориясы бойынша  көркем шығармаға негіз болған матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш тобы туындайды:

1) мекендік немесе пластикалдық (кескіндеме, мүсін, графика, көркем  фото, архитектура, т.б.) яғни, көркем  бейнені кеңістікте түзетін өнер  түрлері,

2) мезгілдік (сөз және  музыка өнері), яғни көркем бейнелерді  уақыт кеңістігінде құратын өнер  түрлері.

3) мекенді-мезгілдік (би, актерлік өнер және осыған  негізделген аралас түрлер –  театр, кино, телевизия, эстрада,  цирк, т.б.), яғни көркем бейнені  белгілі бір уақыт кеңістікте  түзетін өнер түрлері.

Сөз өнері іштей – жазба  әдебиет, ауыз әдебиеті болып бөлінсе, музыкылдық өнер – вокалдық, аспаптық музыка түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер – драмалық, музыкалдық, қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі. Ауыз әдебиеті – эпос, лирика, драма  сияқты тектерге бөлінуімен қатар, бейнелеу өнері – портрет, пейзаж, натюрморт, сахна өнері, комедия, трагедия, водевил, т.б. жанрларға бөлінеді. Өнер, жалпы  алғанда, әлемді игерудің тарихи қалыптасқан  көркем әдісі ретінде өзіне тән  ерекшеліктер мен өзіндік сипатқа  ие. Өнердің эстетикалық қызметі  арқылы танымдық табиғаты мен тәрбиелік  сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің, сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән  эстетикалдық талап, талғамдары болады. “Өнер алды – қызыл тіл” деген  қазақ мәдениетінде сөз өнерінің орны ерекше болған. Қазақ фольклорының шағын жанрлары – мақал-мәтел, жұмбақ, лирикалдық ән-өлеңдер, билер институты  тудырған шешендік сөздер табиғатының  эстетикалдық сипаты басым. Халық музыкасында  қалыптасқан әншілік, күйшілік дәстүрлердің де өзіндік болмысы анық. Кең тынысты  лирикалдық әндер арқылы халық өзінің ішкі сезімдерін сыртқа шығарған болса, күмбірлеген күй арқылы өздерінің  эстетикалдық әр филосиялдық ой-толғамдарын  жеткізіп отырған. Осы белгісіне  орай өнерді әрі эстетикалдық, әрі  этникалдық құбылыс ретінде қарастыруға  да болады. Халық мұрасы тұсында  оның этникалдық арқауы басым болса, кәсіби өнерге келгенде эстетикалдық сипаты үстем. Өнер туындылары арқылы өмір шындығын көрсетудің әр түрлі  тарихи кезеңдерге тән өзіндік көріністері  бар. Соларды саралай отырып, адамзат  баласының көркем қиялмен ойлау  жүйесінің даму, жетілу жолдарын аңғарамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         2.2. Өнер- көркем өнер

 

Өнердің көп салаларының  ішінде ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен әлгідей бірлігі бола тұра өзгешелігі де мол. Сөз өнері  сурет пен музыка секілді жалпыға  бірдей жетімді деу қиын; сөз –  бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа  бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби  шығарма сол тілде ғана туады. Бұл – көркем әдебиеттің халықаралық  өрісіне біраз бөгеу, тіпті тұсау  екені рас. Бірақ мұның есесіне, әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты: симфонияны тыңдаушының бәрі нақты  түсіне бермейді,театр сахнасында бүгін  кеште жүріп жатқан спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра болып қалғандай  қолға ұстар затты дерегі бола бермейді,ал әдебиетте екеуі де –нақтылық  та,заттылық та бар.Бейнелеу,сәулет,мүсін  өнерлері затты,нақты болғанымен жансыз,қимылсыз,ал әдебиет кез келген шындықты қимыл,қозғалыс үстінде құбылта,құлпырта көрсете  алады.Дәл осы тұрғыдан алғанда ,сөз  өнерін-бар өнердің басы, «өнер  атаулының ең қиыны және күрделісі»(Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский)десек, асырып айтқан болмаймыз.Қазақ халқының «өнер алды-қызыл тіл»деген білгір тұжырымы да тегіннен-тегін тумаған-ды.

Көркем сөз-құдыретті  нәрсе! Оны әзілге саю да, оны әжуалау  да – ақылдан кенде пенденің қылығы. Тарих мұнары бұлдыратып тастаған заманалар  мен дәуірлерге қараңыз! Парасат  дүниесінің биік шыңдары ғана ақыл ой аспанының алып тіреулеріндей  қадау-қадау шаншылып тұрып қалған. Олар кімдер? Хан ба, патша ма? Жоқ, мен өнер иелері – ғалымдар жазушылар… Осы ғасырдың нақ басында А. С. Суволрин өзінің күнделік дәптеріне  былай деп жазды: «Біздің патшамыз екеу: II Николай мен Лев Толстой. Екеуінің қайсысы күшті? II Николай  Толстойға түк қыла алмайды, оны  тақтан қозғай алмайды, ал Толстой ше: қаһарға мінсе, Николайдың тағын  династиясымен қоса теңселтіп, төңкеріп түсіре жаздайтыны күмәнсіз».

Сөз өнері жалпы мағанасындағы  жай әдебиет емес, көркем әдебиет  екенін тектен-тек деуге болмайды.Оның барлық эстетикалық байлығы әдеби  шығарманың зкөркемдігі арқылы ғана жасалады. Суреткерлік шеберлік, шеберліктен  туатын шедевр(көркемдіктің көкесі)... – осының бәрін тек қана осы  арадан іздеу керек.Демек, әдебиеттің таным тарапындағы мәні де, тәрбие саласындағы мәні де, сайып келгенде, сөз өнерінің эстетикалық маңызына яки өнер туындысының көркемдік  құнынына келіп тіреледі. Әйтпесе, өмірді ғылым арқылы да тануға болады; ал тәрбиенің  ең үлкені оқу-білімде жатзқаны тағы даусыз. Адам баласына әдеби туындыдағы образдар жүйесі арқылы, дәлірек айтқанда, өнерге айналған өмір яғни өмірге айналған өнер арқылы тәрбие беру, таным қалыптастыру өз алдына айрықша бөлек! Оны сондай етіп ғылым да, білім де жасай алмайды. Көркем әдебиеттің күллі құдірет күші дәл осы арада жатыр.

Ендеше, сөз өнері –  қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі  іргелі саласы.

Өнердің кәусар туындысы халық  өмірінің терең және мөлдір қайнарынан шымырлап шығады да, сол халықтың өзінінің рухани сусынына айналады. Горькийде  мынадай нақыл бар : “Зевсті халық  жасаған, Фидий тасқа қашаған”. Рас  – ақ. Шын мәніндегі өнерде халық  даналығының таңбасы жатады. Демек, өнердің әлгідей жасампаз күші оның халықтан туып, халық қажетіне жарауында  жатыр. Жер бетінде халық бар  болса, халық өмірімен біте қайнаған, халық мақсатына қылтқысыз қызмет ететін өне де бар. Әдебиет пен  өнердің халықтығын, міне, осы тұрғыдан таныған жөн.

 

Халықтық деген ұғымды тұңғыш рет өткен ғасырдың бас  жағында П. А. Вяземский ұсынды. Оның 1825 жылы А. С. Пушкиннің “Бақшасарай  фонтанына” алғы сөз ретінде жазған “Кітап бастырушы мен классиктің кеңесуі” деген мақаласында классик  “Сөз өнеріндегі халықтық деген не ? Бұл фигура Аристотель пиитикасында да, Гораций пиитикасында да жоқ  қой”, - десе, кітап бастырушы “Гораций пиитикасында жоқ, бірақ шығармаларында бар”, - дейді. Бұл – құнды пікір.

 

Сайып келгенде, әдебиеттің халықтығытуралы топшылауларды  түрлаулы түсінік қып қалыптастырған В. Г. Белинский болды. Халықтық дегенді  ол альфа мен омега деп ұқты, нағыз көркем творчество бұдан ешқашан  ажырай алмайды деп білді. Белинскийдің пікірінше, әдебиеттің өзі, бәрінен  бұрын, “халық санасы”, “халықтың  рухы”. Сонымен қатар ұлы сыншы  “көп ретте халық деген сөздің барып тұрған мағынасыз сөзге  айналатынына” қынжыла кеп, халық  атын жамылып, құр күпсіген желбуаздарды қатал сынға алған еді.

 

Халықтық - әдеби шығарманың терң мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан, белгілі бір  тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге  дейін баратын қаһарманның мінезін, дүниетанымын, іс - әрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен  әдіміне, эстетикалық идеалына көшетін  ұғым. Халықтық – ақындық қайнары, сөз өнерінің тамыр тартар топырағы. “Өнер – халықтікі, - деген еді  Ленин Клара Циткинге, - еңбекшілердің  қалың бұқарасы арасына ол мейлінше терең тамыр жаюға тиіс, осы  бұқараға түсінікті және ұнамды болуға тиіс ; осы бұқарының ой – сезімінжәне  жігерін біріктіріп, оларды алға ұмтылдыруы керек”.

 

Халықтық сипат ең алдымен  белгілі бір көркем шығармада  бүкіл халықтық мәні бар мәселенің  көтерілуінде жатады. Айталық, Абай өзінің бүкіл ақындық өнерінің өн бойында  өзінің туған халқы үшін заманының  ең келелі мәселелерін көтеріп отырды. Ұлы ақынның реализмі мен гуманизмін өз алдына қойғанда, биік эстетикалық  идеал тұрғысынан өзі өмір сүрген қоғамдық ортадағы керенаулық пен кеселді, оспадарлық пен опасыздықты сынау арқылы қазақ даласындағы феодализмнің дағдарысын көрсетуі – бүкіл халықтық күрделі мәселені көтеруі болатын. Абай халықтығының бір шеті осында жатыр.

 

Халық үшін маңызды мәселені көтеру бао да, оны халық тұрғысынан шешу не шешпеу бар. Демек, халықтықтың  екінші шарты – көркем шығармада  суретелген шындық алға тартқан келелі мәселені халық мақсаты мен мүддесіне  сай шешу. Тағы да Абайдың ақындығын  мысалға алуға болады. Ұлы ақын өзінің барлық көркем туындылары арқылы оқушы жұртты алға. Арманға бастады, жарқын келешекке шақырды. Жамандықтан  жирендіріп, жақсылыққа сүйсіндіре келе биік мұратқа меңзеді. Абай халытығының  екінші бір жағы – осында жатыр.

 

Жоғарыда жұрт мойындаған белгілі қағиданы еске салып, біз  онда өнердің қалың бұқараға жақын, ұғымды болу керектігін білдік. Дәл  осы арада халықтың тағы бір сыры тұр. Нағыз халықтық шығарма халыққа  жетімді, түсінікті болуы шарт. Талант неғұрлым ірі болса, соғұрлым қарапайым  болатыны, көркем шығарма неғұрлым шебер жазылса, соғұрлым ұтымды болатыны мәлім. Абай өлеңдері даладағы қойшыға  да, қаладағы ойшыл ғалымға да бірдей жетімді, екеуіне бірдей әсер етеді.

 

Сонымен, әдебиеттің халықтығы  – оның халықтық ірі мәселелерді  халыққа жетімді түрде шебер, халық мүддесіне сай көркем жинақтау болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          1. Өнерден алған әсерім

        

Өнер деген таңдап қонады адамын,

Өнер деген мінезіндей баланың.

Өнерліні көрген кезде көзіме,

Елестетем кең даланың  қыранын.

 Менің  Роза Әлғожаның  концертінен алған әсерім. Концерт жайырақ аяқталды. Соған қарамастан, жиналған қауым тырп етпей, ең соңында тік тұрып, әншіге қошемет көрсетіп, сахнадан шығарып салды. Менің бір байқағаным,теледидардан көріп, қазақ радиосынан естіп жүрген әнші Роза  қандай болса, өмірде де қарапайым екен. Екі сағаттан астам уақыт жүрген бағдарлама барысында тек күлімсіреген жүзіне ғана куә болдық. «Мен сыйға тартқан орамал» әнімен басталған концерт,  «Гүл Толқын», «Жеңеше», «Сол көктем оралмайды», «Аташым», «Жылатқаның неткенің», «Іздемейсің», «Жүрек назы» т.б. көптеген әндерімен жалғасты. Роза жалғыз келмепті. Кешті жүргізген Әсел Ергешқызы болса (Қазақ радиосы), сонымен қатар, әншінің шашбауын көтере, Семейдің Абай ауданы, Архат ауылының тумасы, Президент оркестрінің әншісі, тыңдармандарын талай әндерімен сусындатып жүрген (әсіресе «Жалт-жұлт еткен дүние-ай» әні) Гүлмира Сарина да ере келіп, біраз әндерін сыйға тартты. Туған бауыры Әбдіжаппар да кеш қонағы ретінде  ән шырқады. Жұрт өте емін-еркін отырды. Кеш барысында Роза көптің көкейінде жүрген сауалдарына залдан жіберілген сұрақ-жауап арқылы сырласып, сұхбаттасып та үлгерді. Берген жауаптары да аса бір мәнді, мағыналы. Шындығында, әншінің мамандығы «Журналист» екенін осы жолы білдім. Көрермендердің өтінішін жерге тастамай поэзияға да орын беріп, өлең оқыды, домбыраның сүйемелдеуімен ән орындады. Көңіліне ұнаған сұрақ иелеріне «Мына өмір ғажап қандай» атты екі дисктен тұратын ән-жинақтарын өз қолымен ұсынды.

Информация о работе Адам мен табиғаттың бөлінбейтін бірлігі