Ұлы державалардың позициялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 15:53, курсовая работа

Краткое описание

1853-1856 жж. Қырым соғысының халықаралық қатынастар тарихында алатын орыны ерекше. Қырым соғысы Осман империясы мен Ресейдің дамуына, тарихына үлкен әсер еткен XIX ғасырдың маңызды халықаралық оқиғалардың бірі.
Тақырыптың өзектiлiгi. Соғыстың басталуы, өріс алуы мен аяқталуы жөнінде айтар алдында соғыс қандай дипломатиялық жағдайда туғаны жөнінде, Батыс Еуропа мен Ресейде бұл мәселеге қандай көзқараста болғаны және қандай мақсат ұстағаны жайлы айтып кету керек деп ойлаймын. Бұл кіріспеде, негізгі бөлімде қарастырылып өткен мәселелерге және Қырым соғысын зерттеген тарихшылар, ғалымдардың еңбектеріне қысқаша шолу жасалады.

Вложенные файлы: 1 файл

zhtar_kurs_44.doc

— 183.50 Кб (Скачать файл)

 

III-тарау. ҚЫРЫМ СОҒЫСЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ. ПАРИЖ БЕЙБІТ КЕЛІСІМІ

 

Севастополь құлағаннан кейін Кавказ майданындағы жеңіске  қарамастан біршама әлсіреген Ресей  үшін соғысты жалғастыру елді бұдан  да қиын жағдайға әкелер еді. Артта  қалған феодалдық-крепостнойлық Ресейдің экономикасы кең ауқымды және ұзаққа созылып кеткен соғыстың ауыртпалығына шыдай алмады.

Біріншіден соғыс бұдан бұрын естімеген әскер санын талап етті. Соғыстың екі жылында әскерге қосымша миллионға жуық адам қабылданғанмен, жаңадан адамдар керек болған. Крепостнойлық шаруашылықтан адамдардың алынуы және әскерді қамтамасыз ету мақсатымен салықтардың тым көтерілуі аграрлық елдің экономикасына үлкен кері әсер етті. Соғыс қажеттіліктеріне жаңа адам ресурстарының шақырылуы Ресейді экономикалық дағдарысқа әкелер еді. Сөйтіп, Ресей адам ресурстарының жетіспеушілігінен соғысты жалғастыра алмады.

Екіншіден, соғысқа үлкен  мөлшерде қару керек еді, ал Ресей  өзінің арта қалған әскери өнеркәсібімен  қаруды қажетке сай шығара алмады. Басқаша айтқанда Қырым соғысы бұдан  бұрын жиналған, сақталған қарумен  соғысты деуге болады. Ал 1856 жылы қару-жарақ қоры азая бастады: егер соғыстың басталуында миллионнан аса қорда мылтық болса, аяғына қарай 90 мыңдай қалған. Сондай-ақ патшаның қаруы Еуропалық елдерінің қару-жарағымен салыстырғанда барлық жағынан кем болған. Сөйтіп, соғыстың аяқталуына Ресейге қару-жарақ, оқтың жетіспеуі түрткі болды.

Үшіншіден, соғысты жүргізуге  көп қаржы керек еді. Соғыстың екі жылында үкімет 500 млн. сом - мемлекеттің  үш жылдық табысы шамасында ақша шығарды. Салықтардың көтерілуі жағдайды жақсартпады: егер табыс 34 млн. сомға көбейсе, шығын 200 млн. сомға ұлғайды. Ал соғысты жалғастыру үшін бірнеше жүз миллион қажет болды. Яғни елде орын алған қаржылық дағдарыс және инфляция, қаржылық жетіспеушілік соғысты жалғастыруға мүмкіндік бермеді.

Төртіншіден, Ресей армияны азық-түлікпен қамтамасыз ете алмады. Сондай-ақ, әскери әрекеттердің алыс орналасуы, транспорт және әскерлердің жылжуына кедергі болған жолдардың нашарлығы соғысты аяқтауға итермеледі. Жалпы, Қырым соғысы крепостнойлық Ресейдің әлсіздігін анық көрсеткен соғыс, сондай-ақ, бұл соғыс жылдарындағы шаруаларды қанау және экономикалық жағдайдың нашарлауы шаруалардың көтерілісіне әкелді. Көтерілістердің кең етек алуына сүйеніп, орыс революционер - демократтары соғысқа қарсы үгіттеу жүргізе бастады. Өздерінің прокламацияларында олар халыққа Қырым соғысының пайда болуы, патшаның дұрыс саясат жүргізбеуі, Ресей сәтсіздіктерінің себептері жайлы түсіндірген8.

Демек, Ресей соғысты  тек экономикалық себептерден ғана емес, сонымен қатар елде орын алған  ішкі жанжалдар есебінен жалғастыра алмады. Бұл кезде одақтастардың да соғысты жалғастыру жайында қайшылықтар туған кез. Англия бейбіт келісімге келуді қаламады, керісінше майданды Кавказға аудартқысы келді. Сонымен қатар, Англия өзінің жаяу әскерлерінің болмағанына байланысты Қырым шайқастарында сияқты негізгі әрекеттер француз және түрік әскерлерімен жүргізілуін қалады.

Австрия мен Франция  соғыс жайлы басқа мақсаттарға  ие болған. Наполеон III өзінің басты мақсатына қол жеткізгені жайлы сенген, яғни Ресейді ұзақ уақытқа әлсіреткізді және енді патшаны еуропалық істерді жүргізуде беделдіктен айырылған. Сондай-ақ, егер Наполеон III соғысты жалғастыратын болса, Франция әлсіреп, Англияның Еуропа мен Таяу Шығыста беделдігі арта түсетінін жақсы түсінген. Австрия үшін де Ресейдің Балқанда әлсіреуі және Дунай бойындағы орыстар саудасының шектелуі соғысты тоқтату үшін жеткілікті болған. Ағылшын үкіметі соғыстың жалғасуын қаншама талап еткеніне қарамастан 1855 жылдың аяғына таман әскери әрекеттер тоқтатылған еді. Бейбіт келісімге келу үшін державалар Париж конгресін шақыруға шешім қабылдады.

Бейбіт келісімге дайындалып жүрген Ресейдің жаулары патша қайтадан Түркиядағы христиандарды қорғауына алу мәселесін көтеретіндігінен қорыққан. Осыған орай 1856 жылы 9 қаңтар күні ұлы уәзір Али-паша үйінде Англия, Франция, Австрия елшілерінің Порта басшысымен және сыртқы істер министрі Фуад-пашамен жиналыс өткізіп, рескрипт қабылдады. Бұл құжат бойынша сұлтан Түркиядағы мұсылмандар және мұсылмандар еместердің құқықтарын теңестіруге міндеттенді. Осы әрекетпен одақтастар болашақ конгресте Ресеймен бұл мәселені қайтадан көтеруге мүмкіндік бергісі келмеді. Порта одақтастармен қойылған шартқа келісіп 18 ақпан күні жоғары күшті жарлық - "Хатт-и хумайун" шығарды. Тарихта бұл жарлықты Танзиматтың екінші бөлімі деп те айтады, шыңымен ол реформалардың жаңа кезеңін ашқан еді.

Жаңа жарлық 1839 жылғы  Гульханейлік келісімге сәйкес Портаның міндеттерін растады, яғни қай діни ағымға жататынына қарамастан адамдарға  құқықтар мен бостандық беру. Сондай-ақ, ұлтына қарамастан мемлекеттік қызметке және әскери, азаматтық мектептерге империяның барлық өкілдері қабылданады, салық барлығынан бірдей алынып, мұсылмандар мен мұсылмандар еместер заң алдында тең болып жарияланды.

1853-1856 жж. орын алған  Қырым соғысы 1856 жылдың 25 ақпан күні ашылған Париж конгресімен аяқталған еді. Конгреске Ресей өкілдері және онымен соғыс жағдайында болған Ұлыбритания, Франция, Түркия, Сардиния, сонымен қатар соғыс барысында Ресейге қатысты дұшпандық саясат жүргізген Австрия мен Пруссия өкілдері қатысты. Дәлірек айтатын болсақ, Франция жағынан - сыртқы істер министрі граф Валевский, Австрия жағынан - сыртқы істер министрі граф Буоль Шаунштейн, Англиядан - сыртқы істер министрі лорд Кларендон, Ресей жағынан - граф А.Ф. Орлов, Түркия жағынан - ұлы уәзір Али-паша, Сардиниядан министр-президент граф Кавур конгреске қатысқан еді. Конгрес төрағасы болып граф Валевский сайланды. Пруссия тек он бірінші отырысқа, 18 наурыз күні кіргізілді және бұл елдің ресми өкілі министр-президент барон Мантейфель болды. Париж конгресінде Англия мен Франция Түркияның мүддесін тыңдаған емес. Қырым соғысы барысында ең көп зардап шеккен және соғысқа ең көп күш салған Түркия екендігіне қарамастан, Валевский түріктердің болашақ бейбіт келісімге ықпал етіп, араласпауын толығымен қадағалады.

Бейбіт келісімді талқылау барысында Али-паша капитуляцияны  тоқтату жөнінде ұсыныс жасайды, өйткені Түркияға байланған тең  емес келісімдер шетелдіктерге тым  көп артықшылықтар береді және шетелдіктер  мемлекет ішінде мемлекет жағдайында болады. Сөйтіп, капитуляция Түркияның даму жолындағы ең үлкен бөгет еді. Алайда граф Валевский Түркияның ұсынысын талқылауға салмай бірден қабылдамады.

Вена конгресі 1854 жылдың жазында орыстарға қарсы топтың ұсынуымен және Ресейдің қатысуымен 1855 жылы Вена конференциясында қарастырылған бейбіт келісімнің негізінде, сонымен қатар 1855 жылы 27 тамыз күні Севастополь жеңіліске ұшырағаннан кейін, оларға қосылған Қара теңізді бейтараптау талабы негізінде жасалған еді.                                                                                                            

Конгресс барысында  Ресей, жеңушілер арасында қайшылықты пайдалануға және франциямен жақындасу  негізінді бейбіт шартты жеңілдетуге  қол жеткізді. Конгрестің қорытынды кеңесінде қол қойылған 1856 Париж бейбіт келісім шарты, соғысқа қатысушылар арасында бейбітшілікті қайта орнатуды жариялады және мынандай мәселелерді қарастырды:

Ресейдің Түркияға Карс қаласын бекінісімен қоса Севастопольге  айырбас ретінде және Түркия одақтастарымен алынған Қырымдағы басқа қалаларды  қайтаруын; Қара теңіздің бейтараптылығын және онда Ресей мен Түркияның әскери флотына және арсеналына тыйым салынуын; Екі халықаралық комиссия бақылауы астындағы Дунай бойынша кемелердің жүзу еркіндігінің жариялануын; Ресейдің Молдова княздігіне Дунай сағасын және оған жанасатын Оңтүстік Бессарабия бөлігін беруін; 1774 жылғы Кучук-Кайнарджи бейбіт келісім шартымен орнатылған, Ресейдің Молдова мен Валахия "пайдасына сөйлеу" құқығының жойылуын; Осман империясы шеңберінде Сербия, Молдова және ішкі автономияларының кепілін қарастырды9.

Париж келісім шартына  үш конвенция қосылды:

Бірінші конвенция Босфор мен Дарданелл бұғаздары арқылы еуропалық мемлекеттер әскери кемелерінің  жүзуіне тиым салған, 1841 жылғы бұғаздар туралы Лондон конвенциясын дәлелдеді;

Екінші конвенция Қара теңізде 800 тонналы 6 бу кемелері және 200 тонналы 4 бу немесе желкенді кемелер  күзету қызметін атқаруға арналған, Ресей  мен Түркия жеңіл әскери кемелерінің  саны мен су ығыстырғыштығына қатысты  шектеулерді орнатты;

Үшінші конвенция Ресейдің Балтық теңізіндегі Аланд аралдарында әскери бекіністерді көтермеуін міндеттеді10.

Түркияның қол астындағы  христиандарға еуропалық мемлекеттердің қорғаушылық көрсету туралы мәселе 1856 жылы 18 ақпан күні сұлтандық рескриптпен  шешімін тапты, мұнда барлық дін тұту еркіндігі жарияланды.

1856 жылы 18 сәуір күні  Париж конгресының соңғы отырысы  болды. Соңғы протоколдардарға  қол қойылып, державаларға олардың  құқықтары мен міндеттері жайлы  декларацияның тексты оқылып, граф  Валевскиймен конгрес жабық болып жария етілді.

Қырым соғысын аяқтаған Париж конгресінің халықаралық қатынастар тарихында маңызы зор. Негізінен Париж бейбіт келісімі - шарты Ресейдің сыртқы саясатында жаңа бағыттырдың басын қалыптастырып, Қасиетті одақтың ыдырауы, орыс-түрік қатынастарында шиелініс және Ұлыбританияға қарсы Ресейдің дұшпандық бағыт ұстау жағдайында, орыс дипломатияның негізгі күштері Франциямен одан әрі жақындасуына әсер етті. Париж бейбіт келісімі көптен бері жанжал тудырған мәселелерді толығымен болмаса да, жартылай шешуге қадам жасады деуге болады. Негізінен Париж конгресінің әлемде тепе-теңдік принципін орнатуда ролі зор.

 

Қорытынды

 

Халықаралық қатынастар тарихында 1853 - 1856 жылдар аралығында орын алған қанды оқиға, Қырым соғысы патшалық Ресейдің жеңілуімен аяқталды, ал Париж конгресі соғыстың соңғы нүктесі болды деуге болады. Негізінен жоғарыда жұмыс барысында айтылып өткендей Қырым соғысының бастаушысы Николай I болған. Патша соғысты өзі бастап, даму жағынан артта қалғандықтан, дипломатияда, мемлекеттік басқаруда және әскери ұйымдастырудағы әлсіздігіне байланысты өзі соғыста жеңілген еді. Дегенмен, Қырым соғысында тек патшалық Ресей ғана агрессиялық саясат жүргізді деген пікір жалған, өйткені Түркияның үкіметі Қара теңіздің сол жақ жағалауын, Кубань, Қырымды өзіне қайтару мақсатымен соғыстың орын алуына қарсылық білдірмей, керісінше соғыс отын жандырып отырды. Сондай-ақ, Қырым соғысының халықаралық қатынастар тарихында Англия мен Францияның алатын орны маңызды. Негізінен Англия мен Франция Қырым соғысына Түркияны Ресейдің шабуылдарынан қорғау мақсатымен ендік деп жария еткендеріне қарамастан, бұл жалған мәлімет, өйткені екі держава да Түркияға көмектесе отырып, жаулап алу жоспарларын жүзеге асырды, яғни Ресейді Жерорта теңізінен ығыстыру арқылы бұл аймақта ықпалдарын кеңейтті, қолдарына қарыз - "заем" - беру арқылы Түркияның экономикасын, мемлекеттік қаржысын бақылап, ішкі істеріне араласты. Алайда Англия мен Францияның басты мақсаты: Ресейді соғыстан шығартпау, кез-келген әрекеттер арқылы соғысты жалғастыру, Қырым соғысының географиясын кеңейту еді. Тіпті, Ресей әскерлерін Молдавия мен Валахиядан шығарған кезде және Түркияның тұтастығына қауіп төнбеген жағдайда, Англия мен Франция соғыстан шығып кетпей, керісінше Одесса, Севастополь, Свеаборг және Кронштадт, Соловки, Петропавловск-Камчаткаға, ал түріктер Грузияға шабуыл жасаған. Ал британ кабинеті Ресейден Қырым, Бессарабия, Кавказ, Финляндия, Польша, Литва, Эстония, Курляндия мен Лифляндияның бөліну жоспарларын құрған еді.

Міне, Қырым соғысы осындай  халықаралық жағдайда және державалардың жоғарыда айтылып өткен мақсаттар мен жаулап алушылық жоспарлары негізінде жүргізілген соғыс. Бірақ негізінен Қырым соғысы әскери әрекеттерге қатысқан әр елдің тарихына, дамуына үлкен әсер еткен. Мысалы: Ресей тарихында Қырым соғысының орны ерекше, өйткені соғыс елдегі маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылыстық өзгерістердің өріс алуына себепші болған.

Ресей крепостнойларға  еркіндік беріп, елдегі әкімшілік және сот жүйесін жаңадан құрды. Сондай-ақ, Қырым соғысының нәтижесінде Наполеон III-нің Еуропада беделі өсіп, бұл Францияда әскери диктатураның орнығуына, Испания мен Бельгияда реакцияның өріс алуы мен Францияның сыртқы саясатындағы жаулап алушылық тенденциялардың күшеюіне әкелді. Австрияның Қырым соғысында саясатының жүзеге аспауы елді күткен тарихи апаттардың алғышарты еді, солардың бірі Наполеон III-нің Австрияға шабуылы және осыған байланысты барлық солтүстік итальян иеліктерінен Австрияның айырылуы. Түркияның Қырым соғысына қатысуы нәтижесінде ол соғысты жеңген ел болғаны жайлы айта алмаймыз, адам материалдық шығындар, шетел державалардың ішкі істеріне араласуы жағдайды қиындатты, дегенмен, соғыстан кейін Түркия 1839-1859 жж. Танзимат реформаларымен айқындалған жол үстімен даму арқылы бірталай жетістіктерге жеткен еді.

Қырым соғысының нәтижесінде  көптен бері халықаралық қатынастарда жанжал туғызған мәселелер: Босфор мен  Дарданелл бұғаздары, Портаның христиан өкілдеріне қамқорлық ету, Қара теңіз  мәртебесі, Жерорта теңізіндегі  ықпалдылық сияқты мәселелер шешілген еді.

Жалпы айтқанда Қырым соғысы бүкіл әлемге, болашақта орын алған көптеген тарихи оқиғаларға тікелей әсер етудің алғышарттарына айналған XIX ғасырдағы маңызды оқиғалардың бірі.

 

Пайдаланған әдебиеттер

Деректер:

1. ГерценА.И. Полное  собрание сочнений и писем.  Т. 3. Спб.,1919.

2. Мартенс Ф. Собрание  трактатов и конвенций, заключенных  Россией с иностранными державами.  Т. 15. Спб., 1909.

3. Сборник договоров  России с другими государствами. 1856-1917 гг.М., 1952.

4. Тютчева А.Ф При  дворе двух императоров. М.,1929.

5. Чернышевский Н. Г. Рассказ о Крымской войне. М., 1935.

Зерттеулер:

1. Бестужев И.В. Крымская  война 1853-1856 гг. М.: Изд. АНСССР, 1956.

I. Бушуев С. Крымская  война 1853-1856 гг. М.-Л.ІАНСССР, 1940.

3. Горев Л. Война  1853-1856 гг. и оборона Севастополя.  М., 1955.

4. Дебидур А. Дипломатическая  история Европы. (1814-1878). Ростов - на - Дону , 1995.

Информация о работе Ұлы державалардың позициялары