Ұлы державалардың позициялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 15:53, курсовая работа

Краткое описание

1853-1856 жж. Қырым соғысының халықаралық қатынастар тарихында алатын орыны ерекше. Қырым соғысы Осман империясы мен Ресейдің дамуына, тарихына үлкен әсер еткен XIX ғасырдың маңызды халықаралық оқиғалардың бірі.
Тақырыптың өзектiлiгi. Соғыстың басталуы, өріс алуы мен аяқталуы жөнінде айтар алдында соғыс қандай дипломатиялық жағдайда туғаны жөнінде, Батыс Еуропа мен Ресейде бұл мәселеге қандай көзқараста болғаны және қандай мақсат ұстағаны жайлы айтып кету керек деп ойлаймын. Бұл кіріспеде, негізгі бөлімде қарастырылып өткен мәселелерге және Қырым соғысын зерттеген тарихшылар, ғалымдардың еңбектеріне қысқаша шолу жасалады.

Вложенные файлы: 1 файл

zhtar_kurs_44.doc

— 183.50 Кб (Скачать файл)

Николай I веналық нотаның мазмұнымен келісті, алайда патша сұлтаннан қабылдау және сұлтан нотаға келіспесе, Ресейдің қолы бұл проектімен байланбайтындығын шарт етті. Николай I алдын ала білгеніндей болды, өйткені Түркия, бұл құжат Түркияның егемендігіне қайшы келеді деп, нотаны қабылдамайды. Патшаға Түркияда православиялық шіркеу өкілдерінің қамқоршысы болу мүмкіндігінен айыратын Түркия өз гарантарын ұсынады. Петербург кабинеті өз жағынан Портаның ұсынысын қабылдамайды және конференция қатысушыларынан Портаны Вена нотасын қабылдауға сендіруді талап етеді. Англия мен Франция, сондай-ақ, Австрия мен Прусия бұл ұсынысты орындауға келіспейді. Сөйтіп, Порта патшаның басты талабын орындамай қалыптасқан жағдайды одан әрі шиеленістіріп, Ресеймен салыстырғанда барлық жағынан әлсіз екенін түсіне отырып, жағдайды соғысқа итермеледі. Портаның осындай тәуекелге барудың себебі неде болған? Бұған бір ғана жауап бар: Англия, Францияның, сондай-ақ, Австрияның көмектері еді.

Бұл кезде орыс әскерлері  уақыт кетірмей Молдавия мен Валахияны толығымен оккупацияға ұшыратқызды. Жауап ретінде екі ағылшын және екі француз әскери кемелері Безик бухтасынан шығып Дарданелл бұғазында тұрақтады. Бұл әрекетімен Англия мен Франция Түркияға көмектесетіні жайында Ресейге анық білдірді. Порта өз жағынан державалардың көмегін сезе отырып, орыс әскерлерінің княздықтардан кетуін талап етті, Порта 15 күн ішінде орыс әскерлерін княздықтардан шығаруды талап етті. Омер - паша орыс әскерінің басшысына генерал Горчаковқа өз елінің шешімін жеткізді. Алайда Горчаков келіссөз жүргізуден өкілеттілігінің болмауын сылтау етіп бас тартты. Осылай Портаның Түркия Ресеймен соғыс жағдайында деген шешімі күшіне енді. 1853 - жылы 26 қыркүйек күні Портаның үлкен отырысы өтіп, Ресейге соғыс жариялау шешілді. Нәтижесінде 1 қазан күні ресми түрде Түркия Ресейге соғыс жариялады және осымен Қырым соғысы басталды. Түркияның Ресейге соғыс жариялау әрекетінің себебі жайында Абдул - Меджид сұлтанының Англия, Франция, Австрия мен Пруссияга жіберген манифестінде түсіндірме берілген: Түркия соғыстың басталуына себеп берген жоқ; "Қасиетті жерлер" мәселесі шешілгеннен кейін соғыс үшін себеп қалған жоқ; Порта бітімге келу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырды; Порта вена нотасын қабылдамауға мәжбүр болды, өйткені бұл құжаттың Меньшиковтың ультиматумынан ешқандай айырмашылығы жоқ еді.

2.2  Дунай, Қара теңіз бен  Кавказдағы орыс - түрік қақтығыстары (1853-1854 жж.)

 

Түрік және орыс әскерлерінің арасындағы қақтығыстар Омер - пашаның  Горчаковқа қойған ультиматумының уақыты аяқталмай 1853 жылы 15 қазан күні түрік әскерлерінің орыс аванпостын атқылаумен және түрік жаяу әскерлерінің Видна, Туртукая аудандарының Дунайдағы басқа аралдарына өтіп сол жағалауға жасалған кенет шабуылдарымен басталған еді. Жаудың шабуылдарын тоқтату мақсатымен Дунай армиясының басшысы орыс кемелеріне Измайлдан Дунай бойымен Галаца мен Браиловқа жылжуға бұйрық берді. Алайда кемелер жол бойында Тулча және Исакча бекіністер қасынан өтуі керек болды. Осыған орай 1853 жылы 23 қазан күнінде орыс және түрік әскерлерінің арасында артиллериялық шайқас орын алды, алайда орыс кемелері бекіністерден өтіп қойылған әскери тапсырманы орындады. Дегенмен, орыс және түрік жауынгерлерінң бірінші ашық шайқасы Исакча түбінде емес, Дунайдың сол жағалауында, Кіші Валахияда орын алды. Енді Дунайда орналасқан және ірі шайқастарға дайындалып жатқан орыс және түрік әскерлерінің санына және дайындығына келетін болсақ, әртүрлі деректерде әртүрлі мағлұмат берілген: Генерал А.Н. Петров деректеріне сәйкес орыс әскерлері Дунайға кіргеннен кейін түрік әскерлері Дунайдың оң жақ жағалауына шоғырлана бастап, 1853 жылдың қазанына таман 80 мың орыс әскерлеріне қарсы 150 мың түрік күштері болған. Ал түрік деректеріне тарихшы Т. Озтунға сәйкес орыс әскерлері 152 мыңдай саналса, түріктер 132 мыңдай ғана болған.

Дегенмен, бұдан бұрын орын алған соғыстарға қарағанда, Дунай операцияларында түрік әскерлері жақсы дайындалып, шебер ұйымдастырылған еді. Алайда түрік әскерлерінде де, орыс әскерлерінде де жауынгерлерді азық-түлікпан қамтамасыз ету болған жоқ. Әскер қарапайым халықтан алдын ала үш жылға алынған салықтармен, алымдармен қамтамасыз етілген. Соғыс әрекеттері орын алған аймақтың жергілікті тұрғындары әскерге тегін азық-түлік жеткізуге мәжбүр болды.

Түрік әскерлерінің басшылығына  анықтама беретін болсақ, түрік әскерлері шетелдіктерден тұрғандығы бірден көзге көрінеді. Әскер басшының өзі - генералиссимус Омер - паша ұлты бойынша хорват, діні - православие шіркеуінің өкілі еді. Ол жөнінде әртүрлі пікірлер қалыптасқан: Қырым соғысын жан-жақты зерттеген М.Богданович бойынша, "Омер - паша әскери шеберлікті көрсеткен емес, өте сақ болғанымен, оған шешімталдық жетіспеген"4. Ал ағылшын тарихшысы А.В. Кинглек бойынша, "Омер - паша саяси жағдайларды салыстырып, әскери әрекеттер жүргізуде өте шебер болған"5.

Дунайдағы әрекеттер  түріктердің Видин мен Калафат арасындағы аралдарына орналасуымен басталған. Кейін 28 қазан күні түрік әскерлері Дунайдың сол жағына өтіп, 5000 жуық әскерлерімен Калафат қаласын алды. Өзінің жолында түрік әскерлері орыс әскерлері жағынан қарсылық көрмеді, өйткені Горчаков соғыс басталмайтындығы жөнінде Петербургтен хабар алып, диверсиялық түрік топтармен ғана күресетініне сеніп, орыс әскерін кіші отрядтарға бөліп, Дунай жағалауына орналастырды. Алайда Омер - паша және оның ағылшын-француз кеңесшілері шабуылды дұрыс ұйымдастыра алмады. Барлық күштерді жинап орыс әскерлерінің орталығына шабуыл жасаудың орнына, олар барлық жақтан дайын болу мақсатымен Румелиялық әскерді де кішігірім отрядтарға бөліп бүкіл майданға созған.

2.3 Қырым соғысының жаңа кезеңі. Англия мен Францияның соғысқа араласуы

 

1854 жылдың басына таман  ағылшын-француз стратегтердің Ресейді  жалғыз Түркияның күшімен жеңу  жоспарлары орындалмайтыны анық  көрінді. Керісінше Түркия соғыстың  зардаптарынан қатты әлсіреді, ал  бұл, әрине, антиорыс коалициясының кеңеюіне қарсы еді. Қалыптасқан жағдайға байланысты Англия мен Франция тез арада өз әскерлерін соғысқа кіргізуге мәжбүр болды. 1854 жылы 3 қаңтар күні 89 кемеден тұратын Англия мен Францияның біріккен әскери флоты Қара теңізге еніп, бұл әрекет әлсіз орыс флотын Севастопольде қорғануға мәжбүр етті. Сонымен қатар, Константинопольге 60 мың француз және 50 мың ағылшын әскерлері түріктермен біріге орыс әскерлеріне қарсы шабуыл жасау мақсатымен жіберілген. Ағылшын - француз теңіз күштері Балтық теңізіне, Ақ теңізге, Ресейдің Тынық мұхиттық жағалауына да жіберілген. Батыс державалардың флоттарына берілген негізгі тапсырма Қара теңізден Ресейдің тек қана әскери кемелерін ғана емес, сонымен қатар, сауда кемелерін де ығыстыру еді.

1854 жылы 12 қаңтар күні  Петербургтегі Англия мен Францияның елшілері патшаға ағылшын және француз флоттары Қара теңізге кіргені жайлы баяндады. Батыс державалардың әрекеттеріне ашуланған патша Горчаковқа Түркияның түбіне, орталығына шабуыл жасау үшін дайындалуға бұйрық берді. Алайда алдымен патша Балқан түбегі мен Дунай княздықтарында мүдделі болған Австрияның позициясын білгісі келді, өйткені Австрияның саясатына сәйкес Пруссияның және т.б. неміс мемлекеттерінің позициялары айқындалады. Сөйтіп, Венаға Николай I-нің австриялық императорына Франц-Иосифке арналған хатты жеткізу үшін граф Алексей Орловтың миссиясы жіберіледі. Орловқа қойылған негізгі талап: Ресейдің Англия мен Франция және Түркиямен соғысқан кезде Австрия мен Пруссия нейтралитет сақтап, қажет кезде Ресейге әскери көмек беруге державалардың келісімін алу. Өз жағынан Николай I Австрия мен Пруссияға агрессиядан көмек беру және соғыс қалай аяқталғанына қарамастан Түркияның болашағы жайында бұл державалардың келісімінсіз ешқандай шешім қабылдамайды.

Орловты Венаға жібере отырып Николай I Австрия мен Пруссияның көмек көрсететініне сенген. Алайда Австрияны патшаның Шығыс саясатын, княздықтарды оккупациялау, Түркияға қарсы православие шіркеу өкілдерін көтеру сияқты саясат бойынша Венада әрекет еткен Орлов екі апта уақыт болғанымен, мақсатына жете алмады, Австриямен келісімге келе алмады. 1854 жылы қаңтар патша орыс әскерлерінің басшысы ретінде Паскевичты қояды және оған Дунай әскерінің басшысы Горчаковты бағындырып қояды. Патшамен жоспарланған Дунайды кешіп өтіп арғы жағалауына орналасу тек наурыз айында жүзеге асар, сондықтан әскерді дайындауға тапсырма берілді.

1854 жылы ақпан айы  Ресейдің Англия және Франциямен  дипломатиялық қарым-қатынас үзді. 1854 жылы 21 ақпан күні бұл оқиға  жайында Ресей халқына памфлет  жарияланды. Дипломатиялық қарым-қатынастардың үзілуі соғыстың басталғаны емес, алайда бұл соғыстың алғышарты екені көрінді.

1854 жылы 22 ақпан күні  Австрияның сыртқы істер министрі  Австрия Англия мен Францияның  Ресейге арналған Дунай княздықтарынан әскерлерін алып шығару талабын қолдайтынын жария етті. Бұл шешім Ресейге де жеткізілді және төрт күннен кейін 27 ақпан күні Англия мен Франция Ресейге екі ай ішінде 1854 жылдың 30 сәуіріне дейін ультиматум негізінде княздықтардан әскерін шығаруды талап етті.

Осы уақытта Константинопольде  Англия мен Франция бір жағынан екінші жағынан - Порта одақтық келісімге келу мәселесін талқылаған, ал 12 наурыз күні бұл келісімге қол қойылды. Келісім 5 баптардан құралған еді:

1. Франция мен Англия  сұлтанның сұрауымен өздерінің  әскери кемелерін жіберген, енді келісімге сәйкес Осман империясының территориясын қорғау мақсатымен державалар жаяу әскерлерін жіберуге міндеттенеді.

2. Келісімге келген  жақтардың Николай I кез-келгеніне бейбіт жөнінде ұсыныс жасаса, басқа жақтарға бұл бірден хабарлануы тиіс;

3.  Сұлтан келісімге келіп отырған жақтардың кеңесін алмай Ресеймен бейбіт келісімге келмеуге уәде береді.

4. Соғыс әрекеттері  үш әскер басшыларымен қарастырылуы, жүргізілуі тиіс.

5. Келісімнің ратификациясы  алты апта ішінде жүзеге асуы  тиіс. 1854 жылы 8 мамыр күні Константинопольде ратификациялық грамоталармен алмасу болды.

Англия мен Францияның патшаға қойылған ультиматумды қабылдау патша үшін өзін сыйламаушылықтың белгісіне орай қалыптасқан жағдайға байланысты Англия мен Франция Ресейге соғыс жариялауды бұдан әрі соза алмады.

1854 жылы 27 наурыз күні  Англия мен Франция Ресейге  ресми түрде соғыс жариялады,  ал 23 сәуір күні Николай I Ресей Англия және Франциямен соғыс жағдайында екенін жариялайтын манифест шығарды. Алайда бір ай бұрын, 1854 жылы 23 наурыз айы 33 мың орыс әскерлері Горчаков бастауымен Дунайдың төменгі ағысында - Браилов, Галаца, Тулчидаға бекініп алу әрекетін бастаған еді. Орыс әскерінің негізгі мақсаты Дунайдың оң жағалауындағы түрік Силистрия бекінісін алу еді. Негізінен Силистрияның орыс әскерлері үшін стратегиялық маңызы зор еді. Патша Силистрияны екі апта ішінде аламын деп ойлаған. Алайда бұл әрекет көпке созылып, түріктер тек қана қорғанып, шабуыл жасамағандарына қарамастан, орыс әскерлері көптеген адам шығындарына тап болды. Сондықтан 21 маусым күні орыс әскерлері Силистрия түбінен артқа шегінді. Силистрия босатылғаннан кейін француз үкіметі болашақ бейбіт келісімнің негізіне айналатын шарттардың негізін жасаған еді. Англия мен Франция бұл шарттарды Ресейге байлағысы келген. Алайда алдын ала екі держава Австрия мен Пруссияны оларға қосылуға көндірді. Екі держава үшін Австрияның маңызы зор еді, өйткені Австрияның бір қадам жасап, Ресей территориясында болатын үлкен әскері болған.

Пруссияға келетін болсақ, 1854 жылы 9 сәуір күні қабылданған  Австрия, Франция, Англия мен Пруссия арасындағы протокол бойынша төрт держава Түркияның тұтастығын қамтамасыз ету мақсатымен орыс әскерлерінің Дунай княздықтарынан шығуына қол жеткізіп, сұлтанның егемендігіне қол сұқпай Түркияның христиандарына көмек етуі тиіс.

Сөйтіп, жоғары айтылып өткен жағдайлар 1854 жылғы 20 сәуір күніндегі австро-прусстық келісімге алғышарт болып табылды. Бұл келісімге сай Австрия мен Пруссия бір-біріне уәде етеді: егер екі елдің біреуіне әскери шабуыл жасалатын болса, бұны екінші держава оған жасалған шабуыл ретінде түсінеді; Екі елдің қорғану немесе шабуыл жасау әрекеттері келесі жағдайда тууы мүмкін: біріншіден, Ресейге Дунай княздықтары қосылатын болса, екіншіден орыстар Балқанға шабуыл жасаған кезде. Келісім бойынша, Австрия Ресейден Дунай княздықтарынан әскерлерді алып шығаруды талап етуі тиіс. Бұл әрекет 1854 жылы 3 маусым күні жасалған еді. Екінші жағынан Австрия княздықтарды оккупациялау құқығы жайында Портамен келіссөз жүргізіп жатқан. Ал 1854 жылы 14 маусым күні осындай конвенция қабылданған болатын. Бұл конвенцияның соғыстың ары қарай жалғасуына, соғыстың жүргізу саясатына үлкен әсер етті. Конвенция бойынша:

1. Австриялық империя  дипломатиялық және басқа құралдарды  қолданып, керек болса әскер шығарып  Дунай княздықтарын орыс әскерлерінен босатуға міндеттенді.

2. Конвенцияның бірінші  бабын орындауда австриялық әскер  басшылары өз әрекеттерінде еркін  және түрік басшысына алдын  ала хабар ғана беріп отыру  қажет. 

3. Дунай княздықтарында оларды орыс әскерлері оккупациялағанға дейін құрылысты орнына келтіру6.

4. Мүмкіндік туған  жағдайда австриялық үкімет шешімімен  австриялық әскерлер княздықтардан шығарылады.

Негізінен бұл шешімді  Австрияға княздықтар беріліп, Түркия бұл аймақтағы суверенитетінен айырылады деп сипаттауға болады. Австро - түрік конвенциясы Николай I және оның үкіметін қиын жағдайға әкелген еді. Неміс авторы Рюстовтың айтуынша патша бұдан бұрын төрт майданда соғысқан және бесінші майданды көтере алмамайтындығына байланысты княздықтардан кетуге шешім қабылдайды.

Жоғарыда айтылып өйткендей Силистриядан орыс әскерлері кеткеннен кейін Англия, Франция мен Австрия Ресейге болашақ бейбіт келісімнің негізіне айналатын төрт шартты қабылдауды ұсынды:

1.  Ресейдің Сербия, Молдавия мен Валахияда қамқорлығы, ықпалдығы тоқтаталып, Түркиямен  келісіліп барлық державалардың ұжымдық кепілдігімен ауыстырылады.

2.  Дунайдағы жолдар  бос болып жарияланады және 1815 жылғы Вена конгресімен реттеледі.

3.  Еуропалық тепе-теңдік  сақтау мақсатымен 1841 жылғы бұғаздар  жайлы конвенция жаңадан қаралуы  тиіс.

4. Ресей ресми түрде Түркиядағы кез-келген дін өкілдеріне қамқорлық етуден бас тартады.

Ресей ұсынылған төрт талаптың ішінде алғашқы екеуіне келісіп, қалғандарынан бас тартады. Әлемде тепе-теңдік принципіне сүйеніп еуропалық державалар Ресейдің Қара теңіздегі позицияларын әлсіреткісі келді. Дегенмен, патшаның Дунайдағы сәтсіздіктеріне қарамастан, 1854 жылдың жаз айларында Ресей бұл ұсыныстарды қабылдайтындай қиын жағдайда болған жоқ, әлі де соғыса алатындығын патша ұға отырып ұсыныстарға келіспеді.

Алайда әскери әрекеттер орталығы 1854 жылдың тамыз айында Қырымға көшуі және одақтастардың Севостополь үшін күресінің өріс алуы Ресейдің әскери, экономикалық және ішкі жағдайы күрт өзгерді. Сонымен қатар, Англия мен Францияға ресми түрде Австрия қосылып, орыс әскерлерінің Молдавия мен Валахияны жаңадан оккупациялауға жол бермеуге міндеттенді. Ал 1855 жылы 20 қаңтар күні Ресей жауларының құрамына Сардиния қосылған еді. Қалыптасқан жағдайға байланысты Николай I төрт ұсынысты талқылауға келісті. Сөйтіп, 1855 жылы 15 наурыз күні басында төрт державалардың - Англия, Франция, Түркия, Ресейдің қатысуымен Вена конференциясы ашылды. Келіссөздер 4 шілде күніне дейін жалғасты. Талқыланған негізгі мәселе жоғарыда айтылып өткен төрт ұсыныс болатын. Конференциядағы Ресей өкілдері ұсыныстардың үшіншісіне, яғни Ресейдің әскери флотына Қара теңізде көптеген шектеулердің қойылуына қарсы болды. Алайда бұны Жерорта теңізінде, Қара теңізде беделдікке, артықшылыққа ие болу мақсатымен Англия талап етті. Сонымен, Конференция нәтижесіз аяқталған еді. Ал соғыс Қырым мен Кавказда жалғаса берді. Негізінен Қырым кампаниясына түріктер ешбір ниетсіз кіргізілген еді. "Түріктер бұл шайқастарда кіші роль ойнаған. Алдын ала тым асырып мақтанған түрік әскерлері 1854 жылғы қазан шайқастарында орыс әскерлерінің күштерінен жеңілгенімен қатар, одақтастардың сынауына шыдауы тиіс еді. Ал әлсіреген одақтастары қолдарынан келетін барлығын істегеніне қарамастан нашар ұйымдастырудан орын алған барлық сәтсіздіктерді түрік әскерлеріне жаба берген"7, - деп В.И. Шеремет баға беріп өткен. Соғыс одақтастармен жүргізілгендіктен, түрік әскерлерінің қатысуы кейде мүмкін болған жоқ. Мысалы: соғыстың аяқталуын айқындайтын одақтастардың Севастополь шайқасына түрік әскерлері қатыспады.

Информация о работе Ұлы державалардың позициялары