Қазіргі кездегі әлемдегі Қазақстан бейнесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 05:43, реферат

Краткое описание

М.Шоқай осынау таза табиғи қалпымен, көптің көзі жетпейтін шың басындағы шынар секілді еді. Тамырын тасқа жайған шынар жалғыз өседі, жүзін күн сүйіп, жапырағын жел тарайды. Діні қатты болады. Шыңдағы шынар секілді М.Шоқай да жиырмасыншы ғасырдан өтіп, асыл ой, азаматтық қалпымен жиырма бірінші ғасырға келді.
Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.

Вложенные файлы: 1 файл

97 сурак Мустафа Шокай.docx

— 28.58 Кб (Скачать файл)

 «Қоқан автономиясының»  келешегіне М.Шоқай күмәнсіз сенді  ме, күмәні болды ма, бірақ ол  адам қолынан жасау мүмкін  емес тарихи  төтенше оқиғалардан  үміттенеді. Адамды үміт жетелейді, үміт апатқа да соқтырады. Соның  бәріне Мұстафа бастаған ұлтжанды  азаматар басы қиып еді.

 М.Шоқай Түркістан  халқы арасындағы қоғамдық белсенділіктің, сауатың, ұйымшылдықтың, рулық жіктелетін  қандай деңгейде екенін жақсы  білді. Жаңа автономияда сот жүйесін  қазылар алқасы, немесе шариғат  жолымен жүзеге асыруды ұсынған  кезде «руластық тамыр белен  алып кетеді» деп бірден қарсы  болған [2].

Мұстафа түркі тектес халықтың психологиялық дәстүрлі ерекшелігін жақсы білетін. Сондықтан жалпы мемлекеттік сот құруын ұсынды.

 Қоқан автономиясының 1918 жылдың қаңтарында құлауына  себеп көп. Жергілікті халықтан  кең көлемде қолдау таппады. Уақытша  үкіметпен сенімді байланыс жоқ. Ел ішінен іріткі салатын алуан  түрлі қоғамдық қозғалыс өріс  алды.  Ең бастысы Петербургтен  бастау алып, Ташкенде өрістеген  жұмысшы-солдат депутаттарының үкіметі, Қоқан автономиясын Түркістан  өңірінде қауіпті аймақтың бірі  деп санап, көзін жаймаққа жанталаса  кірісті. Ақыры, Қоқан автономиясы  қанды қырғынға  ұшырады. Соның  салдарынан елде басшылық қозғалыс  өріс алды. М. Шоқай сол күндер  жайлы тарығып жазған бір мақаласында: «...Қоқан ұлттық үкіметінің большевиктерге  қарсы күресі кезінде, яғни 1918 жылғы ақпанда, осыдан бір  жыл бұрын Ақмешітте 1917 жылдағы мамыр айында орыс жұмысшы солдаттары қолына өліп кетсемші деп өкінгенім бар» деп жазады.

 Мақала көлеміне М. Шоқайдың тарих бетіне таңбалы  із болып қалған барлық қызметін  түгелдеп беру мүмкін емес.1918 жылы Грузияда одан Түркияда  кейін Париж бен Берлинге ұласқан  қоғам қайраткерінің өмір жолы  бүгінгі ұрпақ үшін өнегелі  жол.

 М. Шоқайға комунистік  қоғам идеологтарының күллі Түркістанға  жасап отырған зорлық-зомбылығы, қарапайым алаңда берген ақыреті  оның өмірінің қайғысы, мұңы болды. Орыс демократтарына  үміт артуы  да үзілді кесілді тоқтады. Тіпті, сенімді деген Сұлтанбек Қожановтан  «Қоқан автономиясының» мүшелеріне  Кеңес үкіметі кешірім  береді  деген хабар тигенде де компартия  басшыларына екіжүзділік саясатын  күні ілгері біліп, елге оралмады. Грузияда «Вольный Горец», «Борьба», «На рубеже», Стамбулда «Жаңа  Түркістан» кейіннен  «Жас Түркістан»газет-журналдары  арқылы күллі өмірін азаттық  үшін күреске жұмсады. Ал, 1920 жылы  Варшавада Сталиндік режимге  қарсы Кеңес одағының қудалауына  түскен ұлт зиялылары «Прометей»  ұйымын құрған болатын. Ал, Варшавадағы  шығыстану институты 1929 жылы «Кеңес  одағының ішкі және сыртқы  саясаты туралы» ғылыми теориялық конференция ұйымдастырды .«Сталин социализмі – тонаушылықты қамтамасыз ететін саяси жүйе» деген 1937 жылы жазған мақаласында Кеңес үкіметінің өз халқына жасаған тонаушылық саясатына экономикалық тұрғыдан талдау жасайды. Осылайша М. Шоқай Кеңес үкіметінің шетелдегі басты дұшпанына айналады. Білімі – терең, ақылы асқан қазақ перзенті түрік жамиғатының бірлігі мен коммунистік қоғамның халыққа  тигізер ықпалы жөнінде  ондаған мақала  жазды. Мақала дерегі талдау мен таразылаудан тұрды. 1936 жылы КСРО конституциясындағы логикалық қайшылықтарды дәлме-дәл түсіндірді. Белсенді, саналы, ынталы азаматары ғана коммунистік ұйымдарға біріге алады» деген конституция бабын сөзбе-сөз жүйелей келе, «Компартияға кірмеген адамдар белсенді, ынталы және саналы болып саналмайды деген сөз. Ал КСРО-да коммунист емес адамдар халықтың 98 %» деп жазады. Сондай-ақ жеке адамның тарихтағы рөлін жоққа шығаратын марксизм идеяларын, Сталиннің жеке басқа табынушылығын атап көрсетіп береді.

М.Шоқайдың өмір жолы өнегеге толы болды. Бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған М.Шоқай 20 ғасыр кезеңінде адамзат баласының айтулы перзенті болды. Оның бойында біз біліп үлгірмеген, тарихымен таныспаған талай рухани қазыналар жатыр. Ол Түркістан халқын орыс диктатурасынан қорғауға күш салды, бірақ озық және адал ойлы славян халқының өкілдері Я.Газовский, И.Пильсудский, В.Чайкин, В.Наливкинге деген құрметі ерекше еді. Өмірлік досы Мария Яковқызы да орыс ұлтынан болатын.

 М.Шоқай осынау таза  табиғи қалпымен, көптің көзі  жетпейтін шың басындағы шынар  секілді еді. Тамырын тасқа жайған  шынар жалғыз өседі, жүзін күн  сүйіп, жапырағын жел тарайды. Діні  қатты  болады. Шыңдағы шынар секілді  М.Шоқай да жиырмасыншы ғасырдан  өтіп, асыл ой, азаматтық қалпымен  жиырма бірінші ғасырға келді.

Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.


Информация о работе Қазіргі кездегі әлемдегі Қазақстан бейнесі