Қазіргі кездегі психолог мамандығына сұраныс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2015 в 19:10, доклад

Краткое описание

Психология – бүгінгі ғасырдың мамандығы. Қазіргі таңда кез келген мекеме психологты қажет етеді. Адамдар тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түскен шақта қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсете алатын білгір психолог маман болам деуші талапкерлер саны жылдан-жылға көбеюде. Ал, бұдан біраз жыл бұрын бұл мамандық беделді деп есептелмейтін, тіптен сұранысқа көп ие бола бермейтін мамандықтар қатарында еді.

Вложенные файлы: 1 файл

Баяндама.docx

— 16.52 Кб (Скачать файл)

Қазіргі кездегі психолог мамандығына сұраныс.

        Психология – бүгінгі ғасырдың мамандығы. Қазіргі таңда кез келген мекеме психологты қажет етеді. Адамдар тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түскен шақта қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсете алатын білгір психолог маман болам деуші талапкерлер саны жылдан-жылға көбеюде. Ал, бұдан біраз жыл бұрын бұл мамандық беделді деп есептелмейтін, тіптен сұранысқа көп ие бола бермейтін мамандықтар қатарында еді.

           Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда. Олар: білім, бизнез, саясат, басқару, медицина, жарнама т.б. салалар. Ғалымдардың болжауы бойынша XXI ғасыр – психология ғасыры болмақ.

Психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына - болашақ психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып, кеңейе түсуі әсер етсе керек.

         Мамандықтың жоғары сұранысқа ие болуы неліктен? Жас өркендердің жоғары оқу орындарының психология мамандығында білім алуға көптеп талпынуында қандай заңдылық бар? 
          Біріншіден, мұның ең басты себептерінің бірі – соңғы он жылдың ішінде Қазақстандағы өмірдің айтарлықтай өзгеруі. Адамдар өз қабілеттері мен біліктіліктерін қолдануда, жоспарларын жүзеге асыруда еркіндіктері артты. «Стресс» деген түсінік баршаға таныс сөзге айналды. Тығырыққа тірелу, шырғалаңға түсу жағдайлары көптеп кездеседі, олардан өз бетімен шығу оңай емес. Мұндай кездерде білікті маманнның көмегі аса қажет-ақ, бірақ мұндай білікті мамандар әлі де жеткіліксіз, оларға сұраныс күннен-күнге арта түсуде. Сол себепті де психология мамандығын таңдаған талапкерлер жұмыссыз қалмайтынын жақсы біледі. Сонымен қатар, психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалар күннен-күнге артты. Болашақ психолог бүгінгі күні адам өмірінің барлық саласына қатысты өндіріс пен кәсіпорындарда: балалар бақшасынан бастап, аса ірі коммерциялық ұйымдарға дейін жұмыс істей алады. Бұл жерде психологияның ғылым екендігін және оның айтарлықтай жас ғылым екендігін айта кету қажет. Психологияның зерттеу пәні – адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екеніне еш күмән тудыра алмаймыз. Сондықтан да психология мамандығының болашағы зор екенін бүгінгі уақыттың талап-тілегінен туындап отыр. Қай заманда да сұранысқа ие және сұраныстан шығатын мамандық болған және бола бермек.  
Психолог маман «зиян келтірме!» деген басты қағиданы ұстануы керек. Шындығында, адамдарға пайда келтіріп, сапалы қызмет көрсету үшін сапалы кәсіби білім алу да қажет.  
        Менің ойымша, бұл жерде психология мамандығын таңдайтын талапкерлердің мотивациясы жайлы айта кеткен жөн болар. Басқа ғылымдарға қарағанда психология өте қызықты және тартымды болып көрінеді. «Адамдарды білгім келеді», «Адамдарға әсер етуді үйренгім келеді», «Өзімді жақсы түсінгім келеді» т.т. осындай сөздерді өз таңдауының дәлелі ретінде естуге болады. Мамандық таңдауда ең бастысы, білім алатын жоғары оқу орнын таңдап алу – болашаққа нық қадам жасауға жол ашады. Сондықтан өзіңіздің болашағыңыз қай оқу орнын таңдағаныңызға тікелей байланысты. Психолог маманы болып шығу адам жанын түсініп қана қоймай, оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті жұмыстарға қол жеткізеді


Информация о работе Қазіргі кездегі психолог мамандығына сұраныс