Алаш автономиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2015 в 14:00, реферат

Краткое описание

Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда.

Содержание

1. Кіріспе
2. Алаш партиясының құрылуы мен мақсаты
3. Қызметі мен бағдарламасы
4. Қорытынды
5. Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

алаш автономиясы.docx

— 38.40 Кб (Скачать файл)

Енді өзіңіз бағамдап көріңіз, «Алаш» ұлт партиясы ма, жоқ әлде «интернационалдық» партия ма? Жалпы «ұлт, ұлтшылдық, интернациолистік» деген сөздердің мағнасын көзі ашық, оқыған ағайындарымыздың бәрі жақсы біледі. Бұл «қисыны да, қиястығы да» жеткілікті болған мектепті біз кешегі Кеңес дәуірінде бастан өткерген едік қой… Мен өзім өткеннің бәріне күл шашуды жақтай алмаймын. Әр нәрсеге байыппен қарап, тарихи тұрғыда байыппен баға берген дұрыс.» деп өз пікірін ойын білдіреді.

Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.

«Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағыты: соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.

Петроградта революция жеңіске жетіп, Қазақстанда Совет өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, «Қазақ» газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жоба 10 бөлімнен тұрды:  

1. Мемлекет қалпы 

 Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы — мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы — құрдас мем-лекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әркайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.) 

 Үкімет басында  Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу. 

 Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында хан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу. 

 Законды жалғыз  ғана Г. Дума шығару һөм Г. Дума  үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г. Думада болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.  

2. Жергілікті бостандық

n  Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялык бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу. 

 «Алаш» партиясы  қазақтың би, болыс, ауылнайлары  сияқты орын-дарында қызмет ететін  адамдар жұртқа пайдалы, жұрт  үшін кызмет етерге көңілді  адамдар болуына жаһид1  қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза кызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады. 

 «Алаш» партиясы  әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи ету жағына бастайды. 

3. Негізгі хұқық 

 Россия республикасында  дінге, ханға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. 

 Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет  шығаруға, кітап бастыруға — еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен  рұқсатсыз ешкім табалдырығын  аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді  үкімет адамдары ұстамаушылык; сот  сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; кылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу. 

 Кісі хатын  ашқанға — айып, окығанға жаза болу.  

4. Дін ісі 

 Дін ісі мемлекет  ісінен айырулы болу. Дін біткенге  тең хұқық. Дін жаюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық. 

 Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моллада болу, жесір дауы сотта қаралу. 

5. Билік һәм сот

n  Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына карай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һөм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кім де болса, олардың үкіміне мойынсыну.

n  Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен каралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.  

6. Ел қорғау 

 Ел сайлаумен  қойылу; ел ішінде кітапханалар  ашылу. 

 корғау ү–ін  әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар  жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына белгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару. 

7. Салық 

 Салық әл-ауқат, табысқа қарай байға — байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу. 

8. Жұмысшылар

n  Жұмысшылар закон панасында болу– (Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.) 

9. Ғылым-білім үйрету  

 Оқу ордаларының  есігі кімге де болса ашық  һөм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара 

10. Жер мәселесі 

 Учредительное  собрание негізгі закон жасағанда  жер сыбағасы ал-дымен жергілікті  жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу; сыбаға өлшеу — норма жердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; өзара әділдік жолмен пайдалану. 

 Жер законінде  жер сату деген болмау, әркім  өзі пайдалану. Пайда-сынан артық  жер сатылм–й, земствоға алыну. Жердің кені, астыңғы* байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.

Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл бай-лықтары земство мүлкіне саналу.

Жобаны жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов. «Алаш» партиясына оның кіндік комитетінің айтқанын екі етпейтін, бұйрығын дәл орындайтын партияның программасын ұнатып, жөн көрген ондағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі ғана кіреді деген талап қойылған. «Алаш» программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сата алмайтын, шыншыл әділ, тура кісі ғана осы партияға мүше бола алады, — делінген. «Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейиін, «Алаш» жолынан алып, айтысып – тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі «Алаш партиясына кірмейді. «Алаш» партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шартттарды ойлап, толғап жүрегі қалайтын болса ған кіруі жөн» деген приципте тұрған.

Бұл жобаның түпнұсқасын Н.Маотыненко жариялаған орысша вариатымен мұқият салыстырғанда, көптеген ірілі-ұсақты бұрмалаушылық кездескен. Мұның өзі сол кезед кездейсоқ жасалмаған сияқты. Тасқа басқанд бір беттен аспайтын бағдарлама жобасын сол 20-шы жылдары орыс тілінде қатесіз тәржімалайтын адамдар болды. Бірақ олай істелмеді. Бұл ретте зерттеуші Қойгелдиевтің осы құжатты орыс тілінде өрескел бұрмалаулармен жариялаудыңң негізінде саяси мақсаттар жатты деген пікір айтқан. Осындай бұрмалаулар Алаш басшыларын «ұлтшылдар», «орыстарға қарсы саясат жүргізушілер» деп айыптаған.

Жалпы алғанда, көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең программа жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай сьезі сайлауында Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті.

 

Қорытынды      

 Ә.Бөкейханов  басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы  кадеттер үлгісіндегі қазақтың  ұлттық саяси партиясын құруға  әрекет жасағанда оның ХХ ғасырдың  басындағы Қазақстанды буржуазиялық  қатынастарға бейімдеуге жетекшілік  жасайтын ұлттық-либералдық типтегі ұйым құруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның серіктестерінің 1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси партиясын құруға алып келеді. «Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. Осы негізгі мақсаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік-саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді.

Өздерінің алдына ел тағдырына байланысты, елдегі билік жүйесіне байланысты мақсат қойды, елдікке ұмтылды. Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интелегенциялары сол жолда құрбан болды. Алаш партиясының әр мүшесі қудаланып, атылды. Тек саусақпен санарлық бөлігі ғана қашып құтылды.

Әйтсе де, «Алаш» партиясы және оның айбарлы қайраткерлері ел тарихынан үлкен орын алып, халықтың жүрегіне елдікке деген сенім мен үміт ұялатты.

Сол аумалы-төкпелі қара түнек кезеңде сәуледей жарқырап шыққан Алаш партиясының тағдыры осылай аяқталады.

«Алаш» партиясы қазақ халқымызда тұңғыш ұлттық-демократиялық партия болып табылады.  «Алаш» партиясының құрылғанына 2007 жылы 90 жыл толды. Және де бүгінгі таңда  ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы үлкен тарихи сынның алдында тұр. Ол – аталарымыз аңсаған осы тәуелсіздігімізді баянды ету, мемлекеттігімізді әлемнің дамыған елдерімен теңестіру, қырғын-сүргінді, қорлық-зомбылықты басынан аз кешпеген халықты бақытты ету, бүгінгі елде жүріп жатқан реформалардың нәтижесін, рахатын сезіндіру.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. «Алаш үні» 2003 ж. № 1
  2. «Алаш үні» 2003 ж. №4,5,3
  3. К.Нұрпейісов, Алаш ақиқаты, Алматы 2010
  4. Егемен Қазақстан 2003 ж 16 желтоқсан №326
  5. Қойгелдиев, Алаш қозғалысы, Екі томдық монографися, Алматы 2008, 1 том 382-423 беттер
  6. Жас Алаш 1999, 11 қыркүйек № 109
  7. Азат 2006, 22 наурыз №11
  8. Сарыарқа 1918 ж, 22 январь № 28
  9. Өміржанов Алматы, 2009, Азат қозғалысы және 20 ғасыр басындағы Алаш партиясы арасындағы саяси құқықтық үндестік
  10. Алаш, №5 2009 ж
  11. Мұхамедов М. Сатершинов, Алматы 2003 277 бб
  12. Қазақстан тарихы 1997, №5 31 бб

 


Информация о работе Алаш автономиясы