Алаш Орда үкіметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 16:48, реферат

Краткое описание

Алашорда кездейсоқ, әлдекімдерге еліктеуден емес, заңды түрде пайда болған. Алашорданың ұйымдық жағынан ресімделуі алдында газеттер, журналдар, кітаптар арқылы интенсивті түрде, жемісті идеологиялық жұмыс, ауызша үгіт жұмысы жүргізілді. Болашақ Алашорданың қайраткерлері идеялық жұмысты Ресейдегі жалпы азаттық қозғалысынан оқшау жүргізген жоқ. Қазақ азаттық қозғалысының қайраткерлері негізгі саяси партиялардың бағдарламаларын жақсы білетін және ұлттық езгіден азаттық алуға бағытталған идеяларының ұнағандарынан бағдар алды

Вложенные файлы: 1 файл

Алаш Орда үкімет аі.docx

— 35.75 Кб (Скачать файл)

Алаш Орда үкіметі

 

1905 жылғы революциядан  кейін қазақ зиялыларының белсенді  қайраткерлері қазақ халқының  саяси санасын қалыптастыру жөнінде  жүргізген жұмысы ұлт-азаттық  қозғалысын ұйымдық жағынан рәсімдеу  идеясына әкелді.

 

Алашорда кездейсоқ, әлдекімдерге еліктеуден емес, заңды түрде пайда болған. Алашорданың ұйымдық жағынан ресімделуі алдында газеттер, журналдар, кітаптар арқылы интенсивті түрде, жемісті идеологиялық жұмыс, ауызша үгіт жұмысы жүргізілді. Болашақ Алашорданың қайраткерлері идеялық жұмысты Ресейдегі жалпы азаттық қозғалысынан оқшау жүргізген жоқ. Қазақ азаттық қозғалысының қайраткерлері негізгі саяси партиялардың бағдарламаларын жақсы білетін және ұлттық езгіден азаттық алуға бағытталған идеяларының ұнағандарынан бағдар алды. Кейін бұл Алашорданың бағдарламасынан көрініс тапты. Алашорда идеологиясында әуел бастан-ақ сепаратистік сарын болған жоқ, қайта ол басқа халықтармен бірге біртұтас Ресей мемлекеті шеңберінде саяси, экономикалық басқаруға бағытталды. Бұл идея Алашорда бағдарламасында баянды етіліп кана қойған жок, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің қызметінде ұйымдык жағынан жүзеге асырылды.

Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі 1920 жылғы 10 қазанда неке және отбасы құқығы саласында мынадай шараларды дереу жүзеге асыруға кірісу қажет деп тапты: 1) қазақ әйелдерін күңдіктен босату және көп әйел алушылыққа қарсы күресу мақсатында некеге тұру кезінде оларға толык еркіндік берілсін, некеге тұру некеге тұрушылардың ешкім қысым жасамай өз еркін білдіруіне, олардың ерікті, екі жақты келісіміне негізделуге тиіс. Неке бөгде адамдардың кандай да болсын қысым жасауынан немесе зорлығынан корғалып, олардың туыстары тарапынан жасалатын материалдық сипаттағы пікірлерден немесе мүдделерденеркін болуға тиіс. 2) Некеге тұру үшін: еркектерге — 18 жасқа, әйелдерге 16 жаска толу қажет… 3) Ерлі-зайыптылардың тірі кезінде неке ерлі-зайыптылардың екі жағының келісімі бойынша да, олардың біреуінің ажырасуға тілек білдіруі бойынша да кез келген уақытта ажырасу аркылы тоқтатылуы мүмкін. 4) Өзінін түрткі болатын мақсаты жөнінен айыптауға тұратын және қалындық ата-анасының баюына әкеп соғатын нәрсе ретінде, көп әйел алушылык факторларының бірі ретінде «қалыңмал» телеу (қалыңдықты сатып алу) сот арқылы қорғау құқығынан айырылады(75). Осы шешім негізінде Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесі 1921 жылғы 17 қаңтарда қазақтардың неке құқығы туралы декрет қабылдады. Декретте көп әйел алушылыққа тыйым салынды. Діни жорамен, бірақ алдын ала ЗАГС-те тіркеліп некеге тұруға рұқсат етілді. Қалындық үшін некеге тұру жасы 16 жас болып белгіленді. Декретте тура байланысы — дәрежесі шектелмей жоғарғы және төменгі бағыты бойынша, ал көлденең бағыты бойынша — еркек және әйел жағын айырмай, төрт ұрпақты коса туыс болып табылатын адамдардың некеге тұруына тыйым салынды. «Жесір» өзі жөнінде өз калауы бойынша билік етуге құқылы. Ол жаңа күйеуі кайтыс болған күйеуінің руынан болмаса да, екінші рет күйеуге тие алады .

 

Осы кезге дейін қазақстандык заң ғылымында Алашорда мен Кеңес өкіметінің құқылық құжаттарын салыстыра зерттеуге назар аударылған емес. Жоғарыда келтірілген материалдар Алашорда көтерген экономикалық, әлеуметтік, құқылық проблемалардың қазақ қоғамы үшін көкейкесті болғаны соншалық, олардың Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары қайтадан алға тартылып, нақ халыктын тілеген күйінде дерлік шешілгенін еш шүбәсіз дәлелдейді. Ол былай тұрсын, кұжаттардың тексінен көрініп отырғанындай, шілде айында өткен Бүкілқазақ съезінің кұжаттары мен Кеңес өкіметінің құқылық кұжаттары тұжырымдалуынан өзі де көп жағынан дәлме-дәл сәйкес келеді. Осының бәрі Кеңес өкіметі қоғамдық қатынастарының аса маңызды салаларындағы шаралары Алашорда қайраткерлерінің революцияға дейінгі кезеңде аса қатаң, заңсыз қудалау жағдайында әзірлеген саяси-құқылық идеялар негізінде жүзеге асырылды деген тұжырым жасауға негіз береді. Алашорда қозғалысының езі кеңестік режимнен жеңіліс тапқанына қарамастан, олардың жанқиярлық еңбегі тамаша еркен жайды. Кеңес өкіметі кешірім жасап, жаңа режимге қызмет еткен аса көрнекті Алашорда қайраткерлерінің жан дүниесін белгілі бір дәрежеде міне осы жағдай анықтап бере алады. Ал кеңестік режимнің Алашорда қайраткерлеріне кешірім жасап, көп кешікпей өзінің заңда баянды етілген уәдесін опасыздыкпен бұзғаны, сайып келгенде олардың бәрін жазалағаны неліктен? Біздің пікірімізше, бұл сұракка жауапты Алашорда мен большевизм идеологияларының айырмашылыктарынан іздестірген жөн. Алашорданың идеологиясы жалпы демократиялық, ізгілікті, либералдық қағидаларға негізделді. Алашорда жалпы қазақ халқын кұлдықтан құтқару үшін, отаршылдық езгіні және оның қатерлі зардаптарын жою үшін, таптарға, әлеуметтік топтарға бөлмей бүкіл халыктың көзін ашу үшін күресті. Тарихтың көрсетіп отырғанындай, Алашорда идеологиясы қазақ қоғамының қоғамдық-тарихи дамуы қағидаларына негізделіп, халыктың бір тобын екіншісіне қарама-қарсы қоюды, тап күресін, бір таптың диктатурасын, тоталитарлық тәртіп орнатуды теріске шығарды. Большевиктік идеология канаушылар мен қаналушылар таптарын тануға, оларды қарама-қарсы қоюға, олардың арасындағы диктатура орнату жолымен басқа тапты жоюға дейін баратын күреске негізделеді. Әрине, мұндай идеология жауыққан идеология болды және демократиялық, либералдық идеология ғана емес, оны таратушылар мен уағыздаушыларға да төзбеді.

 

Кеңестік режимнін мемлекеттік-құқылық акцияларының бәрі таптық идеологияға негізделді. Сол себепті, тіпті Алашорданың саяси-құқылық қағидаларын, идеяларын дәлме-дәл қабылдай отырып, Кеңес өкіметі оларды пролетарлык тұрғылардан түсіндірді, мұның өзі, сөз жоқ, әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістердің өзін айналдырды. Мысалы, патшалық отаршылдық саясаттан бүкіл қазақ халқы азап шекті. Алайда Кеңес өкіметі мұндай саясаттан тек «еңбекші халық» қана азап көрді деп санады. Қазақ АКСР Кеңестері Құрылтай съезінің жер мәселесі жөніндегі қарарының мына жолдарын окып көрейік: «Патша үкіметінің отаршылдық саясатының барлық қалдыктарын түп-тамырымен құрту және ол туғызған барлық әділетсіздіктерді жою, бұрын кырғыз енбекші халқының пайдалануында болып келіп, иеліктен айырылған жерлерді қайтару үшін… бүкіл егінші және малшы халықты дереу жерге орналастыру қолға алынсын».

 

Қоғамдық құбылыстардың бәріне таптық сипат беруге тырысып, тұтастай халык тағдырын «шешкен» большевиктер, біріншіден, тарихты бұрмалаған, екіншіден, қазақ халқының бір бөлігіне канаушылар деген айдар тағып, оны көңіл бөлу мен қамкорлык жасау аясынан шығарып тастаған. «Қазақтың еңбекші халқы» және «қазақтың еңбек етпейтін халқы» деген жоқ және болған да емес. Сол себепті революцияға дейін «қазақ еңбекші халқының» жеке жері, аумағы болған жоқ. Мұны беліп көрсетіп, Коммунистік партия, Кеңес мемлекеті «канаушылар» мен «қаналушылар» арасында араздық отын тұтатты, ол бүкіл қазақ халқы үшін аскан зор қасірет болып тынды.

 

Шілде айындағы Бүкілқазақ съезінің шешімінде барша жұртты жалпыға бірдеу міндетті түрде сауаттандыру қажет екені айтылған. Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясында былай деп жарияланды: «еңбекшілердің шын мәнінде білім алуына жол ашуды камтамасыз ету максатында жұмысшыларға, ең кедей шаруаларға және еңбекші кырғыз халқының бүкіл бұқарасына толық, жан-жақты және тегін білім алу мүмкіндігін беру міндет етіп қойылсын» .

 

Қазақ автономиясы идеясын да большевиктер ойлап тапқан жок. Біздің бұрын да атап өткеніміздей, ол Қазан революциясынан көп бұрын туған. Бұл проблема салыстыру тұрғысында қаралмағандықтан, оған толық тоқталып етейік. Егер қазақ автономиясы идеясы шілдедегі съезде жалпылама сипатта ұсынылған болса, мұның негізі бар еді. Қазақ халқының автономиясын құру идеясы 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін пайда болып, оны Ж. Ақбаев пен оның серіктері насихаттап келгенімен, ол жан-жақты негізделмеген еді. Патша самодержавиесі отарлық шет аймақтар халықтарын автономияландыру жөніндегі болмашы әрекеттердің өзін тұншыктырып, қабылдамай келді.

 

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін ғана 1917 жылдың маусымында Ресей Кеңестерінің 1-ші съезі Ресей халыктарының өзін-өзі еркін билеу қүқығын жариялады. Бұл орайда Кеңестер съезі әрбір халықты екі бөлікке: езілгендер және езілмегендер деп бөлді. Ол Ресейдің әрбір халқының өзін-өзі билеуге құқығы барын айтты. Бұл съездің шілде айындағы Бүкілқазақ съезіне ықпал еткені күмәнсіз. Автономия туралы мәселеге Алаш партиясы баса назар аударып отырды, мұны 1917 жылғы 5-13 желтоқсандағы жалпықазақ съезінің материалдары дәлелдейді. Бұл съезде автономия туралы мәселе ете мұқият және кызу талқыланды.

 

Қазақ халқы автономиясы проблемасының өте кызу талқыланып, съезд делегаттарынан осы принципті мәселе бойынша екі топка бөлінгендігі себепті де бұл жөнінде арнайы айтып еткен жен. Делегаттардың бір тобы (Орал, ішінара Сырдария облыстарының және Бөкей Ордасының өкілдері) автономияны дереу жариялау қажет деп дәлелдеді. Ал басқа облыстардың делегаттары автономия жариялауды Түркістан өлкесінің қазақ халқымен және қазақ облыстарында тұратын басқа да ұлыстармен келіссөздср аяқталғаннан кейін Бүкілқазақтық халық кеңесіне беру керек деп санады. Мәселе дербес дауыс беруге қойылды.

 

Қазақ автономиясын дереу жариялауды жақтап 33 делегат дауыс берді. Дереу жариялауға 42 делегат қарсы дауыс берді. Олардың арасында М. Жұмабаев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов болды.

 

Ұлттық қозғалыстың күйреуіне жол бермеу үшін қарсы жақтар өзара келісімге келді. Барлық қазақтарды біріктіру қажет, ал кейбір қазақ облыстарын бөліп алып, оларды Түркістан автономиясына қосуға болмайды деп тани отырып, Съезд бірауыздан мынадай қарар қабылдады:

 

I. Алашорданың Жалпықазақтық  халық кеңесі өзі құрылған  күннен бастап бір ай мерзім  ішінде Түркістан өлкесінің барлық қазақтарын Алаш автономиясына қосу мүмкіндігін анықтауға міндеттенеді.

 

II. Егер Түркістан қазақтары  Алаш автономиясына бір ай мерзімде қосылмаса, Алашорданың халық кеңесі қалған қазақ облыстарының бөрі атынан ресми түрде автономия жариялауға міндеттенеді.

 

III.Түркістан қазақтары  Алаш автономиясына бір ай мерзімінде қосылмай, Алашорда автономия жарияламаған жағдайда әрбір облыстың халқына өз калауы бойынша әрекет етуге рұқсат етіледі.

 

IV.Түркістан қазақтары  Алаш автономиясына бір ай ішінде қосылған жағдайда Алашорданың халық кеңесіне бірінші мүмкіндік болғанда Алаш автономиясын жариялауға құқық беріледі.

 

Алаш автономиясы оның тарихи жағынан болашағы болмағандыктан құрылмай қалған жок. Нақ керісінше болды, Алашорданың маңызды бағдарламалық кағидалары, тағдырдын тәлкегімен, Кеңес өкіметі тұсында жүзеге асырылды.

 

Ол ак гвардиялық үкіметтің таратуы себепті құрылмай қалды. 1918 жылғы 22 казанда (4 карашада) бүкілресейлік уақытша үкімет Алашорда үкіметі жөнінде жарлық қабылдады. Жарлық біртұтас, бөлінбес Ресейді жақтаған үкіметтің шын ниетін жасыратындай етіп жазылған. Қазақ халқын алдау үшін ол қулықпен жасалған еді. Онда былай делінген: «Грамотою от 22 октября (4 ноября) 1918 г. временное всероссийское правительство признало необходимым на ближайший период времени подчинить все государственное управление единому Совету министров.

 

Упраздняя на сем основании алашское правительство — Алаш-Орду, временное всероссийское правительство вместе с тем считает нужным ввести в организацию управления қазақ-киргизских народностей начала, соответствующие их бытовым и хозяйственным особенностям, и создать в будущем соответсвующий сей цели представительный орган, выдающий культурно-бытовыми и хозяйственно-экономическими делами означенных народностей

 

…Временное всероссийское правительство постановляет: 1. Правительство Алаша-Алаш-Орду считать прекратившим свое существование»(78).

 

Әлбетте, осыдан кейін Алашорда қайраткерлері халыктардың өзін-өзі билеу құқығын жариялап қана коймай, сонымен бірге Түркістан автономиялы республикасын күрып, РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан қазақ бөлімін ашкан Кеңес өкіметі жағына көз тікті. Алашорданың негізін қалаушылардын, бірі А. Байтұрсынов Кеңес өкіметі жағына шығып, Қазақ әскери-революциялык комитеті мүшелерінін бірі болды. Ол Алашорда қайраткерлерін кеңес құрылысына тарту жөнінде белсенді қызмет жүргізді. Алашорда бағдарламасын іске асырудың басқа жолы болмағандықтан, ол оны кеңестік автономия арқылы жүзеге асыруға болады деп санады. Қазақ халқын біріктіру және оны Кеңес әкіметі жағына тарту туралы мәселе Қазақ өлкесі Әскери-революциялык комитетінің 1919 жыліы 27 қазандағы мөжілісінде қаралды. Бұл мәселе бойынша А. Байтұрсыновтың пікірі тыңдалды.

 

Автономия идеясын бастаушылардың бірі А. Байтұрсынов тек езілгендер үшін ғана емес, бүкіл қазақ халқы үшін саяси ұйымды көздеді. Бұл оның талай рет мәлімдеген саяси көзқарастарының мәні болатын. А. Байтұрсыновтын ұсынысы қолдау тауып, Қазақ әскери-революциялык комитеті мынадай каулы кабылдады: «В целях объединения киргизского народа и обсуждения дел, касающихся его интересов, созвать в г. Актюбинске, не позднее 1 декабря с. г. конференцию из активных работников киргиз советских и несоветских … и с участием активных работников киргиз Семиреченской и Сыр-Дарьинской областей Туркестанской республики» (79).

 

Бұл қаулыда барлық қазақтарды біріктіру идеясының, сондай-ақ бұл идеяның тұжырымдалуының А. Байтұрсынов басшыларының бірі болған Бүкілқазақ (1917 жылғы желтоқсан) съезінің шешімдеріне негізделгені, сөз жоқ, айта қаларлықтай.

 

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда Алашорда автономиясы мен кеңестік автономия идеялары түбірінен алшақ болатын. Кеңестік автономияның негізіне таптық кағида алынғандыктан, оның әлеуметтік базасының неғұрлым тар болып кана коймай, сонымен қатар ол еңбекшілердің жауларына қарсы жазалауға бағытталған еді. Ал Алашорда автономиясы таптарға бөлмей, бүкіл халыққа сүйенеді.

 

Алашорда бағдарламасының өзін-өзі билеу құқығы туралы қағидаларын сынаушылар оны ұнамсыз тұрғыдан көрсету үшін тарихи шындыкты бұрмалаған. Бұл мәселеде Алашорда бағдарламасы кейіннен кеңес мемлекеті мойындаған құжаттарды негізге алған.

 

Алаштың автономия идеясы тар ұлттық мағынада емес, қайта интернационалдық, жалпы әлеуметтік, демократиялық мағынада болатын. Алаш автономиясын сынаушылар кеңестік кезеңде оған ешбір негізсіз ұлтшылдық айдар тағып, беталды қаралап келді.

 

Алашорда қайраткерлері революцияға дейін қазақтардың аумақтық мекендеуін зерттеу жөнінде зор жұмыс жүргізді. Мәселе патша самодержавиесінің қазақтар ежелден тұрып келе жатқан аумақты белшектеп, оларды әр турлі әкімшілік-аумақтық бөліністерге — генерал-губернаторлықтарға қосқанында болып отыр. Қазақстанның Солтүстік-шығыс бөлігі — Дала генерал-губернаторлығына, Солтүстік-батыс бөлігі — Орынбор генерал-губернаторлығына, Оңтүстік-батыс бөлігі Түркістан генерал-губернаторлығына қарады. Осындай жағдайда қазақ халқы үшін Қазан революциясынан кеп бұрын кеңбайтак аумақта автономия идеясын ұсыну осы кезге дейін лайықты бағаланбаған батыл ерлік болды.

 

Алашордашылар ВЦИК қаулысымен Алаш автономиясы таратылғаннан кейін Кеңес мекемелері жүйесі арқылы қазақ жерінің тұтастығын қорғап қалуға ат салысты. Алашорданың белсенді қайраткері Ә. Ермеков 1920 ж. Кирревком (Қазақ өлкесін баскару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет) қатарына өтіп, 1920 ж. 16 мамырда «Қазақ өлкесінің жағдайы және оның шекарасын белгілеу» жөнінде баяндама жасау үшін Москваға женелтіледі. 1920 жылдың 17 тамызында В. И. Ленин төрағалық өткен Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде Қазақ жерінің шекарасын белгілеу жөнінде баяндама жасап, онда қазақтар мен орыс переселендерінің қазақтардан тартып алған жерлерін ежелгі иелеріне қайтаруды көздеген жер реформасын жүргізу және қазақ жерін оның отарлауға дейінгі шекарасы шеңберінде белгілеуді талап етеді. Алашордашылар бұл талабының орындалуын қамтамасыз етіп, тартып алынған қазақ жерінің басым көпшілігі иелеріне қайтарылды.

Информация о работе Алаш Орда үкіметі