Алаш Орда үкіметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 16:48, реферат

Краткое описание

Алашорда кездейсоқ, әлдекімдерге еліктеуден емес, заңды түрде пайда болған. Алашорданың ұйымдық жағынан ресімделуі алдында газеттер, журналдар, кітаптар арқылы интенсивті түрде, жемісті идеологиялық жұмыс, ауызша үгіт жұмысы жүргізілді. Болашақ Алашорданың қайраткерлері идеялық жұмысты Ресейдегі жалпы азаттық қозғалысынан оқшау жүргізген жоқ. Қазақ азаттық қозғалысының қайраткерлері негізгі саяси партиялардың бағдарламаларын жақсы білетін және ұлттық езгіден азаттық алуға бағытталған идеяларының ұнағандарынан бағдар алды

Вложенные файлы: 1 файл

Алаш Орда үкімет аі.docx

— 35.75 Кб (Скачать файл)

 

Алаштың бүкілқазақтық съезі шешімдерінің аумақтық мәселе жөніндегі аталған қағидалары Кеңес өкіметі орнатылғаннан кейін іске асырылды.

 

Алашорданың көшбасшылары Алаш автономиясының мемлекеттік органдарын құру қағидаларына қатысты тағы бір мәселені көтерді. Бұл — сол үрдіске қазақ емес халықтың қатысуы. Бүкілқазақ съезінің қаулысында Алашорданың Уакытша халыктық кеңесі 25 мүшеден тұрады, онын 10 орны орыстарға және қазақтар арасында тұратын баска халықтарға беріледі деп көрсетілгені. Сөйтіп барлык ұлт адамдарының саяси саладағы тең құқықтығы Алашорда бағдарламасының ажырағысыз белігі болған еді.

 

Съезде Алашорда үкіметінің құрамы бекітіліп, оған темендегідей қайраткерлер мүшелікке: Бөкей ордасынан -Уәлихан Танашев, Орал облысынан — Халел Досмұхамедов, Ақмола облысынан — Айдархан Тұрлыбаев, Торғай  облысынан — Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан — Халел Ғаббасов, Жетісу облысынан — Садық Аманжолов, Сырдария облысынан — Мұстафа Шоқай. Облыстардан тыс: Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мүхамеджан Тынышбаев, Бақыткерей Кұлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мәметов, Отыншы  Әлжановтар, ал кандидаттықка:  Иса Қашқынбаев, Жүсіпбек Жақыпбаев, Ережеп Итбаев, Сатылған Сабатаев, Есенғали Қасаболатов, Батырқайыр Ниязов, Мұкым  Баштаев, Сейілбек Жанайдаров, Сәлімгерей Нұралыханов, Омар Алмасов, Сейдазым Кадырбаев, Аспандияр Кенжин, Молданияз Бекімов, Есен Тұрмұхамедов, Жәнек Солтанаевтар сайланды(80).

 

Алаш қайраткерлері Алаш партиясының, Алашорда үкіметінің жұмысына белсене араласты, кейін олардың бірқатары Кеңес мекемелері жүйесінде қызмет атқарып, Алаш армандаған ізгі идеяларды жүзеге асырды.

 

Кеңес өкіметі де барлық ұлттардың теңдігін жариялады, бірақ ол оның әлеуметтік негізін шектеді. Қанаушыларға жатқызылған, бұрынғы құрылысқа қызмет еткен адамдар, сондай-ақ діни ұйымдардың қайраткерлері барлық құқықтарынан айырылды. Алашорданын бағдарламасы қазақ халқының өмір сүруінің ғасырлар бойы қалыптасқан әдістерін күрт, тез арада қиратпай, экономикалык, әлеуметтік, құқылык өмірдің тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамды демократиялық жолмен кайта құру бағдарламасы ретінде кептеген жылдар бойы іріктеліп, калыптасқан еді. Ұлттык қозғалыс идеологтарының бірі М. Дулатов сонау 1911 жылдың өзінде былай деп жазды: «Бір халықтың тұрмысын түп-тамырынан бұзып өзгертуі (көшпенділіктен отырықшылыққа. отырықшылықтан көшпенділікке шыккан секілді) оңай іс емес. Хауіпті дертке ғалым тәуіп қанша керек болса, бұл мәселенің түйінін шешугеде сонша білім керек. Өлгенді тірілту мүмкін болмаған кесілді, бұл туралы өзгеріс қате пікірмен болса, түзетуге болмайды.» .

 

Ал большевиктік бағдарламада сырттай қарағанда демократиялық нысанда болғанымен, ұсынылып отырған өзгерістердің демократиялық, ізгілікті мәнін жойып қана қойған жоқ, орныққан қоғамдық қатынастарды күрт қиратуға, жаппай жазалау шараларын жүргізуге алдын ала бағдарланған еді. Алашорда қайраткерлері сондықтан да большевизмді қабылдамай, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.

Алаш козғалысының басшылары үшін теориялық пайымдаулардың да, практикалық қызметтің де саяси нәтижесі бірдей болды. Алаш ұлттық қозғалысына қатынасушыларға ресми кешірім жасалғанына және олардың кеңес өкіметіне қызмет етуге көшкеніне қарамастан, Кеңес өкіметі олардың революция кезеңінде қарсы тұрғанын кешірмеді. Бұл тек қана кек алу емес, сонымен катар зорлықты жүзеге асырудың жаңа кезеңіне әзірлік те болатын. Тарихи әдебиеттерде Алаш қозғалысына қатысушыларды ғана қудалау айтылады. Егер Кеңес өкіметінің, Коммунистік партияның оларға қарсы бағытталған шараларын қоғамды «социалистік негіздерде» әлеуметтік-экономикалық жағынан қайта құрудан бөліп алып кқрастыратын болсақ, әрине, бұрынғы контрреволюционерлерге, ұлтшылдарға қарсы күрес жүргізілген деген әсер тууы мүмкін. Коммунистік партия, Кеңес өкіметі қазақ халқынын тарихы мен сол тұстағы өмірін терең білетін, оған ықпал жасауға мүмкіндігі бар алашордашылар социалистік өзгерістерді тек қана күштеу әдістерімен жүзеге асыруға кедергі жасауы мүмкін деп қорықты. Мұның өзі әркашанда тап жаулары бар және оларға қарсы күресу қажет деп санайтын тап күресі теориясының айқын көрінісі болатын. Тіпті нақты жаулар болмаған жағдайдың өзінде де оларды іздеп тауып, қажетті «алдын алу» шараларын қолдану қажет еді. Бұл Коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің тын «жаңалығы» болды. Мұндай «жаңалық» әбден кисынды да еді. Коммунистер таптық соғысты қолдан тұтандырды. Осындай жағдайда наразылар қарсылық көрсетеді деп саналды. Коммунистердің ойлауынша, қарсылықтың идеялық дем берушілері ойшылдар, қоғамдық қозғалысқа, қоғамдық-саяси қызметке катысудан тәжірибесі бар адамдар болатын еді. Сондықтан Кеңес өкіметі салтанатты шеру жасап, Қазақстанның бүкіл аумағында орнағаннан кейін де бұрынғы саяси жауларына қарсы күрес барлык, бағытта жалғастырыла берді.

 

Біріншіден, бұрынғы алашордашыларға қарсы идеологиялық шабуыл мен күрес өрістетілді. Бұл күрес ресми бағыт бойынша да, коммунистік идеологияға адал берілген адамдар бағыты бойынша да өріс алды. БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің III Пленумы арнайы Алашорда туралы мәселе қарап, партия ұйымдарын «алашорда идеологиясына, қазақ коммунистері арасындағы оңшыл және солшыл ұлтшылдық уклондарға қарсы идеялык күресті күшейтуге» шақырды (1926 жылғы 25-30 қараша). 1926 жылға дейін Алашордаға карсы идеологиялық шабуыл баспасөз беттерінде қайсыбір дәрежеде қалай болса солай жүргізіліп келді. Кейбір бұрынғы алашордашылар тіпті Алашорда қозғалысын қозғауға батылы барып, оның материалдарын, бағдарламасы мен нақты қызметін терең және жан-жақты зерттей отырып, оған объективті баға беруге шақырды(82). Алайда бұған шақыру «желге ұшқан сез» болып қала берді, керісінше, коммунистік қызбалықты өршіте түсті. Шынына келгенде идеялык қарсылыкқа емес, сол кездің өзінде тарихқа кеткен идеялық-саяси қозғалысқа қарсы идеологиялық шабуыл жасалды. Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы белсене күрес жүргізіп жаткан ұйымдасқан күштер (кандай да бір партиялар немесе қозғалыстар) де, жекелеген қайраткерлер де жоқ еді. Алашорда қозғалысының бұрынғы басшылары кеңес мемлекетінің уәделеріне сеніп, мемлекеттік органдарында жұмыс істеп, педагогтік, ғылыми жұмыспен айналыса бастағанды. Олар, сірә, бұкараға идеялық тұрғыдан ықпал жасаудың барлық құралдарын қолына алып, өз жұмысыл көпірме сөз, өтірік кағидаларына, адамдардың ең осал сезімдеріне ықпал ете отырып, халықтың бір бөлігін екіншісіне қарсы қоюға негізделіп құрылған Кеңес өкіметі мен коммунистік идеологияға қарсы күрес жүргізудің пайдасыз екенін ұғынса керек. Ол былай тұрсын, жекелеген қайраткерлер Кеңес өкіметінің, оның заңдарының прогресшілдігін таниды, не таныған сынай көрсетті.

 

Алашордашылар саяси сенімсіз деп жарияланды. Патша самодержавиесінің зандары баянды еткен «саяси сенімсіз» деген сияқты терминді кеңес заңдары кабылдамағанымен, ол оны алғашқы зандарының өзінде-ақ танып, оған таптық мән-мағына берді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кез келген мемлекеттің тарихы сол елдің, халықтың тәуелсіздік жолындағы саяси күресі тарихымен, өзектес келеді. Ал саяси күрестің нәтижелі болып, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруы оны басқарған қайраткерлердің еңбегі мен басшылыққа алған саяси және құқықтық ілімдерінің өміршендігіне байланысты. Осы тұрғыдан келгенде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудағы ұлы мақсаттарын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан Республикасының тұтас тарихын жасау үшін оның мемлекеттілігінің қайнар бастауына, әр дәуір, кезең сайын өсіп-өркендеп, қалың бұқараның басым көпшілігін өз соңына ерте білген, елдегі саяси күштерді, қозғалыстарды біртұтас Алаш қозғаласына ұластырып, ұлттық-демократиялық бағыттағы Алаш партиясын ұйымдастырған, европалық үлгідегі Алашорда үкіметін құрып, соның нәтижесінде Алаш автономиясын жариялаған Алаш қайраткерлерінің өмірін және олардың саяи, құқықтық көзқарастарын зерттеудің маңызы ерекше болмақ. Сондықтан еңбегімізде ХІХ ғасырдың соңында   Ресейдің аса ірі ғылыми орталықтарында білім алып, әуелі ағарту ісіне, кейін саяи күреске белсене қатысқан, біртіндеп оның қазақ даласындағы жетекші күштеріне айналған қазақ зиялыларының Алаш қозғалысы төңірегіне топтасуы, сол негізде Алаш партиясының құрылуы мен оның қызметінің басты кезеңдеріне жан-жақты баға берілді. Алаш партиясының негізгі ұйымдастырушылары европалық білім алған қазақ зиялыларының алғашқы буыны Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов т.б. халық арасынан шығып, қазақ даласында оқу-ағарту, әдебиет пен публицистика саласындағы қызметті өрістеткен А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты халық қайраткерлерімен ортақ мақсат жолында рухани және саяси одақ құруы Алаш қозғалысын қазақ даласындағы бірден-бір жетекші саяси күшке айналдырды. Міне, осы саяси күштің өз мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы іс-әрекетінің жиынтығы және оның петициядан бастап, Алаш бағдарламасына дейінгі формалары қазақ даласында қалыптасқан жаңа құқықтық доктринаны дүниеге әкелді. Оны жасауға ұлт-азаттық қозғалыс көсемі Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының алғашқы буыны, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов сияқты орта буын өкілдері және 1917 жылғы Ақпан ьөңкерісі кезінде Томск технологиялық институтының 5-курсында оқып жүрген Ә.Ермеков сияқты жас буын өкілдері, сондай-ақ ХХ ғасыр басында қазақ даласында шығармалары кеңінен тараған А.Байтұрсынов, М.Дулатов сияқты халықтың зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл Алаш қозғалысы мен олардың басшылыққа алған саяси және құқықтық ілімін жасауға қазақ халқының зиялы қауым өкілдерінің барлық топтары қатысып, бүкіл қазақ қоғамын қамтыған саяси күш болғандығының айқын дәлелі болса керек.

 

Көп жылдар бойы Кеңес үкіметі жүргізген озбырлық пен қырып жоюға тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың салдарынан халқымыздың сана сезімі өлшеусіз де орны толмас жұтандыққа ұшырап, оның интелектуалды ауқымының дамуына үлкен нұқсан келді. Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғалармызға «байшыл», «кертартпа», «діншілдер» деп жалған айдар салынды. Олардың бай мұраларын зерттеуге цензура арқылы тыйым салынды. Партиялық талап, маркстік-лениндік идеялогия қазақ халқының дарынды дара перзенттерінің бостандық пен ұлт тәуелсіздігі үшін аянбай тер төккен ерекше еңбектерін большевиктік көзқараспен біржақты бағалап, оларды мемлекетке «қажетсіз» сапап, 70 жылдаы астам мерзімге жоққа шығарды.

 

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Алаш партиясының құрылуы кезінде қазақ қоғамы әлі ақ пен қараны біле қоймаған еді. Сол кезендегі бұқара халық «Алаш» партясына басқаша көзқараспен қарады, яғни «Алаш» деген сөздің өзінен ат тонын ала қашатын еді.

 

Алаш арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан көне сөз екені көпшілікке мәлім. Қарттардан естуімізше «алты алашқа»: қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен, башқұрт, қарақалпақ халықтары кіреді. Қазақ елге қамқор болған қадірменді азаматтарын «Алаштың азаматы» деп атаған.

 

Ал қазіргі таңда тәуелсіздігімізді алғаннан кейін «Алаш» партиясына басқаша көзқарас пайда болды. Үлы мақсаттары жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан Республикасын тұтас тарихын жасау үшін оның мемлекеттілігінің қайнар бастауы болған Ұлттық демократиялық бағыттағы «Алаш» партиясы Европалық үлгідегі Алашорда үкіметін құртып, соның нәтижесінде Алаш автономиясын жариялаған. «Алаш» партиясын өмірін және олардың саяси құқықтық көзқарастарын зерттеуі маңызды болмақ.

 

Зерттеуде «Алаш» партиясының саяси қайраткерлерінің саяси құқықтық козқарастарының эволюциясы қоса қарастырылды.

 

Қазақ демократиялық интелегенция қазақ еліне өркениетті қоғамдық даму бағдарламасын ұұсына отырып, өздері атқарып отырған істің тарихи мәнін терең түсінген. Туған елінің бостандығы үшін деміне дейін күрескен олар империялық зорлықтың құрбаны болған.

 

Алашорда үкіметі ұзақ өмір сүрмеді. Дегенмен тарихта үлкен із қалдырды. Оның басшылары ұлттық демократиялық мемлекет құрып, оның саяси құқықтық жағын негіздеді. Алашорда үкіметі халықтық әдет-ғұрып құқығын жаңа жағдайға ұтымды пайдалана білді. Бірақ сол кездегі «Алаш» партиясының тарихи саяси идеясын тұншықтырды.

 

Кейін уақыт өте келе «Алаш» қайраткерлері ақталды, басшылары аса білікті күрескер ретінде тарихқа енді.

 

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси әрекетін жоғары бағалады.

 

Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ жұртына есімдері тарихқа беймәлім болып келген «Алаш» азаматтарының қайта оралуы халқымыздың сана сезіміне ерекше зор әсер етті. Рухани өмірімізге өлшеусіз күш берді. Қазақ үшін жан беріп, жан алысқан саяси күрестердің болғанын қазақ зиялыларының пікірлерінен айқын аңғаруға болады. Алаштың белгілі өкілі Сұлтанбек Қожанов «Өзіміздің большевиксінгендерге» деген мақаласында «Осы күнгі Руссияны бір үлкен ауру әлсіретіп отыр. Бұл аурудың шын аты — надандық, ал өтірік аты — большевизм», -деуі сол кездегі саяси күреске берілген шынайы баға еді.

 

Соңғы кездері XX ғасыр басында ғұмыр кешіп, қоғамдық саяси, құқықтық ой-пікірді дамытуға үлес қосқан қазақ қайраткерлері мен ойшылдары туралы бірнеше зерттеулер жарық көріп, тарихымыздың ашылмай жатқан беттеріне біршама сәуле түсіргендей болды.

 

Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев «Алаш» партиясының саяси әрекеттерін жоғары бағалап, өзінің «Тарих толқынында» деп аталатын кітабының бір бөлімін «Алаш мұрасы және осы заман» деп атады. Ел басы «Алаш» партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым алдына қойған мақсатты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп оны осы заманғы шындыққа бейімдеуі еді», дей келе «Қазақ халқы өзінің басты мақсаты — ұлттық мемлекеттігін қайта қалпына келтіруге нақтылы мүмкіндік алды. Алайда оқиғалардың бейбіт өрбуін Ресей қозғалысындағы тың дағдарыс бұзып кетіп, оның өзі большевиктер партиясының диктатурасын орнатуға әкеліп соқты», — деп жазды.

 

Ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселеллерінің бірі «Алаш» партиясының құрылуы оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік, сондай-ақ құрылған партияның қазақ тарихында алатын орны. Саяси партия құру әрекетін қазақ зиялылары бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Бірақ қорытынды шықпаған.

 

Содан «Алаш» партиясы 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өткен Бірінші бүкілқазақтық съездің шешіміне байланысты құрылды.

 

Осы «Алаш» партиясының құрылуына ат салысқан, халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін, терең із қалдырған қайраткерлеріміздің тізімі жетерлік.

 

«Алаш» партиясының негізін салушылар шын демократтар болды. Партия бағдарламасын бұрмалаушылардың зұлымдық ойы тегінде, бірде феодалдық тәртіптерді, бірде ұлттық ұсақ буржуазияны қорғайды деп саналатын ұлтшылдар тобы дайындап, қабылдаған. Бағдарламаны бұрмалаушылардың негізгі мақсаты халыққа бұл бағдарламаны тек арандатушылар жасаған деп көрсеткісі келді.

 

Алаш» партиясы жөнінде пікірлер өзінің ақиқатына дер кезінде жете қоймады.

 

Қазақстан өз мемлекеттік дербестігін алғалы, ұлттық бостандықты мақсат еткен алаш зиялыларының арманы орындалды десек қателеспейміз.

Информация о работе Алаш Орда үкіметі