AutoCAD-та «Библиотека материалов» құралы көмегімен бөлме интерьерін жобалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2012 в 16:47, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмысты орындау барысында теориялық алған білімімді іс жүзінде қолданып үйреніп, бекіттім. «Библиотека материалов» құралын қолдана отырып бөлме интерьерін салуды меңгердім.
AutoCAD 2004 жүйесі қазіргі замандағы бөлме дизайнын, архитектуралық сызбаларды және конструкторлық жұмыстарды жасауда кең қолданылады, яғни адам өмірінің әртүрлі салаларында қолданылады. Қазіргі кезде AutoCAD-тың алты миллионнан артық пайдаланушысы бар.
Оның артықшылықтарына сызбалардың электронды архивін жасауға мүмкіндік беруінде жатыр. Жасалған әр файлға жеңіл өзгерістер енгізіледі. Бұл прототип-сызбалардың аналогін алуға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 5
1.1 Есепті шешу құралдарын таңдау және негіздеу 7
2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 10
2. 1 Түзу сызықты кесінділер………………………………………………………………….10
2.2 Көмекші құрау сызықтары......................................................................12
2.3 Көріністерді басқару құралдары.............................................................14
2.4 Қолданушы координаттар жүйесі...........................................................15
2.5 Редакциялау құралдары...........................................................................16
3 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 15
3.1 Геометриялық есептеулер 15
3.2 Сызбବ – графикалық жұмыстың программасы 16
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой теория.doc

— 995.00 Кб (Скачать файл)

Егер Line бұйрығының алдында басқа  сызу бұйрығы орындалған болса, онда Line бұйрығын таңдағаннан кейінгі Specify next point: шақыруына Enter бассаңыз, жаңа кесінді алдында таңдалған графикалық элементтің біткен нүктесінен бастайды.

  Rectang(Тіктөртбұрыш): AutoCAD-та төртбұрыш сызу үшін           Rectang деген арнайы бұйрық бар. Ол Draw панелінде орналасқан. Төртбұрыш, екі қарама-қарсы шыңын белгілеу арқылы сызылады.

Бұл бұйрықты таңдағаннан кейін AutoCAD екі шың жөнінде сұрақ шығарады. Шыңдарды белгілеу үшін , егер сіз тіктөртбұрыштың  ені 6 см., ұзындығы 3 см. Болу керек екенін білсеңіз, екінші шыңның салыстырмалы координаттарды енгізуге болады:-@6,3. Бір кезде тіктөртбұрыштың белгіленген шамалары, келесі тіктөртбұрыштарға меншіктеледі.

Rectang бұйрығы бірнеше параметрге  ие. Қосымша редакциялау операцияларын  қолданбай, фаскалы не дөңгелек бұрышты тіктөртбұрыш жасауға болады. Elevation және Thikness параметрлерін қолданып, Rectang бұрығы көмегімен тіктөртбұрыш табанды параллелепипед жасауға болады.

Rectang бұйрығы полисызық құрады. Яғни Rectang, келешекте бір объект негізінде қолдануға болатын AutoCAD қарапайымы.

 Polygon(Көпбұрыш): Бұл бұйрық Draw құралдар панелінде орналасқан. Polygon бұйрығы арқылы дұрыс көпбұрыш құрылады, яғни бекітулі пішінді және ұзындығы бірдей қабырғалы болады. AutoCAD-та көпбұрыштың қабырға саны 3 – 1024 арасында болуы мүмкін.

Polygon бұйрығын таңдағаннан кейін  қабырға саны берілуі

керек, одан кейін келесі белгіленуі керек үш метод таңдалуы керек:

  • Edge: ол үшін тышқанның оң батырмасын басылғаннан кейінгі шыққан контекстті менюдегі Edge бұйрығын таңдау, немесе “е” әрпін енгізу керек. Содан кейін көпбұрыш қабырғасының әрбіреуінің жерін анықтайтын екі нүкте белгілеу керек.
  • Inscribed in circle: тышқанның оң батырмасын басқаннан кейінгі шыққан контекстті менюдан шеңбердің орталығы берілгеннен кейін Inscribed in circle(шеңберге жазылған): бұйрығын таңдау қажет. Осылайша көпбұрыш шеңбер ішінде пайда болады да, шеңбер оның шыңдарымен түіседі.
  • Circumscribed about circle: бұл параметрдің таңдау жолы да сондай, бірақ көпбұрыш контекстті менюдан  Circumscribed about circle: параметрін таңдап немесе бұйрықтық жолға “с” әрпін енгізу арқылы пайда болады. Сөйтіп біз шеңбер сыртында пайда болған көпбұрыш аламыз.

Polygon бұйрығы да, соңында бір  объект деп қабылданатын сынықтар  сызады.

 Circle (Шеңбер): Бұл бұырықты Draw панелінен таңдай аласыз. Таңдауға жауап ретінде AutoCAD параметрлер тізімін шығарады:

  • 3Р(3 нүкте): бұл параметрді таңдасақ, шеңбердің ортасын, және екі нүктесін белгілеу арқылы шеңбер құрамыз.
  • 2Р(2 нүкте): бұл жерде шеңбердің екі нүктесін ғана енгіземіз.
  • Tan tan radius: бұл параметрді қолдану үшін “t” немесе “ttr” аббревиатураларын енгізу керек. Specify point on object for first tangent of circle: пайда болатын шақыруға жанама болатын нүкте көрсету керек. Кейін шығатын Specify point on object for second tangent of circle: шақыруына екінші нүктені көрсету керек. Соңғы этап – радиус белгілеу.

Тағы да Donut(Жүзік) бұйрығы бар. Ол бұйрық ортасы бір, бірақ диаметрлері  түрлі шеңберлер сызады.

 Arc(Доға): Бұл параметрді қолдану үшін Draw құралдар панеліндегі Arc батырмасын басыңыз. Одан кейін шығатын шақыруларға, сізге сәйкес жауап қайтару арқылы, қалаған доғаңыз пайда болады.

                                                                                        

                                                                             Angle(орталық бұрыш)


                                                 Center(орта)        Length of chord(хорда ұз-ғы)


                                                                             Endpoint(ақырғы нүкте)

                                                                          Angle(орталық бұрыш)   


                 Start point                                 Direction(бағыт) 


                                                 End(соңы)        Radius(радиус)


        ARC                                                          Center point(орталық нүкте)        


                                                 2nd point(2ші нүкте)        Endpoint(ақырғы нүкте)   


                                                                         Angle(орталық бұрыш)


                         Center(орта)        Start(Басы)        Length of chord(хорда ұз-ғы)


                                                                         Endpoint(ақырғы нүкте)

 Ellipse(Эллипс): AutoCAD-та эллипстың сызылуы Ellipse бұйрығымен жүзеге асырылады. Ол бұйрық Draw панелінде орналасқан. Сұхбат процесінде AutoCAD-ң сұрайтын ақпараттан басқа, эллипстың белгіленетін өс бағытын білу қажет. Эллипс өстері координаттар өсіне параллель бола бермейді. Бұл бұрыш, сіздің екінші белгіленген өс нүктесімен белгіленеді. Ал екінші өстің бағыты болса, әрқашан бірінші өске перпендикуляр.

 Ellipse arc(Эллиптикалық доға): Бұл Draw панеліндегі жаңа бұйрық. Бұл бұйрықты таңдағанда Arc параметрлі Ellipse бұйрығы орындалады.

 Point(Нүкте): Бұл өте қарапайым, бірақ кең қолданымда болған параметр. Ол Draw панелінде. Таңдалғанынан кейін мынадай ақпарат шығады:

          Current point modes: PDMODE=34     PDSIZE=0.0000      

          Specify point:

  Мұндағы PDMODE – нүкте салынуының  стилінің кодын анықтайды

                   PDSIZE – нүкте шамасын белгілейді. Бұл айнымалыларды FormatÞPoint Style менюінде (1.2-сурет) өзгертуге болады. Ал келесі шақыруларға кез-келген методбен нүкте белгілеу керек.

 

2.2 Көмекші құрау сызықтары

Кей уақыттарда сызбаларда көмекші сызықтардысалуға тура келеді. Олар бөлшектің пішін сызықтарын салу үшін база ретінде болады. Көмекші сызықтар салу үшін Line бұйрығын да қолдануға болады. Бірақ AutoCAD-та ол үшін басқа XLine қарапайымы қолданылады.

 XLine: Line бұйрығынан айырмашылығы, ол соңсыз болады. XLine Draw құралдар панелінде орналасқан.

Бұл бұйрықты таңдағаннан  кейін AutoCAD бұйрықтық жолға шақыру шығарады: Specify a point or [Hor/Ver/Ang/Bisect/Offset]:. Шақыру парметрлерінің мағыналары мынадай:

  • Hor: горизонталь көмекші сызық жасау үшін пайдаланылады. Бұл параметрді қолдану үшін бұйрықтық жолға “һ” әрпін енгізіп, Specify through point: шақыруына көмекші сызықтың өтуі керек нүктені енгізу керек.
  • Ver: вертикаль көмекші сызыққұрау үшін пайдаланылады. Қолдану үшін “v” әрпін енгізіп Specify through point: шақыруына көмекші сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек.
  • Ang: бұл параметрді қолдану үшін “а” әрпін енгізу керек. Содан кейін AutoCAD Reference/<Enter angle(0)>: шақыруын шығарады. Егер бір сан енгізсек, онда AutoCAD бұл санды бұрыштық параметр ретінде қабылдап, сызықтың өтуі керек нүктені сұрайды. Егер бас сұраққа “r” әрпін енгізсек, бұрыш санауы басталатын сызықты көрсету керек болады. Кейін, бұрыш шамасын және сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек.
  • Bisect: бұл параметр оныңшыңдары мен бұрыш жақтарында орналасқан екі нүкте арқылы бұрыш биссектрисасын құруға болады. Бұл параметрді қолдану үшін бұйрықтық жолға “b” әрпін енгізіп, Angle vertex point: шақыруына, құрылып жатқан сызықтың өтуі керек нүктені белгілеу керек. Angle start point: шақыруына алдыңғы нүктемен сәуле құрайтын нүкте белгілеу керек, ал Angle and point: шақыруына екінші сәулені анықтайтын нүктені беру керек.
  • Offset: бұл параметрдің көмегімен әрбір көрсетілген кесіндісіне және сызбаның түзу сызықты элементіне параллель түзу жүргізуге болады. Бұл параметрді қолдану үшін “о” әрпін жазып, екі тәсілмен түзу орнатуға болады:
    1. Базалық түзуден белгілі қашықтықта орналастыру. Ол үшін “o” әрпін енгізгеннен кейін арақашықтық шамасын енгізу керек. Side  to offset? сұрағына жаңа түзу базалық түзудің қай жағында орналасу керегін тышқанмен көрсету керек.
    2. “о” әрпін енгізгеннен кейінгі  Specify through point: сұрағына жаңа түзудің өтуі керек нүктені көрсету керек.

Ray(Сәуле): XLine-н айыриашылығы, ол бір жағынан шектеулі. Ол да Draw панелінде орналасқан.

Таңдағаннан кейінгі Specify start point: шақыруына сәуленің бастапқы енгізу керек. Тура солай Specify through point: шақыруына жауап қайтару керек. Enter батырмасына басып, бұйрықтың орындалуын тоқтатасыз.

2.3 Көріністерді басқару құралдары

      Zoom (Көрсет): бұл бұйрық сызба масштабтарын басқаруға арналған. Zoom бұйрығының параметрлері көп. Әрқайсысына тоқтала кетейік:  

Window(Терезе): бұл параметрде  тіктөртбұрышты терезе белгілеу  керек. Бұл терезе, сызба бөлігінің  жаңа шегі ретінде жұмыс істейді. 

Dynamic (Динамика): бұл параметр бір мезетте масштабтау және “панорамалау” мүмкіндіктерін туғызады:

  • Панорамалау режимі: “крестикті” терезе құрады. Ол сызбада еркін қимылдай алады. Осылайша кез-келген аймақпен жұмыс істеуге болады.
  • Масштабтау режимі: терезенің оң жағында “стрелканың” көрінісі пайда болады. Терезенің сол жағында бұрықты таңдағандағы курсордың болған жерінде қалады. Осылайша терезені кішірейтіп-үлкейтуге болады. Масштаб өзгереді.

     Scale(Масштаб): таңдалғаннан кейін егер кез-келген  сан енгізсек, онда жүйе бұл  санды сызба лимитіне байланысты керекті масштаб ретінде санайды. Егер саннан кейін “x” әрпін жазсақ, онда жүйе енгізілген шаманы осы кезге дейін шығарылған көрініске басты масштабы ретінде қарастырады. Ал егер саннан кейін “xp” суффиксін енгізсек, онда жүйе бұл шаманы парақ кеңістігіндегі бірліктерге байланысты берілген масштаб ретінде қабылдайды. 1-ден кіші шама көріністі кішірейтеді, 1-ден үлкен шама үлкейтеді.

Center(Орта): бұл параметр  экран үстіне шығарылатын сызба  аймағы ортасының жаңа жағдайын  енгізу мүмкіншілігін туғызады.

In(Үлкейту): бұл параметр Scale параметрін 2х шамасымен қайталайды.

Out(Кішірейту): бұл параметр Scale параметрін 5х шамасымен қайталайды. All(Бәрі): бұл параметр экранның  графикалық зонасы мен сызба  лимитінің шекаралары бірдей  болатындай масштабтайды.

Extents (Шекаралар): бұл параметр  сызбадағы барлық графикалық  элементтерін, экранның графикалық  зонасына түсетіндей етіп масштабтайды.  Previous(Алдыңғысы): бұл параметр алдыңғы  масштаб параметрін қалпына келтіреді.

2.4 Қолданушы координаттар жүйесі

      AutoCAD-ғы  геометриялық объектілер глобальді  тікбұрышты абсолют координат  жүйесіне байлайды. AutoCAD-та ол  “дүниежүзілік координат жүйесі”  деп аталады. Графикалық зонаға  байланысты өс бағыты жаңа  емес: х өсі горизонталь және  оңға бағыттралған, у өсі тік жоғары бағытталған.

Қолданушылар өз қалауларынша меншікті координат жүйесін құрып, сақтай да алады. Өз координат жүйесін  құру үшін Tools менюындағы New UCS-ті таңдаңыз. Сонымен бірге өз қалауларыңызша ҚКЖ пиктограммасын да ауыстыра аламыз. Бұны ViewÞDisplayÞUCS бұйрықтарын таңдап, жүзеге асыра аласыз. Сонда UCS Icon сұхбатты терезесі ашылады (1.3-сурет).

 

1.3 – сурет – UCS Icon сұхбатты терезесі

 

 

 

2.5 Редакциялау құралдары

Редакциялау -  AutoCAD-та өте маңызды рөл атқарады. Редакциялаусыз ешбір сызба жұмысы жасала алмайды. Мысалға, сызылған объектіні қайта салудың орнына, көшіру.

Редакциялау бұйрықтарының  көбісі Modify менюінде орналасқан. Ең маңызды  редакциялау бұйрықтарына тоқталайық:

 Erase (Өшіру): бұл процесс әрбір сызбада қолданылады. Erase бұйрығы өте қарапайым және оның параметрлері жоқ. Объектіні өшіру үшін объектіні таңдап, одан кейін объектіні көрсету қажет.

 Move(Жылжыту): объектіні жылжыту үшін Move бұйрығын Modify панелінен таңдап, жылжуы тиіс объектіні көрсету керек. Кейін Specify base point or displacement: шақыруынан өзіңізге керекті әдісті таңдаңыз.

 Сору (Көшіру): процесі жылжыту процесіне ұқсас, бірақ көшіруда объектінің бір не бірнеше пайда болады. Бірнеше көшірме құру үшін Сору бұйрығын Multiple параметрі пайда болады. Сору бұйрығы таңдалғаннан кейін мынадай шақыру пайда болады. Specify base point or displacement, or [Multiple]: бұл жерде өзіңізге керекті екі әдістің біреуін таңдаңыз.

  Rotate(Бұрылу): AutoCAD объектілерін базалық нүте айналасында, берілген бұрышқа бұру мүмкіндігін қамтыған. Объектіні бұру үшін Rotate бұйрығын қолданамыз. Ол Modify панелінде орналасқан. Rotate бұйрығын таңдап, бұрылуы керек объектіні көрсету керек. Кейін бұйрықтық жолға бұрыш шамасын енгізіңіз.

 Scale(Масштаб): бұл бұйрықпен біз жоғарыда танысқан едік. Modify панеліндегі Scale бұйрығын таңдағаннан кейін бұйрықтық жолға бірден үлкен шаманы енгізсек, онда сызба сол шамаға үлкейеді, бірден кіші шама енгізілген болса, онда сызба сол шамаға кішірейеді.

2.6 Объектіні таңдау

Объектіні таңдау жеңіл көрінгенімен өте жеңіл жұмыс емес. Оның да өзінің параметрлері бар. Бұл параметрлер өте керекті: саны 16. бұл параметрлердің аббревиатуралары бар. Select objects: шақыруына қажетті аббревиатураны енгзсеңіз болғаны. Солардың ең маңыздыларына қысқаша тоқталайық:

Window: бұл параметр диагоналінен  екі бұрышы көрсетілген терезеге  толығымен кірген объектілерді  таңдайды. Терезені ашқанда солдан  оңға қарай ашу керек. 

Last: соңғы құрылған  объектіні таңдайды.

Crossing: терезеге толығымен  не бөліктеп кірген объектілердің бәрі таңдалады. Терезені ашу оңнан солға қарай бағытталған.

Информация о работе AutoCAD-та «Библиотека материалов» құралы көмегімен бөлме интерьерін жобалау