Қолданыстағы бағдарламалық қамтамаларға, қосымшаларға шолу және талдау жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 12:05, курсовая работа

Краткое описание

Ықтималдық теориясының бөлімі ретінде жалпылай қызмет көрсету жүйелері жуықта пайда болған. Алғашқы жұмыстар осы жүз жылдықтың басында тәжірибелік қажеттіліктерге байланысты қолданылды.
Жалпылай қызмет көрсету жүйелерін (ЖҚКЖ) оқып үйрететін ғылым жалпылай қызмет көрсету теориясы (ЖҚКТ) деп аталады. ЖҚКЖ-де болатын екі кез-келген сұраныс ағыны мен қызмет көрсету ағындардың кездескендегі кететін уақыт жүйенің негізі болып табылады. Жалпылай қызмет көрсету жүйелері ең алғаш рет телефон желілерінің бөлімшелерінде зертеле бастады. Қазіргі кезде ЖҚКЖ-рін оқып үйрену өте үлкен ауқымда және экономикадағы ең негізгі сұрақтардың бірі болып табылады. Мысалға жүйеге жататындар: телефон станциясы, жөндеу шеберханасы, билет сататын касса, дүкен, шаштараз және т.б.

Содержание

КІРІСПЕ ...........................................................................................................
7
1 ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ ...........................................................................
8
1.1 Қолданыстағы бағдарламалық қамтамаларға, қосымшаларға
шолу және талдау жасау.................................................................................

8
1.2 Бағдарламалық қамтаманы құрастыруды негіздеу ...............................
8
2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ЖОБАЛАУ ...............................
11
2.1 Зерттеу объектісін талдау ........................................................................
11
2.1.1 Құрастырылатын бағдарламалық қамтаманың міндеті......................
11
2.1.2 Құрылымдық жобалау .........................................................................
11
2.2.2 Аппараттық құралдарды таңдау ..........................................................
17
3 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ..........................
18
3.1 Файлдық жүйенің логикалық және физикалық құрылымы ..................
18
3.2 Бағдарлама интерфейсін құрастыру ...................................................
18
3.3 Құжаттау ...................................................................................................
21
3.3.1 Пайдаланушыға нұсқау ....................................................................
21
3.3.2 Бағдарламалаушыға нұсқау ............................................................
22
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................
24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................
25
ҚОСЫМШАЛАР..............................................................................................
26

Вложенные файлы: 1 файл

МАРАЛ теория.docx

— 1.04 Мб (Скачать файл)

Delphi 7 бағдарламалау тілін пайдалану себебім, ол кез келген бағдарламаны жобалауда ыңғайлы болып табылады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі – онда қосымша құруда   компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Бұл бағдарламалау технолгиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компонентік тәсілдің  мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы бағдарламалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әректтерді орындайтын компонентер элементтерінен  жинақталы-нады. Олар  жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме бағдарлама  құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальді компонентер  кітапханасы деп атайды. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге  қосуына да болады.

 

2.2 Бағдарламалық қамтаманы таңдау

 

Delphi Windows жүйесінде бағдарламалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып бағдарлама дайындау, бағдарлама мәзірін құру, анимация, мультимедия процесстерін ұйымдастыру, OLE- технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды  шақыру, оларменнен жұмыс істеу және  т.б.  көптеген іс- әрекеттерді орындауға болады.

Delphi  тіліндегі бұл  модельдің негізгі тірегі  қолданылатын кодты максимальдау  болып табылады.  Бұл құрушыларға   дайын объектерді   пайдалану арқылы  қосымшаларды    құруды  жылдамдату мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, Delphi   ортасында өздерінің   жеке  объектерін  құруға  мүмкіндік береді.   Құрушылар құра  алатын    объектердің типтеріне шектеулік жоқ.  Барлығы да  Delphi – де жазылған,  сондықтан құрушылар ортаны  құруда  қолданылатын  объектерге  және  инструменттерге қол жеткізе алады. Қорытындылай   келгенде,   Borland   немесе  басқа да  фирмалардың   объектілері арасында  және  өзіңіз  құрған  объекттер арасында  ешқандай айырмашылық жоқ.

Delphi- бұл  бірнеше маңызды технологиялар   комбинациясынан тұратын тіл:

    • Машиналық кодқа  ауыстыратын  жоғары   өнімді  компилятор
    • Компоненттердің   объектілі-бағытталған  моделі
    • Берілгендер  қорын құру   үшін   масштабталатын  құралдар
    • Визуальды   компоненттердің  кітапханасы

Машиналық кодқа  ауыстыратын  жоғары   өнімді  компилятор. Delphi  тілінің құрамындағы компиляторы   бастапқы  текстің минутында 390 мың қатарын өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл құруды  жеңілдетудің  және  дайын бағдарлама  блогын  тез уақытта тексеріп  берудің жағдайын   жасайды. Бұл оның  тілдің  төртінші  ұрпағына  (4GL)  жататындығын  дәлелдейді. Delphi   тілінде жобалауды құру  интерпретаторлық ортадан   құрудан ерекшелігі  ол  10-20  есе тез компиляциялайды.

Сонымен  қатар,  сегменттерді  оптимизациялау  опциясында  орындалатын  файлдардың  өлшемін  қысқартуға мүмкіндік  береді. Компиляторды   синтаксисті тексеру  режиміне  жіберуге  болады. Сонда  ұзаққа  созылатын  компиляциялау  және  дайын файлдарды  құру  операциясы  жүрмейді.

Сонымен, Delphi   тілі  берілгендер қорына  байланысты  қосымшаларды құруға  арналған  ыңғайлы орта  болып саналады.

Компоненттердің   объектілі-бағытталған  моделі. Объекттердің  кітапханасы  визуальдық  компоненттерден  тұрады. Олар  БҚБЖ  үшін  қосымшаларды  құруды, клиент-сервер  архитектурасын  қолдану  арқылы  жеңілдетеді. Объекттер  өзінде  төменгі  деңгейді Borland Database Engine  инкапсуляциялайды. Мәліметтерге  қол жеткізетін  және  көрсететін  арнайы  компоненттер  жиынтығы  қарастырылады.   Берілгендерге қол жеткізетін  компоненттер  БҚ-мен байланысты орнатады, мәліметтерді  көшіру, таңдау  және  т.б.  операцияларды орындайды.

Мәліметтерді  визуализациялайтын компоненттер  мәліметтерді  өріс, тізім  түрінде  көрсетеді.  Көрінетін  мәліметтер  текстілі, графикалық  немесе  кез  келген   форматтарда болуы  мүмкін. Кестелер  берілген  қорын  сақтайтын  БҚБЖ  берілген  қорын  бірнеше  бөлек  файлдар түрінде  сақтайды. Ал кейбір  БҚ  барлық  кестелер мен  индекстерді  қосып, тек  қана  бір файлдан тұрады.  Мысалы, Paradox және  dBase  кестелер  әрқашан бір дискіде бөлек файлдарда сақталынады. dBase тұратын директория  .DBF  файлдар немесе  Paradox  директориясы  .DB  файлдары  берілген қоры  ретінде қарастырылады[5].

Басқа  сөзбен   айтқанда, Paradox немесе  dBase   форматты  файлдардан  тұратын немесе  dBase  форматты   файлдардан  тұратын кез келген  директория    Delphi-де бір БҚ  ретінде қарастырылады.  Басқа БҚ  қосылу  үшін  басқа директорияға  қосылса   жеткілікті. Interbase   барлық кестелерді  кеңейтілуі  . GBF   бір файлда  сақтайды, сондықтан да  бұл файл  БҚ  Interbase   болып табылады. БҚ  объектері Delphi-де  SQL –ге негізделген және  Borland Database Engine  тұрады. Delphi  құрамына  сонымен қатар, Borland  SQL Link қосылған, сондықтан БҚБЖ   Oracle, Sybase, Informix  және  InterBase  қол жеткізу  жоғары  эффективтілікпен  жүргізіледі. Delphi  сонымен қатар, локальдық InterBase  қол    серверін  қосады.  Бұл оның  әр түрлі ішкі  SQL    серверде  қосымшаларды   офлайндық режимде құруға  мүмкіндік береді. Delphi  ортасында  ақпараттық  жүйені    локальдық машина  үшін  жобалайтын  өңдеуші берілгендерді сақтау  үшін  .dbf  және  .db  форматты  файлдарды қолдануға болады.  Егер  ол  локальдық Interbase  for  Windows  4.0 қолданса, онда оның  қосымшасы ешқандай  өзгеріссіз  үлкен жүйе  клиент-сервер  архитектурасы құрамында жұмыс істейді.

БҚ  жұмыс  істегенде  Delphi   тілдің  қуаты төменгі-деңгейлі  ядро – Borland Database Engine  (BDE) берілгендер қоры  процессорына  негізделген. Оның  интерфейсі  қолданбалы  бағдарлама  Integrated  Database  Application  Programming  Interface (IDAPI) деп аталынады. Бұл  екі  түрді  (BDE  және IDAPI)  ажыратады. BDE  берілгендерге    қол  жеткізуді  дәстүрлі  record -  навигациондық  түрді  қолдану  арқылы  да, берілгендер  қоры SQL  серверлерде  қолданылатын set - навигациондық  түрді  қолдануға  болады. BDE  -ден басқа  Delphi   берілгендер қорына  Microsoft  фирмасының  Open  Database  Connectivity  техникасын қолдану  арқылы да  қол жеткізе  алады.  Бірақ практикада,  көрсеткендей  BDE  қолдану  арқылы  құрылған  жүйенің өнімділігі  ODBC- ты  қолданудан   әлдеқайда  жоғары. ODBC  драйверлері  арнайы  ODBC  socket  жұмыс істейді, бұл оның  BDE- ге  қосуға  мүмкіндік  береді.

Барлық  Borland  берілгендер қорының    құрал-саймандық құралдары – Paradox, dBase, Database  Desktop - BDE   қолданатын  Paradox  немесе dBase  бар  барлық  ерекшеліктерді BDE-ге  мұрагерленеді  және  сондықтан  да  осы  ерекшеліктермен    Delphi   тілі  де  сипатталынады.

Delphi   тілінде  бағдарламаны  құрастыру  барысында     қолданылатын  компоненттер    қосымшаны құру  ортасында  енгізілген  және   олар  қосымшаны құру  барысында  қолданылатын  берілгендер  типтерінің  жиынтығынан  тұрады.

Delphi   тілінің  бұл  компоненттерін  Visual  Component  Library  (VCL)   деп атайды. VCL -да  стандарттық басқару  элементтері  бар. Олар  редактілеу қатары, басқарудың  статистикалық  элементтері, тізіммен  редактілеу  қатарлар, объекттердің  тізімі. Тағы  да  мынадай  компоненттер  бар: басқарудың  кестелік  элементтері, закладкалар, көпқатарлық  жазу  кітапшалары. Барлық  объектілер  өздерінің  функциянальдылығы  бойынша  беттерге  бөлінген  және  компоненттер  палитрасында  көрсетілген.

VCL  Widow  графикалық  құралдардың   интерфейсін  көрсететін  арнайы  объектіден  тұрады. Бұл  интерфейс  Delphi    тілінің  ерекшеліктерінің  бірі  қосымшаларды  құруда  ғана емес, сонымен қатар  жаңа  комопненттерді қолдануда   қолданылады. Мұндай  мүмкіндік  құрушыларға  басқа  құру ортасына  өтпей, сол ортада  жаңа  құрал-саймандарды  орнатуға  мүмкіндік  береді. Сонымен қатар,  Delphi   -дің  стандарттық  компоненттерін    жаңартуға  немесе  толығымен  өзгертуге  болады.

Объектілердің  класстары  иерархия  түрінде  құрылған   және абтрактілі  аралық  және  дайын  компоненттерден  тұрады. құрушы  дайын  компоненттерді  қолдана  алады  немесе  абстрактілі  немесе  аралық  комопненттердің  негізінде  өіндік  компоненттерді   құра алады. Сонымен қатар, өзінің  объекттерін  құра  алады.   

Delphi (Дельфи) объектілі Паскаль (Object Pascal)  тілі  негізінде  Windows  операциялық  жүйесін  басшылыққа  алып  құрылған. Олар, әсіресе,  Delphi программалау  тілі – кез келген  қосымшаны  дайындауға  болатын  жылдамдығы  тез,  қуатты  тіл. Delphi  Windows жүйесінде  программалаудың  ыңғайлы  құралы. Онда  көптеген  операторларды  пайдаланып  программа  дайындау,  программа  мәзірін  құру,  анимация,  мультимедиа  процестерін  ұйымдастыру,  OLE  технологиясын  пайдаланып,  басқа  офистік  қосымшаларды  шақыру,  олармен  жұмыс  істеу  және  т.б. іс-әрекеттерді  орындау  да  мүмкін. Көптеген  операторлардың    жазылуы  Турбо  Паскальда  сияқты. Delphi  құрамында  дайындалған  компилятор  әдеттегі  Р – кодқа  емес,  бірден  машиналық  кодқа  компиляциялайды. Осы  себепті,  қазіргі  кезде  ол  дүние  жүзіндегі  компиляторлардың  ең  жылдамы.  Оның  компиляциялаудан  10  еседен  артық,  бір  минутта  шамамен  120  мың  жолдан   асады. Delphi  екі  түрде  дайындалған: біріншісі – күрделі  қосымшаны  бірлесіп  дайындаушылар  үшін  (Delphi Client - Server), екіншісі – қалған  программалаушылар  ушін  (Delphi for Windows ).        

Сонымен  бірге  Delphi – CASE – технологиясының құралы - RAD (Rapid Application Development - «Қосымшаны тез құрудың  құралы» ) класына жататын бағдарламалау тілі және ортасы. Delphi – Windows-тың күрделі қосымшаларын  құруды  тездетеді және оңайлатады. Мысалы, С++ тілінде Windows қосымшасын  құру  үшін  бірнеше  адам  күшін  қажет  ететін  болса, қазіргі кезде Delphi-ді қолданып бір адам құра  алады. 

Windows интерфейсі  CASE-технологиясының  түгелімен, қолданбалы  жүйені  құру жұмысының тіршілік циклының және жүйені жобалауда барлық  фазаларында қолдайтын  интегралды  жүйеге  ауысу.

Delphi форманы жобалайтын және  барлық кең тараған деректер қорының барлық форматын қолдайтын  кең мүмкіндіктері бар. Бұл орта Windows-тың жалпы мақсаттағы белгі, пиктограмма және диалогты панель сияқты компоненттерді бағдарламалауды қажет  етпейді. Windows-та жұмыс істеген кезде әртүрлі қосымшаларда бірдей объектілерді көреміз. Диалогты панельдер (мысалы, Choose File  және  Save File) құрылып жатқан қосымшаға керекті жағдайда жұмыс істеу үшін компоненттерді осы есепке бейімдеуге мүмкіндік беретін, Delphi-ге тікелей ендірілген, көп қолданатын компоненттердің мысалы бола алады. Тағы да бұл жерде көрінетін және көрінбейтін объектілер, кнопкалар, мәліметі бар объектілер, мәзір және құрылған диалогты панельдер бар. Осы объектілер көмегімен, мысалы, бағдарламалауды қолданбай-ақ тышқанның түймесін басу арқылы мәліметті енгізуге болады.  Бұл  CASE-технологиясының  қазіргі  қосымшаны бағдарламалауда  қолданудың  көрнекті көрінісі. Жүйені қолданушы интерфейсін бағдарламалаумен байланысты бөлімі  визуалды бағдарламалау  деп аталады.  

Windows  ортасында Delphi  көмегімен  АЖ жобалаудың артықшылықтары:

    • Қайталап мәліметті енгізуді  қажет  етпейді;
    • Жоба  мен  іске  асыру  сәйкестігі қамтамасыз  етіледі;
    • Құрастырылған жоба өнімділігі артады.

Визуалды  бағдарламалау қосымшаны құруда  жаңа  мүмкіндіктерді қосып, осы объектілерді монитор  экранында программа  орындалғанға дейін көруге мүмкіндік  береді. Визуалды  бағдарламалаусыз  көрсету  процесі  кодты жазуды талап етеді. Кодталған  объектілерді  тек  программа  орындалып  жатқан  кезде  ғана   көруге  болады.  Бұл    программалық   кодтың  бірнеше  мәрте  түзетуін  талап  етеді.

 Визуалды бағдарламалау құралының арқасында  объекттерді  көз  алдымызда ұстап  нәтижені  тез  алуға  болады.  Объекттерді  программа  барысында  қандай  болатынын    көру   көп  операцияларды  қолмен  орындаудан  босатады. Бұл   визуалды   құралдары  жоқ  бағдарламаларға  тән. Объект  визуалды  бағдарламалау  ортасының  формасына    енгізілгеннен  кейін,  оның  барлық  атрибуттары  код  түрінде  көрінеді. Ол  объектке  программа   орындалу  барысындағы   бірлік  ретінде  сәйкестенеді.        

Delphi-ге  объекттерді  орналастыру  объекттер  арасындағы  тығыз  қатынастарға    және   нақты   программалық   кодқа  байланысты.  Объекттер  формаға  жазылады, ал  объектке  жауап  беретін  код  бастапқы  файлға  жазылады. Бұл  код  визуалды   ортаға  қарағанда жоғарғы  өнімділікті                                  қамтамасыз  етіп, компиляцияланады.

Интерфейсті  құрудың  3  негізгі  бөлімі  бар: панельді  жобалау, диалогты жобалау және  терезелерді  таныстыру. Жалпы  қолданушының  кіру  мүмкіндігі  үшін  Қолданбалы  Жүйе  Архитектурасын  қолдану  шарты  есептеледі. Тағы да  басқа  шарттар  бар: кіру  құрылғысы  терминалда  клавишті  не көрсеткішті  болып табылады  және  қосымша  символды  немесе  графикалық  болады. 

Қазіргі  жағдайларда  өзара әрекеттесу  интерфейсін  ұйымдастыру  проблемасын  оптималды  шешу жолын  іздеу  комплексті  есеп  сипаттамаға  ие  болып жатыр. 

Бүгінгі  күнде  қазіргі  көпфункционалды өңдеу құралдарын және ақпаратты көрсетуді  модельдеу  көмегімен  типті  және  қолданатын  ақпаратты  модельдің сипаттамасын  нақтылау,  болашақтағы   операторлар ісінің  ерекшеліктерін   шығару,  өзара  әрекеттесу интерфейс  құралының  аппараттық-бағдарламалық параметрлеріне талаптарды  қою  мүмкін  болып  отыр.

Ақпаратты  өңдеу   және   көрсету  жүйесін  жобалаудың  модульдік   принциптің   типтік  есептерін  қолдану   өте  кең  масштабта  болып  жатыр.

Информация о работе Қолданыстағы бағдарламалық қамтамаларға, қосымшаларға шолу және талдау жасау