Ақпараттық жүйе (АЖ)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2013 в 21:51, реферат

Краткое описание

Ақпараттық жүйе (АЖ) - қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) –ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені.
Ақпараттық жүйенi құру процесi келесi кезеңдердi енгiзедi:
МҚ жобалау,
МҚ жобасының файлын құру,
МҚ құру, қосымша мәзiрiн құру, сұраныстарды құру, форма, есеп берудi құру, орындалатын программа ретiнде қосымшаны генерациялау.

Вложенные файлы: 1 файл

УМКД_Системы баз данных.doc

— 309.50 Кб (Скачать файл)

Кестелер және жазбалармен жұмыс  істеу үшін Формат – Жазбалар (Формат – Записи) командасын орындау керек.

Сұраныстар құру.  Сұраныстарды қолдану МБ-нан ақпараттарды алудың ең жылдам тәсілі болып табылады. Сұраныс бір немесе өзара байланысқан кестелерден керекті мәліметтерді таңдап алуға, есептеулер жүргізуге және нәтижелерді кесте түрінде алуға мүмкіндік береді. Acces-те тұтынушыға қолайлы болып саналатын үлгі бойынша сұраныстар қалыптастыру – QBE  (Query By Example ) мүмкіндігі бар, оның көмегімен күрделі сұраныстарды оңай құрастыруға болады. Сұранысты бастапқы МБ кестелері арқылы, басқа  сұраныстар нәтижесінде алынған кестелер және құрылған сұраныстар негізінде де тұрғызуға болады. QBE сұраныстары пайдаланылатын кестелер мен сұраныс бланкы бар мәліметтер схемасынан тұрады. Сұраныстар құру үшін мәліметтер схемасында көрсетілген кестелердің керекті өрістерін тышқан арқылы белгілеп алып, сұраныс бланкісіне тасымалдап, жазбаларды таңдап алу шарттарын енгізсе болғаны. Әрбір кесте өрістері тізімінің бірінші орнында «кестенің барлық өрістері» деген мағынаны білдіретін *символы бар, оны таңдасақ, сұранысқа барлық өрістер енгізілетін болады.

       Сұраныс құру  үшін «Сұраныстар» («Запросы») парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шерту керек.

 Басылымдар жасау  .Басылымдар кестедегі мәліметтерді қағаздағы нәтижелік құжаттар түрінде басып шығаруға арналған.Access бірнеше кестелерден немесе сұраныстардан өзара байланысқан мәліметтерді қағазға шығаруды қамтамасыз ететін күрделі құрылымды басылымдар құрастыруға мүмкіндік береді. Құрастыру кезінде басылым бөлімдерінің құрамы мен мазмұны, сонымен қатар МБ кестелері өрістерінен шығарылатын мәндердің осында қалай орналасу керектігі қалыптасады. Сондай-ақ тақырыптар, басылымдар реквизиттері жасалып, есептелінетін реквизиттердің де орналасуы қарастырылады. Мәліметтер деңгейлер бойынша топтастырылып, осы деңгейлердің әрқайсысы үшін қорытынды есептеулер жүргізілуі мүмкін, әр топқа арналып жеке тақырыптар мен ескертпелер де жасала береді.

Басылым құру үшін «Басылымдар» («Отчеты») парағына көшіп, Жасау (Создать) батырмасын шерту керек немесе Жаңа обьект (Новый  обьект) батырмалар тізімінде Автобасылым (Автоотчет) не Жаңа басылым (Новый отчет) элементтерін қолдану қажет.

 

 

 

Дәріс 5. Деректер базасын  жобалау 

Деректер базасының өмір денгейінің ұзақтығы. Деректер базасын жобалауының  жалпы реті. Талаптарды түрге келтіру  және талдау. Концептуалды жобалау. Логикалық  жобалау. Физикалық жобалау. Деректер базасы теориясының даму тенденциялары. Деректер базасының ғылымда, техника мен бизнесте қолданылуы

 

Мәліметтер  қорын өндеудін кезеңдері. Кез келген МҚ өндеудің мақсаты бір пән саласының ақпаратын сақтау және пайдалану болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі құралдар бар:

Реляциялық мәліметтер моделі- пән  саласының мәліметтерін ұсынудың ыңғайлы  тәсілі.  SQL тілі – сондай мәліметтермен  манипуляция жасаудың әмбебап тәсілі.

Мәліметтер қорын өндеу кезінде  бірнеше үлгілеу деңгейлері анықталады. Ол арқылы пән саласынан нақты МҚБЖ құралдармен мәліметтер қорын нақты жүзеге асыруына ауысуы жүргізіледі. Келесі деңгейлерін белгілеуге болады:

  • Пән саласының өзі
  • Пән саласының моделі
  • Мәліметтердің логикалық моделі
  • Мәліметтердің физикалық моделі
  • Мәліметтер қорының өзі және қосымшасы

Пән саласы –мәліметтер қорында бейнелейтін  деректер шынайы әлемнің бөлігі.

Пән саласының моделі – пән саласы туралы білімдер. Білімдер формалды емес және формалды болуы мүмкін.

Логикалық модель пән саласының түсінігін, олардың өзарабайланысын, сонымен қатар пән саласымен қойылатын мәліметтерге шектеулер қояды. Логикалық моделдің негізгі құралы ER-диаграмма (Entity-Relationship, мән – байланыс диаграммасы).

Мәліметтердің физикалық  моделі мәліметтерді нақты МҚБЖ құралдарымен суреттейді.

Мәліметтер қорының  өзі және қосымшасы. Алдағы кезеңнің нәтижесі ретінде мәліметтер қорының өзі пайда болады. Мәліметтер қоры нақты программалық аппаратық негізінде іске асырылды және осы негізді таңдау мәліметтер қорымен жұмыс істеу жылдамдығын көтеруге мүмкіндік береді. Негізгі ролды үлгілеудің ерте кезеңінде дұрыс шешімді қабылдау  ойнайды.

Мәліметтердің логикалық моделінің сапасын  бағалау критериі.  Мәліметтердің логикалық моделінің деңгейінде қабылданған шешімдердің сапасын бағалау үшін физикалық модель терминінде және нақты іске асыруда  кейбір сапаның критерилерін тұжырымдау керек және логикалық үлгілеу процесінде қабылдаған әртүрлі шешімдер  физикалық моделдің сапасына және мәліметтер қорының жұмыс істеу жылдамдығына қалай әсер етеінін қарау. Әрине ондай критерилер көп, бірақ біз кейбіреулерін қарастырамыз:

  • Пән саласындағы мәліметер қорының адекваттылығы
  • Мәліметтер қорын өндеудің және жүзеге асырудың жеңілділігі
  • Мәліметтерді жаңарту операциялардың орындалу жылдамдығы
  • Мәліметтерді таңдау операциялардың орындалу жылдамдылығы

Пән саласының  мәліметтер қорының адекваттылығы.

Мәліметтер қоры барабарлық түрде пән саласын көрсету керек. Бұл келесі шарттар орындалу керектігін білдіреді:

  • мәліметтер қорының жағдайы әрбір уақыт мезетінде пән саласының жағдайына сәйкес келу керек.
  • пән саласының жағдайының өзгеруі  мәліметтер қорының жағдайының сәйкес өзгеруіне әкелуі тиіс
  • пән саласының моделінде көрсетілген пән саласының шектеуі мәліметтер қорында көрсетілуі керек және ескерілуі тиіс.

Мәліметтер қорын өндеу және іске қосудың жеңілдігі. Кез келген мәліметтер қоры, қарапайымдылардан басқа триггерлер мен сақталынатын процедуралар түрінде программалық кодтын кейбір санын қамтиды.

Сақталынатын процедуралар - компиляциянған түрде мәліметтер қорында сақталынатын процедуралар мен функциялар және мәліметтер қорымен жұмыс істеп жатқан пайдаланушылармен немесе қосымшалармен жүктелуі мүмкін. Негізгі міндетті – рпән саласының бизнес-процессін іске асыру.

Триггерлер - мәліметтер қорымен жұмыс істеген кезде болатын кейбір жағдайлармен байланысты сақталынатын процедуралар. Мұндай жағдайлар негізінде қатынастың жолдарын кірістіру, жаңарту және өшіру операциялары жатады.

Мәліметтерді  жаңарту операцияларының жылдамдығы (кірістіру, жаңарту, өшіру). Мәліметтер қорының жағдайын өзгертетін негізгі операциялар жазуларды  кірістіру, жаңарту, өшіру операциялары болып табылады.

Кірістіру операциясының орындалу жылдамдығы қатынастың индекстер саны өскен кезінде  азаяды және қатынастағы  жолдар санынан аз байланысты.

Жаңарту және өшіру операцияларының  орындалу жылдамдығы қатынастың индекстер  саны өскен кезінде  азаяды және қатынастағы жолдар санынан аз байланысты.

Мәліметтерді  таңдау операциясының жылдамдығы. Мәліметтер қорының міндеттерінің бірі – пайдаланушыларға ақпаратты ұсыну. Ақпарат SQL – SELECT оператор арқылы реляциялық мәліметтер қорынан алынады .

 Мәліметтер қорын  жобалау

Жобалаудың мақсаты – ондай  мәліметтер қоры негізінде қолданбалы жүйелердің нәтижелі құрылуына кепіл  бере алатындай мүлтіксіз және қорғалған мәліметтер қорын құру. Сонымен бірге мұнда интеграцияның, бүтіндіктің, қорғаныстың және өнімділіктің қажет деңгейі қамтамасыздануы қажет. Мәліметтер қорының мазмұны және құрылымы бірнеше қолданбалы салалардың талаптарына сай келетін болса, интеграция шарты орындалады. Бүтіндік мәліметтердің жоғалуын және олардың қате өзгерістерін алдын алатындай қолданбалы жүйелердің сәйкес басқаруынан тәуелді болады. Мәліметтердің бөлінуін қамтамасыз ететін, бірақ өздігінен пайдалануға келмейтін мәліметтерге рұқсатты шектейтін МҚБЖ процедураларын қолданған кезде мәліметтері қорғауды іске асыруға болады. Мәліметтер қорының өнімділігі деректердің физикалық құрлымымен және өңдейтін сұраныстардың уақытша талаптарын қанағаттандыру дәрежесімен анықталады.

Мәліметтер қорын жобалау процесі тек оны құрастырумен шектелмейді. Ол мәліметтер қоры бар болғанша созылады. Жобалау бастапқы мәліметтер қорын немесе оның бөлігін құрудан басталады.

Жобалау процесі екі кезеңнен құралады – логикалық мәліметтер қорын  жобалаудан және физикалық мәліметтер қорын жобалаудан. Логикалық мәліметтер қорын жобалаған кезде назар пайдаланушылық талаптарда және осы талаптарды қанағаттандыратын мәліметтер қорының жүйесінен тәуелсіз сипаттауды құрастыруда шоғырланады. Физикалық жобалау мәліметтер қорының нақты бағдарламалық-аппараттық ортада фактілік іске асуымен байланысты.

«Мән – байланыс»  концепциясы. ER-модельдің түрін 1976 жылы П.Ченн ұсынған. Бұл тәсіл “Мән-Байланыс” әдістемесі деген атқа ие болды, ал концептуалды (инфологиялық) модельді құруға қолданылатын бейнелеуші құралдар Ченн диаграммасы деп аталды.

Модельдің негізгі құрылымдық элементтері: мәндер (объектілер, қатынастар), олардың  арасындағы байланыстар және олардың  қасиеттері (атрибуттар).

Мән – мәліметтер қорында бейнеленетін нақты дүниенің объектісі. Тіктөртбұрыш көмегімен бейнеленеді. Ченн бойынша объектілер әлсіз және дұрыс (күшті) болып бөлінеді. Кейбір басқа объектілерге тәуелді болатын және осы объект болмаса, бола алмайтын объект әлсіз деп аталады. Ереже бойынша әлсіз объектілер қос шекарасы бар диаграммаларда бейнеленеді. Дұрыс объект деп әлсіз емес объектіні айтады.

Атрибут – объектінің кейбір қасиеті. Ченн моделінде атрибут эллипс көмегімен бейнеленеді.

Байланыс – екі қатынас арасында орналасады. Мысалға, Инспектор Жұмысшыны бақылайды. Мұнда Инспектор және Жұмысшы – қатынастар, ал Бақылайды – байланыс. Байланыс ромб немесе алтыбұрыш көмегімен бейнеленеді.

Бір қатынастың элементтерінің ең үлкен  саны басқа қатынастың бір элементімен  байланысатын болса, оны кардиналдық  деп айтады. Ең жиі қолданылатындар:

  • бірден-бірге – бір қатынастың бір данасына екінші қатынастың тура бір данасы сәйкес болады;
  • бірден-көпке – бір қатынастың бір данасына екінші қатынастың даналарының жиыны сәйкес болады;
  • көптен-көпке – бірінші қатынастың даналарының жиынына екінші қатынастың даналарының жиыны сәйкес келеді.

Мәліметтер қорының логикалық  жобалау процесін төрт кезеңге бөлуге болады: талаптарды талдау, мәліметтерді модельдеу, сипаттауларды интеграциялау  және сызбаны құрастыру. Талаптарды талдау кезеңінде ақпарат және оны өңдеу аумағында мәліметтер қорының ұйғарылатын пайдаланушының қажеттіліктерін зерттеу жүргізіледі. Талаптарды талдау кезеңінде ерекшеленген объектілер мен өзара байланыстар кейін мәліметтер моделіне біріктіріледі. Бұл талаптарды модельдеу кезеңіне өтеді. Егер бірнеше сипатаулар болатын болса, модель олардың әрқайсысы үшін құрастырылады. Бірнеше пайдаланушының пән салаларын қамти алатын мәліметтер қорын ұсынатын мәліметтер моделін құру үшін пайдаланушылардың әр түрлі сипаттауларын бір-біріне қарама-қарсы келмейтіндей бір бүтінге интегрирлеу қажет. Бұл процесс интеграциялау

кезенінде өтеді. Сипаттауларды интеграциялаған  кезде жалпы объектілерді ерекшелеп, мазмұнындағы немесе құрылымдағы сәйкес келмеушіліктерді жою қажет.  2 суретте 

келтірілген мәліметтер моделі – мәліметтер қорының концептуалды сипаттауы. Концептуалды (инфологиялық) модель кез келген физикалық жағдайларда кез келген МҚБЖ-ның құралдарымен мәліметтер қорын іске асыру үшін жетекшілік ретінде пайдаланыла алады. Ол толықтай жалпыланған. Егер концептуалды модель дұрыс құрылса, онда ол ұзақ уақыт бойына еш өзгеріссіз сақталынады.

Бірақ концептуалды модель тікелей  іске асырылмайды.

 Концептуалды модельді сызбаға  келтіру үшін жобалаушы әр  объектіні және өзарабайланысты  МҚБЖ-да қарастырылып қойылған құрылымда бейнелейді. Бұл процес іс жүзінде логикалық және физикалық жобалау арасындағы байланыстыратын буын болып келетін сызбаны құрастыру кезеңінде жүргізіледі.

 Мәліметтер қорын  басшылық жасау

Мәліметтер  қорын жобалауды автоматтандыру. Концептуалды моделде МҚ пайдаланудың бір- және көппайдаланушылық режимдер бар.

Бірпайдаланушылық режим. Классикалық тәсілдің негізгі мақсаты – қолмен істейтін құжаттарды мәліметтерді жазу, сақтау және оқу спецификасын ескере отырып,  машиналық құжаттарға айналдыру. Түрлендіруді жеке құжаттар негізінде де жүргізуге болады. Классикалық тәсілде  концептуалды және логикалық моделдердің орнына инфологиялық және даталогиялық моделдерді қарастырылады.

Мәліметтер қорының жобалауыменен  жұмыс жасайтын, барлық адамға түсінікті математикалық формула, графиктер, табиғи тілді қолдануменен орындалған бұл сипаттау мәліметтер инфологиялық моделі деп аталады.

Мәліметтердің моделдер деңгейі. Мұнда адам –бағытталған модель мәліметтерді сақтау ортасының физикалық параметрлерінен толық тәуелсіз. Мұндай орта ЭЕМ миы емес, адамның миы болуы мүмкін. Сондықтан инфологиялық модель шынайы әлемдегі өзгерістер нақты анықтаманың өзгеруін талап етпегенше өзгермеу керек.

Қалған модельдер компьютерлік-бағытталған  болып табылады. Олардың көмегімен МҚБЖ программалар мен пайдаланушыларға  сақталынған мәліметтерге рұқсатты тек олардың аттары бойынша мүмкіндік береді. Керек мәліметтер мәліметтердің физикалық моделі бойынша сыртқы есте сақталынатын құрылғылардан МҚБЖ мен ізделінеді.

Көрсетілген рұқсат нақты МҚБЖ арқылы іске асытындықтан, онда моделдер осы  МҚБЖ мәліметтерді сипаттау тілінде  сипатталуы керек. Мәліметтердің инфологиялық моделі бойынша МҚӘ мен құрылатын  мұндай сипатталу мәліметтердің даталогиялық  моделі деп аталады.

Информация о работе Ақпараттық жүйе (АЖ)