Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2014 в 12:36, реферат

Краткое описание

Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есеп - баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі болып табылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.

Вложенные файлы: 1 файл

Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп.docx

— 28.31 Кб (Скачать файл)

Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп. 
 
 Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есеп - баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі болып табылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.  
 Бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды ақпараттар және мәлімттермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатнастардың экономикалық өмірге етуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды.  
 Бухгалтерлік есеп ерекше бір тілде жүргізіледі. Мысалы, «ұсталымдар», «шығындар», «шығыстар» сөздері бухгалтерлік есепте нақты бір жағдайды қалыптастыру, қолдану және оларды бағалау кезінде қолданылады.  
 Кәсіпкерліктің кейбір аспектілері тиімді экономикалық шешімдерді қолдану үшін сандық мәліметі жағынан анықталады және тіркеледі.  
 Кез-келген шаруашылық субектілері шаруашылық процесі кезінде шаруашылық активтері мен міндеттемелері және меншікті капиталда өзгерістерді қалыптастыратын көптеген шаруашылық операциялары мен қызметтерді орындайды. 
 Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер. Ресурстар тек өздігінше қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет. Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін сипаттайтын ғылым болып табылады. 
 Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық ұйымдары әр түрлі көздерден келіп түсетін капитал жиынтығынан қалыптасады, яғни оларға кәсіпорынның капиталына өз қорларын салатын инвесторлар қаржысынан, кәсіпорынның шаруашылық қызмет нәтижесінде қалыптасатын таысынан қалыптасуы мүмкін. Әр түрлі көздерден қалыптасқан кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсаттарға жұмсалады: шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларды қалыптастыруға, тауарлы босалқыларды қалыптастыруға, еңбек ақы төлеуге, дебиторлық қарыздарды қаржыландыруға және тағы басқаларға. 
 Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша дивиденд саясаты, негізгі және айналым қорларымен, ақша активтерімен жұмыс істеудің арнайы әдістері, салық есебінің ережелері мен әдістері анықталады. Осылайша бухгалтерлік есеп активтер мен пассивтердің, құрылымын, ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық қорлардың, негізгі қорлардың қозғалысын және басқа да бухгалтерлік есептің барлық объектілерін зерттейді. 
 Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялар экономикалық процесстің негізгі фазаларымен сәйкес тіркелуі қажет. Ол фазаларға келесілер жатады:

  1. Активтер мен олардық көздерінің қалыптасуы;
  2. Инвестициялар;
  3. Қаржы активтерінің қалыптасуы /экономикалық ресурстардың/ және міндеттемелерді қабылдау;
  4. Өндіріс процесімен байланысты активтерде өзгерістердің болуы;
  5. Табыстардың қалыптасуы;
  6. Табыстардың бөлінуі және қайта бөлінуі;
  7. «Бөлінбеген пайданың» қалыптасуы және оның өндіріс процесін кеңейтуге қолданылуы;

 
  Экономикалық процесстің жоғарыда көрсетілген фазалары бухгалтерлік есептің кезектілікпен жүргізілуіне және басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.  
 Жалпы бухгалтерлік есептің жүргізілуі шаруашылық субъектілеріндегі активтер, міндеттемелер және меншікті капиталдың ақшалай түрде мәліметтерді ағымдағы қадағалау, жинау, тіркеу және оларды қалыптастыру және шаруашылық өмірдегі барлық операциялардың құжаттық операцияларын жүргізумен сипатталады, яғни бұл бухгалтерлік есеп пәнінің анықтамасы болып табылады. Есеп – бұл тек қана шаруашылық өмірдегі операцияларды тіркеу және қадағалау ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның мүмкіндіктерін сипаттайтын даму жолдарын анықтау болып табылады. Бухгалтерлік есеп экономикалық іс-әрекеттердің сандық мәліметтерді өлшеуімен айналысады.  
 Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - ұйымдардың даму тенденциясын анықтау үшін мәліметтерді қолдану және оларды талдау, әр түрлі альтернативтерді таңдау, басқару шешімдерін қабылдау, сонымен қатар, болжау кезінде инвесторлар мен кредиторларға тиімді ақпараттар беру, потенциалды ақша ағымдарын салыстыру және оларды бағалау, ұйымдардың табыстылығын анықтау болып табылады.  
 

Осы мақсаттарға сәйкес бухгалтерлік есеп келесі негізгі міндеттерді шешуге негізделеді: 
- басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ұйымдардың қызмет нәтижелері және шаруашылық процессі туралы толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сонымен қатар, ол ақпараттардың инвесторлармен, кредиторлармен, қаржылық, салықтық және банк органдарымен қолданылуын қамтамасыз ету; 
 
- экономикалық ресурстардың рационалды қолданылуы және мүліктердің нақты бары мен олардың қозғалысына бақылау жасауды қамтамасыз ету; 
- кәсіпорынның басты мақсаты - табыстың өсіміне жету үшін бәсекелестік шартында қызмет ететін ұйымдардың бизнес – циклдарының дамуының орындалуын қадағалау; 
- ұйымдардың активтерін тиімді қолдану есебінен өнім көлемінің есепте және есеп берулерде өсу жағдайы; 
- ақпаратты қолданушылар үшін дер кезінде мәліметтерді беру; 
- ҚР-ның «Салық және басқа тда бюджетке төленетін міндетті төлемдер» Кодексі және «Бухгалтерлік есеп туралы Заңды», сонымен қатар, басқа да заңдар мен нормативті актілерді сақтау жағдайын бақылау.

 

 Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырылып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты - сыртқы пайдаланушылар мен кәсіпорын басшыларын ақпараттармен қамтамасыз ету. Ақпараттармен қамтамасыз ету басқару жүйесінің элементіне жатады. Басқару дегеніміз – шешім қабылдау, ал тиімді басқару үшін ақпараттар жүйесін жинақтау арқылы көптеген берекесіздіктерді, түсінбеушілік пен орын алған қарама-қайшылықтарды дұрыс шешуге болады. Яғни ақпараттар өз бетінше қалыптаспайды, мұның үшін мәліметтер қажет, ал мәліметтер ақпараттар жүйесін құрайды. Ақпараттар деп шаруашылық өміріндегі фактілердің орын алғандығын хабарлау дейміз.  
 Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестікті тұрғыда болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен аса бір сапалы және жоғарғы деңгейде орындалуы крек. Ақпараттардың мағынасы мен көрсеткіштері логикалық санаға сиятындай болуы жөн.  
 Сонымен бухгалтерлік есеп аса көп ақпараттардан тұрады. Көптеген ақпараттарды жинақтап жүйеге түсіру кәсіби мамандардың ғана қолынан келеді. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бұларға: шындық, өз уақытында, қажетті дәлділік т.б. талаптар қойылады. Ақпараттар жүйесіне қойылатын талаптардың ең маңыздысы өз уақытындағы дер кезіндегі орындалатын талап. 
 Бухгалтерлер мен басқа да басқарушы тұлғалар үшін тек жалпы мерзім ғана емес, дәлме-дәл осы күні орындалған бухгалтерлік операциялары қажет. Мұның үшін қажетті көлемдегі және дәл осы күні орындалған операциялар ғана шындық талабымен ұштасады. Айта кететін бір жайт – бұл экономикалық немесе қаржылық талдауға байланысты. Ағымдағы талдау мәліметтері және статистикалық мәліметтер жинақталған күндерден соң, мүмкін көптеген уақыт өткеннен соң да пайдалануы мүмкін. Сондықтан қандайда болмасын мәліметтерді пайдаланып, экономикалық өмірге қосқан күнді өз уақытында орындалған күн деп анықтауға болады.  
 Келесі талап – қажетті дәлдік. Бұл талаптың негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін басқадай сырттағылардың пайдалануы мен кәсіпорынның өзішінде жан-жақты талдау қызметін жүргізуге арналған. “Бухгалтерия” мен “дәлдік” ұғымы бірімен бірі тығыз байланыста болады. Бухгалтерияда дайындалған есеп материалдары абсолюттік дәлдікті көрсетуі керек. Алайда, кейінгі жылдары кәсіпорын бухгалтерінің қарауына берілген есеп саясатына көрсетілген кейбір әдістемелік есептеулер әр түрлі жолдармен орындалып келеді. Мысалы, негізгі құралдарға амортизациялық тозу жарна есептеу тәсілдерінің көптігі, таза пайданы еептеудің бірнеше жолдары сияқты көптеген көрсеткіштерді аса бір дәлдікпен есептеу қиындық туғызып ауытқулар болуы мүмкін.  
 
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушыларды төмендегідей сипаттауға болады:

  1. меншік иелері өз қаражаттарын салып, өздерінің меншігіндегі кәсіпорынды немесе шарушылық субъектісінің меншікті кәсіпорынды немесе шаруашылық субъектісінің меншікті капиталын қалыптастыра отырып, мұның нәтижесінде дивидент алуды мақсат тұтады.
  2. Кәсіпорны әкімшілігі бухгалтерлік есеп негізіндегі ақпараттар жүйесін пайдалана отырып, экономикалық жағынан тиімді шешімдер қабылдап, мүның үшін тиісті еңбек ақымен қатар, сый ақы алуды мақсат тұтады. Бұлар кәсіпорынның қаржы-шарауашылық қызметін талдап, ішкі және сыртқы резерв көздерін шаруашылық өміріне енгізушілер болып табылады.
  3. Кәсіпорында еңбек етуші жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек объектілеріндегі жұмыстарды атқарып, еңбектің сапасы мен санына және атқарылатын қызметтердің жауаптылығына, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтердің категорияларына қарай еңбек ақы алып, әлеуметтік жағдайларды пайдаланушылар болып табылады.
  4. Қоюшылар мен сатып алушылар, басқалай клиенттер материалды құндылықтар мен ресурстар қойып, осы кәсіпорынның өнімдерін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі экономикалық қатнастарды арнайы жасалған келісім шарт және екі жақты қойылған келісім бағаға қарай орындау үшін ақпараттар жүйесін пайдаланады.
  5. Несие мен қарыз беруші жақтар кәсіпорынның капитал көздерін қалыптастыру ме айналым қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында несиелендіріп, мұның үшін пайыздық төлемдер алып, кәсіпорынның қалыпты жұмыстар атқарып, экономикалық жағдайының жақсаруына қызмет атқарады.
  6. Отандық экономиканың тұрақтануы мен элеуметтік салаларды қаржыландыру мақсатында салық және жарналар жинайтын органдарды ақпараттармен қамтамасыз етумен қатар, салық заңдылығын орыдау үшін қажетті ақпараттар жүйесін қолдану болып табылады.
    1. Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлк есепті қолданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары еебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.

 
  Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашлық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады. Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты. 
 Кәсіпорындағы есептң маңызды объектілеріне: материалдық емес актвитер, негізгі құралдар, материалдар, еңбек ақы бойынша есеп айрысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және сату процестеріндегі шығындар, ақша қаражаттары мен есеп айрысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады. 
 Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама асау, екіжақты жазу әдісін қолданп жинақтамалы және талдамалы шоттар жүйесін, мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен кәсіпорынның есеп беруі арқл жұзеге асырылады.  
 Құжаттау – шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.  
 Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып саналады. Әрбір шаруашылық операциясына ол жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, операцияның жасалуына жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі.  
 Түгендеу – мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы пен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақатымен жүргізіледі.  
 Бағалау – бұл натуралды көрсеткіштерді ақшалай көреткіштерге аударудың әдісі. Мұның өзі шаруашылық қорлар мен олардың қорлану көздері туралы жалпылама деректерді алу үшін бухгалтерлік есепте ақшалай көрсеткіштерді міндетті түрде пайдаланумен байланысты болып отыр. Кәсіпорынның мүлкі мен оның көздерін бағалаудың шынайлығы мен дұрыстығы бухгалтерлік есептің барлық жұйесін құру кезінде маңызды болмақ. Бағалаудың принциптері нормативтік актілермен реттелінеді.

 

 

 
  Калькуляция – шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың әзірленген өнімдір менатқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтау әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.  
         Шоттар екіжақты жазу 
 Бухгалтерлік есептің шоттары біртектс шаруашылық операцияларын топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған. Қорлардың әрбір түрі мен олардың көздерне жеке шот ашылады.  
 Екіжақты жазу – шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеудің әдісі. Бұл әдістің мәні - әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең омамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.

 

Кәсіпорынның шаруашылық құралдары экономикалық мағынасына сәйкес:

  • құрамы (функционалдық рөлі) бойынша;
  • олардың пайда болу көздері бойынша жіктеледі.

 
  Құрамы бойынша шаруашылық құралдары өндіріс саласындағы құралдарға және айналым саласындағы құралдарға бөлінеді. Өндіріс саласындағы құралдар өз кезегіндегі еңбек құралдарына, материалдық емес активтерге және еңбек затына бөлінеді.  
 Еңбек құралы – бұл еңбектің құрал-сайманы, соның көмегімен адам өндіріс процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер етеді.  
 Материалдық емес активтер – бұл құндық бағасы бар, бірақ заттай құндылық болып табылмайтын ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) салымның объектісі. Оған табиғи ресурстарды, жер учаскелерін пайдалану құқы, патенттер, лицензиялар, ноу-хау, тауар таңбалары және т.с.с. жатады.  
 Материалдық емес актвитер негізгі құралдар сияқты өзінің бастапқы құнын нормативтік қызмет мерзімі ішінде тозуды есептеу жолымен өндіріс шығындарына көшіреді.  
 Еңбек заттары – адам еңбек процесінде еңбек құралдарының көмегімен әсер ететін заттар. Олар бр рет қана қатысады, толығымен тұтынылады және өздерінің құнын өнім құнына көшіреді.  
 Өндірістің бір кезегінде оған шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, отындар, қайталама ресурстар және т.б. жатады.  
 Айналым саласындағы құралдар дайын өнімге, ақша қаражаына және ееп айырысудағы қаражаттарға бөлінеді. Ңделуі толық аяқталған, сынақтан өткен, стандарттарға сйәкес келетін дайын өнім қоймаға өткізіледі.  
 Ақша қаражаты – бұл кәсіпорынның кассасындағы қолма-қол ақша қаражаттарының сомасы, банктердегі есеп айырысу шотындағы, валюталық шоттағы және өзге шоттардағы ақша қаражаттары, бағалы қағаздар (акцилар, облигацилар, жинақ ақша сертификаттары, вексельдер) және кәсіпорынның өзге де ақша қаражаттары.  
 Есеп айырысудағы қаражат – берілген аванстар бойынша тауарлар, жұмыстар мен ықзметер үшін, алынған вексельдер бойынша дебиторлық берешектер, есеп беретін адамдардағы сомалар. 
 Оқшауландырылған қаражат – бюджетке салық түрінде аударылуға тиіс пайда сомасы мен кәсіпорынның арнайы қорларын құруға жұмсалған сомалар.  
 Алу көздері мен мақсаттық бағыттарына сәйкес шаруашылық құралдары меншікті және тартылған қаражат көздеріне бөлінеді.  
 
Меншікті қаражат көздері болып табылатындар:

Информация о работе Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп