Түбір, жұрнақ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:03, контрольная работа

Краткое описание

Жұрнақ - жеке сөздердің түбіріне жалғанып, бірде жаңа мағыналы сөз (сөз тудырушы жұрнақ: сушы, қойшы, т.б.) , бірде жалғанған сөздерінің формасын ғана өзгертетін (сөз түрлендіруші жұрнақ делінеді: сула, қызылырақ т.б.) сөз бөлшегі.

Содержание

Түбір сөз - сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін мағыналық бөлшегі.
Түбір сөзден кейін тұрған сөз бөлшектерін қосымша дейміз.
Жалғау - сөз бен сөзді, сөйлемдерді байланыстаратын қосымша.

Вложенные файлы: 1 файл

Грамматика.docx

— 46.25 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Етістіктің шақтары.

I Осы шақ: нақ осы шақ

жалаң (жатыр, отыр, тұр, жүр),

күрделі (бара жатыр, сөйлеп отыр) болады. Ауыспалы осы шақ: -а, -е, -й.

II Келер шақ:

болжалды -ар, -ер, -р;

мақсатты -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек;   ауыспалы келер шақ: -а, -е, -й.

III Өткен шақ:

жедел өткен  шақ: -ды, -ді, -ты, -ті,;

бұрынғы өткен шақ: -ған, -ген, -қан, -кен + жіктік ж.; -ып, -іп, -п + жіктік ж.;

ауыспалы  өткен шақ: -а, -е,- и+ - тын, -тін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Етістіктің райлары.

Ашық рай: осы, келер, өткен шақ мағыналарының  сөйлемде анық көрінуі: жазамын, келерсің, барып көрерсің.

Бұйрық рай: сен оқы, айт, оқысын, келіңіздер

Шартты рай: -са, -се Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Қалау рай: -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнағына кел етістігі тіркесіп келеді: барғым келеді, айтқым келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Етістер

Етістіктің  істеушіге және істелетін затқа  қатысына байланысты мағыналық және тұлғалық жағынан құбылуын етіс дейміз.

 

Түрлері

Жұрнақтар

Мысалдар

Өздік

-ын, -ін, -н

Киінді, таранды, жуынды

Ырықсыз

-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н

Киілді, таралды, жуылды, салынды, әкелінді

Ортақ

-ыс, -іс, -с

Сөйлесті, ойласты. әкелісті

Өзгелік

-дыр, -дір, -тыр, -тір, -ғыз, 

-гіз, -қыз, -кіз, -т

Жуғызды, жаздырды, айтқыздырды, кескіз, әкелді, келтір, жүгірт


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үстеу

 

Заттың қимылы мен ісінің мезгілін, жай-күйін, мекенін, сынның белгілерін күшейтіп көрсететін сөз табын үстеу дейміз.

Түрлері

Мысалдар

Тұлғасына қарай

Негізгі

әрең, азар, әрі, дәл, сәл

Туынды

Ескіше, күздей, мұнша, астыртын

Құрамына қарай

Дара

Ерте, тым, ерекше, қыстай

Күрделі

Биыл, бүгін, бірте-бірте, алдын-ала, күні кеше

Мағынасына қарай

Мезгіл

Кеше, ертемен, қыстыгүні, андасанда

Мекен

Жоғары, төмен, артқа, ілгері

Мөлшер

Сонша, сондайлық, бірталай, азды-көпті

Сын-бейне

әрең, әзер, тез, жылдам, тікелей, бірге, құр, түгел

Күшейту

Аса, нағыз, ең, тым, айрықша, небір, әбден

Мақсат

әдейі, біле тұра, қасақана

Себеп-салдар

Бекерге, текке, шарасыздан

топтау

Екеулеп, аз-аздан, рет-ретімен


 

Синтакасис. Сөз тіркесі

 

Синтаксис деген термин грек тілінен алынған, қазақша «құрау», «құрастыру», «ретке келтіру» деген мағынаны білдіреді. Грамматикада ол сөздердің басын қосып тіркес жасап, бірбірімен байланыстырып сөйлем құрауды, сол арқылы адам ойын білдіруді үйретеді. Сонымен бірге синтаксис сөйлем түрлерін, олардың құрылымын, неден жасалатынын және сөйлемді сазына келтіріп оқуды, айтуды және тыныс белгілерін қалай қою керектігін көрсетеді. Қазақ тілінің синтаксисі іштей үш салаға бөлінеді: сөз тіркесі синтаксисі, жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі.

 

Сөз тіркесі  - сөйлем құраудың материалдық негізі. Бір-біріне мағыналық жағынан жуықтасып-қосақталып, өзара топ жасап айтылған сөздерді синтаксистік сөз тіркесі дейміз.

 

Синтаксистік еркін сөз тіркесі

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі

алтын сағат

жаңа сағат

екі сағат

мына сағат

табылған сағат

ол оқыды

кітапты оқыды

үш рет оқыды

мәнерлеп оқыды

кеше оқыды

жаман оқыды


 

Сөздердің байланысу тәсілдеріне  қарай қазақ тілінде сөз тіркесінің бес түрі бар.

 

Қиысу

Жақтық және көптік тұлғада атау септікте тұрған сөздің жіктік жалғаулы сөзбен байланысы

Мен ұқтым

Сен ұқтың т.б.

Меңгеру

Сөз бен сөздің атау мен ілік септіктен  басқа септік жалғаулары арқылы байланысуы

Үйге бардым; үйді көрдім; үйде болдым; үйден келдім

Матасу

Ілік септіктегі сөз бен тәеулдік жалғаулы сөздің байланысы

өткірдің жүзі, кестенің бізі..;

мемлекет мүлкі

Қабысу

Орын тәртібімен байланысқан сөз  тіркесі, алдыңғы компоненті соңғысын анықтайды; сұрақтары: Қандай? Қай? Қанша? Неше? Қалай? Қайтіп?

Темір күрек; үш кісі; тқмен қарады; оқыған адам; бұлбұлдай сайрады; жетінші  мектеп

Жанасу

Қимыл-сыннан басқа үстеудің немесе шылаудың өзінен кейінгі сөзбен байланысуы

Ерте туып, кеш қалған. Шығысқа  дейін жүретін ұзақ жол.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жай сөйлем

 

Біршама аяқталған  ойды білдіретін бір сөзді, бір немесе бірнеше сөз тіркесін сөйлем дейміз.

 

Мағынасына, интонациясына қарай

Хабарлы

Ертең күн ашық болатын шығар.

Сұраулы

Ертең ауа райы қалай болады екен?

Лепті

Алақай, ағам келе жатыр.

Бұйрықты

Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта! Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта!

Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай

жалаң

Шәкен үндемеді.

жайылма

Шәкен жиналыста үндемеді.

жақты

Абай Дәркембайдың жайын танып  отыр.

жақсыз

Бұл жұмысты тезірек қолға алуымыз  керек.

толымды

Кітапханаға кеше Асанмен бардым.

толымсыз

Кітапханаға бардым.

атаулы

Күз. Қара қатқақ. Ымырт жабылған кез.


 

 

 

 

 

 

Сөйлем мүшелері

 

Белгілі бір  сұраққа жауап беретін, толық  мағыналы бір сөзді, сөз тіркесін не күрделі сөзді сөйлем мүшесі дейміз.

Сөйлем мүшелерін  сөйлемдегі мағынасына қарай тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер деп екі топқа бөледі.

 

тұрлаулы

Бастауыш - сөйлемдегі ойдың иесі, тірегі, ұйытқысы.

Кім? Не? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?

Салиқа қырман басына келді. Адам болу борышың. Өнер ғана өрісіңді кеңейтеді.

Баяндауыш бастауыштағы айтылған ойды аяқтап, тиянақтап, тыңдаушы мен оқушыға түсінікті етіп тұрады.

Не істеді? Не қылды? Не болды? Қайтті? Не? Кім? Қандай? Қанша? Қайда?

Бізді ешкім таныстырмады. Ағаш көркі - жапырақ, адам кқркі - шүберек. Әскери адамның өңі суық, сөзі қысқа. Біз - бесеуміз. Біздің баратын жеріміз ілгеріде. Жылқыда өт жоқ.

тұрлаусыз

Толықтауыш - жалаң жай сөйлемнің  іргесін кеңейтіп жайылма сөйлемге айналдыратын мүше.

Барыс, табыс, жатыс, шығыс, кқмектес септіктерінің  сұрақтарына жауап береді.

Мектеп адамға жүйелі білім береді. Қазақ халқын қазір дүние жүзі біледі. Өсер малда өлім жоқ. Сүттен ақ, судан таза

Пысықтауыш етістіктен болған мүшенің  қасиетін жан-жақты анықтайтын, яғни оның жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын көрсететін мүше.

Мекен: Қайда? Қайдан?

Қалай қарай?

Мезгіл: Қашан?

Себеп: Неліктен? Неге? Не үшін? Не себепті?

Қимылсын: Қалай? Қайтіп? Не етіп? Қанша?

Мақсат: Не істеуге? Не үшін? Не мақсатпен? Неге?

Жоғары қарашы, көкте не көрінеді?

Жазға жақын келіп қалар.

Асқан ерлігі үшін батыр атанды.

Тез барып, тез қайттым. Қарға екі шоқып, бір қарайды.

Сен алматыға оқуға келдің. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

Анықтауыш сөйлем мүшелері зат есімнен, заттық мағынаға ие болған сөздерден  жасалса, бәрін де анықтайды.

Қандай? Қай? Қайдағы? Қанша? Кімнің? Ненің?

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан. Сіздің бар шығармаңыз осы үйден табылады. Қазір «Әділетте» мың жарым бала оқиды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқшау сөздер

 

Оқшау сөздер жай сөйлемнің де, құрмалас сөйлемнің  де құрамында кездеседі. Ал жоқ, иә, ие сөздері тек сөйлем ретінде қолданылып, болымды, болымсыз жай сөйлем қызметінде жұмсалады.

 Сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалмай, сөйлемдегі басқа мүшелерден интонациямен оқшауланып айтылады.

 

Қаратпа сөз

Жазушы мен сөйлеуші өз ойын біреуге  я бірдемеге арнайы айту мақсатымен қолданатын сөз немесе сөз тіркесі

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.

Кел, балалар, оқылық!

Сөйлей бер, ақ домбырам күмбірлеген.

Қыстырма сөз

Сөйлемде айтылған ойға айтушының  түрліше көзқарасын білдіретін сөздер тобы.

Биыл, несін айтасың, егіннің шығымы өте жақсы болды! Асанның айтуынша, ол өзін әдепті ұстапты. Ол осының бәрін  жалғыз істей алмайды, әрине.

Одағай

Сөйлемде айтылған ойға жазушы мен  сөйлеушінің көңіл-күйін білдіреді.

Бәрекелде, ҰБТдан бәрі жоғары балл алыпты! Тәйт, тыныш отыр! Әттеген-ай, кешігіп қалдық.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Түбір, жұрнақ