Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық бағытты қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2014 в 22:43, доклад

Краткое описание

"Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.

Вложенные файлы: 1 файл

инновац.doc

— 70.00 Кб (Скачать файл)

Қорыта келе, жоғарыда аталған міндетті шешу және қазіргі кезде білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, балалардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс — тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс — тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді. 
Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіду болып табылады. Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі – жалпы мәдеииет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мүддесін қанағаттандыру мақсатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан – жақты, жеке және кәсіби маңызды танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен педагогикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Түптеп келгенде, бұл тәрбиеленушілердің жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізері сөзсіз. Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін қалануы тиіс.   Осылайша, педагог қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда оқу- тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді. Нағыз нәтижелі оқыту негізінен тәжірибе алмасу арқылы жүзеге асады. 
1.Оқыту тәжірибені зерттеуден және оқулықтарды білуден басталады  
2. Тәжірибені сараптау және тенденцияны іздеу. 

3.Сыртқы қайнар-көзден  жаңа білім қосу.  
4.Білім алудағы жауапкершілік . 
     

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

    1. 1. Назарбев Н. "Қазақстан — 2030" Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж, 176 бет [1]

2. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі. — Алматы: КазПИ,1991.

3. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. — Ал-маты: Педагогика, 2000

4. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. — Москва: Академия, 2004.

5. Кенжебеков Б.Т. Педагогика ғылымдарының.докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авторефераты. Жоғарғы оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби қүзіреттілігін қалыптастыру. — Қарағанды, 2005.

6. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008 

7. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образования. Алматы, 2001.

8. Щуркова Н. Е. Педагогическая технология. М., 2002. С. 12.

 

 

 

 

 


Информация о работе Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық бағытты қолдану