Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық бағытты қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2014 в 22:43, доклад

Краткое описание

"Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.

Вложенные файлы: 1 файл

инновац.doc

— 70.00 Кб (Скачать файл)

Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық бағыттарды қолдану

 

                                                               «Мұғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық

                                                           ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,

                                            нұр құятын тынымсыз жалын  иесі»

 Я.А.Коменский

 

"Қазақстан Республикасының  білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз  білім жүйесінің негізгі иедеялары  мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.

Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.

Бүгінгі қоғамда оқу орнында оқып білім алып жатқан жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасында көрсетілген "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы" сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.

Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін қалануы тиіс.

Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар білі алушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. «Технология» - ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы,  даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы»  - деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады.

«Технология» ұғымы «тehne» - өнер, шеберлік , «logos» – ілім, білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады. Сондықтан, «технология» - терминін - өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым - деп аударуға болады.

 Технология – бұл  қандай да болсын істегі,  шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.

 
Осы орайда білім алушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру, қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болшағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа  инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім мен тәрбие ажырамас егіз ұғым.Ұлы данышпан Әл-Фараби «Тәрбиесіз берген білімнің күні қараң» деген сөзі осынын дәлелдесе керек. Сондықтан бүгінгі ұрпақтарға, білім-ғылым нәрін берумен қатар, өз халқымыздың  тығылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретіп, игерудің маңызы зор. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі ата-ана, бала тәрбиелеуші, халық өкілі, ел намысын қорғаушы, ата- бабалардың ісін жалғастырушы мәңгілік күш. Сол себепті білім беретін оқу орындарында бұл мәселені жолға қою, яғни егеменді елімізге қазақ қоғамын қалыптастыру –басты міндет.

Адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білім. Ал жаңа мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі білім алушы, болашақ мамандар. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ол үшін колледж ұжымдары, әр педагог күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасауда. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестіріп, қолдануда . Әдістемелік ізденіс-жаңалыққа жол ашу.

Болашақ маманға қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге оқытушыларды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастырудың үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.  
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:

-  білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;

-   білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;

-  мұғалім мен білім алушының өзара қарым - қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.

Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» т.б. жатады.

 .  
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту Мағжан С., Жүсіпова Б. Инновациялық оқыту технологиясының оқыту процесінде қолданылу...  
А.Ясауи университетінің хабаршысы, №2, 2012 (С.Лысенькова) іс-әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту (В.Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы, т.т.б.  
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

    • балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
    • оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
    • баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
    • баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
    • баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
    • әр оқушының, оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
    • барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
    • оқу үрдісін білім алушының сезінуі.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері білім алушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және ұлттык, сана – сезімін тәрбиелеуді көздейді.                               Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде білім беру орнының алатын орны айрықша. Білім ордасы— қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Білім беру мекемелері өмірі білім алушыға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. 

Күнделікті  тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы — балабақша. Балабақша— білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез – келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы балабақшада қаланбақ. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінін калыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Баланың рухани күш – қуаты мен ерік – жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Балабақшаның негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға  — Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

Қоғам талабы - заман талабы, өйткені «Әр адам-өз заманының баласы», сәбиді есті, сергек, саналы етіп тәрбиелеу отбасы мен  қоғамдық орындарының   бірден-бір парызы. Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып есептеледі. Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылтын ұғымдардың біріне айналды.

Мұндай жағдайда тәрбиешінің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Кіші мектеп балалары үшін тәрбиеші олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс – қимылына, жүріс – тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым – қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алатындығы болашақ маман даярлауға үнемі күн тәртібінің өзекті мәселесі.

Жаңа заман баласы-ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа  заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет, яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына,  жан-жақты білім алуына, белсенді шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесінде оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.

Қазіргі заман инновациялық қызметі-балабақша балаларымен жұмыс істеуде инновациялық технологиялар, әдістер, балалардың психологиясы мен  педагогикасын терең білу маман дайындауда педагогтарға нақты жетістіктерге жетуге көмектеседі.

Осы бағытта гуманитарлық колледжде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі болашақ тәрбиеші мамандарды тәрбиелеуге өздеріне үлкен міндеттер жоспарлап, оны жүзеге асыруда. Бөлімнің   пән бірлестігі жылдық жоспарға сәйкес, негізгі пән және әдістемелік пәндер оқытушылары, «Оқу үрдісінде жаңа білім беру технологияларын,  әдістемелерді оқып үйрену және қолдану», «Педагогикалық инновация-оқытушы қызметін жаңартушы», «Кәсіби шеберлікті жетілдіру-нәтижелі білім берудің бір жолы», «Кәсіби даярлықта әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері», «Бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағдарланған білім беру», «Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық басқару», «Қазіргі заманғы сабақты ұйымдастыру» тақырыптарына сәйкес шеберлік кластарын ұйымдастырып, ПЦК отырысында тыңдалап, оқытушылардың теориялық, тәжірибелік жаңа технологияларды пайдалануда жаңа әдістерімен пікір алмасып, жас оқытушыларға үнемі кеңестер мен үлгі сабақтар көрсетіліп тәжірибе алмасса, педагогикалық тәжірибеден өтіп келген студенттер мен әдіскерлер, колледждің педагогикалық тәжірибе меңгерушісімен бірлескен семинарларында да «Үйрендім. Меңгердім. Пайдаланамын», «Сіздерде қандай жаңалық, келіңіз алмасайық!», «Мамандағым-тәрбиеші»  т.с.с. тақырыптарда есеп беру семинарларында да көптеген жаңа технологияларды меңгеруде кеңестер, тәжірибе алмасу сағаттары болып отырады.Онда машықкерлер өздері жаңа инновациялық технологиялары пайдалана ұйымдастырған сабақ үлгілерін көрсетеді, талқыланады. Колледж  қалалық бірнеше балабақшалармен тығыз тәжірибе алмасуда. «Болашақ  мамандардың әдістемелік шеберліктерін жетілдіру жолдары» тақырыбында бірлескен семинар, «Шығармашыл оқушы-құзырлы маман»-машықкерлердің шығармашылығынан сайыс т.б. бағыттарда  балабақшамен коллледж маман даярлауда бірлескен жұмыс жоспарын құрып, үнемі байланысып отырады. Студенттердің бос уақытында балабақшаға барып тәжірибе үйренуге мол мүмкіншілік қарастырылған. Балабақшада болатын түрлі сайыс, семинар, конференция, ата-аналармен жұмыстарға өз топтарына бөлінген машықкерлерді шақырып, шараларды көріп отырады.

Информация о работе Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық бағытты қолдану