Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2013 в 13:30, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Ал, жаңашылдық ең біріншіден жаңалықпен немесе инновациямен тығыз байланыстыруға болады. Сондықтан кәсіпкерліктегі жаңашылдыққа жетудің тиімді тәсілі болып инновация болып табылады. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1) Инновация туралы түсінік 3
2) Инновацияның рөлі мен функциялары 6
3) Кәсіпкерлік және оның қызметі 9
4) Кәсіпкерліктің иновацияға қатынасы 13
4.1) Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі 13
4.2) Инновациялық жобаларды бағалау 16
4.3) Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері 18
5)Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі 21
ҚОРЫТЫНДЫ 33
Әдебиеттер тізімі 34

Вложенные файлы: 1 файл

Инновацияны инвестициялау.doc

— 237.00 Кб (Скачать файл)

Әрқашанда инвестициялау  бағдарының альтернативтік түрлері  болады:

– ұзақ мерзімдік қолданудағы тауарлар мен қозғалмайтын мүлікті (сұраныс инвестициялары) сатып алу жолымен ақшалай салым;

– бағалы қағаздар түріндегі активтерді алу (қаржылық инвестициялары);

– инновациялық бизнеске арналған инвестициялар.

Инвестициялау бағдарын таңдау тиімді тәуекелдегі  үлкен кірістерді болжауын көрсетеді.

Жаңалық енгізулерге  арналған инвестициялардың өзіндік қасиеттері болады:

1) Олар инновациялық үрдістің өзіндік қасиетін қарастыру қажет, өйткені кейбір экономика салаларында  тұрулар, ал кейбреулерінде – новацияға және өндірістік ақпараттық және өнімнің интенсивтік жаңаруына деген үлкен сұраныс қалыптасады. Инвестциялық үрдістің бұл қасиеті негізгі капитал жинағының механизмдері тығыз байланысты болып, жаңа білім мен интеллектуалдық еңбек өнімдерінің дискреттік қасиетін көрсетеді.

2) Бұл инвестицияларға спкуляцияның байланысы болмайды, өйткені олардың нақты болашақ кірісі мен ұзақ уақыттық салым мерзімі бар.

3) Ішкі және сыртқы факторларға байланысты оның ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік параметрлерінің болуымен қатар, бизнеске арналған ивестицияларға обьект туралы мағлұмат білу керек.

Кәсіпкер сонымен қатар инвестициялық үрдістің өзімен анықталатын кейбір талаптарды есінде сақтау керек. Жаңалық енгізу обьектсі мен қаражат қайнар көзінің тәуекелін табу; инвестициялардың түрі (ақшлай қаражат, меншік, басқа активтер және міндеттемелер) мен жүзеге асырудың ұйымдастыру формасын таңдау; инвестицияларды қорғау және т.б.

Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің бірнеше түрлері  кездеседі:

Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің факторларына арналған бағалардың қозғалысының нәтижесінде жоғалуыныі мүмкіндігімен айқындалады.

Бизнес тәуекелі — жаңалық енгізудің экономикалық бағалау эффектіліндегі нақтылықпен, соның ішінде инвестициялық мерзімнің  ұзақтылығымен айқындалады. Қаржылық тәуекел – ақшаның қабілеттілігінің төмендеуі мен инветициялау, коммерциялық жүзеге асыру кезіндегі активтердің құнсыздауына байланысты.

Жаңалық енгізудің  инвестициялауының шешу негізіне этаптық  мерзімде жүзеге асырылатын стратегия  мен бизнес әдісін таңддау кіреді.

Инвестициялық талаудың статистикалық және динамикалық әдістердің қолдану арқылы критериалдық бағалар құралады. Солардың негізінде инвестициялауға шешім қабылданады.

Статистикалық әдістерге жобаның есе қайтару  мерзімі, кіріс деңгейі, таза келтірілген  баға, түсім индекс, рентабельдіктің  ішкі коэффициенттің анықтамалары қатысты.

Динамикалық әдістерге  – инвестициялық жобаның бағалауына әсер ететін көптеген фркторлар анықтамасы.

Өнеркәсіптің  қаржылық жағдайын талдау (анализ) инвестициялауда  маңызды орын алады. Бұл жерде  жаңалық енгізу жүзеге асыру кзделіп отырады, сол үшін де жаңалық енгізуге дейін мен кейінгі обьекттің жағдайын көрсететін арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұған өнеркәсіптің өзінің міндеттерін орындау қабілеттілігін сипаттайтын ликвидтілік және жаңалық енгізуге теріс ықпал ететін меншіктік міндеттемелер қолданылуы мүмкін.

Ұйымдық жобалау  келесі кезеңдерден тұрады:

- жобаның маңыздылығын  анықтау (федералдық, аймақтық, жергілікті);

- фиксация рангі жіне ұйымдастыру-құқықтық қатысушы формасы, сонымен қатар негізгі жеткізушілер мен жіберушілер;

-  мемлекеттік  және аймақтық басшылықтың жобаны  қолдау дәрежесін орнату;

- инвестицияның  кепілдігін қамтамасыз етуін  анықтау, сонымен қатар тәуекелдерді  сақтандыру, саясатты және банкілік  кепілдіктер.

Үстіде келтірілген  түсініктемелер, жобалаудың түрлері мен сценариилері болжау сипаттамасын анықтайды және көбінесе қарсылық сипаттаманы ұстанады. Бүкіл факторларды сандық көрсеткішпен көрсету мүмкін емес, өйткені мұнда жоба бойынша инегралдық эффектілік көрсеткіштері жоқ. Жаңалық енгізудің тиімділігі сонымен қатар оның қатысушыларының субьектік қызуғышылықтарына баланысты болады.

Сондықтан да кәсіпкер әрқашанда өндіріске арналған ивесициялар  туралы шешімдер қабылдағанда тәуекелдейді. Дұрыс қабылданған бизнес стратегиясы, жаңалық енгізуді мамандырылған техника-экономикалық бағалау және керекті нәрселерді білу инновациялық процесті қазіргі үлгімен ұйымдастыру және де басқару қабілеті сол тәуеклелді тиімді қылдырып, көрсеткіштерді жоғары және тұрақты бір деңгейге жеткізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің  әдістемелік негізі

Инновациялық  қызметті қаржыландыру жүйесі бір бірімен  тығыз байланысты, бағынышты элементтер жиынтығынан тұрады және оған келесілер  кіреді:

 инновациялық  қызметті жүзеге асыру үшін  қажет қаржы ресурстарының түсу (қаржыландыру процесі);

 әртүрлі  көздерден түсетін қаржыларды  аккумуляциялау;

 инвестицияға  бақылау орнату механизмі; 

 инновациялық  процеске авансталған қаражаттың  қайтымды болуы.

 Инновациялық  іс әрекетке қызмет ететін  қаржылық жүйе болып қаржылық көздер, инвестицияларды қолдануға бақылау орнатушы механизм, олардың қайтымдылығы және инновациялық капиталға тартылған капиталдың тиімділігін бағалау. Инновациялық қызметті қаржыландырудың ерекшелігі болып, оны қаржыландыру көздерінің көптігі табылды. Ол инновациялық қызметтің әртүрлі бағыттарын қамтуға мүмкіндік береді. Инновациялық жобалардың қаржылық қайтымдылығының өсуі маңызды жинақтаушы көрсеткіш болып табылады. Оның негізінде инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі анықталады және қаржылық саясаттың жүзеге асуы анықталады. Ол саясатты шаруашылық субъектілердің өзі және мемлекет жүзеге асырып отырады. Қаржылық қамтамасыз етудің мәні оның негізгі қызметтерінде көрініс табады: Өндірістік, бөлу бақылау өндірістік қызметті қаржылық және материалдық ресурстардың тепе теңдігін жүзеге асырады.

 Қаржылық  қамтамасыз етудің өндірістік  қызмет инновациялық инвестиция  айналымында көрініс табады. Қаржылық  ресурстар инвестиция айналымының  барлық деңгейінде инновациялық  капиталдық реттілігін қамтамасыз етеді (ғылыми-техникалық өнімді сатып алу; капиталдың өсуі; инновациялық капитал айналымының өндірістік, тауарлық және ақша кезеңі). Осылайша қаржылық ресурстар инновациялық қызметтің әртүрлі салаларына құйылатын инвестицияның жылдамдығын көбейтеді немесе азайтады, ол инновациялық нарықта қалыптасқан іскерлік конъюнктурасына байланысты.

 Қаржылық  қамтамасыз етудің бөлу қызметі  тиімділікті қамтамасыз ету үшін  ақша ресурстарының қорын қалыптастыру  мен қолдануды қамтамасыз етеді.  Нарықтық экономикалы елдерде  инновациялық капиталдың құрылуы венчурлы қаржыландыру ұйымдарында және басқа да универсалды қаржылық құрамдарда құрылады.

 Бақылау  қызметі инновацияның құрылуын  оны қаржыландыруды, қаржылық көрсеткіштердің  өзгеруін, инновациялық кәсіпорын  мен тапсырыс берушінің төлем және есеп айырысу жағдайын бақылап отырады. Қаржылық мониторинг:

 ақша қаражаты  қорының құрылымы мен инновациялық  қызметтің алға қойған мақсатының  арасындағы қарым қатынасты айқындайды;

 инноватордың  кірісі мен шығысы арасындағы  сәйкессіздіктерді реттейді;

тиімді емес саладағы қаржыландыруды тоқтатып, инновациялық қызметтердің жаңа бағыттарын қаржыландыру мүмкіндіктерін анықтайды.

 Қаржылық  қамтамасыз ету – бұл капиталды  тарту, бөлу және қолдану қызметі  болып табылады. Ол инновациялық  саланың бір белгісі бола тұра, инновациялық капитал инновациялық қызметтің әрбір кезеңін реттеп отырады. Жиынтық ұлттық капиталдың маңызды бөлігі болып, мемлекеттік капитал, ссудалы капитал, инвестициялар мен құнды қағаздар, венчурлы капитал шетел капитал, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің меншікті капиталы табылады.

 Инновациялық  қызметке нақты бағытталған капиталдың  қалыптасуы экономикалық реформалар  барысында күрделі сандық және  салалық өзгерістерге ұшыраған. Инновацияға бағытталушы капитал,  нақты инвестициялар түрінде көрініс табады. Оны келесі сипаттары бойынша жүйелеуге болады:

 инновациялық  қызметке бақылау жүргізу және  енгізу түрі бойынша:

 тікелей  (қаржылық интелектуалды және  басқа да қаражаттарды өндіріске  енгізу);

 портфельді (құнды қағаздарды сатып алу) немесе несие ретінде қаражаттарды беру;

 инвестициялар  түрі бойынша: қаржылық инвестициялар  (мақсатты салымдар, айналым қаражаты, құнды қағаздар ссудалар және  т.б.), интелектуалды инвестициялар  меншік құқы;

 меншік түрі  бойынша: мемелкеттік, жекеменшік, аралас;

 жеңілдік  түрі бойынша: жеңілдетілген,  жеңілдетілмеген;

 анық экономикалық  жүйеге қатынасы бойынша: резидентті, резидентті емес;

 қаржылық  қамтамасыз ету әдісі бойынша:  венчурлы, лизингті, факторлы, аралас.

 Инновациядағы  инвестициялық негізгі көзіне жататындар:

 меншікті  қаржы қаражаты мен басқа да  активтер түрі(негізгі қорлар, жер,  өнеркәсіптік меншік және т.б.) және тартылған қаражаттар;

 орталық,  аймақтық және жергілікті бюджеттен  тұрады;

 шетел инвестицияларды;

 несиелер, соның  ішінде мемелкеттік қайтару шартымен, коммерциялық банк пен шетел инвесторлары.

 Инновациялық  салаға инвестициялар көлемі  түрлі кезеңдерде әртүрлі болады. Ұзақ мерзімді және ірі инвестициялар  жандану, тоқыраудан шығу кезеңінде  қажет болады. Себебі тоқырау  кезеңінде жинақтау мен инновацияға назар аудару төмендейді. Мемлекет тікелей (бюджет салымы негізінде) және жанама (экономикалық жеңілдіктер көрсету арқылы) түрде инновациялық белсенділікті қолдайды. Бұл экономиканы жандандыруға және оның бәсекелестігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Тұрақты даму кезінде мемлекеттік қолдау көлемі қысқарады, ал инновациялық процестің өзі бәсеке негізінде жүзеге асады. Бұл кезеңде жақсарту инновациясы кең қолданылады, олар аз инвестицияны талап етеді және тәуекел деңгейі де азаяды. Инновациялық-инвестициялық белсенділік деңгейі тоқырау кезеңінде ең төмен болып табылады.

Инновациялық  қызметті келесідей сипаттауға болады:

 біріншіден, инновациялық процесте нәтижелердің  анықсыздығы, авансталған капиталды  қайтара алмау тәуекеліне әкеп  соқтырады. Ол инновациялық жобаның негізі болып табылатын шығармашылық ойдың қателігінен болуы мүмкін; оны техникалық жүзеге асыру қиындықтары; жаңалықтың нарықтағы алатын орнының белгісіздігі және т.б;

 екіншіден,  инновациялық қызмет қаржы қаражаттарын  аванстау мен адам коммерциялық қайтым алған уақытша мерзіммен сипатталады;

 үшіншіден,  инновациялық қызмет нәтижелерінің  анықсыздығының жоғары деңгейі  қарыз қаражатының қайтымын қамтамасыз  етпейді. Ол өз кезегінде несие  «бағасын» жоғарылатады немесе  қарыз берушіге енгізілген жаңалықты бірге иеленуге құқық береді; инновациялық салаға қарыз қаражаты түсуі мүмкін, егер адам түсетін пайда сол ақшаны басқа салаға жұмсағанынан түсетін пайдаға қарағанда әлде қайда жоғары болса;

 төртіншіден,  инвестициялау субъектінің көптүрлігі мен тұрақсыздығы (мемелкеттік бюджет қаражаты, корпорациялар, банктер, арнайы инвестициялық қорлар шетел инвесторлары және т.б.) капиталды берудің, түрлері мен шарттарының көптүрлігіне алып келеді.

 «Тәуекел  капиталы» деген түсінік осы  инновациялық қызметке жұмсалатын ақша қаражатын сипаттайды. Инновацияға инвестиция салудың тәуекел деңгейі оның соңғы нәтижесінің анықсыздығына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жағдайлар сонымен қатар өз меншігіндегі қаражаттың жетіспеуі кәсіпкерлерді жаңалық енгізуге несиелік қаржыландыру түрін қолдануға мәжбүр етеді. Тәуекелді (венчурлы) қаржыландыру механизмінің банктік несиелеуден ерекшелігі, несие берілген кезде мүмкіндігі жоғары ойға беріледі, оны қайтару міндетті емес. Яғни басқаша айтқанда, егер инновациялық жоба күтілген нәтижеге жетпесе, онда салынған қаражат қайтарылмауы мүмкін. Венчурлы (тәуекел) капиталы-бұл қарыз міндеттемесі немесе жай акция ретінде жаңа кәсіпорындарға салынған ақша. Бұл капитал бірнеше жыл тіркелмейді, себебі қарыз міндеттемелері (жай акция) тіркелмегенше сатыла алмайды, яғни өтімділікке ие болмайды. Осылайша венчурлы инвестициялар бұл тез дамушы фирмалардың өсуіне бағытталған капитал. Венчурлы капиталдың нақты пайыз ретінде кіріс алуына сондай-ақ инвестордың оны қайтып алуына кепілдік бере алмайды.

 Алғаш рет  венчурлы капиталды институцияландыру  АҚШ-та 1946 ж жүзеге асты. Ол кезде  зерттеу және өңдеу бойынша  бостандық корпорация ДЭК фирмасын  қаржыландырған болатын. Кейінен  бұл фирма есептеуіш техникасын  ең ірі өндірушісіне айналған. 1955 жылына кіші инвестициялық компаниялар туралы заң мемелкеттік қаражаттар мен жекеменшік капиталды біріктіріп, оны кіші кәсіпорындарды құру үшін жұмсауға мүмкіндік береді. 60 ж соңында кіші венчурлы фирмалар пайда болды. Олар ЖШС ретінде құрылған. Венчурлы компания ол қаржыландыратын инвестициялық кәсіпорындардың негізгі серіктесі болып, пайданың нақты пайызын алып отырған. Венчурлы компаниялардың қаржы қаражаттарын ЖШС беріп отырған - сақтандыру компаниялары зейнетақы қорлары.

Информация о работе Инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтамасыз етудің әдістемелік негізі