Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2013 в 04:50, курсовая работа

Краткое описание

Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің рефертатымның бастапқы мақсаты болып келеді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

Содержание

Кіріспе
1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері.
Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері.
Кәсіпкерліктің экономикадағы орны.
Кәсіпкерлік қызмет түрлері.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру.docx

— 52.50 Кб (Скачать файл)


Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру

Кіріспе

1.       Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері.

    1. Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері.
    2. Кәсіпкерліктің экономикадағы орны.
    3. Кәсіпкерлік қызмет түрлері.
    1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
    1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары.
    1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты.  

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Менің рефератымның тақырыбының аты  “Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері”.

Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған  елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан  жеріндегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің рефертатымның  бастапқы мақсаты болып келеді. 

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік  белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны  қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық  білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар  болған кезде күшіне енеді, ол табысты  дамиды.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті  дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған  заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын  бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын азаматтар  мен заңды тұлғалардың құқығын  қорғау және т.б.

Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына  қашан да сенімді болған. Іс жүзінде  кәсіпкерлікке деген бұл сенім  жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан  бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі  көптеген көріністерді қамтыды.

19-шы ғасырдың екінші жартысында  бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын  тапқан бұл тенденция ақыраяғы  үлкен өзгеріске және экономикалық  әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар  талғампаз және ауқатты халық  қажет ететін тауарларды тиімді  өндіруге мүмыкіндік берді қаржы  табуда және өндіріс көлемін  ұлғайтуда көптеген қиыншылықтарды  бастан кешірді. Осындай жағдайда  көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған  жұмысшыларды жалдай алатын қазіргі  заманғы корпорациялардың маңызы  тұрақта түрде өсе түсті.

Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі  кәсіпорындардың алуан түрлері  бар.

 

1.       Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері.

    1. Кәсіпкерліктің мәні. Маңызы. Ерекшеліктері.

 

“Кәсіп ету” – қандай да бір  жаңа істі бастау, орындауға шешім  қабылдау, қандай да бір маңызды  істі орындауға кірісу.

Әкімшілік – бюрократтық үлгінің  орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолындағы реттеуші қызметтерді сақтай отырып, экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түріне негізделген.

Соңғы уақыттарында Қазақстанда  кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік  жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін  қызметі.

Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында  – тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.

Кәсіпкерлік – іскерлік белсенділік өнері.

Кәсіпкерлік – бұл алдымен  ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы  әрбір кәсіпкердің табыстары  да әртүрлі.

Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұнын өзі жеткіліксіз  көбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ “жолы болғыштық” ойлай алатындарға, үйренгендерге  ғана көмек көрсетеді.

Оқытудың негізгі міндеті - әрбір адамға көмек көрсетуге  тырысу.

Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты  іскерлікті жобалау – кәсіпкердің  кез-келген жоспарлаған іскерлік операциялары немесе белсенділігінің бастапқы нүктесі  түрінде көрінеді.

Философиялық көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік – жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика түрі, адамның  өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы ретінде сипатталуы мүмкін.

Кәсіби мағынада кәсіпкерлік  өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде  қарастырылады.

Кәсіпкер үнемі болашақ  туралы ойлайды, сондықтан бұл жерде  ұлы ағылшын жазушысы Джон Голсуорсидің (1867 - 1933) мына сөзі орынды : “Егер сіз  болашақ туралы ойламасаңыз, ол сізде  болмайды”.

Кәсіпкерлік іскерлік белсендікке  ыңғайы бар, өз күшін салатын жаңа сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі.

Бірақ кез-келген бизнесменді  кәсіпкер деп атауға болмайды. Кәсіпкер деп мысалы жыл сайын бір тауарды  өндіретін және бір ғана қызметті көрсететін кәсіпорын иесін санауға  болмайды. Ол кәсіпкерлік емес репродуктивті  функцияларды орындайды.

Күнделікте өмірде кәсіпкерлерге  бизнеспен айналысатындардың барлығын жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-құлығы ізденуші сипатымен ерекшеленетін іскер  адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа нарықты игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді өндіруге көшумен т.б. өзі жеке айналысуы міндетті емес. Ең бастысы - ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда, шығармашылық атмосфера жасау, сондықтан кәсіпкерлікті шаруашылық мінез-құлық түрі ретінде түсіну керек. Оған тӘн сипаттама:

  • Ең жоғары пайдаға ұмтылу;
  • Тәуекелге баруға дайын;
  • Жаңаға ұмтылу ұйымдастыру – шаруашылық жаңашылдық.

Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бӘсекелестік күресті ынталандыратын жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. өз өнімінің үнемі жаңалуынан және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын  ғана өмір сүре алады.

өндіріс сферасындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге (орындалатын  жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды  табу және қалыптастыру және оны дайындау (жасау) жолымен қанағаттандыру, тауарды  ретінде өнімдерді (орындалған жұмысты, көрсетілетін қызметті) сату.

ҚР Азаматтық кодексіне  сәйкес кәсіпкер – заңды немесе жеке тұлға, өз бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы  мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады уақыттың шаруашылық кеңістігінен Әрбір кәсіпкер өзінің шаруашылық тауашасын (нишасын) табуы керек.

“Кәсіпкерлік” және “бизнес” түсінігі бір қатарда тұрады және оларды синоним ретінде жиі қолданды. Бұл расында да туыс категориялар.

Бизнес – кез келген табыс Әкелетін жеке іс. Оны тек тұтынушылар қажет қоғамда, қызмет сферасында алуға болады.

Табысты бизнес, іскерліксіз  жетілдірілмеген, үнемі дамусыз  ойға сыйғысыз, яғни бизнес кәсіпкерлікте  құрылады.

Кәсіпкерлік мемлекеттік  секторды есепке алғанда барлық экономика  сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік  компанияларда (мемлекеттік қалыптастырусыз) істі коммериялық жүргізу. Шетелде  шағын бизнес деп жеке кәсіпкерлікті  түсінеді.

Кәсіпкерлікті кейде өндірістің төртінші факторы деп те атайды.  Өндірістің  үш басты факторы: жер, еңбек, капитал  екендігі белгілі.

Австриядан шыққан, жұмыс  орны американдық ғалым экономист  Иозеф Шумпетер өндірістің төртінші факторы ретінде – кәсіпкерлікті  көрсетті.

Экономикалық қызметтің  өндірістік факторы ретінде кәсіпкерлік  туралы айта отырып, экономикалық қызметке қатысушылардың кәсіпкерлік мүмкіндігін, іскерлік, кәсіпкерлік белсенділігін  айтады. Бұл екінші фактордың, яғни еңбектің, еңбек қорларының сапасы.

Кәсіпкерлікті барлық үш негізгі  факторлар Әсерін күшейтетін белсендіруге қабілетті қозғаушы күш көзқарасы  тұрғысынан жеке фактор деп санауға  болады.

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерліктің маңызды қасиеттері ұтқырлық, қимылға  бай, бастамалық, ізденіс болып табылады.

Кәсіпкерлікке ұйқышылдық, тыныштық тоқырау жат. “Кәсіпкерлік”  атауына толық сәйкес ол жүзеге асыратын істің табысын қамтамасыз етуге бағытталған, ойдағы мақсатқа жетуге, пайдалануға күші мен шараларын кәсіп етеді.

Ол шығындардың және пайданы  жоғалтудың алдын алуды қарастырады. Осылайша кәсіпкерлік – бұл тірі, үнемі жаңарып отыратын, тұрақты  жұмыс көзі.

Кәсіпкерліктің жүздеген анықтамасы бар. Кәсіпкердің энциклопедиялық  анықтамасында “кәсіпкерлікке”  мынадай анықтама беріледі.

“Кәсіпкерлік” – пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғанын жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер – заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық; делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.

Сонымен, кәсіпкерлік –  пайда алу мақсатында қаржы салу, жеке тиімді қоғамдық көмекпен үйлестіру  негізіндегі қызмет болып табылады.

Кәсіпкерлік субъектілері жеке тұлғалар немесе Әріптестердің бірігуі  болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер  ретінде жеке тұлғалар және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен  шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы  еңбекті қолдануы мүмкін.

Кәсіпкерлік субъектілері ретінде  Әріптестерді біріктіру Әртүрлі  шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы  ұжымдар, ашық және жабық түрдегі  акционерлік қоғамдар, Әртүрлі серіктестіктер т.б. түрінде шығады. Кәсіпкердің  бастапқы шешімі дегеніміз негізін  қалаушы, ұзақ мерзімді шешімдер. Бұл  бір-ақ рет қабылданатын шешімдер, Әрі  қарай оны түзеуге болмайды, өйткені  бұл біршама құқықтық мӘселелер  мен материалдық шығындармен  байланысты. Мұндай шешімдерге жатады:

А) ұзақ мерзімді кәсіпкерлік  шешімдерді анықтау;

Б) өндірісті орналастыру  үшін орын таңдау.

Кәсіпкерлік мақсат – бұл белгілі  уақыт ішінде жету, қажет қалайтын жағдай.

Мақсатты қалыптастыру кезінде  келесі үш элементті дӘл анықтау  қажет:

А) мақсаттың мазмұны, қандай жағдайға жету қажет және мақсатқа жету деңгейін анықтау, белгілеу.

Б) қалаған мақсат көлемі, мақсат шексіз немесе шекті қалыптаса  ма?

В) мақсаттың уақыт факторы. Әрбір мақсат үшін сұрақ анқтау қажет, қойылған мақсат қандай кезеңге дейін  немесе қандай уақыт ішінде жету керек.

өндірісті орналастыру орнын таңдау туралы шешімді, тек жаңа ұйымдастырылатын кәсіпорын үшін емес, жекелеген өндірісті  кеңейту кезінде қабылдау қажет. өндірісті орналастыру орнын  таңдау кәсіпорынды құру кезіндегі  негізгі шешімдерге жатады. Орынды дұрыс таңдамаса болашақта орынды ауыстырып жөндеу де қиын, шаруасы  көп және үлкен шығындармен байланысты. Орналастыру орынын таңдау кезінде  кәсіпорын басшылығы өндірісті орналастыруға болатын Әртүрлі орындардағы шығындар мен пайданы салыстыру кезіндегі рентабельдіктің жалпы принципы шешуші болып табылады.

Кәсіпкерліктің маңызды  белгілері.

  • Шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім қабылдауда еркін.
  • Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.
  • Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.

Кәсіпкердің көрсетілген маңызды  белгілері өзара байланысты және бір уақытта Әрекет етеді. Кәсіпкерлік  үнемі жаңалықтармен байланысты. Экономикалық қызметтің бұл жағына И. Шумпетер және А. Маршал назар аударды. Егер И. Шумпетер кәсіпкерлік пен  жаңашылдықтың теңдігін көрсетті, ал А. Маршал қоғамдағы кәсіпкердің  нақты ролі, олар өздерінің жаңалықтарымен тек жаңа тӘртіп құрып қана қоймайды. Қоғамдағы конструкциялық жетілген процестерді жылдамдатуын да, - деді.

Шумпетер кәсіпкерге берген бағасы дұрысырақ деп саналады. Кәсіпкер - өндірістің және қоғамның өмірін ұйымдастырудың бұрыңғы нысандарын табанды түрде  бұзады. Экономикадағы революционер Әлеуметтік және саяси революцияның бастаушысы. Кәсіпкер қоғамның экономикалық дамуындағы басты тұлға бола отырып, үнемі “бүлінгенді қалпына келтіруді” жүзеге асырады. Қоғамда кәсіпкерлік  пен жаңашылдық өзара бір тұтасты  құрайды деп қорытынды жасауға  болады.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру