Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2015 в 19:56, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты – тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға басым тәртіппен бағытталатын, сонымен қатар, Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруіне барынша оңтайлы іс-әрекетті анықтайтын ішкі және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін еліміздегі қалыптасқан және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясаттың ерекшелігін анықтап, өзіндік баға беру.
Осы мақсатқа жетудегі міндеттер:
- Инвестициялық саясатының жалпы түсінік ретінде экономикалық мәнін ұғу;
- «Қазагро» Ұлттық басқарушы холдингі мысалы ретінде инвестициялық саясатын талдау;
- Қазақстан Республикасында инвестицияларды қаржыландыру ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстандағы жағымды инвестициялық климаттың қалыптасуына әсер ететін жағдайларды қарастырып, перспективаларын анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ
І. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің инвестицялық саясаты түсінігі және оның мәні
1.2 Мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясатының қалыптасу көздері
ІІ «ҚАЗАГРО» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЫСАЛ РЕТІНДЕ
2.1 «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің инвестициялық жобаларды жүзеге асыру
2.2 Қарағаднды қаласының аылшаруашылық өндірісін дамытудың инвестициялық саясаты
ІІІ ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Инвестициялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі.docx

— 3.10 Мб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ «ҚАЗАГРО» ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГІНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЫСАЛ РЕТІНДЕ

 

2.1 «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы  холдингінің инвестициялық жобаларды  жүзеге асыру

 

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (әрі қарай - Холдинг) «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысына сәйкес құрылды.

Холдингті құру мақсаты - инвестициялық активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы және акциялары орналастырылатын акциялардың төлеміне берілген, агроөнеркәсіп кешені саласында қызметтерді жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың ұжымдық мәдениеттерін дамыту арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

2013 жылға арналған «ҚазАгро»  холдингі» АҚ қызметінің негізгі  нәтижелері. Жалпы аталған холдинг қаржы көлемі мен құрылымы 3 негізгі көзден қалыптасады. Атап айтсақ 2013 жылғы қорытынды бойынша тартылған қаражат есебіне 94млрд.тг (49%), бюджет қаражаты есебінен 18млрд.тг (9%), меншык қаражаты 81млрд.тг (42%) құраған болатын.(Сурет 1)

 

         Сурет 1

АӨК қаржыландыру көлемі және құрылымы

 

 

Холдингтің инвестициялық портфелі

Барлығы: құны 250,4 млрд. теңгені құрайтын 368 жоба. Оның ішінде 2013 жылы іске қосылды құны 33,6 млрд. теңгені құрайтын 68 жоба (қарыз алушылардың қаражаттарын ескере отырып).

 

Сурет-2            

 

Инвестициялық жобаларды іске асырудағы көрсеткіш:  2011 жылы -46жоба мақұлданып, 68 жоба енгізілген, 2012 жылы- 72 жоба мақұлданғаны, 67 жоба енгізілген, 2013жылы- 111 жоба мақұланып, 68 жоба енгзілген болатын. Бұл көрсеткіштер нәтижесінде әр жыл өткен сайын инвестициялық жобалардың барынша қарқынды жүзеге асырылуы  көрініс тауып тұр. Аталған жобаларға кеткен ақша қаражат көлемі Сурет3 көрсетілген.(Сурет 3)

Холдингпен қаржыландырылатын барлық инвестициялық жобалар еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған және Ресейдің, Израильдің, Голландияның, Германияның жетекші өндірушілерінің жоғары өндіруші жабдықтары базасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің және өндірістің заманауи технологияларын қолдана отырып жүзеге асырылады. Олардың негізінде жаңа технологияларды ендіруді оқыту және тарату жүргізіледі.

Инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ агроөнеркәсіп кешенін индустриалды-инновациялық дамыту бойынша негізгі қаржылық оператор болып табылады және ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болып табылады. 31.12.2013 ж. жағдай бойынша жалпы құны 250,4 млрд. теңгені құрайтын, оның ішінде 172 инвестициялық жоба ҚР Ұлттық қорының қаражаты есебінен іске асырылатын, 368 инвестициялық жоба мақұлданды. 2013 жылдың нәтижесі бойынша 1,5 мыңнан астам жұмыс орындарын құра отырып, жалпы құны 33,6 млрд. теңгені құрайтын 68 инвестициялық жоба пайдалануға берілді:

 • 22 асыл тұқымды репродуктор, өндірістік қуаттылығы 20,7 мың ІҚМ  бастары, 427 жұмыс орындары;

• жылына сүт өнімінің 44 мың тоннасына дейін өндіру қуаттылығы бар сүт-тауарлық фермасын құру бойынша 8 жоба, 297 жұмыс орны;

• 78,1 мың тоннаға дейінгі жиынтық сақтау қуаттылығы бар 8 астық қоймалары, 128 жұмыс орны;

• жемшөп өндірісін дамыту бойынша 7 жоба, өндірістік қауаттылығы жылына 35,2 мың тоннаға дейін, 213 жұмыс орны;

• жылыжайларды құру бойынша 5 жоба, өндірістік қауаттылығы жылына 2,6 мың тоннаға дейін жемісті-көкөністі өнімдерін өндіреді, алаңы 10,9 га, 168 жұмыс орны;

 • жалпы сақтау  көлемі 13,6 мың тонна 4 көкөніс сақтау  қоймасы, 78 жұмыс орны;

 • жылына 40,6 мың тоннаға  дейін көлемде астықты өңдеу  өнімдерін өндіре отырып, астықты  өңдеу бойынша 4 жоба, 108 жұмыс орны;

 • жылына 155,8 млн дана  жұмыртқа және қуатты 62,6 мың тоннаға  дейін шығаратын құс фабрикасын  салу бойынша 3 жоба, 46 жұмыс орны;

• 207 га алаңы бар тамшымен суару технологиясын қолдана отырып, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру бойынша 2 жоба, 13 жұмыс орны;

 • өзге де бағыттар  бойынша 2 жоба: 100 отыратын орны бар  дәмхана, суретті электрлік үлгі  және қуаттылығы 5 кВт/сағ шаруа  қожалықтарының шалғайдағы нүктелеріндегі  жел генеторлары, 9 жұмыс орны;

• 1 мал бордақылау алаңы қуаттылығы 1 мың ІҚМ басы, 25 жұмыс орны;

• қуаттылығы жылына 780 тонна ет өнімін өндіретін және мал сою цехтары және етті қайта өңдеуші кешендерінің желісін құру бойынша 1 жоба, 20 жұмыс орны;

• 2,6 тонна өсімдік майын қайта өңдейтін ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша 1 жоба, 9 жұмыс орны.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері көріп отырғанымыздай шаруашылық репродукторларға барынша көп мөлшерде жұмсалады екен (85 жоба), одан кейінгі ауыл шаруашылық өнімдерін кайта өңдеу(49жоба). Әрбір бағыттарға бөлініс аталған холдингтің жұмыс нәтижесін көрсете отырып, инвестициялық климаттың саясаттың дұрыс орындалуын көрсетеді.(Сурет 4)

 

       Сурет 4

 

Инвестициялар тарту

2013 жылдың 17 мамырында жылына 4,625% ставка бойынша 10 жыл мерзімге 1 млрд. доллар сомасында «ҚазАгро»  Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ  еурооблигациялардың шығарылымын  дебюттік орналастыруды жүзеге  асырды. Бұл ұлттық компанияның  ең табысты сырттан тартуы. Бірлескен  букраннерлерімен мынадай HSBC, JP Morgan транзакцияларды шығарды, ішкі нарықтағы  қағаздарды ұсыну «АТФ- Финанс»  көмегі арқылы жүзеге асырылды. Шығарылымның бағалық өлшемдері 2013 ж. 17 мамырында жария етілді. Тапсырыстардың  финалдық кітабы 200 инвесторлардан  астам 3,3 млрд. долларды құрады. Транзакция  сол күннің 4,625% баға көлемінде  жабылды. Бұл мәміле қазақстан  эмитентінің қағаздардың айналымының  осындай ұзақ мерзіміне борыштық  шығарылымның рекордтық төмен  құнын бекітті. КазАгроның орналастыруы  республиканың тарихындағы қаржылық, мұнай газ, энергетикалық және  металлургиялық секторлардан тыс  Қазақстанның алғашқы шығарылымы  болып табылады. Алынған қаражаттар  несиелік және лизингтік міндеттемелерді  қайта қаржыландыру және қайта  құрылымдау арқылы, сондай-ақ жинақталған  берешекті өтеуге қатысты АӨК  субъектілерін қаржыландыру арқылы  АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша пайдаланылады. 2013 жылдың 27 желтоқсанында Холдинг 2,4% ставкасы бойынша Royal Bank of Scotland PLC 100 млн. АҚШ долллары мөлшерінде қарыз алды. Аталмыш қаражаттар АӨК жобаларын қаржыландыруға бағытталған, атап айтқанда кластерлерді дамыту шеңберінде агроөндірісп кешенінің субъектілері үшін айналым қаражаттарын толтыруға, өтемпаздық деңгейін қолдауға, заңнамаға сәйкем міндеттемелерді және өзге де мақсаттарды қайта қаржыландыруға бағытталған. Холдинг инвестициялық жобаларды бірігіп жүзеге асыруға инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отыр. Сонымен «Agrotrading 2007» ЖШС (ГФР) Agravis Raiffaisen AG концернімен сомасы 1,1 млрд. теңгені құрайтын құрама азықтардың 36,8 мың тоннаына дейінгі қуаттылықтағы құрама азық зауытын салу бойынша бірігіп жүзеге асыруға кірісті, оның ішінде шетелдік инвестордың үлесі жобаның құнынан 43% құрайды (ақша қаражаттарымен, сондай-ақ технологиялармен де қатысу)

 

 2.2 Қарағанды қаласының ауылшаруашылық өндірісін дамытудың инвестициялық саясаты

 

2014 жылдың 9 айының қорытындысы  бойынша ауыл шаруашылығының  жалпы өнім көлемі 100,8 млрд. теңгені  құрады, ауыл шаруашылығының физикалық  көлем индексы 2013 жылдың сәйкес  мерзімімен салыстырғанда 104,2 пайызды  құрады.

Ағымдағы жылы облыстың АӨК субъектілерімен «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 1,5 млрд.теңгеге 108 бірлік сатылып алынды.

«КазАгро» ҰБХ АҚ даму институттарымен ағымдағы жылы 5,8 млрд.теңге игерілді (643 жоба).

АӨК-де 2149 жұмыс орнының ашылуымен жалпы құны 52,3 млрд. теңгені құрайтын 46 жоба жүзеге асырылуда оның 18 индустриялизациялау картасына енгізілген, жалпы құны 27 млрд.теңге, 1316 жұмыс орны ашылады.

Индустрияландыру картасына енгізілген 18 жобаның – 9 жобасы 6,2 млрд.теңгеге қолданысқа енгізілді (606 жұмыс орны ашылды) және жалпы құны 20,8 млрд.болатын 710 жұмыс орнының ашылуымен 9 жоба жүзеге асырылады. (Кесте -1)

Кесте-1

АӨК саласындағы инвестициялық жобалар 2010-2017 жылдар

Қала, аудан атауы

Индустриаландыру картасы

Индустриаландыру картасынан тыс

Саны

Құны(млн. теңге)

Жұмыс орындары

Саны

Құны(млн. теңге)

Жұмыс орындары

Қарағанды

5

7 832

251

-

-

-

Теміртау

-

-

-

-

-

-

Саран

-

-

-

-

-

-

Шахтинск

1

90

20

-

-

-

Приозерск

-

-

-

-

-

-

Балқаш

-

-

-

1

1878

200

Қаражал

-

-

-

-

-

-

Жезқазған

1

1200

100

1

229,6

44

Сәтбаев

-

-

-

1

130

25

Абай

3

5800

186

3

715

120

Ақтоғай

-

-

-

2

112

13

Бұқаржырау

4

4967

520

3

428

48

Жаңаарқа

2

1530

75

2

9120

285

Қарқаралы

-

-

-

4

754,8

32

Нұра

1

4775

70

-

-

-

Осакаров

-

-

-

3

1576

68

Ұлытау

-

-

-

-

-

-

Шет

1

350

11

-

-

-

Жиыны

18

26 544

1223

20

14 943,4

835


 

 

Агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы сомасы 36,9 млрд.теңгені құрайтын 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорындарда 2023 адам еңбек ететін болады. Оның ішінде, индустриализация картасына енгізілген 23,8 млрд.теңгені құрайтын 22 жоба жүзеге асырылуда, жобаға сәйкес 1374 адам жұмыспен қамтылады. Мұнымен бірге индустриализация картасынан тыс 13,1 млрд.теңгенің 28 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, 649 адамды жұмыспен қамту және «НУХ «Казагро» АҚ қаржысы есебінен 15 млрд 943 млн.теңгеге 24 жобаны іске асыру көзделуде. (Сурет 5)

Сурет 5

 

 

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен инвестициялық жоба жұмсалымдары үшін 2014 жылдың шығындарының көлемі барлығы Қарағанды облысы бойынша 134 жобаға 702,9млн.тг құрады. Оның ішінде аудандар бойынша: Балхаш 1 жоба үшін 0,5 млн.тг, Жезказган 3 жоба үшін 20,5 млн.тг, Абай ауданы 7 жоба үшін 340,9млн.тг, Шет ауданы 33 жоба үшін 18,3млн.тг, Бұхар-Жырау ауданы 19жоба үшін 70,5млн.тг, Жаңарқа ауданы 27 жоба үшін 52,6млн.тг, Қарқаралы ауданы 14 жоба үшін 23,4 млн.тг, Нуринск ауданы 7 жоба үшін 34,7 млн.тг, Осакаровск ауданы 7 жоба үшін 31,2млн.тг, Ұлыау ауданы 4жоба үшін 7,8млн.тг, Қарағанды қаласы 4жоба үшін 15,4млн.тг. (Диаграмма 1)

                                                                                                                                    Диаграмма 1   

 

2014 жылы 3 инвестициялық жоба  пайдалануға берілді. Олар: абай  ауданында «Топар жылыжайы» ЖШС, «Осы заманға сай жылыжай кешенін  салу»; Жаңаарқа ауданында «Қайрат-2»  ШҚ – «Бордақылау алаңын салу, сүт, ет өнімдерін және қымыз  өндіру»; Жезқазған қаласында «Ұлытау  – Флора» ӘӨК – жылыжай  және көкөніс қоймасын салу. Осы  жобаның нәтижесінде 210 адам жұмыспен  қамтылып, 1,3 млрд.теңгенің өнімдері  өндірілді.

2015 жылы «Волынка» ЖШС, «Қарағанды – Құс» ЖШС, «Здоровые  продукты» ЖШС, «Евразия Инвест LTD»  ЖШС қатысуымен 336 жұмысшыны қамтитын, құны 4 млрд.007,9 млн.теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

2014 жылы «Агробизнес – 2020» бағдарламасы шеңберінде  инвестициялық жобаларды қолдау  мақсатында республикалық бюджеттен 724 млн.теңге инвсетициялық субсидия  бөлінді. Бұл бағдарлама 2015 жылы  жалғасын тауып, республикалық бюджеттен 482, 3 млн.теңге қаржы бөлу көзделуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

 

Мемлекеттің технологиялық мүмкіндігі мен бюджеттік қаражаттардың шектеулігі, әлемдік тікелей инвестиция нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі кезінде мемлекеттік инвестициялық саясатты дұрыс таңдау басымдығы қашанда арта түседі. Өйткені мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы, болжам жасай алуы және сабақтастық инвестициялық жобаларды дайындау мен жүзеге асыруға қажетті жағдай туғызады. Соның бір көрінісі Қазақстандағы отандық және шетелдік кәсіпкерлерге қолайлы ортаның жасалып отырғандығы деуге болады.

Инвестиция саласындағы мемлекеттік саясаттың қолданыстағы тетігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі және соған ұқсас Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесі болып табылады. Бұл аталған Кеңестер бюрократиялық кедергілерді жою, саясатқа импортты алмастыруға ықпал ету, жұмыс қолын тарту мен пайдалану саласында құқықтық базаны жетілдіру, мамандандырылған экономикалық соттарды қолдану аясын кеңейту мен сот жүйесін жетілдіре түсу бағыттарын қарастырады.

Мемлекеттің инвестициялық саясаты экономикадағы теңдікті сақтау үшін басымдық берілген салаларға тікелей инвестицияларды көбірек тартуға ықпал етуге бағытталған. Мәселен, сол кезде басымды салалар болып: ауыл шаруашылығы, өңдеу кәсіпорыны, өндірістік инфрақұрылым, әлеуметтік, мәдениет және туризм салаларының нысандары және Астана қаласының нысандары қамтылды. Солардың ішінде шетелдік кәсіпорындар үшін неғұрлым тартымды секторлар ретінде өңдеу кәсіпорындары (64,3 пайыз) және өндірістік инфрақұрылым (26,6 пайыз) болып табылды

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары жүйесін жетілдіру мен инвестициялық шарттар тәртібін сақтау мониторингі тікелей инвестицияларды тарту аясындағы заңдылықты жетілдіру жөніндегі шаралармен тығыз байланысты жатыр. Бұл Парламенттің қарауына «Инвестициялар туралы» жаңа заңды дайындауға және енгізуге негіз болды. Соған сәйкес тұтас заң актілері дайындалды.

Инвестициялық саясатты — ұлттық экономикалық идея деп түсінгеніміз абзал. Өйткені инвестициялық саясат, ең алдымен инвестиция тарту. Ал инвестиция біздің елімізді тығырықтан шығаруға, өндіріс орындарының өнімін арттыруға, басқа ірі салаларды одан әрі көзін ашып, дамытуға әсерін тигізеді. Әлі-де тигізе беретіні анық. Соның негізінде, яғни бүгінде жеңілдетілген индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелдік инвестициялар тарту және осы бағытта дамудың негізгі құралдарының бірі — тікелей инвестициялар тарту болып қала бермек.

Бірақ ол үшін, алдымен шетелдердің инвестиция тартудағы тәжірибелерін-де білу керек еді. Бұл орайда көптеген елдердің тәжірибелеріне қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар үңілді. Олардың бәрін бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес, бірақ солардың ішінен кейбір елдерді атап өткен жөн. Мәселен, Жапонияның инвестиция тартуға құрылған үлгілерін сөз етуге болады. Оларда шетелдік инвестицияны тартуда 1994 жылы Премьер-министр басқарған Шетелдік инвестициялар жөніндегі кеңестің құрылуы маңызды орын алады. Кеңесу органы болып табылатын Кеңес құрамына шетелдік инвестиция мәселелерін реттейтін негізгі министрліктер мен ведомстволардың басшылары енген. Кеңес Жапониядағы шетелдік инвесторлардың қызметі туралы, ақпарат жинақтап, шетелдік инвестиция нарығындағы негізі бағыттар мен жағдайды талдап, материалдарды жинақтап, сосын белгілі бір шешім қабылдау үшін үкіметке ұсынумен айналысады. Аталған кеңестің жанынан сараптамалық комиссия құрылып, оның құрамына, АҚШ сауда-өнеркәсіп палатасының басшылары және Еуропа елдерінің, Азия елдері компанияларының өкілдері, көшбастаушы экономикалық ұйымдардың жетекшілері арнайы шетелдік мүше есебінде енген.

Информация о работе Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясаты