Журналистик міндеттеріне бүгінгі таңдағы көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 15:05, курсовая работа

Краткое описание

Журналист ол - қоғам айнасы, радиодан болсын, теледидар мен газеттен болсын берілген кез-келген ақпарат қоғамдық көңіл-күйдің қалыптасуына өзіндік ықпал етеді. Әсіресе радио халықтың басым көпілігі тыңдайтын ақпарат құралы болып келе жатыр. Бүгінгі, ақпарттың қарыштап дамыған заманында, теледидар мен интернет дамып, радионың орнын аздап ығыстырғанымен, өзінің табиғи болмысы,ақпарат таратудағы шапшаңдығы жөнінен, әлі де болса алдыңғы қатардан көрініп келе жатыр. Себебі газет немесе теледидардан берілген ақпаратты алу үшін оған белгілі уақыт жұмсау қажет. Интернеттен ақпартат аларда әуелі сол хабар берілген сайтты іздеу мен уақыт өткізіп аласыз.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І тарау. Қазақстанда радионың пайда болуы........................................................5
1.1 Қазақ радиожуранлистикасының даму кезеңдері..........................................7
1.2 Кеңес дәуіріндегі қазақ радиосы......................................................................8
ІІ тарау. Радио журналистиканың міндеттері.....................................................10
2.1 Ақпараттық міндеті.........................................................................................11
2.2 Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті......................................................13
2.3 Мәдени ағартушылық міндеті........................................................................15
ІІІ тарау. Журналистик міндеттеріне бүгінгі таңдағы
көзқарас.................................................................................................................18
Қортынды...............................................................................................................22
Пайдаланылған әдебиеттір тізімі.........................................................................25

Вложенные файлы: 1 файл

РАДИОЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ МӘДЕНИ АҒАРТУШЫЛЫҚ ФУНКЦИЯСЫ.docx

— 66.20 Кб (Скачать файл)

Радиохабар таратудың басты мақсат-мұраты аудиторияның ортақ құндылықтарын қалыптастыру, жалпыадамзаттық, ұлттық, жалпы қалалық немесе аймақтық құндылықтарға баса назар аудару, ортақ тауқіметтерді бірлесіп шешуге үндеу, кертартпа күштер мен ықпалды шектеу болып қала береді.

Радионың аудиториясы үлкен болған сайын, оның жауапкершілігі де өседі. Тыңдармандардың ақпараттық сұранысы дегенде жас ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын, психологиялық көңіл-күйін, ұлттық және діни ұстанымдарын ескеру оңай шаруа емес. Радионың интегративті міндеті кез-келген хабардан көрінеді. Публицистика болсын, өнер тақырыбы қозғалсын, спорт жаңалықтары сөз болсын бәрінде топтастыру, адамдарды жақындастыру идеясы тұрады. Кеңестік идеология заманында бізде бәрі жақсы, оларды бәрі нашар, кертартпа деген ұстаным басым еді. Қоғамның дамуы қандай дәрежеде болмасын журналист обьективті сараптама жасап, дұрыс тұжырымдар жасағаны абзал, мүмкіндігінше көңіл-күйге берілуге болмайды.

Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады. Яғни, ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін іс-әрекеттерге көршілікті жұмылдыра алады. Әрине, ол үндеулер қоғамды ірітуге, белгілі бір топтарды арандатуға бағытталмауы тиіс. Қоғамның тұрақты дамуы, оның мүшелері арасындағы ынтымақ пен татулық, адамгершілік пен достық қатынастар үшін журналист те әрқашан жауапты. Міне, осыдан келіп журналистиканың интеграциялық міндеті туындайды. Журналистика қоғамдық күштерді даму бағытына топтастырушы, өз ақпараты арқылы жаңа межелерге жігерлендіруші. Ол қоғамның, отбасының нығаюы мен беріктігіне, сол арқылы мемлекеттің күшеюіне ықпал етеді, биік мұраттар мен мәдениетті орнықтыруға, соған жас ұрпақты тәрбиелеуге белгілі бір дәрежеде араласады. Тікелей болмаса да, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру арқылы сол нәтижелерге жетеді. Журналистика қарым-қатынас құралы, ол эфир немесе БАҚ арқылы миллиондарды бір мезгілде байланыстырады, журналист үйінде отырған жалғызілікті зейнеткердің әңгімеге деген сұранысын қанағаттандарады. Сол сияқты коммуникацияның қырлары да көп, адам мен адам, топ пен топ, жас пен кәрі, жаяу мен көлікті, бай мен кедей арасында қарым-қатынас бір мезілде орнайды және олардың радиоақпаратқа реакциясы да әртүрлі болатыны заңдылық. Дегенмен, қоғам, оның болашағы бәріне де ортақ, осы арадан ортақ құндылықтар шығады.

Хабар таратудың басты мақсат-мұраты аудиторияның ортақ құндылықтарын қалыптастыру, жалпыадамзаттық, ұлттық, жалпы қалалық немесе аймақтық құндылықтарға баса назар аудару, ортақ тауқіметтерді бірлесіп шешуге үндеу, кертартпа күштер мен ықпалды шектеу болып қала береді[11].

Радионың ендігі бір маңызды міндеттерінің бірі — ол адам мен адам арасында қарым-қатынас орнатуы, қарапайым әңгімелесу, шүйіркелесу. Адамның күні адаммен және сәт сайын табиғатымыздан біреумен сөйлесуге, жауап алуға, пікір білдіруге, ой таластыруға бейім тұрамыз, осындай қарым-қатынасқа мұқтажбыз. Қоғамдағы осындай қажеттілікті қанағаттандырудағы радионың орны орасан. Әсіресе, өтпелі қоғамда, жаңа ортада, саяси, болмаса экономикалық күйзелістер кезеңінде адамдар бір-бірімен әңгімелесуге, тұмшалаған ойы мен күдігін сыртқа шығаруға, өзгелермен бөлісуге, жоспарларын ортаға салуға бейім. . Мұндай қарым-қатынас эмоциональдық көңіл-күйіне әсер етеді, жеңілдегендей сезіндіреді, қолдау мен демеу қанат бітіреді, жігерлендіреді. Радио бұл бағытта да өсу үстінде, соңғы жылдары авторлық бағдарламалардың қатары көбейді, тіпті журналистер бір арнаның келбетін, имиджін айқындайтын жағдайлар да кездеседі. Радио осындай тұлғалар арқылы тыңдарманына жақындай түсті. Журналистің сөйлеу мәнері мен эмоциональдығына үйренген тыңдарман енді оған бүйрегі бұрып, ыждаһатпен тыңдайтын болған, немесе, ұнатпаса бірден радиосын өшіре қояды. Яғни, автор мен тыңдарман арасында эфир арқылы жылы қарым- қатынастың орнауының өзі қажеттіліктен туындап отыр.

 

2.3 Мәдени-ағартушылық  міндеттері

Хабар тарату көп қырлы мәдени-ағартушылық мақсатты жүзеге асыруда бірнеше кешенді міндеттерді қатар орындайды. Соның негізгілеріне жеке тоқталайық[12].

Эстетикалық міндеті. Қазіргі заманғы хабар тарату ісіндегі оның үш қыры назар аударуға тұрарлық.

1. Журналистиканың үздік  үлгілері эстетикалық талапқа  жауап беріп, мәдениеттіліктің бір  қыры болып табылады. Яғни, жүргізушінің  жалынды сөзі, диалогтардың психологиялық  ширығуы, жанды пікірталас, тосын  қисын мен жаңа идеялардың  айтылуы, тыңдарманның қиялын қозғап, оқиғаны көз алдына елестететін  дыбыстық бояулар, өзін оқиға  ортасында сезінуі, хабардың ішкі  байланысы мен өрбу динамикасы, жып-жылмағай құрастырылуы, сөз, саз  бен  табиғи шулардың өзара  үйлесімділігі-осының бәрі эстетикалық  талғамды қалыптастыратын, сананы  өсіретін әдіс-тәсілдер. Журналист  неғұрлым бейнелеуші құралдарын  дұрыс қолданып, тыңдарман санасына  күшті әсер ете алса, соғұрлым  эмоциясын күшті тітіркендіреді  және әдетте көңіл аудара бермейтін  деректің өзі қатты тебірентеді. Қазіргі радионың көркемдік және құрылымдық мүмкіндіктері шексіз. Ол белгілі әдіс-тәсілдерді құбылта пайдалану арқылы деректі, оқиғаны соншалықты жанды, әрі әсерлі тыңдарманына жеткізуге қабілетті. Оның үстіне, қазір тікелей эфир тәсілі, яғни «жанды» эфир тәжірибеде кең қолданыс табуда. Мұның өзі журналистке көп артықшылық береді, әсіресе интерактивті режимде диалогтар құрып, шексіз импровизация жасауға, сөзді тауып айтуға, тыңдарманды қызықтыруға, бірге қуанып, күйінуге, сөйтіп, эмоциялық ахуалды күшейтуге ешкім шектеу жасай алмайды.

Эфир уақытын дұрыс пайдалансаң, өзіңнің бағың, танымалдығың артып, рейтингің өседі, кәсіби білігің мен эмоциялық күйің нашар болса, уақытты зая кетіргенің, тыңдарманды жоғалтқаның. Эфир заңы, осындай қатал.

2. Журналистика өмірге  келген кезден бастап өнердің  әр саласын: музыка, театр, әдебиетті  насихаттап, танытып келеді. Көркем  шығармаларды радиоэфирге шығаруда  көптеген ізденістер жасалынып, небір пішіндер мен жанрлар  дүниеге келді және олар шығарманың  әрін кіргізіп, эстетикалық талғамын  көтеруге тікелей ықпал етті. Сонымен бірге, өзі де басқа  өнер салаларынан көп жайды  үйреніп, әдіс-тәсілдерін байытты, рухани, мәдени және эстетикалық құндылықтарды  бірге меңгерді.

3. Аудиомәдениеттің үздік  үлгілері жылдар бойы қалыптасты  және оның өзіндік дәстүрі  бар. Әдебиет пен театрдағы барлық  түрлер мен жанрлар дерлік  түрленген күйінде радиоэфирге  жолдама алып жатты, сөйтіп, бірін-бірі  байытты. Радиопоэмалар, фельетондар  мен очерктер, трагедиялар, психологиялық  драмалар, комедиялар, фарс пен радиоцирк, тіпті радиобалет әр жылдары  эфирге тарап тыңдарман қиялын  шарпығанын қалай ұмытармыз.

Сөйтіп, өзінің көп жылғы тәжірибесінде басқа өнер салаларын насихаттап қана қойған жоқ, сонымен бірге жеке дара өмір сүре алатын қабілеттілігін, өзгелермен тең екендігін, шығармашылық әдіс-тәсілдерінің сан қырлы екендігін дәлелдеді.

Журналистика қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның ағартушылық міндеті шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге кітаптар, газет-журналдар уақтылы жетпейді, телехабарлар тарамайды.

Радио қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның ағартушылық міндеті шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге кітаптар, газет-журналдар уақтылы жетпейді, телехабарлар тарамайды. Ал, радионың таралу ауқымы әлдеқайда кең.

Радионың демалдыру-ойын-сауықтық міндеттері қазір алдыңғы қатарға шығып отыр. Көп радиостанциялар музыкалы, ойын-сауықтық форматта жұмыс істейді және ол заңды да. Радио көбіне жеңіл ақпаратпен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, сөйтіп, тыңдармандардың демалуға деген сұранысын қанағаттандырады. Осы мақсатта түрлі ойындар ойналады, жүлделер үшін сұраққа жауап береді, музыкалық жұмбақтар шешіледі, бірін-бірі құттықтап, қуаныш сыйлайды, күлдіргі әңгімелер айтып, жарысады, өмірдегі қызықты жайларды әңгімелейді. Сол сияқты түрлі музыкалық кештер мен концерттерден жазылып алынған хабарлар әуе толқынына да жолдама алады. Хабарлардың ендігі бір тобы әзіл-қалжыңға құрылады, түрлі әңгімелер мен актерлік көріністер сөз арқылы сомдалады.

Көбіне, ойын-сауықтық хабарлар журналистика талаптарына толық жауап бере алмайды, сондықтан оның аралық сипатына назар аударамыз. Яғни, мұнда көпшілік мәдениет, шоу-бизнес, эстрада мен әзіл-сықақ театрлары элементтері басым түсіп жатады. Оны жүргізушілерден журналистік қабілеттен гөрі, әртістік және коммуникабельділік талап етіледі. Дегенмен, радиотыңдармандар қатарын көбейту үшін әртүрлі аудиторияның талаптарын ескеріп, эфир кестесін түрлендіру, қажетті ақпаратты таратып отыруға да көңіл бөлген жөн.

Міне, радионың міндеттері сан қырлы екендігіне көз жеткіздік. Оның эстетикалық табиғаты да шексіз, шығармашылық мүмкіндіктері де мол. Соның бәрінің басын біріктіретін бір қасиетті ұғым — дыбыс. Радио — дыбыс өнері. Бір жылдары радио ешқандай да өнер емес деп, рөлін төмендетпек болғандар орынсыз пікірталас тудырған еді.

 Радиоөнер ешбір елде бірден қалыптасып, бірден толысып кеткен жоқ. Бұның ашылар қойнауы мен құпиясы, сыры мен қыры әлі көп. Сондықтан да болар, радиоөнердің тәжірибелерін жинақтаған толық бір теориялық негіз әлі күнге жасалмай келеді. [13]

1979 жылы В.В. Егоров пен  В.Н.Ружников былай деп жазады: “...радио мен телевизия өнері  ерекше жаңа түр ретінде барған  сайын өзінің мол мүмкіндіктерін  ашты. Олар өзге де өнер салаларымен  бірге, халқымыздың рухани мәдениетінің  молшылығы үшін белсенді араласып  келеді. Газет, журналдардан айырмашылығы - телевизия мен радиохабары телефильмдер  мен радиоспектакльдер - өнер шығармаларын  жасау мүмкіндігі бар”[14].

Радиоөнердің сипатын радиотехниканың мүмкіндігіне байланыстырып, немесе радиожурналистиканың ерекшелігіне жатқызып айтылатын кейбір пікірлер бұл өнер табиғатына толық үңіле алмай келеді. Ол әлі де болса зерттеу аясын кеңітіп, тыныс алғыза түсуді керек ететін, болашағы зор, сипаты сырлы ерекшеленер өзіндік негізі, бұтақ жаяр кеңістігі бар үлкен өнердің бір саласы деуге әбден болады.

 

 

ІІ тарау. ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ МІНДЕТТЕРІНЕ БҮГІНГІ КӨЗҚАРАС

 

Журналистика теориясы бойынша жұмыстарда журналистика функцияларын талдауға дәстүрлі маңызды орын бөлінеді. Бұл – кездейсоқ емес. Әлеуметтік қызметтің кез келген жүйесінің функцияларын қарастыру мен талдау – оның теориясының маңызды сәті. Бұл «әлеуметтік қызметтің әрбір жүйесінде болатын процестердің, ақырғы кезект, оның неғұрлым кең мағынада нақты функцины орындайтынымен анықталады. Осы функция қызметтің аталмыш жүйесін детерменизациялайтын сыртқы қажеттілік ретінде, фактор ретінде шығады.

Мәселен П. Прохоровтың «Введение в журналистику» оқулығында журналистиканың алты басты қызметін анықтайды [15].

Біріншіден, журналистика саласында өзара ақпараттық ықпалдасудың негізгі де басты міндеті – яғни бұқаралық аудиториямен, әлеуметтік институттармен байланыс орнату. Сондықтан журналистиканың табан тірер функциясы – коммуникациялық  (лат. communication – хабарлама жолы, байланыс пішіні) функция. Бұл қызмет түрі пікірлесуге контакт орнатуға арналады. Бір қарағанда таза техникалық термин болып көрінетін «коммуникация» ұғымы ақпараттық мән-мазмұнмен толыққан кезде, жаңа сипатқа ие болады. Көп ретте журналистиканы бұқаралық коммуникация құралы, mass media дейтіні де сол себептен.

Екіншіден, журналистің қоғамдағы «төртінші билік» ретіндегі ұйымдастырушылық қызметін атап өту қажет.

Үшіншіден, идеологиялық әлеуметтік бағдарлаушы ретіндегі, яғни аудиторияның дүниетанымына, көзқарасына терең әсер ете алу қызметі.

Төртіншіден, қоршаған ортаны тану, құндылықтарды анықтауда бағыт-бағдар беру, жеке тұлғаны әлеуметтендіру, ағарту және тәрбиелеу, мәдениет тарату сияқты функциялары да ауызға алынып жүр. Сонымен қатар оның қоғамдық процестерді реттеу және қадағалау, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау және әрбір адамды кәделік мәліметпен қамтамасыз ету секілді қырлары да бар.

Бесіншіден, жарнамалық қызметі. Бұқаралық аудитория мен әлеуметтік институттардың ақпараттық сұраныстарына сай олардың өмір сүруін қамтамасыз ету. Барлық қырларынан алғанда, қоғамда болып жатқан барлық жағдайлармен таныстыру.

Алтыншыдан, рекреативтілік қызметі. Компенсаторлық (өтемдеу) бағасын, тонусты (лат. tonus – ширығу) түзеу қызметін (көңіл көтеру, дамылдату, сергіту) жоққа шығаруға болмайды. Міне, осылардың бәрінің де журналистика қызметіне қатысы бар.

Аталған функциялардан бөлек журналистиканың әлеуметтік жағынан алғанда басты функциясын қарастырамыз. Әлеуметтік практиканың қоғамның заманға сай қажетті ақпарат сұранысын бақылаушы функциясы. Ол қоғаммен үнемі байланыста болуды білдіреді. Басқа функциялардан биік тұрады.

С.Г. Корконосенко «журналистиканың әлеуметтік-рөлдік сипаттамасы» деген түсінікті бөліп көрсетеді. Оның астынан «қоғамдық сұраулар мен күтімдерге сәйкес бірқатар әлеуметтік міндеттердің орындалуын» түсінеді. «Журналистика функциясы» түсігінін бөліп көрсетеде оның анықтамасын «функция» деген сөздің терминін латын тілінен шыққанына ғана сітлеме жасап қоймайды [16].

Мұның өзінде «рөлдік сипаттама аталмыш салалардың мөлшері мен сапалық ерекшеліктеріне байланысты құрылады» (әйтпесе олар социетальдік жүйелер деп аталады): экономикалық, саяси, рухани-идеологиялық және әлеуметтік.

Сөйтіп, ол журналистиканығң төрт әлеуметтік рөлін бөліп көрсетеді:

  • өндірістік-экономикалық;
  • ақпараттық-коммуникативтік;
  • реттеушілік;
  • рухани-идеологиялық.

Информация о работе Журналистик міндеттеріне бүгінгі таңдағы көзқарас