Ата ұлағаты - өсиет сөздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 19:59, реферат

Краткое описание

Аталарымыздың ұлы өсиеттері адамға сөз қуаты, көркем бейне арқылы әсер етеді. Жазушы өткен тарихты, ондағы адамдардың жан-күйін, сезімін, қайғы мұңын тебірене жазып, бүгінгі біздерді толқытып, қайғыртып-қуантып, күшті әсерге бөлеп, ойға шомылдырады. Кейбір көркем шығарманы оқып отырып, оқиғасына өзің араласып кеткендей күй кешесің, кейіпкердің түр-түсін, қуанғанын, ренжігенін жан-жүрегіңмен қабылдайсың

Вложенные файлы: 1 файл

Тәрбие баяндама.doc

— 32.00 Кб (Скачать файл)

Ата ұлағаты - өсиет сөздер

         Аталарымыздың ұлы өсиеттері адамға сөз қуаты, көркем бейне арқылы әсер етеді. Жазушы өткен тарихты, ондағы адамдардың жан-күйін, сезімін, қайғы мұңын тебірене жазып, бүгінгі біздерді толқытып, қайғыртып-қуантып, күшті әсерге бөлеп, ойға шомылдырады. Кейбір көркем шығарманы оқып отырып, оқиғасына өзің араласып кеткендей күй кешесің, кейіпкердің түр-түсін, қуанғанын, ренжігенін жан-жүрегіңмен қабылдайсың.Бұның бәрі – көркем әдебиеттің, яғни сөз өнерінің құдіреті. Адам баласына қуаныш сыйлайтын, сезімімізді  тәрбиелеп, байытып, азаматтық тұлға қалыптастыратын, жарасымды әдеби тілде сөйлеуге үйрететін әдебиеттің жеке адам өмірінде, қоғамдық болмыс-тіршілікте алатын орны ерекше.

         Ал нағыз оқырман болу үшін, көркем шығармалар туралы ғылыми білімге ие болып, оларды талдай білуге үйрену керек. Көркем туындыны  талдау оқулықтан алған біліміне ғана қатысты емес. Оқыған шығарма мазмұнын терең түсініп, қабылдап, автордың ойы мен көзқарасын айтпай танып, осы шығарма туралы өз сөзіңді, пікіріңді айту – талдаудың басы да, негізгісі де осы.

         Оқырман  шығарманы оқи отырып, шын қуаныш  сезімін бастан кешіріп, эстетикалық  ләззат алу үшін автордың (сол  шығарманы жазған) өз туындысын  жасау үстіндегі сезіміне жақындай  түсуі қажет. Оқулықта ұсынылған шығармаларды оқығанда, сендер де сөйтіңдер. Талантты жазушының талантты оқырмандары болуға тырысыңдар.

         Сөз өнері  – мәңгілік мектеп, оның өмірінің  шегі жоқ.

         Ұлан-байтақ қазақ жері – ең кемінде 3-5 мың жылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі. Қазақтардың арғы ата тегі – біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстанның қазіргі аумағындағы өмір сүрген ақ, ғұн, үйсіндер. Заманымыздың V ғасырынан былай түрік, түркілер атанған.

         Сақтар  біздің заманымыздан бұрын Монғолия мен Дунай арасын мекендеген. Сақ сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін сақталған. Мысалы, сақа (асық), сақпан, сақшы, қып-сақ (қыпшақ), т.б. Көшпелі сақтар жайындағы деректер көне грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" кітабында, қытай шежірелерінде жазылып қалған.

         Сақтардың 26 әріптен тұратын жазуы болған. Есік қаласының маңынан табылған  Алтын Бекзаданың жанындағы күміс  тостағанда: "Аға, саған бұл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай!" – деген жазу бар. Алтын Бекзаданың біздің заманымызға дейінгі VІІ-V ғасырларда өмір сүргендегі анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс тостағандағы жазу мен біздің заманымыздағы VІІІ ғасырда жазылған Орхон жазулары бірдей.

         Сақ, ғұн  дәуірлерінен келіп жеткен Тарғытай, Алып Ер Тұңға, Тұмар патшайым, Ширақ батыр, Зарина, Мөде батыр жайындағы аңыз-жырлар бар.

         Бала кезімнен естіген, үйренген, білген сөздерімнің ішінен бір сөз көкейімнен ерекше орын алды. Өйткені ол сөзді әжес де, анам да, әкем де мен үшін тілдерімен  емес, жүректерімен айтып отыратындай сезілетін. Кейде әжем сол сөзді маған арнап айтқанда, мейірлене кеудесіне қысып, маңдайыма ыстық лебін тигізе иіскейтін. Сондықтан ол сөз маған барлық сөздердің құдіретіндей сөзілетін. Ол сөз әжемнің аузынан шыққан сайын, масаттанып, наздана түсінетінмін, еркелейтінмін. Ол сөз - "Айналайын!" деген сөз еді.  Осы сөз әжемнің мейірімді кеудесінен шыққан сайын, мен  іштей қайталайтынмын, есейе келе, өзімнен кішілерді мен де "айналайын!" дейтін болдым.

         Срғыстың ауыр жолының үстінде "айналайын!"  деген сөз менің аузымнан түспеді. Өйткені қарамағымыздағы адамның бәрі маған бала сияқты көрінеді. Тар кезеңде барлығы да қатаң бұйрық емес, мейірімділікті күтіп тұрғандай көрінетін. "Айналайын!" дейтінмін. Менің сөзім олар үшін бұйрықтан да өтімді сезілетін. Олар да маған мейірлене қарап, құрмет көрсететін.

         "Сөз  тауып жеткізу!". Қыраулы қыстың  боранындай ызғарлы, қатал сөздерден  гөрі көктемнің жайма-шуақ күндеріндегі  жылы лепті, көңілге еркелей кіретін  жылы сөздер санаға тез жетіп, талас-тартымсыз орын алады. Шіміркентіп ашуландыромайды, көңіл жайлауына қонып тербетеді. Оның жылы сөзін де іштей қайталайсың.

         Айналайын! Осы сөз, осы сезімге байланысты  өз басымнан үлкен оқиғаларды  өткіздім. Осы сөз, осы сезім өзімді өлімнен бірнеше рет құтқарды. "Жақсы сөз – жан азығы" деген халық пікірінің сырын өмірдің ауыр жолының үстінде түсіндім.  Міне, менің әрқашанда  айналайын деп  соғатын жүрегімнің сыры да осында. "айналайын!"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ата ұлағаты - өсиет сөздер