Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 19:01, реферат

Краткое описание

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқық.doc

— 290.00 Кб (Скачать файл)

яғни  шарт   бойынша  мүлік  алушыда меншік құқығы  пайда болатын  кезеңі.

       Жоғарыда көрсетілгендерді  қорыта келіп,  азаматтық құқыққа сала  ретінде төмендегідей  анықтама  беруге  болады. Азаматтық құқық Бірақ азаматтық құқық жеке  мүліктік  емес қатынастарды,  сонымен қатар   тікелей

Мүліктік  қатынастарды  да реттейді. Осы уақытқа дейін жеке  мүліктік  емес  қатынастарды  бұзу  мүліктік   сипатта болады  деген пікір қалыптасты.  Яғни ол үшін жауапкершілік мүліктік сипатта болмауы тиіс.  Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей,   көп жағдайларда азаматтардың  немесе ұйымдардың жеке  мүліктік емес  құықтарын  бұзу,  тиімсіз  мүліктік  сипаттағы  жауапкершілікке  әкеп соқтыруы  мүмкін. 

          Сонымен,  азамат  туралы  жалған  мәлімет  жариялау,  оған жұмысқа   тұруға  немес кәсіпкерлік   қызметпен  айналысуға   қиындық   тудыруы  мүмкін.   Сондықтан  жаңа  заңдылық  бойынша  жәбірленушіге  жалған мәлімет жариялау  арқылы    келтірілген  рухани  залалды  өтеу  құқығына  ие  болды.  Ал  азаматтар  үшін  құқықққа  қарсы іс-әрекет  арқылы  келтірілген физикалық  кемісітушілікті өтетуге  құқылы.

       Азаматтық  кодекстің  1-бабында   былай  деп  көрсетілген:

1.  Азаматтық   заңдармен  тауар- ақша  қатынастары   және қатысушылардың теңдігіне   негізделген  өзге де мүліктік  қатынсатр,   сондай-ақ  мүліктік  қатынастарға байланысты    мүліктік  емес  жеке қатынастар    реттеледі.   Азаматтық  заңдармен  реттелетін қатынастардың  қатысушылары  азаматтар,  заңды тұлғалар, мемлекет  сондай-ақ  әкімшілік  аумақтақ бөліністер  болып  табылады.

2.   Мүліктік  қатынастарға  байланысы  жоқ   мүліктік  емес  жеке  қатынастар  азаматтық  заңдармен  реттеледі,   өйткені  оларды  бұзу  құқық бұзушыға  мүліктік  сипаттағы  жауапкершілікке әкеп  соғады. 

        Ал  заңды  тұлғалар  Қазақстан   Республикасы  Азаматтық  Кодексінің   44-бабында  көрсетілгендей.меншік  иесі  қаржыландыратын  мекемелер  мен қазыналық  кәсіпорындардан  басқа заңды  тұлғалар өз міндеттемелері    бойынша  өзіне  тиесілі барлық  мүлікпен  жауап  береді.

       Меншік  иесі  қаржыландыратын   мекеме немесе  қазыналық  кәсіпорын   өз   міндеттемелері  бойынша өз  билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.   Қаражат жеткіліксіз болған  жағдайда  оның  міндеттемелері  бойынша   тиісті мүлікті меншіктенуші  жауапты болады.

       Азаматтық  құқық  тауар   иелерінен тәуелсіз  және  тең  құқықты  қатынастарды  реттейді. Азаматтық  құқық  қатынас  міндеттеме  бұзылған  жағдайда екіншісіне  жүктейтін  тең  құқылы  талаптар  арасында  құрылады. Азаматтық  талап  жауапкершілікте  болу  фактісін  көрсетеді.

Міндеттеменің  пайда  болуының  құқықтық   негіздері.

         Өзге  де құқықтық  қатынастар  тәрізді міндеттеменің   пайда   болу  негіздері  белгілі   бір  заңдық фактілерге  байланысты   және  сол негізден  көрінеді,   мұның  өзі  Азаматтық   Кодекстің 7-  бабында көрінс  тапқан.        Азаматтық кодекстің 271- бабы осы кодекстің 7- бабында      көрсетілген тұжырымға сүене отырып,  міндеттемелердің   қалай пайда болатыны айқындай  түседі.  Яғни  міндеттеменің пайда болу  негіздері шарттан,  зиян  келтіруде немесе өзге де  негіздерден  пайда  болады.

        Азаматтық  кодекстің 7-  бабы  әртүрлі құқықтық қатынастарының    мүмкіндік  болу  негіздерін    тізбелеп келтірген.

        Жоғарыда  көрсетілген  негіздерден   басқа  да міндеттемемен   байланысты     бірқатар  негіздер  бар.    Бұл ең  алдымен,         әкімшілік құжаттары,    әрине,  біз бұл арада Азаматтық құқықтық   қатынасқа қатыстысын   айтып отырмыз.   Әкімшілік құжатының   заңды   күші  бағынышты органға   міндетті  түрде өкімнің жүргізетіңдігінен көрінеді.   Сондықтан  да  барлық  жағдайда  да әкімшілік  құжат  органдар,  яғни  құжатты  шығарушы,   атқарушы,  оның  орындалуын  бақылаушы   органдар  және  т.б.  арасында  әкімшілік құқықтық қатынастарды  туғызады.   Сонымен  бірге  ол  адресаттар  арасында  Азаматтық  міндеттемені  де  дүниеген  әкеледі.

        Алайда,  мұндай   жағдайлар   салыстырмалы  түрде  сирек   кездеседі,   кәдімгі  жоспарлы    тапсырманы (немесе  басқалай  әкімшілік   құжат)    күрделі  заңдық  құрамның  бір бөлшегі  десе  болады. Міндеттеменің пайда болу  негізінде шарт  әкімшілік құжатқа   келіп қосылады.

        Міндеттеменің  пайда  болу  негізіне   құқықққа  қайшы   нақты  әрекеттер  де  жатады.  Бұған-біреудің  мүлкін  қасақан   не  кездей  соқ  иелену,  зелел  келтіру  арқылы  өзгенің   заңмен  қорғалатын  мүддесін  бұзуды  мысал  етіп   алуға  болады.   Міндеттеме  азаматтық  кодекстің  271-бабында  қарыстырылған  негіздерде  де  пайда  болуы  мүмкін.

     Міндеттеме   өзінің  мазмұнына,   обьектілерінің  салалы  ерекшеліктеріне және  субьектілерінің   сипатына    қарай  мынанадай   түрлерге  бөлінеді:

1.   Жағымды   мазмұндағы міндеттеме,     жағымсыз  мазмұндағы  міндеттеме.

2.    Біржақты  және   өзара   ортақ    міндеттеме;

3.    Борышқор   әрекетін  нақты  анықтайтын   міндеттеме   және  балама  міндеттеме;

4.    Қатаң   түрдегі  жеке  сипаттағы   міндеттеме  (Бұл  міндеттеме  субьект  ретіндегі    жеке  сипаттылық  міндеттеменің    пайда  болуына,  өзгеруіне   немесе   толықталуына  әсер  етпейді);

5.    Басты   және   тәуелді   міндеттемелер;

6.     Шартқа   негізделген  міндеттемелер,   шарттан  тыс  міндеттеме   және  бір  жақты   еркін   құжат   түріндегі  міндеттеме.

          Міндеттеме   жағымды мазмұндағы   және   жағымсыз   мазмұндағы  деп  бөлгендегі  мақсат   борышқор  мен несие  берушінің   әрекет  сипатын   айқындай   түсу.

Бұл  орайда   борышқорға белгілі  бір  әрекетті  жасау    жүктеледі,  ал  несие  берушіге  сол  әрекетті  орындауды  талап  ету  құқығы  беріледі.    Мұның  өзі  жағымды  мазмұндағы   міндеттеме  деп  аталады.  Мұндай  міндеттеме  жиі  кездеседі,   мәселен,  саянсай  тұрғызуды  айтуға  болады.   Жағымсыз  мазмұндағы  міндеттеме деп  борышқордың  белгілі  бір  әрекет жасаудан  бас  тартуын,  несие  берушінің  бас  тартуды мәжбүр  ету  құқығын  айтамыз    Мысалы,  автор  өз шығармасын   жасалған  шарт  мерзімі  бітпейінше  басқа  баспаға ұсынбауы  тиіс.       Міндеттеме  бір  жақты  және  өзара  ортақ та болады.   Біржақты  міндеттеме  дегеніміз  мінджеттемега  қатысушының   біріне  тек  қана құқық беріледі  де,  екіншісінен   тек қана  міндет  бөлінеді.   Ал  екі жақты міндеттеме  деп әр  жақтың   әрқайсысының  міндеті де,   құқығы  да болуын  айтамыз.   Оған  сатып алу-сату  міндеттемесін   мысалға келтірген дұрыс,   бұл міндеттемеде сатып алушының  да,     сатушының бірқатар  құқықтары мен міндеттері    ескеріледі.   Мұндай   жағдайда  Азаматтық кодекстің   269-бабының 3-тармағына сәйкес  тараптардың әрқайсысы басқа тараптың  пайдасына   міндет  алса,   бұл оның   пайдасына   жасуға    міндетті  басқа  тараптың   барышқоры   және   сонымен    бірге  оған  талап  талап  қоюға  құқығы  бар  оның  несие  берушісі  болвып  есептеледі.

          Міндеттемеде   әдетте   несие   беруші  борышқордан  белгілі   бір  әрекетті атқаруды  талап етеді.    Мысалы,  мынадай затты    қайтару,  мынадай ақшаны  беру  және  т.б. Бірақта мазмұны талап   ету құқығы   болып табылатын міндеттеме  де кездеседі,   оған   тиісті  міндеттемеге   сәйкес  бір немесе  бірнеші әрекет  таңдалынады. Бұл   әрекеттердің  бірін   аяқтау  міндеттемені  атқаруды   білдіреді.  Мұнадай   міндеттеме   балама  деп аталады.

           Міндеттемелердің  бір  тобын   жеке сипаттағы  міндеттемелер   құрайды.   Оған  борышқор   мен несие  берушінің  жеке  басына  қатысты  міндеттемелер  жатады.   (мысалы,  мүсіншінің  міндеттемесі  тапсырыс  шартынан  келіп  шығады).   Мұндай  міндеттеме борышқордың  немесе  несие  берішінің  қайтыс  болумен  байланысты    тоқтатылады.  (АК –тің  376-бабы).

         Міндеттеменің  туындауына  орай  шартты,  шарттан тыс деп те,  сондай-ақ  бір жақры еркін   құжатт міндеттемесі   депте бөледі.  Міндеттеменің шартты  тобы  өте көп кездеседі(сату-сатып алу тасымалдау,  сақтандыру   және  т.б)

        Шарттан  тыс  міндеттеем  әр  жақтың  келісім бойынша пайда болмайды,    керісінше азаматтық құқықтық кез-келген  субьектісінің   мүлкіне жасалған   зиян  нәтижесінде кездеседі.   Сондай-ақ  негізсіз  баю салдарынан  туындайтын  міндеттемелер,   яғни басқаның  мүлкіне жинағандарын заңсыз сатып  алу  және  жинау,  мәмлемен  белгіленген   негіздерсіз  иелену  жағдайын да   да көрінеді.     Бұл  жайында  Е.  Баянов  былай  айтады:  “Міндеттеменің  пайда  болуы  заңды  тұлғалардың  мүлкіне   және  олардың  өздеріне  зиян  келтіру   салдарынан   туындауы  да  мүмкін  Азаматтық  құқық  теориясында   мұндай  міндеттемелерді  шарттсыз   міндеттемелер  деп  те  айтады”

         Талапкердің  пайдасына  өндірілетін   құқыққ  бұзушыға  жүктелетін  санкциялар  қолданылады.    Алайда  кейбір  жағдайларда  құқық  бұзушы   зиян   келтіріп  қана  қоймай  арам  ниетпен   жасалса  және  қоғамдық,  мемлекттік   қызығушылықты  тудырса,     онда заңда  белгіленгендей  белгілі  мөлшерде  немесе   толық   мөлшерде   мемлекет  кірісіне  ұсталатын  мүліктік  санкциялар  қолданылуы  мүмкін.

        Азаматтық  құқықпен   реттелетін   тауар-ақша   қатынастары   эквиваленті    өтелетін  сипатта  болады.   Бұдан  шығатын   қорытынды,  талапкерге  зиян  немесе   шығынды   эквивалентті   түрде  өтейді.   Азаматтық  құқықтық  жауапкершіліктің   ерекшелігі   оның   конпенсациялық   сипатта  болуында.    Оның мақсаты –талапкердің  мүліктік   сферасын  қайта  қалпына  келтіру.

         Көрсетілген  жағдай  өз  кезінде   азаматтық  құқықтық   жауапкершіліктің  шегін  анықтайды.  Талапкерге  мүліктік  сфераны қалпына келтіру тек қана  оған  келтірген   зиянды  немесе  шығынды толығымен өтеген  кезде пайда болады.  Сондықтан азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктің  ерекшеліктерінің  бірі  келтірілген зиян  немесе  шығын  мөлшерімен  жауапкершілік    жауапкершілік  мөлшерінің  сәкес  келуі.

         Бұл жалпы  ереженің   кейбір  қолданылмайтын    кездері   бар.  Егер  де  жауапкершілік   мөлшері   заңмен  шектелмеген   болса,  берілген  жағдайды  түсіндіре   отырып,  азаматтық құқық экономикалық  қатынастарды   реттеумен қоса   тәрбиеленуші  және  контрагентке    міндеттемені  орындату  үшін  ықпал етуші сипатқа ие.

         Азаматтық  құқық  қатынастағы   тараптардың  заң  бойынша   теңдігі  азаматтық  айналымдағы  юридистикалық  жауапкершілікті  мойындау    қажеттігінен   туындайды. 

          Бұрынғы  азаматтық  заңдылық   бойынша  бір-біріне  ұқсас   теңдей  жауапкершіліктер  әрқашан   қатал  қолданыла  бермеді.  Бұл  жерде  негізгі  қатысушы  шаруашылық  іс-әрекеттер   жеңілділіктермен  артықшылықтарды  пайдалан  білді.  Осыған  ұқсас  жауапкершілік  мөлшерінің  шектелуі  құрылыс,  транспорт,  кәсіпорындарда  және  басқа  да  ұйымдарда  етек  алды.  Үкімет  мүліктік  жауапкершіліктен  жыл сайын  шарттағы  міндеттемені  бұзған  кәсіпорындарды  және ұйымдарды    жеңіл  өнеркәсіп  саласын  мәжбүрлеу  шараларын  босатып  жіберіп  отырды.  Нарықтық  экономикаға  өтуге байланысты  осындай  жағдайлар  заңның  кейбір  тұстарының  өзгертулеріне  әкеп  соқты.

            Жоғарыдағы  мысалдан  бір шешімге   келетін болсақ,   азаматтық-  құқықтық  жауапкершілік мүліктік  сипатағы  санкция қолданумен    байланысқан,   бұзылған  құқықтарды  реттейтін   және  азаматтық айналымға қатысыушылардың тең құқығын экономикалық  тұрғыда  әсер  ететінмәселе,  сондай-ақ  мүліктік  қатынастарға  байланысты (байланысты  емес)  мүліктік  емес  жеке  қатынастарды   реттеуге  бағытталған  құқықтық  нормалар  жиынтығы. 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  тарау.  Азаматтық   құқықтарды  жүзеге асырудың  түсінігі,  шектері.

 

2.1  Азаматтық   құқық  қатынастарының  элементтері

 

       1.  Құқық қатынастарын  сөз  еткенде,  оны  талдағанда  біз  алдымен  құрамдас  элементтерін  айқындап  алуымыз  қажет.  Әрбір   құқық  қатынастарында   қатынастың  субьектілері деп  аталатын  қатысушылар  болып  табылады.  Азаматтық  құқықтық  қатынастарының  субьектілері:  жеке  тұлға,  заңды  тұлғалар,  әкімшілік-  аумақтық   бөліністер,  сондай-ақ  мемлекет  болып  табылады.

       Құқық қатынастарын  қатысушылардың  арасында  белгілі  бір  байланыс  орнайды,  сол  себепті  бұлардың  арасында  қатынастарының  мазмұнын  құрайтын     белгілі  бір  құқықтар  мен  міндеттер  пайда  болады.

         Сол  қатынаста   құқықтар  мен  міндеттер  не нәрсеге  (мүліктік  және  жеке  мүліктік  емес  игіліктер)   бағытталған  болса,  сол нәрсе  оның  обьектісі  деп  аталады.

         Сөйтіп,  құқық  қатынастарына   төмендегідей   элементтер  тән   болады:  субьектілер  (қатысушылар),  мазмұны (құқықтар  мен  міндеттер)   және  обьектілер  (құқықтар  мен міндеттердің  қатынасы  бар мүліктік   және   мүліктік  емес  игіліктер).

       2.  Осыған орай  құқықтың  жалпы   теориясының  бір  мәселесіне  тоқтала  кеткеннің   еш артықтығы   жоқ.  Әдетте  “құқық”   сөзі  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  бірақ  шын  мәнінде   мүлдем  бөлек екі  мағына  білдіретіндігін  айтпасқа  болмайды.   Оның  біріншісін  “Азаматтық құқық”   “құқық  нормалары”  дегенге  қолданамыз.  Бұл  сөз  тіркесіндегі  “құқық”   дегеніміз  мемлекетке   қалыптасқан құқықтық  рәсімдер  жүесі,  жиынтығы.  Қажет болған  жағдайда  оның  жүзеге  асырылуы   мемлекетткүшіне сүйенеді.  Осы мағынада   қолданылатын  “құқықтың обьективті  мағынасындағықұқық” деп немесе  “обьективті құқық”  деп атайды.

        Бұл  күнделікті  өмірде  “менің  меншік  құқығым  бар”,  “сіз бұлай  істеуге құқығыңыз  жоқ”, “оның  зейнетақы  алуға  құқығы  бар”   тәрізді  сөздерді  жиі  айтамыз,   ал  бұл  орайда кедесетін “құқық”   сөзі   заң  дегенді  емес,  тұлғаның,  нақті адамның  белгілі    бір мүддесін  ғана білдіреді.  Бұл жағдайларда “құқық”   туралы  субьективтік  мағынада  немесе  басқаша айтқанда,  құқықтық  нормалардың   құқық тұлғаларына берген  құқықтық  мүмкіндіктер  болып есептелінеді.   Құқық қатынастарының  элементті ретінде  атқанымыз,біз  субьективік   құқық  туралы   да  айтамыз “құқтық”   деген  сөзге  беретін  екінші  мағына .

Информация о работе Азаматтық құқық