Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 15:56, дипломная работа

Краткое описание

Біздің планетамыздың аса маңызды құрал бөліктерінің бірі гидросфера. Гидросфера күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір біріне байланыстырып, біртұтас жабық жүйе! Мұхит атмосфера құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе.
І. Cу ресурстарына жалпы сипаттама.
1.1. Қазақстан өзендері.
1.2 Көлдер мен бөгендер
ІІ. Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері.
2.1. Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану .
2.2. Қазақстан Республикасының мұздықтары. Көп жылдық тоң.
2.3. Жер асты суының типтері.
ІІІ. Су қоры және оны ластаушы негізгі факторлар.
3.1. Су ресурстарының сарқылуы.
3.2. Суды ластаудан қорғау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНЫасем.doc

— 322.50 Кб (Скачать файл)

Сырдария (Сейхун) жағалауы сонау ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған, суармалы егіншілік кеңінен дамыған мәдениет ошақтарының бірі болып саналады. Бүгін Сырдария аңғары – республикадағы күріштен мол өнім алатын өңір. Өзеннің ағынын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында Қызылорда, Қызылқұм және Қазалы суару жүйелері, Шардара бөгені т.б. салынған.

Өзен суы халық шаруашылығының мұқтажына толық пайдаланылуына байланысты Сырдария Арал теңізіне жылдан бері құймайды. Сырдария Қызылқұм, Арысқұм  және Арал маңы Қарақұмын кесіп өтеді. Өзеннің кәсіптік  маңызы бар көксерке, табан балық, ақмарқа, қаяз сияқты балықтарды да азайып кетті. Сырдарияға Қазақстан жерінен жалғыз Арыс өзені құяды.

Арал теңізінен шығысқа  қарай және солтүстігінде бірнеше  ұсақ көл бар. Оларға біраз кішігірім өзендер мен жылғалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары: Шу, Сарысу, Торғай және Ырғыз.

Қызылқұм құмды шөлінің  арасында Жаңадария, Қуаңдария сияқты құрғап қалған ескі арналар көп кездеседі.

Балқаш-Алакөл алабы. Бұл алаптың ең үлкен өзені – Іле. Іле өзені Шығыс Тянь-Шань тауларынан басталатын Текес және Күнгес өзендерінің қосылуынан пайда болады. Текес өзенінің құяр сағасынан өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км, оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км. Республика шегіндегі ірі салалары: Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Өсек. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің таудан ағып шығар аралығында Қазақстанның ірі қаласы – Алматы орналасқан. Басталар жерінде тау өзені болып табылатын Іле орта және төменгі бөлігінде жазық өңірмен ағады. Қапшағай шатқалы маңында өзен аңғары тарылады да, Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары кеңіп, қайтадан жазық өзеніне айналып, Сарыесік Атырау және Тауқұм құмдары аралығымен ағады.

Қапшағай шатқалынан төмен Іленің көне атырауы Бақанастың құрғақ арналары бөлініп шығады. Іленің аңғары 200 м-ден 15 км-ге дейін кеңейеді. Суының молдығы жөнінен Іле республикадағы Ертіс, Жайықтан кейінгі үшінші өзен. Жылдық орташа су шығыны 472 м3/сек. Негізінен қар мен мұз суымен қоректенеді. Өзеннің ең жоғарғы деңгейі шілде- тамыз айларында байқалады. Өзен қарашаның аяғында қатып, сәуірдің басында мұзы түседі.

Іле алабындағы тау өзендерінде  тасты-лайлы тасқындар жиі болып  тұрады. Тасқындар жолындағы тау  беткейлерін бұзады, өзен арнасын  өзгертеді, көпірлер мен құрылыстарды талқандап, халық шаруашылығына көп зиян келтіреді. 1963 жылғы 7 шілдеде болған жойқын сел әдемі Есік көлінің табиғи бөгетін бұзып, көлді жойып жіберді. Соңғы кезде селге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы, тау беткейлерін бұзылудан сақтау үшін ағаш отырғызылып, шөп өсірілуде, бөгендер салынуда.

Алматыдан жоғары, Іле  Алатауының Медеу шатқалында селге  қарсы тосқауыл мақсатында зор қопарылыс  арқылы 1966 жылдың күзінде Медеу бөгеті салынды. Оның биіктігі 100 м-ге, табанының ені 600 м-ге жуық. Ол Алматы қаласын 1973 жылғы шілдеде болған жойқын селден құтқарып қалды. Іле өзені Қытай шекарасына дейінгі бөлігінде кеме қатынасына қолайлы. Іле салаларының суы түгел дерлік егін суаруға пайдаланылады. Үлкен Алматы каналы Іле Алатауы етегінде ондаған мың гектар жерді суаруға мүмкіндік береді.

Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і салынып, Қапшағай бөгені пайда болды. Мұның  өзі суармалы жердің көлемін ұлғайтып, кеме қатынасын жақсартты. Қапшағай СЭС-і өнеркәсіптің әр түрлі саласын  өркендетуге және ауыл шаруашылығын электрлендіруге мүмкіндік береді.

 

 1.2. Көлдер мен бөгендер.

а) Қазақстанның кең байтақ аумағында ірілі- ұсақты 48 мыңнан көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан.Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлық дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп лтырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 21 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60% - ын алып жатыр.

Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында ерекшеліктер бар. Оның бірінші ерекшелігі аумақ бойынша біркелкі таралмған. Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Мысалы, Солтүстік Қазақстанда 21580 көл бар. Ал Орталық және Оңтүстік Қазақстан облысында 17550 көл кездеседі. Алып жатқан  ауданы жағынан солтүстік көлдердің үлесі бүкіл көлдердің 35%, ал орталық және оңтүстік көлдерінің үлесі – 10%-ын құрайды.

Көлдер табиғат зоналарының  бәрінде де бар, бірақ жылу мен ылғал тепе–теңдігіне байланысты олардың орналасуы, саны және суының сапасы зонаға тікелей байланысты. Ылғалы мол аудандарда көл көбірек және суы тұщырақ болады. Құрғақ климатты аудандар да көлдер аз, су деңгейі төмен әрі ағынсыз, көбісі біразы тартылып қалады, тұзды. Жалғыз ғана ағынды көл–Зайсан көлі Қазақстанның шығыс бөлігіндегі қазаншұңқырда орналасқан. Мысалы, орманды дала зонасында ауданы шаршы 1 км–ден астам 740 көл бар, олардың ішінде тұщы көлдер тұзды көлдерден 6 есе көп. Оңтүстікке қарай тұщы көлдер азайып, тұзды көлдер көбейе түседі. Дала зонасының сондай 1875 көлінің тұщылары тұзды көлдерден 4 есе, шөлейт зонасының 216 көлінің тұщылары 1,3есе көп болады. Шөл зонасындағы 142 көлдің біразы тұзды болып келеді.

Жазықтағы көлдердің  көпшілігі теңіз деңгейінен 100-300 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан. Көлдердің орналасуында байқалатын тағы бір ерекшілік–олардың топ–топ болып шоғырлануы. Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты және Батыс Сібір жазықтарында, сондай–ақ аласа таулы Сарыарқада және оңтүстік–шығыс таулы аймақтарда да көп.

Қазақстан көлдерінің тағы бір ерекшелігі–жасының әр түрлі  болуы. Көлдер әр кезеңде пайда болған. Орманды дала, дала зоналарының көлдері біртіндеп шөгінді жыныстарға толып, оларда өсімдіктер қаптап өсуде. Шөлейт, шөл зоналарының көлдері тұз тез байланатын көлдерге айналады. Мұнан әрі ол көлдер сорға айналады. Сөйтіп, олардың көпшілігі жойылудың әр түрлі дәрежесіне жеткен. Қазақстанның биік таулы аймақтарының көлдері шығу тегі жас көлдерге жатады. Олардың өздері де біркелкі таралмаған, негізінен 1400-2800 м биіктік аралығында орналасқан. Олардың саны жоғары және төмен қарай кеми түседі. 1400 м–ден төменде су эрозиясының қарқынды болуы көлдердің пайда болуына мүмкіндік бермейді.

Көлдердегі су деңгейі  судың кірісі мен шығысының ара–қатынасына байланысты. Оларда су балансы жыл  ішінде айтарлықтай өзгеріп тұратындықтан, деңгейі жиі ауытқуға ұшырайды. Қазақстан  көлдерінің көпшілігінің деңгейі көктемгі бар еріген кезде көтеріледі. Жаз бойы олардың деңгейі баяу төмендейді, бірақ нөсер жаңбырлар әсерінен аз уақыт көтеріледі. Кейде су деңгейінің шұғыл өзгеретіні соншалық, тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл–мезгіл кеуіп қалады. ХХ ғасырда Қазақстанда ең су аз сулы кезең 1936-1940 жылдары болды. Сол жылдары Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі көлдердің 70%-ы құрғап қалды.

Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай бірнеше  типке бөлінеді.

Тектоникалық  көлдер. Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады. Мұндай көлдер Қазақстанның оңтүстік–шығыс таулары мен Сарыарқада көбірек таралмаған. Зайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз–Қорғалжың тобы, Көкшетау тобы, бұрынғы тектоникалық бөген Есік көлі т.б. су айдындары осы топқа жатады.

Реликті (қалдық) көлдер ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындығы, Балқаш–Алакөл ойысындағы кейбір көлдер қалдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері–Каспий мен Арал теңіздері. Бұлар жер қыртысының– майысқан бөлігінде тектоникалық көлдер болып қалыптасты.

Мұздық көлдер типі. Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзеннің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т.б. мұздық көлдері жатады.

Кар көлдері. Биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Қар ойыстарының пішіні көбінесе дөңгелек болып келеді, олар суға толғанда қар көлдері құралады. Мұндай көлдер өте көп, бірақ олардың көлемі шағын болады.

Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі  салдарынан пайда болған көлдер. Оларды дала табақшалары деп те атайды. Түбі тегіс ойыстар суға толып, шағын көлдерге айналады. Қазақстанның солтүстігінде, Батыс Сібір жазығында мұндай көлдер өте көп.

Ескі арна көлдері. Қазақстан өзендерінің ирелеңдеп ағу нәтижесінде негізгі арнадан бөлініп қалған көлдер. Өзен жайылымаларында орналасады.

Бөгендер. Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер негізінде халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынның алып жатқан ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді: дейін–кіші, дейін–орта, дейін–ірі, одан үлкендері–аса ірі бөгендер.

Қазақстанда қазір мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы мың км. Оларда км тұщы су жиналған. Республикада екі өте ірі, бір–ірі  және алты орта бөгендер бар, қалғандары кіші бөгендер. Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқанд, Бөген, Ақкөл, Молодежное, Шерубай–Нұра, Кеңгір, Өскемен, т.б.

а) Жер асты сулары- қатты, сұйық және газ күйінде жердің литосфера қабатында, тау жыныстарының арасындағы қуыстарда, кеуектерде, жарықтарда болатын су. Олар өзен, көл, теңіз және мұхит суларымен бірге жер шарының гидросфера қабатын құрайды. Жер асты сулары сол жердің орографиясына, климатына, тау жыныстарының сипатына қарай әр түрлі болады.

Жарықшақтық типті жер асты суы Тянь-Шань, Алтай, Жоңғар Алатауы және Сарыарқаның аласа тауларында тараған. Бұл сулар кристалды тау жыныстарының жарықтары мен жарықшақтарында кездеседі. Тектоникалық жарықтарда минеральды бұлақтар орналасқан.

Жарықшақтық қат - қабатты типті жер асты сулары Маңғыстау, Мұғалжар, Сарыарқа тауларындағы палеозой және мезозой жыныстарының қат -қабаттарында қалыптасады. Жер асты суының бұл типі таулы өңірлердің 800 мың км2 ауданында таралған.

Қат - қабатты жер асты сулар типі шөгінді жыныстардың арасында кеңінен таралған. Олар ірі ойыстардан Іле, Торғай, Зайсан және т.б. тереңдігі 100 метрден астам қабаттар арасында молынан іркілген. Тереңдік жағдайларына қарай жер асты сулары грунт суы және артезиан сулары деп бөлінеді.

Грунт (еспе) суы жер бетіне таяу орналасқан, бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде жатқан сулы қабаттағы жер асты суы. Оның қысымы жоқ, су деңгейі 1 жыл ішінде маусым сайын өзгеріп отырады. Жауын шашын көбейсе көтеріледі, жер беті тілімденсе төмендейді. Еспе суы 3-30 м тереңдікте таралған.

Қазақстанның өзен жүйесі сирек өңірлерінде еспе  суы  мен терең қабат  аралық жер  асты суының үлкен маңызы бар. Халық  еспе суын көне заманнан ақ пайдаланып келеді. Шөлейт аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланып, ал шөлді жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық шаруашылығының суға деген өскелең еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай  су көздері де табылды, бұл терең қабат аралық жер асты суы.

Республикада артезиан алаптары табылды. Олардың ауданы Балқаш сияқты 70 көлдің көлеміне тең. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж. Шыңырау құдық  қазылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл су өткізбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы. Артезин сулары платформалар мен ойпаттарда, тау аралық ойыстарда кездеседі. Қазақстанда тұщы артезиан сулары 50-2700 м, ал тұзды және ащы су онан да тереңде жатыр. Каспий маңы ойпатында 10-23 км жетеді. Мысалы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас жер асты теңізінің бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Алматы қаласы, 14 облыс орталығы, 200 астам аудан орталықтары, өнеркәсіп және 3500-ден астам ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері қазірдің өзінде жер асты суымен қамтамасыз етіледі. 100 млн гектардай жайылымдарды суландыруға, мың гектардай егістікті суаруға мүмкіндік алады. Таяу жылдар ішінде жер асты суы бұдан да кең пайдаланылатын болады.

Қазақстанда жер астынан  ыстық су табу үшін барлау жұмыстары  жүргізіліп отыр. Термальды жер асты суы өнеркәсіпте, сондай-ақ үйлерді, жылыжайды, фермаларды және моншаларды жылыту үшін пайдаланылады.

б) Минералды сулар. Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздардың түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт- санатоийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдалағаны болмаса, олар әлі игерілмеген.

Республика жерінде 300-ден  аса минералды бұлақтар зерттеліп, олардың әр түрлі дертке шипалық  қасиеттері анықталды. Олар Қазақстан  жерінде өте ерте кезден белгілі. Мысалы, Алмаарасан радонды ыстық минералды су көзі  ғасырдан бері белгілі, Ақсақ Темір жорықтарының жазбаларында кездеседі. Алтайдағы Райхан қайнары жөніндегі алғашқы деректер баспасөз бетінде 1834 жылы жарияланған. Қызылорда аймағындағы Жаңақорған санаторийі 1919 жылдан жұмыс істейді.

Информация о работе Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері