Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 15:56, дипломная работа

Краткое описание

Біздің планетамыздың аса маңызды құрал бөліктерінің бірі гидросфера. Гидросфера күн энергиясы мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір біріне байланыстырып, біртұтас жабық жүйе! Мұхит атмосфера құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе.
І. Cу ресурстарына жалпы сипаттама.
1.1. Қазақстан өзендері.
1.2 Көлдер мен бөгендер
ІІ. Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері.
2.1. Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану .
2.2. Қазақстан Республикасының мұздықтары. Көп жылдық тоң.
2.3. Жер асты суының типтері.
ІІІ. Су қоры және оны ластаушы негізгі факторлар.
3.1. Су ресурстарының сарқылуы.
3.2. Суды ластаудан қорғау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

ДИПЛОМНЫасем.doc

— 322.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

Кіріспе.

   І. Cу ресурстарына жалпы сипаттама.

1.1. Қазақстан өзендері.

1.2 Көлдер мен бөгендер.

 

ІІ. Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың       ерекшеліктері.

2.1. Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану .

2.2. Қазақстан Республикасының мұздықтары. Көп жылдық тоң.

2.3. Жер асты суының типтері.

 

ІІІ. Су қоры және оны ластаушы негізгі факторлар.

3.1. Су ресурстарының сарқылуы.

3.2. Суды ластаудан қорғау.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кіріспе.

 

Зерттеу өзектілігі.

Біздің планетамыздың  аса маңызды құрал бөліктерінің бірі гидросфера. Гидросфера күн энергиясы  мен гравитациялық күштер әсерінен қозғалысқа түсетін және бір күйден екінші күйге өте алатын барлық су түрлері жатады. Гидросфера жердің басқа элементтері атмосфера мен литосферамен тығыз байланысты. Жердегі су үнемі қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы гидросфераның барлық бөліктерін бір біріне байланыстырып, біртұтас жабық жүйе! Мұхит атмосфера құрлықты түзеді. Ол гидросфераның түрлі бөліктерінің  әртектілігіне байланысты өзгеретін су алмасу процесінің белсенділігін қамтамасыз етеді.

Мұхиттағы су гидросфераның  барлық массасының 97% құрайды және жер  планетасы бетінің ауданның 78%  аса бөлігін алады.  Биосфера тіршілігіндегі мұхиттың алатын орны ерекше. Онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассасының өндірісіне қамтамасыз ететін толып жатқан. Химиялық реаекциялар жүреді. Су кез келген жануарлар мен өсімдіктердің ткандері мен клеткаларының құрамына кіреді. Жануарлар мен өсімдіктер организмдегі өте күрделі реакциялар тек қана су қатынасында жүре алады. Жер планетадағы климатына көп жағдайда суға және атмосферадағы су буларының мөлшеріне қалыптасады.

Мұхиттардағы судың  беткі бес жүз метрлік қабаты ондағы планктон сүзгіш  аппараты арқылы 40 күн ішінде сүзіліп өтсе бір жыл ішінде мұхиттағы бар су планктон арқылы тазарып отырады. Теңіз суындағы еріген тұздардың концентрациясы 3,5% болса химиялық құрамы жағынан бұл тұздардың 99,9% - натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобальт т.б. иондардың үлесіне тиеді.

Су әлемнің ең үлкен  байлығы бірақ біздің планетамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана таза судың  жетіспеушілігі жер шарының көптеген аудандарындағы өткір мәселелердің бірі болып отыр.

Жердегі су ресурстары жалпы алғанда жер бетілік және  континентальды сулар. Бүкіл әлемдік мұхит сулары  және жер астылық сулар болып үшке бөлінеді. Континентальды суларға өзен, көл, теңіз, батпақ, атмосфералық жауын – шашын сулары, мұздықтар суы, бүкіл әлемдік мұхиттар мен оларға құятын теңіздер ал жер астылық суларға топырақ, ылғалдары жер астының грунт сулары жатады.

Судың химиялық құрамы бір  біріне байланысыз, екі фактордың  тарихи  табиғи және геологиялық  жағдайлар мен антропогендік  фактордың әсерінен қалыптасады.

Судың химиялық құрамының түрліше болуы себепті: оларды минералдану дәрежесіне байланысты төмендегіше класификациялауға болады (1г\м).

Тұщы су  - 1

Тұздану – 1-25

Тұзды – 26-50

Ащы - > 50

Жер бетіндегі тұщы су қорының 97% Антарктида, Греландия полюстер мен таудағы мұздықтардың үлесіне тиеді. Егер осы мұздықтарды жер бетіне бірдей етіп болса, онда ол қалыңдығы 53 м қабат түзген болар еді. Бірақ осындай тұщы су қорын пайдалану әлі күнге мүмкін болмай отыр.

Құрлықтың бар болғаны  шамамен 3% көлдер мен өзендер алып жатыр. Сондықтан да тұщы судың жетіспеушілігі түсінікті жағдай деуге болады.

Табиғатта су үздіксіз жүріп  отырады. Күн  әсерінен мұхит суларының, құрлықтың беттерінен және өсімдік  транспирация арқылы су үздіксіз буланады. Нәтижесінде  атмосфера сумен  қанығады.

Зерттеу жұмысының  мақсаты:

Қазiргi таңда  əлемнiң көптеген елдерiнде тұщы судың дефицитi байқалып отыр. Бұл жағдай су қорының құрлықтас бiркелкi таралмағандығынан, халық санының өсуiнен жəне өндiрiс пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуынан қалыптасып отыр. Жүргiзiлген еесптеулер бойынша, жер шарында суды əртүрлi мақсатқа пайдалануға жыл сайын шамамен 150км3, ал өзендер мен жер асты суларынан 600 км3 алынады. Былайша айтқанда, суды пайдаланудан қоры əлдеқайда көп жəне жеткiлiктi болу керек. техника және технологиямен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер ауыл шаруашылығында бірден-бір мақсаттары болып отыр.

Жұмыстың мақсатына  жету үшін алға қойған міндеттер:  

Суды тиімді пайдалану заңдылықтарына сипаттама беру;

Ауыл шаруашылығында судың маңызын анықтау.

Практикалық маңызы:

Қазақстанда суды тиімді пайдалану мәселелерін экомикалық географиялық маңызына, заңдылықтарына түрлеріне байланысты олардың ерекшеліктерін зерттеу мақсаттары алға қойыла басталды;

Ауыл шаруашылығының бәсекеге қалыптасу  ерекшеліктерін анықтау.

Мектеп бағдарламасында 9-10 сыныптар аралығында география сабағында  бұл жобаны пайдалануға болады. 

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1.Қазақстанда су мәселелерін экомикалық географиялық бағалау.

2.Суды тиімді пайдалану маңызына заңдылықтарының негізін құру оқушыларға білім берудің негізгі бір құралы екендігі туралы тұжырымдамалар.

Зерттеу  жұмысының  міндеті:

Судың заңдылықтарын зерттеу арқылы анықтау;       

Қазақстанда ауыл шаруашылық мәселелерінің қиындықтар туындау  себептерін анықтау;

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Аграрлық сектордағы судың ерекшеліктерін анықтау;

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары  халық үшін судың тиімділік, заңдылықтарын зерттеу арқылы анықтау;

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі мәселені қарастырған бөлімдерден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу  жұмысының  проблемасы:

Қазақстанда судың маңызын анықтау;

Суды ауыл шаруашылығында тиімді   пайдалануды  оңтайластыру;

Зерттеу  объектісі:

Ауыл шаруашылығы экономикасының ерекшеліктері.

Зерттеу  пәні: 

Суды тиімді пайдалану заңдылықтарына талдау жасау;

Зерттеу  жұмысының  болжамы:

Суды тиімді пайдаланудың мәні ашылып, қалыптасуының маңыздылығы деп танылса;

Суды тиімді пайдаланудың проблемаларының мазмұндық моделі жасалса;

Зерттеу  жұмысының  міндеттері:

Суды тиімді пайдаланудың ауыл шаруашылығы кешенінің нарықтық экономикасын зерттеу арқылы анықтау;       

Суды тиімді пайдаланудың түрлеріне талдау жасау;

Зерттеудің  теориялық  негіздері:

Су жайлы әдебиеттер мен әдіскер-ғалымдардың зерттеулері,   ғалымдардың  соңғы пікірлері басшылыққа алынды.

Зерттеу көздері: Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары”,

Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Қазақстан суды тиімді пайдалануды зерттеуге елеулі үлес қосқан Л.И.Просолове, С.С.Неустреуев, А.м.Безсонов, Р.И.Аболин, А.В.Мухля, С.Исоколов, О.О.Оспанов, В.М.Боровский, Е.УЖамалбеков, А.М.Дурасов, Т.Т.Тазабеков, М.Р. Рубенштейн, Ж.А.Аханов сияқты ғалымдардың еңбектерен атап өткен жөн.

Суды тиімді пайдаланудың ауыл шаруашылығының өнеркәсіптен, құрылыстан және халық шаруашылығының басқа салаларынан оны ажыратын өзіне тән ерекшеліктері бар.

Зерттеу жұмысының  негізгі кезеңдері:

Зерттеу үш кезеңге бөлініп  жүргізілді.

       Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбына байланысты жұмыстар жүргізіліп, материалдар жинақталды, жоспар жасалды, ұсынылып отырған тақырыптың мақсат, міндеттері айқындалды, бақылау жұмыстары жүргізілді. Қазақстанда суды тиімді пайдаланудың мәселелерін бағалануына талдау жасалып, олардың ерекшеліктері нақтыланды.

       Екінші кезеңде Суды тиімді пайдалануға арналған ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, бағдарламалар мен оқулықтарға жан-жақты талдау жасалынды.  Суды ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолдану жолдарына назар аударылып, эколгиялық іс-шаралар жүзеге асырылды.      

       Үшінші кезеңде Қазақстанда суды тиімді пайдаланудың мәселелерін экомикалық географиялық бағалануы таралуына байланысты материалдар жинақталды. Суға, қоршаған ортаға бақылау эксперименті жүргізілді. Эксперимент жұмысының нәтижелері қорытындыланып, ұсынылған әдістеменің ұтымдылығы анықталды.

 

 

І. Cу ресурстарына жалпы сипаттама.

1.1. Қазақстан  өзендері.

 

Дүние жүзінің ¾ бөлігін  су алып жатыр. Су- баға жатпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде шешуші роль атқарады. Ал зат алмасу процесі- барлық органикалық өмірдің негізгі екені белгілі.

 Су адам және  жануарлар денесінде қажетті  түрде кездесетін құрамды бөлік.  Ересек жануарлардың жалпы массасының 45-70%-і, ал адам мен жануарлар  эмбриондарының 97%-і судан тұрады. Сондақтан да, денедегі судың өзгеруі организмге тікеле әсер етеді. Егер денедегі судың 10-12%-і жоғалса, организм әлсірейді, дене дірілдейді, шөлдеу пайда болады. Ал су мөлшерінің 20-25 % азаюы адамды өлтіріп жіберуі мүмкін. Кейбір жануарлар (балықтар, киттер, дельфиндер, құндыздар т.б.) тек суда өмір сүреді.

 Ауа райы өте  ысыған кезде (температура 35-40 С-ға жеткенде), адамдар мен жануарлар  денедегі судың азаюйын ауыр  сезінеді. Бұл жағдайда организмге  керекті су мөлшері 2-3 есе өседі. Судың организмге жетпеуі ас қорыту процесінің бұзылуына, қандағы судың азаюын әкеліп соқтырады.

Жер көлемі жөнінен әлемде 9 орынды иеленетін Қазақстанның  сумен қамтамасыз етілуі жағына келгенде ауыз толтырып ештеңе айта алмайды  екенбіз. Осыдан біраз уақыт бұрын ғана Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің есептеп шығарғанындай, соңғы 50 жыл ішінде біздегі су қоры 20 миллиард текше метрге азайған. Ал, ең қиыны – бұл процесс соңғы жылдары әжептеуір қарқынмен үдеп келеді. Су ресурстарының азаю процесін экологтар еліміздегі өзен-көлдердің шекара аймағында орналасуымен байланыстырады. Елдегі су ресурсы бір жыл ішінде орта есеппен 100 текше шақырымды құраса, оның тек жартысынан сәл асатын мөлшері ғана өз аумағымыздың еншісіне тиеді екен. Ал, қалған бөлігі көрші елдерден – Қытай, Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан бастау алатындығы тағы белгілі. Су көзі – қай заманда да сол елдің басты қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар стратегиялық табиғи байлық.

Жақында Еуроодақтың  арнайы комиссиясы әзірлеген «Қазақстан Республикасында экологиялық саясат механизмін енгізу» жобасының жетекшісі Расселл  Фрост журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында «Қазақстан Балқаш көлінің су қорын сақтау үшін Қытаймен жаңа келісім жасауы керек» деген тұжырым түйді. «Келіссөздер аса маңызды сипат алуы керек. Өйткені, Балқаш көліне құятын өзендердің барлығы өз бастауын Қытай Халық Республикасынан алады». Расселл  Фрост ұсынған бұл жобаның астарында Орталық Азия, әсіресе, Қазақстан аумағындағы су көздерінің тартылып, өзен-көлдер деңгейінің төмендеп бара жатқан жаһандық проблема тұр.

Қазақстанның кең байтақ даласы, шынында да, су көздеріне  аса зәру. Бүкіл аумағының 60-70 пайызын  тек шөл және шөлейт жерлер құрайтын біздің елімізде су қорының азайып бара жатқандығы туралы құрылықтық деңгейде дабыл қағудың экологиялық өзіндік заңдылығы да жоқ емес. Кеңестік кезеңде Ресей өзендерінің арнасын Қазақстанға бұру жобасы аяқсыз қалғаны белгілі. Өйткені, жерасты су көздерінің бір-бірімен ұштасып жату заңдылығын бұрын КСРО ғалымдары анықтап, әлемдік картаға түзетулер енгізген болатын. Ал, Расселл Фростың айтып отырғаны соның жалғасы іспетті.

Еліміздегі су қорының  қазіргі хал-жағдайын білу үшін бірер  цифрға үңілсек, соның өзі жеткілікті. Қазақстан сумен қамтамасыз етілуі жағынан ТМД елдері арасында соңғы орындардың бірінде тұр. Ғылыми тілмен айтсақ, әрбір қазақстандық бір жыл ішінде 6 мың текше метр су жұмсайды екен. Ал, көктемде суын бұруға көлгірситін айырқалпақты көршілерімізде бұл цифр 11 мың текше метрден асатын болып шықты. Бүгінде республикада құбыр арқылы жүретін сумен қала халқының 70-75 пайызы ғана қамтамасыз етілсе, орта­лықтандырылмаған су жүйесі көздерімен қазақстандықтардың 15-18 пайызы қамтылады да, ал, қалған тұрғындар тек тасып әкелінетін және ашық көздерден алынатын суды місе тұтады.

Еуроодақ комиссиясының  Қазақстанның су ресурстарына бұлайша  жанашырлығын түсінуге болады. Біріншіден, біздегі су көздері бастау алатын Аспан асты елінің экономикасы бұрын-соңды  болмаған қарқынмен дамып келеді. Демек, өнеркәсіп өндірісі мен халық тұтынуына қажетті судың мөлшері де күрт артып отыр. Мұндай жағдайда Қазақстанның сусыз қалу қаупі жоқ емес.

Екіншіден, Қазақстан  мен Қытай арасында трансшекаралық өзендерді бөлісу, пайдалану және оның тазалығын сақтау жөнінде халықаралық  нормаларға сәйкестендірілген заңдық механизм жоқ.

Бүкіләлемдік экологиялық  зардаптарға алып келген Арал қасіретін  өз аумағында бастан кешірген елдің  ендігі жерде Балқаш тағдырына бей-жай  қарай алмайтындығы да сондықтан. Егер Балқаш көлінің орташа тереңдігі 6 метрден аспайтынын ескерсек, әрбір метр судың жоғалуы қаншалықты зардап туғызатынын түсіндіріп жатудың өзі артық. Экологтардың зерттеуіне сүйенсек, қазір Балқаштың жағалық аймақтарының шөлейттену процесі  анық байқала бастаған. Құрғау аймағы су айдынының үштен бірін құраса, 16 көл бассейнінің тек 5-еуі ғана қалған. Қапшағай су қоймасының төменгі ағысы, яғни, Іле өзенінің деңгейі де  таязданып барады.

Информация о работе Қазақстанның су ресурстары және оларды тиімді пайдаланудың ерекшеліктері