ТМД елдері халқына сипаттама жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 22:03, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі өзекті тақырыптардың бірі. Қазіргі кезде ТМД елдернің халқының саны жылдан-жылға азайып, табиғи өсім төмендеуде. Мұндағы негізігі мәселе табиғи өсім деңгейін көтеру, ал оны көтеру үшін ең алдымен халықтың әл-ауқатын көтеру қажет. Қазіргі кезде ТМД елдерінде 450 млн. жуық халық тұрады, бірақ олар әркелкі орналасып, өздерінің тілдік, этностық, діни құрамы бойынша әркелкі орналасқан.

Содержание

Кіріспе................................................................................................

1
ТМД халқына этнодемографиялық сипаттама........................................................……………………
1.1.
1.2.
ТМД халқының өсу динамикасы...................................................
ТМД халқының жастық-жыныстық құрамы.................................
2.
Қазақстанның халқына жалпы сипаттама..............................
2.1.
Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстану тарихы.................
2.2
Халықының жастық-жыныстық құрамы.......................................
2.3
Қазақстандағы демографиялық детерменизм...............................
3
Қазақстан Республикасының демографиялық мәселелері


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ТМД-ЕЛДЕРІ-ХАЛҚЫНА-СИПАТТАМА.doc

— 212.00 Кб (Скачать файл)

Орта Азия мен Қазақстанға 1944 ж. ақпанда-чечен және ингуш халықтары, наурызда-балқарлар, қарашада - месхет-түріктері, қырым татарлары, қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріліп әкелінді.

1957 ж. чечен жэне  ингуш халықтарының автономиялары  қайтадан қалпына келтірілгеннен  кейін олар Солтүстік Кавказға  қайта көше бастады, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар ағылып қайтып жатты. Гректердің, месхет түріктерінің, қырым татарларының,  поляктардың, корейлердің, Еділ бойы немістерінің бір бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда қалды.

1954-1962 ж.ж. тың және  тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. Жуық адам, олар негізінен елдің Европалық бөлігінен келді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан іріктеп алынды.

1939,1959,1970 ж.ж. халық  санағы арасында Қазақстандағы  ең саны көп этнос орыстар болып келген. 1939-1970 ж.ж. арасында орыстар, украиндар, белорустар халықтың басым көпшілігі болып келді .

Орыстар, татарлар, корейлер негізінен қалада тұратын этностар болып қалды да, қазақтар, немістер,өзбектер, әзербайжандар ауыл селолық этностар болды.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс шөл  және шөлейт аймақтарының ауа-райы КСРО-ның  Европалық бөлігінен, Сібір мен  Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін ұнамсыз болды. Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталығы     ведомстволардың  күш  салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі көлемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстаушылар жіберіліп жатты.

1951-1970 ж.ж. жалпы алғанда  КСРО-ның басқа аудандарынан Қазақстан  кіші-қоныс процесінің бәсеңдеуі  байқалады.

Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988-1990 ж.ж. орыстар 53-55%, украиндар 9-12% , немістер 6-8 %, қазақтар 6-9%  республикаға көшіп келушілер арасында орыстар  48 , украиндар 8%, немістер 5% қазақтар 20% болды.

1991 жылы Қазақстаннан  қазақ емес халықтар көшіп кетуінің нәтижесінде азайып кетті, ал Өзбекстаннан, Түркменстан және Ресейден қазақтар көшіп келуі нәтижесінде өсе бастады. Шығыс Европа елдерінен келген маман жұмысшылар Қазақстаннан кетіп жатыр, бірақ ҚХР-ден табыс табу үшін (ауылшаруашылық жұмыстарына және коммерцияға) қытайлар келіп жатты.

1979-1989 ж.ж. этнодемографиялық  құрамының ағымы мынаны көрсетеді: 1979-1989 ж.ж. халықтың жалпы өсімінде  қазақтардың үлес саны 70, орыстардың  үлесі 13, немістердің үлесі 3 процент  болды.

2.2.Халықтың жастық-жыныстық құрамы.

Әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан  қарағанда үлкен ынталық  көрсететін халықтың  жыныстық-жастық құрамы еңбек ресурстарын мектепке дейінгі балалар мен мектеп жасындағы  балаларды (зейнеткерлерді: оларға материалдық  жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті қаражаттарды анықтау мақсатында) есептеп шығару үшін ең маңызды сипаттама болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, әр жаңа туған 100-қызға шаққанда 104-107 ер баладан келеді. Физиологтардың пікірі бойынша сәбилік жалпы  ер баланың организмі қыз баланың организмінен әлсіздеу болып келеді және ер баланың алғашқы өмірінде өлім-жітім көбірек болады.

Өмірдің бұл кезеңі қыз  балада 0-12

Ол ұл балада 0 – 5, 6 – 14 жас. Бұл  екі жастың арасындағы балалық шақ. Осы екі ортада қыз  бала  немесе Ұл бала арасындағы алшақтықтар айќын байқалады. Бұлай болудың себебі: ұл балалардың организміне байланысты өлім-жітім көп болып, жыныс органдарыныњ кеш дамуы байќалады, қыз балалардың организмінің жыныстық жағдайының толық жетілуінің кезеңі жүреді.

Балалық шақтан кейінгі келесі шақ жастық шақ. Жас ерекшелігіне және физиологиялық дамуына байланысты ер бала мен қыз бала арасынғы алшақтықтар жақсы көрінеді. Жастық  шақта өлім-жітімнің түрі өзгереді. Дамыған елдерде жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жол апат оқиғаларының көбірек болды және түрлі қақтығыстарда  өлім-жітім көп болады. Сондай-ақ, алкоголизм мен темекі тартудың себептері бойынша  еркектердің өлім-жітімі көбірек болады; дамушы елдерде әйелдердің өлімі көп тіркеледі. Бұл әйелдердің ерте некеге тұруынан бала тууынан,  ауыр еңбекпен айналысуынан, мардымсыз тамақтанудан және қоғамдағы құқығының еркектермен тең еместігінен өлім-жітім көбейді.

Осы жас аралықта жыныстық құрылымдар толық жетіліп, отбасы құру дәрежесіне келеді. Осы кезде қыздардың  бала тууға организмі толық жетілген кезі болады. Қазақ менталитеті бойынша ертеректе қыз баланы 13 жастан кейін күйеуге берген. Бұл қыз баланы неке құруға толық құқы бар болған шақ.

Ал қазіргі кезде  қыз балалардың тұрмысқа шығуы 18-19 жасқа  жоғарылады. Қазақстанда жүргізілген статистикалық мәлімет бойынша   2005 ж туу көрсеткішінің ең жоғарғы деңгейі 23-25 жас аралығында келді. Бұл, қазіргі жағдайда қыз балалардың мектепті ЖОО бітіргеннен кейін немесе соңғы курстарда күйеуге шығатынын көрсетеді.

Бірақта қазіргі экологиялық және физиологиялық қатынастардың алшақтауына байланысты, қыз балалардың 13-16 жас аралығындағы жастардың босануы, өлім-жітімнің көбеюіне әкелді. Мұнда ана мен бала өліп, көп жағдайда екеуі де бірге өліп кететін жағдайлар кездеседі.

Ер балаларға келетін болсақ 16-36 жас аралығында жыныстық ағзаларының толық жетіліп, олардың  өмірге деген құлшыныстардың артуына өзін нағыз жігіт санауын қалыптастырады. Осы жастың 16-25 жаста ұл балалар оқуды аяқтап, ЖОО, армияға алыну кезењі ж‰реді. Орта  жаста, қыз балыққа салынып, өлім–жітімнің көп болуына әкеледі. Шылым шегуге, алкоголизмді қабылдауды және одан әрі нашақорлыққа салынып кетулер көптеп кездеседі. Бұл жағдайлардың көпшілігінің соңы өлімге жетіп соқтырды немесе ер балалардың бедеулікке (белсіздікке) алып келеді. Қазіргі кезде нарықтық қатынасқа байланысты жастардың кеш үйленуі белең алып келеді, ол демографиялық ахуалға зиянын тигізуде.

Еңбек жасындаѓы адамдардың өлім-жітімінің көп кездесетін түрлері  бойынша Қазақстанда  мынадай  болып келеді: бірінші орында –  қан айналымының жүйесінің (жүрек-тамыр  жүйесі) ауруларынан болатын өлім-жітім  тұрады (жартысына жуғы); екінші орында–қайғылы оқиғадан, уланудан, жарақаттанудан болатын өлім–жітім; үшінші орында ісік ауруларынан болатын, өлім – жітім тұрады.

Еңбек жасындағы халықтың өлім-жітімінің құрылымы осындай.

Еңбек жасындағы еркектердің  өлім-жітім деңгейі әйелдеркімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып келеді. Бұл жұмыстағы жарақаттанумен, алкоголизммен және темекі тартумен байланысты, өлім-жітімнің мұндай секірмелі өлуі соғыс болған жағдайда көптеп кездеседі. Бұрын эпедемиялар жұқпалы аурулардан туындайтын демографияның еркектермен әйелдердің арасынағы алшақтықты байќаймыз.

           Пирамидаға қарай отырып, 1000 адамға  шаққандағы туылған сәбилер бойынша  ұл балалар көп болса, 20-25 жасқа   келгенде екі жыныс ортасында  өлім-жітімге байланысты теңесе  бастайды. 25 жас аралығынан кейін  қыз балалар саны көбейе бастайды. Қазақстанда әйелдердің артықтығы 600 мың адамда болған  (1000 әйелге- 900 еркек). Барлық жерде жастардың арасында еркектер көбірек те, ал, ересек адамдар арасында әйелдер көбірек болып келеді.

Себебі, әлі күнге дейін  екінші дүние жүзілік соғыстың, соғыстан  кейінгі репрессияның зардаптары байқалуда: соғысқа қатысқан  елдердің ересек адамдар арасындағы әйелдердің артықтығы табиғи құбылыс жесірлік пен жалғызбастылық көптеген әлеуметтік-психологиялық проблемалар туғызады.

Халықтың жыныстық құрылымына көші-қон айтарлықтай ықпал әсер етеді. Бұл жағдайда еркектер әйелдермен салыстырғанда шымырлау келеді. Көші-қон қай жаққа бағыт алмасын, еркектер көбірек болады. Осыған байланысты жаңа игерілген аудандарда қала мен село халқының жыныстық құрылымының айырмашылығы байқалады.

Халықтың жынысы мен  жасы жөнінде құрамы туралы ұғымдар  оның жастық-тыныштық пирамидасында  бейнеленеді. Пирамида  сұлбасының сипаты бойынша ұдайы өсіп-өнудің типі туралы түсінік қалыптастыруға болады: І типі,  өсудің тұрақтануы, станционарлық жастық құрылымы жіңішкеге созылған кескін деп немесе төменгі жіңішкелеу жағын, халықтың азаюы, регрессиялық жас құрылымы деп; ІІ типіне қарапайым жас құрылымы, пирамиданың үш бұрышты сұлбасы деп айтуға болады.

2.3. Қазақстандағы демографиялық детерминизм.

1988 жылдың күзінде  "Казахстанская правда" газетіне  осындай тақырыппен көпшілікке  арналған "О чем не ведали  обществоведы" деген ғылыми мақала  әзірленді. Ондағы мақсат ұлттық  республиканың шыққан этнодемографиялық  тегіне балта шапқан Қазақстандағы қаралы кезеңнің қасіретін орыс тілді оқырмандарға жеткізу еді. Бірақ оның орнына 1989 жылдың 14-17 қаңтары аралығында газеттің бетінде ресми түрде сірескен тақырыппен партия тарихшыларының үлкен мақалалары жарияланды. Онда Голощекиннің қасақана ұйымдастырған ашаршылығы кезінде құрбан болғандардың саны әдейі екі еседей азайтылып көрсетілді. Былайша айтқанда орталық партократия өкілінің қазақ халқының алдындағы ауыр кешірілмес күнәсін екі еседен артық "жеңілдетті" деген сөз.

Мұндай үлкен "ғылыми оғаштықты" СОКП тарихшылары демографиялық зерттеу әдісін білмегендіктен ғана жіберген деу шындыққа жанаспайды. Себебі, олар бұдан да, қазіргі кезеңнің өзінде де Қазақстандағы ашаршылық жылдарында 2,5 миллион адамның (оның 2,3 миллионы тек қазақтар) жазықсыздан қырылуына себепкер болған сол кездегі ВКП (б)-ның өлкелік партия ұйымы мен Орталық комитеттің кінәсін енді жасыра алмаса да, қалайда "жеңілдетуге" тырысып келген болатын. Тіпті, партия тарихшылары ғылыми-санақ (статистика) есебін айлакерлікпен әдейі бұрмалап, әміршілдікпен асығыс жүргізілген саяси-әлеуметтік науқан кезіндегі адам шығынын екі есе төмендетіп көрсетуге тырысты. Олар жариялылыққа дейін де осындай партия жолын дәріптеуге әбден машықтанған қолжаулық ғалымдар тобын құрады.

Кейінгі кезде ізденімпаз жас зерттеушілеріміздің (Ә.Ғалиев, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев т.б. арқасында көптеген архив деректері табылды. Ол деректер бойынша біздің бұрынғы ғылыми демографиялық талдауларымыз расқа шықты. Мысалы, 1924 жылғы болжам бойынша 1932 жылы Қазақстандағы ауыл-село халқының саны 4,2 миллион адам болуға тиіс еді. Ал 1933 жылдың ортасында жүргізген ресми сынаққа республика басшылары қанша қосып жазуға тырысып, өлген адамдардың санын азайтқысы келгенімен, ауылдық жерде тірі қалғаң адамдардың санын 1,5 миллионнан асыра алмады. Қазақстанда ашаршылықтан 2,54 миллион адам өлді деген дерек шындыққа өте жақындайды. 1926 жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдардың санын 1937 жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы мынадай деректер келтіруге болады. 1926-1937 ж.ж. қазақтар - 3,627,6 мыңнан 2,181,5 мыңға дейін, украиндар-860,2 мыңнан 549,6 мыңға дейін, ұйғырлар-63,4 мыңнан 33,4 мыңға дейін өзбектер 129,4 мыңнан 110,0 мыңға дейін кеміп кетті.

Ал басқа ұлттарға келетін болсақ (орыс, неміс, татар, белорусь), олар ашашылықтан кейін қаңырап бос қалған қазақстан жеріне күштеп қоныстандырылды. Сөйтіп, бұрынғы олқылықтарының         орнын толтырып қана  қоймай, келімсектердің саны онан сайын қаулап өсе түсті. Алайда, біздің қоғамтанушы ғалымдарымыз күні бүгінге дейін орталықтың "ерікті  коллективтендіру", "жедел индустрияландыру" саясатының кесірінен Қазақстанның байырғы халқының мүлдем азшылыққа айналғандығын түсінгілері келмеді.

Сталин мен Голощекин  бір халықты қырып-жойып құрту  арқылы екінші халықтың өркендеуіне ашықтан-ашық жол ашты. Соның бір мысалы, қазақтың малын конфискелеп, бүкіл орта Азияны отырықшы тұрақты егіс алқабына айналдыру болып табылады.

Қорыта айтқанда бірқатар қоғамтанушы ғалымдарымыз Голощекиндік геноцид-әміршіл зұлматтың зардабынан күні бүгінге дейін қазақ халқының ұлттық дамуы демографиялық детерменизм, яғни санға тәуелділік жағдайында қалып қойғанын өз мақалаларында дұрыс ұғына алмаған. Сол демографиялық кәріптікті жеңіп, дертті жазбайынша қазақты ұшпаққа шығара алмаймыз. Қазақстан республикасының жан-жақты дамуы демографиялық детерменизм жағдайында тұр.

Қазақстандағы ерлер  мен әйелдер саны салыстырмалы түрде  тең дәрежеде. Ер балалардың дүниеге  келуі басым болғанымен, әйелдер  саны 30-34 жастан бастап айтарлықтай  көбейеді, 60-69 жаста бір жарым есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алмағанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым.

Қазақ халқы жас ұлтқа  жатады. Оның жас айырымдық құрылымында 9 жасқа дейінгі балалар 22,0 %, ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейінгі жастар 43,9 %; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесі-6,1%. Орташа арифметикалық жас небәрі 25 жас. Басқаша айтқанда, қазақ халқының басым бөлігі-балалар мен жастар.

Қазақстан тұрғындарының  бейімділік индексі және сауаттылық көрсеткіші өте биік деңгейде. Мысалы, 1990/1991 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мың адамға жетті.

Соңғы онжылдықта жергілікті тұрғындардың білім алуында серпіліс пайда болды. Әрбір 1000 адамның 126-сы жоғары білімді. Әсіресе, студенттер санының қазақ жастары есебінен күрт өсуі 90-жылдардың басынан басталды. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ  студенттер  саны тұрақтанып келеді. Бұл күнде олардың жоғары оқу орындарындағы үлесі 67 %, бұдан жоғары өсуі онша көп емес.

Қазақстан тұрғындары білімінің жоғары деңгейі, бір жағынан, еңбекке орналастырудың шектеулі мүмкіндігін, екінші жағынан, бәсекелестікті         тудырып, халық шаруашылығында жұмыс істейтін мамандардың кәсіптік деңгейінің көтерілуіне ықпал етті. Экономика саласында еңбек ететіндер арасындағы жоғары және орта арнаулы білімділер үлесі айтарлықтай өсті: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары білімділер саны орта есеппен 130 адам болған болса, 1999 ж. - 212; орта арнаулы білімділер тиісінше 234 және 296 болды. Тек орта немесе толық емес орта біліммен еңбек ететіндер саны бір жарым есе азайды.

Қазіргі кезде мемлекеттік  жалпы білім беретін мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде білім алуда.

1997 ж. республикадағы  жалпы білім беретін жеке меншік (мемлекеттік емес) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқиды.

Қазіргі кезде Қазақстанда 3455 мектеп мемлекеттік тілде жұмыс  істейді. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бірге 2522 сабақ орыс тілінде  жүргізілетін мектеп (1461,4 мың оқушы); 78 өзбек (77,2 мың оқушы); 14 ұйғыр (22,3 мың оқушы); 3 тәжік (2,5 мың оқушы); 1 украин (0,1 мың оқушы) тілдерінде сабақ жүргізілетін мектептер және аралас тілде оқытатын 2112 мектеп бар.

Қазақстан үшін табиғи өсім тұрғындар саны өсуінің негізгі  көзі болып табылады.

Табиғи өсім қазақ  халқы өсімінің басты факторы  болып қала береді. Мысалы, қазақтардың  табиғи оң өсімі 1989 ж. Қазақстан тұрғындарынан  бүкіл табиғи өсімінің 63,5% -ін құраған  болса, 1991ж.-72,4%, 1993ж.-88,2%, 1995 ж. -88,0 % болды.

Информация о работе ТМД елдері халқына сипаттама жасау