Солтүстік америка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2013 в 14:09, курсовая работа

Краткое описание

Солтүстік Америка платформасының Жоғарғы Көл аймағы мен Гренландияның солтүстік бөлігі аралығындағы солтүстік шығыс бөлігінің көпшілігі көтеріліп, содан Канада қалқаны пайда болды.
Канада қалқанынан оңтүстікке қарай шөгінді жыныстардың төмен түсуі мен оның жинақталуы палеозой дәуірінің бүкіл барысында үздіксіз жүріп жатты, сөйтіп ондағы шөгінді жыныстар қабатының жалпы қалыңдығы 1000-2000 метрге жетті

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І Солтүстік Американың табиғат аймақтарына сипаттама
1.1. Солтүстік Американың физикалық географиялық жағдайы мен орны жөнінде түсінік........................................................................................................5
1.2. Солтүстік Американың биогеографиясы.......................................................9
1.3. Солтүстік Американың өсімдіктер дүниесі.................................................11
1.4. Солтүстік Американың жануарлар дүниесі.................................................19
Қорытынды............................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................27
Қосымша

Вложенные файлы: 1 файл

динара курсовой.doc

— 125.00 Кб (Скачать файл)

Мұхит жағалауыф бойында  ендік бойынша өтетін аймақтар сақталады, бірақ мұның өзі мезофильді ормандардың  түр-түрінің орналасуы болып келеді. Мысалы, тайганы аралас орман, одан соң қоңыр салқын аймақтағы жалпақ жапырақты орман алмастырады, одан әрі оңтүстік шығыстағы субтропикалық мәңгі жасыл орман жалғасады.

Өсімдіктер жабынының  аймақтық түрлерге бөліуінің мұндай көріністер Азияның шығысына да тән. Өйткені екі материктің шығыс жақ шет аймақтарындағы климаттық қалыптасудың едуәрі ортақ заңдылықтары бар. Дегенмен де Еуразия мен Солтүстік Американың орографиясы мен  көлеміндегі ірі - ірі айырмашалықтар олардың өсімдіктер дүниесі мен топырақ құрылымдарының  арасында елеулі өзгешеліктер тудырады.

Солтүстік Американың тропикалық және субэкваторлық аймақтар шеңберінде жіңішкеріп, бөлшектене түсуіне байланысты тропикалық аймақтағы шөл далалар, тропикалық ормандар мен саванналар кең алқаптарды алып жатқан жоқ, қайта Орталық Америка құрлығындағы шағын шағын учаскелерде бөлшек-бөлшек болып орналасқан.

Гренландияның басым  көпшілігін, Элсмир аралының орталық  бөлігін, сондай-ақ Баффин Жерінің кейбір аудандарын материктік мәңгі мұз  басып жатыр. Сондықтан да ол жерлерде топырақ жабыны мен өсімдіктер дүниесі жоқ деуге болады.

Арктика рахипелагындағы  аралдардың едәуір бөлігін, Гренлнадияның  мәңгі мұз баспай жатқан шет аймақтарын әрі Солтүстік Алияканы, Гудзон шығанағының  жағалауын, Лабрадордың және Ньюфаулендтің солтүстік жақтарын қамтитын материктің солтүстік бөлігін алып жатыр. Тундра шығысқа қарай солтүстік ендіктің 55-54º-на дейін созылады. Мұның өзі Лабродор ағысына және материктің солтүстік шығыс бөлігіндегі климаттың аса қатал және дымқыл болуына байланысты.

Солтүстік Америкадағы  тундра өзінің көрініс жағынан Еуразия  тундрасына ұқсас. Оның солтүстік жағында  мүк пен қына өсетін және топырағы полигональды келетін арктикалық тундра басым. Ал оңтүстік жағында көк шалғын мен дәнді өсімдіктер жабыны, тырбиған аласа ағаш тұқымдары, атап айтқанда, тундралық зең топырақта өсетін қайың, тал қандыағаш, жатаған арша кездеседі. Бұл өңірде сонымен қатар шымтезекті батпақ мол.

Шудзон шығанағының  батысына қарай орманды тундра алқабы мейлінше кеңіп сала береді. Онда өсімдіктің ағаш түрлері пайда бола бастайды. Олар материк орманының солтүстігіндегі шекарасын көрсетеді. Қара және ақ шырша өседі.

Аляскадағы жазық тундра Скандинавия түбегіндегі сияқты тау беткейіне жете бере өсімдігі сирек алқапқа, таутундрасына ауысады.

Солтүстік Американың орасан зор территориясын қоңыр салқын алқаптың сортаң топырағында жақсы  өсетін қылқан жапырақты орман алып жатыр. Ол орман солтүстік ендіктің 61º нан 42ºна дейінгі аралықта Тынық мұхит жағалауында өседі, одан әрі  Кордильер тауының төменгі тегеніе дейін жетеді, ал шығысқа қарай кең жазық далаға ойысады.

Кордильер тауының шығысына қаарй қылқан жапырақты орманның оңтүстігіндегі шекарасы солтүстік  ендіктің 54-55º дейін солтүстікке  қарай тік көтеріледі. Содан соң  оңтүстікке қарай Ұлы көлдер мен Әулие Лаврентий өзенінің сағасына дейін төмен түседі.

Лабрадордың жағалауынан  бастап Аляска тауларының шыығс беткейіне  аралықтағы орасан зор территорияны алып жатқан қылқан жапырақты орманда  өсетін ағаштың құрамы біртектес  келетіндігімен сипатталады.

тынық мұхит жағалауындағы  орман өзінің түрі жағынан да, өсетін ағашының құрамы жағынан да материктің шығыс жағындағы орманнан өзгеше. Шығыста өсетін ағаштардың көптеген түрі Еуразиядағы ағаштарға ұқсас, ал батыста қылқан жапырақты ағаштардың эндемикалық түрлері басым болып келеді, ағаш түрлері Азияның шығысындағы ағаштарға ұқсас.

Әдетте Гудзон тайгасы  деп аталатын шығыс тайгасында биік өсетін қылқан жапырақты жуан ағаштар  мол. Олар ағаштың эндемикалық американдық түрлері болып табылады. Атап айтқанда,, Канада шыршасы, американ бал қарағайы, тас қарағай немесе қара қарағай деп аталатын Банкс қарағайы бальзам самырсыны өседі. Мұның соңғысынан техникада жиі қолданылатын қарамай тәріздес бағалы зат Канада бальзамы алынады.

Қылқан жапырақты ормандағы кеңінен тараған жапырақты ағаштардың түрлері, жып-жылтыр аппақ қабығын жергілікті үндістер жеп-жеңіл ұшқыр қайық жасауға қолданатын қағаз қайыңы, балзам терегі.

Аласа ағаштар арасында қызыл қарақат, қара қарақат, бүлдірген, қара жидек сияқты алуан түрлі жеміс-жидек бұталары басым. Топырақтың үстіңгі қабатын мүк пен қына басып жатады. Бұл ормандар алып жатқан жерлердің топырағы кәдімгі, құнарсыз қалыпқа түскен, солтүстікке таман топырақ мәңгі мұз аралас тайга топырағына айналса, оңтүстікке қарай құнарсыз шым топыраққа айналады.

Батыс жағалаудың ылғалды  әрі жұмсақ климаты ормандардың  өсіп өнуіне ерекше қолайлы жағдайлар  туғызады. Тынық мұхит жағалауындағы  қылқан жапырақты ормандардың өзіндік  ерекше көркі бар. Олар өсетін ағаштардың да, бұталардың да өсімдіктердің түрлері, құрамы жағынан өте мөте бай. Ұдайы ылғалды болып тұратын жұмсақ ауа биіктігі 80 метрге, кейде тіпті 100 метрге дейінгі жететін жуан ағаштардың өсуіне қолайлы келеді. Ол ормнадардағы ағаштардың көп тараған түрлері ситхин шыршасы, дуглас самырсыны, батыс хемлогы және тсуга, нутикин кипарисі, алып туя немесе жергілікті халық қызыл шырша деп атайтын ағаш. Осы соңғы аталған ағаш тұтасып қалың өседі де өнімді өте мөте мол береді. Қылқан жапырақты алып ағаштардың арасында аласа ағаштар өспейді десе де болады, оның есесіне алуан түрлі бұталар, көбінесе тікенді бұталар қалың өседі. Ал, топырақ қыртысын тұтасқан папоритник пен мүк басып жатады.

Жағалаудан алыстаған  сайын ауаның ылғалдылығы бірте-бірте  кеми береді. Ішкі аңғарлар мен Кордильер үстіртінде дуглас самырсыны мен сары қарағай өсетін неғұрлым құрғақ ормандар басым. Онда сонымен қатар басқа да бірқатар қылқан жапырақты ағаш түрлері аралас өседі.

Тынық мұхит жағалауындағы ылғал  сүйетін қылқан жапырақты ормнадар оңтүстікке қарай солтүстік ендіктің 40º-на дейін дерлік созылады. Ол ормандарда неғұрлым құрғақ жерлерде басым өсетін сары қарағай, сондай-ақ дуглас самырсыны, ақ самырсын, қант қарағайы, хош иісті қара арша көп. Шамамен алғанда солтүстік ендіктің 40º-сы маңынан бастап мәңгі жасыл болып тұратын секвойя пайда бола бастайды, ал Сьерра-Невада тауының биіктігі 1500 м шамасындағы беткейінде топ-топ болып алып секвойя сақталып қалған.

Материктің шыығс бөлігінде  қылқан жапырақты ормандар бірте-бірте  аралас ормандарға айнала бастайды. Араалс ормандар Ұлы көлдер аймағы мен Әулие Лаврентий өзенінің  алқабында кеңінен тараған. материктің орта бөлігіне жете бере тайга орман аралас далалар мен ашық далаларға айналады.

Солтүстік Американың аралас ормнадарында қылқан жапырақты ағаштармен қатар көптеген жалпақ жапырақты  ағаштар да өседі. Қылқан жапырақты  ағаштардың ішінде, көп тарағаны биіктігі 50 м  дейін жететін ақ қарағай, немесе веймут қарағайы, қызыл қарағай  және шығыс хемлогы болып табылады. Жалпақ жапырақты ағаштардың ішінде қатты сарғыш өндіретін сары қайың, қант үйеңкісі, американ ақ үйеңкісі, американ шегіршіні, шамшат, жөке ағаштары жиі кездеседі. Бұл ормандар тайганың топырағымен салыстырғанда едәуір құнарлы келетін сұр топырақты және құнары аз шым топырақты жерлерде өседі. Аралас ормандар баяғыдан бері аяусыз отаудан жойылып келеді. Қазір ол негізінен алғанда Аппалач тауларының жоғарғы бөлігінде ғана сқаталып қалған. Ол ормандар сонымен қатар көптеп кездесуден де орттен де ауыр зардап шегуде.

Аралас ормандардың  оңтүстігіне қарай материктің шығыс  бөлігін Аппалач ормандары  деп  аталатын жалпақ жапырақты ағаштар  өсетін ормнадар алып жатыр. Бұл ормандар Солтүстік Америкада өсетін өсімдіктердің  неғұрлым тамаша түрлерінің біріне өте бай. жалпақ жапырақты ағаштар өсетін ормнадар Аппалач тау жүйесін түгелдей дерлік қамтиды және оның шығысындағы, Ұлы көлдердің оңтүстігіндегі жазық далаларда да бар. Олар темір тотығына бай келетін қоңыр топырақта жақсы өседі. Оның үстіне жұмсақ та ылғалды ауаның игі ықпалы күшті.

Аппалач ормандарында Еуропа мен Шығыс Азияда өсетін кейбір ағаш түрлерінің біртектес келетін жалпақ жапырақты ағаш түрлері басым. Сондай-ақ өте ерте замандағы ағаштардың сақталып қалған жұрнақтарының көптеген эндемикалық түрлері кездеседі. Аппалач ормнадарында өсетін ағаш түрлерінің құрамы бүкіл жер шарындағы ең бір бай құрамдардың бірі саналады. Оларда еменнің американдық түрлері мейлінше мол. Сонымен қатар талшын, ақ үйеңкі, жөке мен шынар ағаштары да жиі кездеседі, жоғарғы бұтақтарын барынша кең жайып өсетін аса жуан биік ағаштар басым келеді. Оларды көбінесе жабайы жүзім немесе шырмауық тәріздес өсімдіктер бойлап өсіп, шырмап алады.

Бұл аймақтың оңтүстік бөлігінде  гикори магнолия қызғалдақ ағашы  және ликвидамбар сияқты жылылықты сүйтені көне заманғы ағаш түрлері кездеседі.

Аппалач орманы өзіінң байырғы  түрінде сақталмаған. Ол түрлі отап кесудің және егістік жер әзірлеудің салдарынан қатты зардап шекті. Тіпті  бұрынғы орман сақталған деген  жерлердің өзінде де ағаш түрлерінің құрамы қатты өзгеріске душар болған. Бірақ, қалай деген де бұл ормандар осы күйінде де Солтүстік Ааериканың басты байлықтарының бірі болып саналады.

Материктің шыығс бөлігіндегі  жалпақ жапырақты ағаштар өсетін аралас ормандар мен мәңгі көк  жасыл болып тұратын ағаштар өсетін субтропикалық ормандар батыста жазық далалармен шектеседі. Мұндай далалы алқаптар Орталық жазық арқылы сонау солтүстікке дейін созылып барып, Оңтүстік Канаданың шегіне жетеді, ал оңтүстікте ендіктің 30º-на дейін барады. Батыста Кордильер тауларының етегіне барып тіреледі.

Іші жазық алабындағы топырақ пен өсімдік дүниесі  шыығстан батысқа қарай өзгере береді. Мұның өзі климат жағдайларының  өзгеруіне, негізінен алғанда жауын-шашын  мөлшерінің азая түсуіне байланысты. Далалы жерлердің шығысы мен кейде солтүстіктегі сұр топырақты орман аралас далалармен шектеседі. Орман аралас далалар бірте-бірте өсімдік құрамы өте бай шалғынды далаларға немесе перияларға ұласады. Перияларда дәнді өсімдіктер өседі, олардың жабынының биіктігі 150 см дейін барады. Ақсеелудің американдық түрі, көгілдір сақал сияқты өсімдіктерге араласып ашық түсті гүлдері бар алуан-алуан шөп түрлері өседі.

Жылу мен ылғалдың молдығы, предиялардағы қалың шалғынның  көптігін бұл өңірде топырақтың немесе кәдімгі қара топырақ пен ормнады жердегі қоңыр топырақтың екі арасындағы өзіндік қоңыр топырақтың пайда болуына ықпал етеді.

Прериялар батысқа барған сайын  кәдімгі құрғақ далаларға айнала бастайды. Ал ол жерлерге сортаң тартқан  учаскелері бар қара топырақты және қоңыр топырақты алқаптар тән келеді. Өсімдіктер жабыны әрі сиреп, әрі аласара түседі, әдетте жарты метр биіктіктен аспайды. Одан грам шөбін ерекше айтуға болады. Аймақтың оңтүстік батысында тукенді бұталардың қалың жыныстары кездеседі. Оларда құрғақ субтропиканың қоңыр топырағында жақсы өсетін мескит, опунция сияқты басқа да бұталар көп.

Далалар мен ормнады  далалардың алғашқы кездегі өсімдіктер жабыны Солтүстік Американың көптеген өзге өсімдік түрлерінің қай-қайсысымен салыстырғанда да адамдардың тигізген ықпалы арқылы көп өзгеріске ұшырады. Бұл егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы күшті дамыған ең басты аймақ саналады. Сондықтан да орасан зор кең алқаптардағы табиғи шөптердің түр-түрі не біржола жойылып кеткен, не өзінің түрлік құрамы жағынан өте қатты өзгеріске ұшыраған.

Америка құрама Штаттарының  оңтүстік-батыстағы шет аймақтарына  Жерорта теңізі аймағындағы  субтропикалық  климат тән. Бұл аймақтағы қара қоңыр, сұрғылт-қоңыр және қоңыр топырақта  құрғақшылыққа төзімді ормнадар мен бұталардың қалың жынысы кездеседі. Ормнадарда негізінен қарағай мен арша басым өседі, олардың биіктігі әдетте 15 м аса бермейді. Құрғақшылық күшейе түскен сайын ормандар түрлі бұталардың қалың жыныстарына айнала бастайды. Көптеген жерлерде, Жерорта теңізі аймағы сияқты, бұталардың қалың жыныстары оталған немесе өртеніп біткен ормандарға барып тіреледі. Ол қалың жыныс экологиялық жағдайына, сырт көріністеріне және тіпті бұталарының құрамына қарағанда да жерорта теңізі аймағындағы маквисті еске салады. Онда мәңгі көк жасыл болып тұратын емендердің аласа арша ағаштарының, сондай-ақ жапырағы қатты, түкті әрі қоңырқай келетін, бірақ көбінесе сұрғылт немесе күміс түске боялатын бұталардың түрі кездеседі. Мұндай тоғайлы жыныстардың биіктігі әдетте 2  м аса бермейді.

Материктің шөл даласындағы  территория ішінара егіншілік үшін, негізінен алғанда мал жайылымдары үшін пайдаланылады. Шөл даланың көптеген өсімдіктері, әсіресе кактус тұқымдас өсімдіктер ретінде де, сондай-ақ техникалық дақыл түрніде де кәдеге асады.

Орталық Америка Кариб  теңізіндегі аралдарды қоса алғанда Неотропиктік өсімдіктер әлемінің шеңберіне түгелдей енеді. Бұл территорияның неғұрлым жақсы суландыратын аймақтарын латеритті топырақта жақсы өсіп жетілетін гилея тектес мәңгі жасыл көк болып тұратын ылғалды ормандар басып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Солтүстік  Американың жануарлар дүниесі

Солтүстік Американың үлкен бөлігінің  зоогеографиялық жағдайы Еуразияға  жақын және Голарктикалық зоогеографиялық  аймақтың шеңберіне енеді. Бұл ұқсастықты геологиялық даму тұрғысынан алғанда таяуда ғана Солтүстік Шығыс Азия мен Солтүстік Батыс Америка арасында құрлық ралықы байланыс жолының болғандығымен ғана түсіндіру қиын. Қазіргі Беринг бұғазының орнындағы құрлық  арқылы жануарлардың алуан түрлері Солтүстік Америкаға да Еуразияға да тарап кеткен деп санауға болады.

Солтүстік Америка Еуразиядан бөлініп шыққандықтан қазір оның территориясында бұл күндері  жануарлардың Еуразияда жоқ түрлері  пайда болған. Оның үстіне Еуразияға  тән жануарлар түрінің көпшілігі  жоқ.

Солтүстік Америка Еуразиядан бөлініп қалғандықтан қазір оның территориясында бұл күндері жануарлардың Еуразияда жоқ түрлері пайда болған. Оның үстіне Евразияға тән жануарлар түрінің көпшілігі жоқ.

Информация о работе Солтүстік америка