Еврази материгі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2015 в 07:21, реферат

Краткое описание

Географиялық сипаттамасы
Геологиялық сипаттама
Гидрологиялық сипаттамасы
Жер бедері

Вложенные файлы: 1 файл

Евразия материгі.docx

— 24.80 Кб (Скачать файл)

Евразия материгі

Географиялық сипаттамасы

Ауданы 53,3 млн. км² (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км²-ге жуығы аралдар. Еуразия екі дүние бөлігінен — Еуропа мен Азиядан тұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта теңізіне шығады. Біртұтас құрлықты Еуропа және Азия дүние бөліктеріне бөлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі түсінік. Құрлықтың қиыр шеттері: солтүстігінде —Челюскин мүйісі (77º43’ с.е. ), оңтүстігінде —Пиай мүйісі (1º16’ с.е.), батысында Рока мүйісі (9º34’ б.б.), шығысында —Дежнев мүйісі (169º40’ б.б.) Солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км-ге, батыстан шығысқа 16 мың км-ге созылады. Еуразияға жататын бірқатар аралдар құрлықтан біршама қашық жатыр. Шпицберген, Франц Иосиф жері және Солтүстік Жер аралдары 80º с. е-тен әрі асады. Малай топаралдары оңтүстік жарты шарға өтіп, 11º о.е-ке дейін барады. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 28º б.б-та орналасқан. Еуразия — барлық мұхиттармен (Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді, Тынық) және олардың шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Мұхиттар мен теңіздер құрлыққа сұғына кіріп, әсіресе, оның батыс және оңтүстік шеттерін көбірек тілімдеген. Бірақ аумағының орасан зор болуына байланысты құрлықтың ішкі бөліктері теңіздер мен мұхиттардан мыңдаған км қашықта орналасқан.

Геологиялық сипаттама

Құрлықтың негізін Еуразия плитасы құрайды. Плитаның басқа литосфералық плиталармен түйіскен жерінде күшті тау түзілу әрекеттері өткен және олар қазіргі кезде де жалғаса түсуде. Ондай жерлерде аса биік тау жүйелері қалыптасып, күшті жер сілкінулер және жанартау құбылысы орын алған. Еуразияның жер құрылымдары — ежелгі платформалардың (Шығыс Еуропа, Сібір, Қытай, Үнді, Араб) аралықтарын жас платформалар бөліп жатады. Құрлықтың қазіргі жер бедері, негізінен, неоген мен антропогендегі тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде түзілген. Жаңа тектоникалық қозғалыстар, әсіресе, Альпі — Гималай және Шығыс Азия геосинклинальдық белдеулерінде қарқынды жүрген. Еуразия құрылымының негізгі элементі болып бесежелгі платформалары табылады:Балтық және Украин қалқандарымен бірге ШығыЕуропа платформасы. Алдан қалқанымен бірге Сібір платформасы. Қытай-Корей платформасы. Оңтүстік Қытай платформасы. Үнді платформасы, және Нубия-Аравия қалқанының бөлігі.

Гидрологиялық сипаттамасы

Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Еуразия өзендері төрт мұхит алабына жатады. Ең ірілері: Янцзы, Обь, Енисей, Лена, Амур, Хуанхэ, Меконг, Брахмапутра, Ганг, Инд, Тигр, Евфрат, Еділ, Дунай. Құрлықтың орталық бөлігінде дүние жүзіндегі ең аумақты ішкі ағын аймағы (Каспий мен Арал теңіздерінің, Балқаш пен Лобнор көлдерінің алабы) орналасқан. Ең терең Байкал көлінде жер бетіндегі тұщы судың 1/5-і шоғырланған. Ірі және терең көлдер тектоникалық жолмен пайда болған (Байкал, Ыстықкөл, Севан, Үлі т., т.б.). Төрттік кезеңінің мұзы басқан аудандарда мұздық (Ладога, Онега) және көптеген ұсақ мореналық көлдер таралған. Төрттік (антропогендік) кезеңдегі және қазіргі жанартау құбылысы дамыған аймақтарына жанартаулық көлдер тән. Әктасты аудандарда карст көлдері көп (Қырым түбегі, Кавказ таулы аймағы, Загрос таулары, Тянь-Шань және Юньнан таулы қыраты, Балқан түбегі).

Жер бедері

Еуразия — Антарктидадан кейінгі биік құрлық (орташа биіктігі 840 м). Жерінің 2/3-сі таулар мен таулы үстірттер. Дүние жүзіндегі ең биік шың — Джомолунгма (8848 м) осы Еуразия құрлығында орналасқан. Еуразия тауларындағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Негізгі тау жүйелері: Гималай, Альпі, Карпат, Кавказ, Гиндукуш, Қарақорым, Памир, Тянь-Шань, Куньлунь, Алтай, Саян, Орал, Солтүстік-шығыс Сібір таулары, Алдыңғы Азия және Тибет тау қыраттары, Декан және Орта Сібір таулы үстірттері. Жазықтары мен ойпаттары мыңдаған км-ге созылған. Ең ірі жазықтары: Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді-Ганг.

Еуразияның маңызды тау жүйелері:

  • Гималайлар, Джомолунгма (Эверест) - жер бетіндегі ең ірі тау орналасқан тау жүйесі

  • Альптар

  • Кавказ

  • Гиндукуш

  • Каракорум

  • Тянь-Шань

  • Куньлунь

  • Алтай

  • Оңтүстік Сібір таулары

  • Солтүстік Шығыс Сібір таулары

  • Ілгергі Азия жоталары

  • Памир

  • Тибет таулы қыраты

  • Саян-Тува жоталары

  • Декан белесі

  • Орталық Сібір белесі

 

Еуразияның негізгі жазықтықтары және ойпаттары:

  • Шығыс Еуропа жазығы

  • Батыс Сібір жазығы

  • Тұран ойпаты

  • Ұлы Қытай Жазығы

  • Үнді-Ганг жазықтығы

Климаттық белдеулері

Еуразияда Арктикадан бастап экваторға дейінгі барлық климаттық белдеулер таралған. Құрлықтың біртұтас және аумағының үлкен болуына байланысты климаттың континенттік типтері басым. Шет аймақтарда мұхиттық (шығысында және оңтүстігінде муссондық) климат орын алады. Климат ерекшеліктерінің пайда болуына тұрақты (Азор және Гавай антициклондары, Исландия және Алеут минимумдері) және маусымдық (қыстағы Азия антициклоны және жаздағы Оңтүстік Азия минимумы) атмосфералық қысым орталықтарының үлкен мәні бар. Мұхиттың климатқа әсері, әсіресе, Батыс Еуропада айқын байқалады. Одан шығысқа қарай атланттық ауа бірте-бірте құрғай түседі де, континенттік ауаға ауысады. Тынық және Үнді мұхиттарының ауасы құрлықтың ішкі бөлігіне жылдың жеке маусымдарында ғана муссон түрінде және циклондармен өтеді. Солтүстіктен қыста келетін арктикалық ауа құрлықтың түкпіріндегі тауларға жеткенше еркін таралады. Еуразияның орталық аудандарында континенттік ауа массалары қалыптасады. Кейде кереғар климаттық жағдайлар да орын алады. Құрлықтың солтүстік-шығысында, Оймякон таулы қыраттарында солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі орналасқан (абсолюттік минимум –70ºС). Араб түбегі — Жер шарындағы ең ыстық аудандардың қатарына жатады. (абсолюттік максимум 53ºС). Шығыс Үндістанда ең көп жауын-шашын түседі. ( Черапунджиде, жылына 12000 мм).

Табиғат белдеулері

Еуразияның көпшілік бөлігі флорасы мен фаунасының құрамы жөнінен Голарктика облысына жатады. Оңтүстігі Палеотропика флоралық және Үнді-Малай фауналық облыстарына кіреді. Топырақты-өсімдікті жамылғысы мен жануарлар дүниесі, негізінен, 2 бағытта — ендік бойынша және мұхит жағалауынан құрлықтың ішіне қарай өзгереді, тауларда олар биіктік бойынша таралған. Арктикалық белдеу — арктикалық шөл белдемінен тұрады. Субарктикалық белдеуде тундра мен орманды тундра белдемдері өтеді. Қоңыржай белдеудің континенттік бөлігінде белдемдер ендікті бойлай орналасқан.

Халқы

Еуразия — Жер шарындағы халық ең көп әрі тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың 3/4-і). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Муссондық Азияның кейбір аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 км² жерге 1000 — 1500 адамнан келеді. Қиыр Солтүстік Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық Азия және Батыс Азияның шөлді аудандарында халық өте сирек. Араб түбегінің, Иран таулы қыратының ішкі аудандарында, Орталық Азияның кей жерлерінде тұрақты халық жоқ. Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы Қосөзен аралығы (Тигр, Ефрат), Жерорта теңізі жағалауы, сондай-ақ, Қытай мен Үндістан ежелгі мәдениеттері, грек-рим өркениеті, т.б. Ұлы Қытай қорғанынан Орталық Еуропаға дейін созылып жатқан ұлы далада көшпенділер әлемі үстемдік құрып, Батыс пен Шығыс өркениеттерін өзара байланыстырып тұрды. Қазіргі кезде де Еуразия құрлығы суперконтинент болып есептеледі. Әлем халықтарының 4 млрд-тан астамы осында тұрады, әрі әлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрлықта орналасқан. Республикалық және монархиялық мемлекеттер бар.Республикалық мемлекеттер социалистік,капиталистік,дамушы елдер болып бөлінеді. Ал монархиялық мемлекеттер абсолюттік және кониституциялық болып бөлінеді.90 жылдарда социалистік мемлекеттер күрт кеміді. Оған себеб КСРО-ның ыдырауы, шығыс еуропалық мемлекеттердің басқа бағытқа көшуі. Еуразия материгінде әр түрлі діндер ұлттар орналасқан

 


Информация о работе Еврази материгі