Қан айналу щеңберлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2015 в 22:52, реферат

Краткое описание

Қанның қызметі:
Асқорыту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
Бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
Тыныс алу – өкпе мен мүшелердегігаз алмасу процесін қамтамасыз етеді;

Вложенные файлы: 1 файл

нуржан к с морфология.docx

— 698.63 Кб (Скачать файл)

Тақырып 1 : Қан айналу щеңберлері

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

 

Кіріспе.

Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық. Организмде 5 л қан болады. Қан плазмадан(55%)және қан жасушаларынан(45%)(эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) тұрады.

Қанның қызметі:

  • Асқорыту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
  • Бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
  • Тыныс алу – өкпе мен мүшелердегігаз алмасу процесін қамтамасыз етеді;
  • Регуляторлық – әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды,организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді;
  • Қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар бар жасушалар болады және арнайы белоктар- антиденелер болады, олар улы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды.
  • Терморегуляторлық – қан организмнің тұрақты дене қызуын сақтайды.

 

 Қанайналым — бұл қанның дене бойымен айналымы . Қан жүрек жиырылуы арқылы қозғалысқа  келіп, қантамырлар арқылы айналым жасайды. Қан ағза ұлпаларын оттегімен,қоректік заттармен, гормондармен қамтамасыз етіп, зат алмасудың соңғы өнімінің ағзадан шығуына көмектеседі. Қанның оттегіге толуы өкпеде, ал қоректік заттарға толуы асқорыту жүйесінде болады. Бауыр мен бүйрек арқылы соңғы өнім сыртқа шығарылады. Қанайналым гормондар және орталық жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады.  Қанайналымды кіші   ( өкпе арқылы) және үлкен (ағза және ұлпа арқылы)

Қанайналым – адам және жануарлар өміріндегі маңызды фактор болып табылады. Қан тек қозғалыста ғана өзіне тән қызметтерді атқара алады.Қанайналым жүйесі жүректен және қантамырлардан тұрады. Қантамырлар арқылы қан ағза мен ұлпалар арқылы қозғалып, жүрекке құяды. Қан қозғалатын ең ірі қантамырлар артерия деп аталады. Артериялар ұсақ артерияларға, артериолаларға және капиллярларға бөлінеді. Вена қантамыры арқылы қан жүрекке құяды. Жүрек төрт камералы  сондықтан екі қанайналым шеңберінен тұрады.

 

Ең алғаш қанайналымның сандық сипаттамасын Стивен Хейз ашты. Ол артерия мен венадағы қан кысымын, жүрек камераларының көлемін, қанның ағу жылдамдығын өлшеді.

XVII – XIX ғасырларда көптеген гидромеханиктер қаның ағысына қызығушылық білдіріп.оны зерттеуге өз үлестерін қосты. Олардың арасында Эйлер, Пуазейль, Бернулли, Даниил болды.

Қан қозғалысы.

Биологиялық ұлпалардың механикалық қасиеттері:

— серпімділік  —  дененің  жүктемелерден кейін өз өлшеміне қайта келу қабілеті;

— қаттылық – ұлпаның сыртқы жүктемеге қарсы жұмыс істеу қабілеті;

— иілгіштік – ұлпаның сыртқы күштерге қарсы өлшемін өзгерте алу қабілеті;

— беріктік – денелердің сыртқы күштердің әсерінен бұзылуларға қарсы тұру қабілеті;

— созылмалылығы – денелердің күш әсер етіп болған соң өлшемдерінің өзгерісін сақтау қабілеті:

— сынғыштық – материалдың білінетін деформация қалдығынсыз бүліну қабілеті;

— тұтқырлық – дененің тангенстік кернеулер жұмыс жасағанда формасының өгеруіне қарсы тұру қабілеті;

— аққыштық – ортаның бір қабаттан екінші қабатқа белгілі бір жылдамдықпен ауыса алу қабілеті;

Негізгі бөлім

 

Кіші қанайналым шеңбері

Үлкен қанайналым шеңбері

Айыр машылығы

Оң жақ қарыншадан өкпе артериясы шығып өкпеде газ, зат алмасып , сол  жақ жүрекшеге өкпе венасы арқылы келіп құяды. Өкпе артериясында вена, өкпе венасында артерия қаны болады.

Сол жақ қарыншадан қолқа тамырынан артерия арқылы бүкіл денеде газ, зат алмасу өнімдері жүріп оң жақ жүрекшеге қуысты вена арқылы келіп құяды. Артерияда артерия қаны, венада вена қаны болады. Тасымалдау қызметін атқарады.

Ұқсастығы

Тұйық қанайналым шеңберін түзеді, газ, зат алмасу өнімдері болады. Артерия, артериола, капилляр, венула, вена қан тамырлары тән. Жүректен шығып жүрекке келеді.


Қанайналым кіші және үлкен қанайналым шеңбері деп аталатын 2 шеңбер бойымен қозғалады.

Кіші қанайналымда қан өкпе бойымен айналым жасайды.  Бұл қанайналым оң жақ жүрекшенің жиырылуынан басталып, одан кейін қан жүректің оң жақ қарыншасына барады. Оң жақ қарынша қанды өкпеге қарай итереді. Осы жердегі қан айналымы жүрекше – қарыншалық  жарғақ арқылы және 2 қақпақ арқылы: үш қақпақты (оң жүрекше мен оң қарынша арасында) жүрекшеге қанының сақтап қалатын қайтарулары, және өкпе күре тамырдың өкпе дiңгектен оң асқазанға қанның қайтару сақтап қалатын клапанымен.   Өкпелік өзек өкпелік капиллярларға дейін бұтақтанады, сол жерде қан оттегімен қанығады. Осыдан соң қан өкпелік вена арқылы оң жақ жүрекшеге қайтып барады.

Үлкен қан айналым шеңбері мүшелер мен жасушаларды оттегімен байытады. Сол жақ қарынша оң жағындағымен бірге қанды сол жақ қарыншаға қарай итереді. Сол жақ қарыншадан қан аортаға барады. Аорта артерияларға, әт түрлі мүшелерге барып мүшелер мен жасушалардағы  капиллярлық торлардан тоқтайтын артериолдарға бөлінеді.

Осы жердегі қан айналымы жүрекше – қарыншалық жарғақ  және аорталық қақпақ арқылы реттеледі.

Үлкен қанайналымында қан сол қарыншадан оң жақ жүрекшеге дейін, одан кейін кіші қанайналым шеңбері арқылы оң жақ қарыншадан сол жақ жүрекшеге дейін қозғалады.

Қанның қантамырлар арқылы қозғалысы артериялық және веналық жүйедегі қысымның әртүрлілігімен іске асады. Қанды венадан артерияға қарай айдайтын жүректің ритмикалық жұмысына байланысты қысым теңеледі. Венадағы қысым 0- ге жақын болғандықтан практикада оны артериялық қысымға тең деп алады.

Қан тамыр жүйесі.

Орталық мүше-жүректен және онымен байланысқан көлемі әр түрлі,қан тамырлары (лат.vas,грекше angeion-тамыр;осыдан ангиология) деп аталатын түтікшелерден тұрады.Жүректің ырғақты жиырылуы арқылы тамырлардағы бүкіл қанды қозғалысқа келтіреді.Тамырлар туралы ілімді ангиология деп атайды. 
Артериялар.Жүректен мүшелерге қарай шығып,оларға қан әкелетін тамырлар артериялар(ayer-ауа,tereo-бар;өлік денесіндегі артериялар бос болады,сондықтан ерте кезде оларды ауалы түтікшелер деп есептелген)деп аталады. 
Артериялардың қабырғасы үш қабықтан тұрады: 
Ішкі қабықша-tunica interna –тамырдың қуысы жағынан эндотелий мен астарланған,оның астында субэндотелий мен ішкі серпімді мембрана орналасады. 
Ортаңғы қабық-tunica media-біріңғай салалы бұлшықет тканіне,серпімді талшықтармен ауысып,араласып отыратын миоциттерден құралған. 
Сыртқы қабық-tunica externa-дәнекер тканьді талшықтардан тұрады. 
Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп,ұсақтала береді.Жүрекке жақын артериялар (қолқа және оның ішкі тармақтары)негізінен қанды өткізу қызметін атқарады.Олардың ең бірінші міндеті жүрек соғуынан лақтырылып шығатын қан массасының әсерінен тамыр қабырғасының созылуына қарсы әсер ету.Сондықтан олардың қабырғасында механикалық сипаты құрлымдар,яғни серпімді талшықтар мен мембраналар көбірек дамыған.Мұндай артериялар серпімді типті артериялар деп аталады. 
Капиллярларға ыдырағанға дейін тамырлардың бұлайша қосылуын анастомоз деп атайды.Анастомоздар түзетін артериялар анастомоздаушылар деп аталады. 
Артериялардың соңғы тарамдары жеңішке және ұсақ,сондықтан оларды артериолалар деп аталады.Артериола тікелей перпендекуллярға жалғасады,прекапиллярдан көптеген капиллярлар шығады. 
Капилляр-зат алмасу қызметін орындайтын аса жұқа тамырлар.Осы қызметіне байланысты олардың қабырғасы сұйықта еріген заттар мен газдар өтетін жалпақ эндотелий клеткаларының бір қабатынан тұрады. 
Веналар  —  (   лат.  vena,  гекше phlebs осыдан    фледит веналарының қабынуы ) артериялардан қарама-қарсы бағытта мүшелерден жүрекке қан әкеледі.Веналық қан кері ағу қиындау келетін дененің төменгі жартысының веналарында,дененің жоғарғы бөлігіндегі веналарға қарағанда күштілеу дамыған бұлшықет қабықшасының жиырылуының да,маңызы зор. 
Қан тамырлардың қабырғаларында меншікті,олардың өздерін,қанмен қамтамысыз ететін жіңішке артериялар мен веналар vasa vasorum болады,бұл қабат тамырлы қынап-vagina vasorum деп аталады. 
Атқаратын қызметімен түрлі бөлімдерінің құрлысы және нервтендірілу ерекшеліктеріне сәйкес соңғы кезде барлық қан тамырларын 3 топқа бөлінеді: 
1)Екі қанайналыс шеңберінен бастап және аяқтайтын жүрекқасылық тамырлар-қолқа және өкпелік баған,қуыс және өкпе веналары. 
2)Организм бойынша қанды таратуға арналған магистральды тамырлар.Бұларға бұлшықет типті ірі және орташа экстрамүшелік веналар жатады. 
3)Қан мен мүшелердің паренхимасы арасындағы алмасу реакцияларын қамтамасыз ететін мүшелік тамырлар.Бұлар-мүшелік артериялар мен веналар,сондай-ақ микроциркуляциялық арнаның буындары.

Қорытынды

   Кіші қанайналым шеңберінің ашылу тарихы: 
Андрей Везалий мен Мигуэль Сервет қанайналым шеңберлерінің ашылуына көп үлес қосты. А.Везалий анатомияны ғылым ретінде дамытып, ең алғаш рет адам организміне сипаттама берді.Ғалым жаңа мектептің іргесін қалады. Кейіннен оның көптеген шәкірттері дәрігер және анатом болды. Везалийдің адам анатомиясын ХYI ғасырда орыс тіліне аударған Епифаний Славинецкий болды. 
Алғашқы анатом ғалым Везалийдің еңбектері Мигуэль Серветке қан айналымның кіші шеңберін ашуына көмектесті.Ол қанның оң жақ қарыншадан шығып өкпе артериясы арқылы өкпеге баратынын дәлелдеді.Осылай 1559 жылы кіші қанайналым шеңбері ашылды. 
Үлкен қанайналым шеңберінің ашылу тарихы: 
Вильям Гарвей (1578-1657) ағылшын оқымыстысы,дәрігер алғаш рет қан айналымының тұйық жүйе екендігін айтқан.Ол жүректің қан айдайтын негізгі мүше екендігін, қанның көктамыр арқылы жүрекке, ал салатамыр арқылы жүректен шығатынын анықтады.Өз заманында үлкен қанайналым шеңбері туралы алғаш айтқан ғалым.Бірақ Гарвейдің божамына күмәнмен қарады.Кейіннен Антоний Ван Левенгук пен Марцелло Мальпиги бір-біріне байланыссыз қылтамырлады ашқаннан кейін, Гарвейдің божамының дұрыс екендігі дәлелденді.

 

 

 

 

Тақырып 2 : Лимфа жүйесі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Лимфа жүйесі - жүрек-қан тамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйықтық - лимфа ағады. Лимфа қанға ұқсас болғанмен құрамында нәруыз өте аз және онда эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады. Лимфа жүйесінде артерияларға ұқсас тамырлар болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады. Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан айырмашылығы — лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйық. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың қабырғасы өте жұқа. Қантамыр қылтамырларының екі ұшы да ашық. Лимфа қылтамырлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0,1% глюкоза; 0,9% минералды түздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді — лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит — лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер — ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.

   

 

.  Лимфа жүйесінің қызметі

 

  Лимфа түйіндері мен лимфа жүйесі әртүрлі қызмет атқарады. Солардың негізгілері: Энергиялық және пластикалық қызмет – қанайналымы кезінде тіндегі сіңген су, белок, зат алмасу кезінде түзілген заттар, гормон, электролит т.б. қанға лимфа арқылы тасылады. Дренаждық қызмет – лимфа жүйесі венамен бірге денедегі ағзаларда басы артық тінаралық сұйықтықты сорып алады. Резорбциялық, яғни сіңіру қызметі. Лимфа капиллярларының эндотелиі - өткізгіш, сондықтан әдетте қан капиллярларына өте алмайтын көптеген заттар тінаралығынан тікелей лимфаға өтеді: а) лимфа капиллярлары – жақсы өткізгіш; ә) олардың түтігі өздігінен біресе кеңейіп, біресе тарылып, сұйықты өзіне қарай тартып отырады; б) қан, жасушааралық сұйық, лимфа үшеуінің арасында заттар өтуге ыңғайлы; в) лимфа капиллярлары эндотелиі гистолимфалық едергіден әртүрлі заттар өткізуге беім келеді. Лимфа май алмасу үрдісіне қатысады. Ішек арқылы сіңу барысында түзілген май мен май қышқылдары лимфа кпиллярларына енеді де лимфа жүйесі арқылы далпы қанайналымына қосылады, одан әрі денеде май қоры болып жиналады. Биологиялық иммунитет және лимфоцит түзу қызметі – антитән түзетін жасушалар лимфа түйіндерінде жаралады. Лимфа түйіндері мен тимуста Т- және В-лимфоциттер «пісіп» жетіледі де, қан жүйесіндегі және жасушалық иммунитетке қатысады. Лимфоциттер иммундық әсерленіске қатысатын лимфокиндер т.б. заттар бөліп шағарады. Тосқауылдық қызметі. Әртүрлі микроорганизмдер, табиғаты басқа зиянды заттар, ісік жасушалары лимфа түйіндерінде ұсталып одан әрі өте алмайды, мұның нәтижесінде олар тосқауылға айналады; бұл қызметі лимфа түйініндегі ретикулярлық элементтер атқарады, ал биологиялық сүзгі ретінде лимфа тініндегі фагоциттік мәні арат түседі. Лимфа жүйесі липовитаминдер, кальций, фосфор тұздарының алмасуына қатысады. А,К,Е т.б. липовитаминдер ең алдымен лимф жүйесіне енеді де одан әрі лимфа ағымымен қанға өтеді. Лимфа жүйесі су алмасу үрдісіне қатысады. Бұл жүйе денедегі сұйықтықтар депосы деп есептеледі, яғни лимфа тамырлары резервуарлық қызмет атқарады. Қан азайған кезде, оның есесін қайтаратын басқа реакциялармен бірге кеуде өзегіндегі лимфа қанға құйылады. Лимфа ішкі ағзалар қызметінің қан арқылы реттелуіне қатысады. Тән тірлігіне тікелей әсер ететін түрлі гормондар, реттеуші пептидтер, метаболиттер т.б. биологиялық әсері күшті заттар, көптеген дәрілер алдымен лимфаға өтеді.

 
 Лимфаның түзілуі 

    Лимфа түзілуі  тінаралық сұйықтықтың лимфа  капиллярларына өтуінен басталады. Қан шығып, тінаралық сұйықтыққа  өткен су, плазмада еріген кейбір  заттар, тіраралық зат алмасу  кезінде пайда болған заттар  одан әрі лимфа капиллярларына  өтеді. Кезінде лимфа, оның түзілуі  туралы бірнеше, атап айтқанда  фльтрациялық, секрециялық теориялар  ұсынылды. Олар бірін-бірі толықтырып, кейін лимфа түзілуі , оның тетіктер  туралы ілімінің негізі болды. Қазіргі таңддағы ұғым бойынша  тінде лимфа түзілуі - өте күрделі, көп салалы үрдіс. Ол бірнеше  кезеңнен тұрады. Вена капиллярларындағы  сұйықтық пен онда еріген заттар, жасушааралық кеңістікте өтеді; Аталған заттар дәнекер тінге  өтіп, соны жайлап алады; Вена  капиллярлары арқылы сүзінді  қайтадан қанға сіңеді; Жасушааралық  сұйықтық пен онда еріген заттар, айталық, белок лимфа капиллярларына  қайта сіңеді. Лимфа капиллярлары  басқа резорбциялық шөлмектер  деп аталады. Лимфа капиллярларының  қабырғасы диаметрі әртүрлі саңылаулар, бір қабат эндотелий жасушаларынан  тұрады. Лимфа капиллярларының негізгі  резорьциялық қызметі физико-химиялық  заңдылықтарға бағынады, яғни конвекция, диффузия, заттардың везикулалық  жолмен тасылуы сияқты тәсілдермен  іске асырылады. Бүгінгі таңдағы  мағлұматтарға қарағанда, лимфа  түзілуі үш себепке, атап айтқанда: қан мен лимфа капиллярларындағы, тінаралық екңістіктегі гидростатикалық  қысым айырмшылығы; жалпы осмостық  және онкостық қысым айырмашылығына; қан мен лимфа капиллярлары  эндотелийінің өткізгіштік қасиетіне  байланысты. Өткен ғасырда К.Людвиг  ашқан гидростатикалық қысымның  қандай мәні бар екенін, қысымы  азайса лимфа түзілуі баяулайтыны, ал ол күшейсе, лимфа түзілуі  де күшейетіні сияқты мағлұматтардан  байқауға болады. Мәселен, ірі венаны  бір жерінен байлап тастаса  лимфа түзілуі күшейіп, оның жалпы  көлемі арта түседі. Людвигтің  бұл ілімін кейін Старлинг  толықтырды. Лимфа мөлшері қанның, тінаралық сұйықтықтың және лимфаның  осмостық қысмындағы айырмашылықтарына  байланысты. Қанға осмостық қысмы  күшті ерітінде жіберсе, ның қысымы  артады а лимфа көлемі азая  бастайды, кейін тұз жасушааралық  сұйықтыққа өткен соң лимффа  түзілуі қайтадан күшейеді. Өздеріңізге  белгілі, осмостық қысым минерал  тұздарға ғана байланысты емес. Бұл қысымға плазма белоктарының  да қатысы бар. Олар қан капиллярлары  арқылы үлкен молекулалы қосынды  ретінде өздеріне суды тартып  алады. Сондықтан қанның онкостық  қсысымы күшейсе, лимфа түзілуі  баяулайды, ал азайса, керісінше  лимфа түзілуі күшейеді. Айта  кету керек, таза қан капиллярларында  гидростатикалық қысым онкостық  қысымнан жоғары, бұл лимфа түзілуіне  өте қолайлы. Вена капиллярларында, керісінше сұйықтық тінаралық  кеңістіктен қайтадан қанға сіңеді  де лимфа түзілуі баяулайды. Сонымен  лимфаның мөлшері артериялық  әне веналық қан капиллярларындағы  үрдістердің арақатынасына байланысты. Белок жетіспесе де дене ісіне  бастайды. Қанның онкостық қысымы  төмендесе сұйықтық тінаралығына  жиналады да денені су кернейді. Лимфа түзілуі қан мен лимфа  капиллярлары эндотелийінің өткізгіштік  қасиетіне де байланысты. Бүгінгі  ұғым бойынша қан мен лимфа  капиллярларының қабырғасы жартылай  өткізгіш мембрана болып есептеледі: оның құрылысы өте күрделі. Сұйықтық  пен онда еріген заттар капилляр  қабырғасындағы ультомикроскопиялық  тесіктер арқылы өтеді. Капилляр  қабырғаларындағы тесіктердің саны  мен көлемі әр ағзада әртүрлі, осыған орай оралдың өткізу  қабілеті де түрліше. Бауыр капиллярларының  өткізу қабілеті өте жоғары, сондықтан  да өзегіне құйылатын лимфаның  көбі бауырда түзіледі. Лимаф  түзілуін денеге химиялық не  биологиялық әсері күшті заттар  енгізу арқылы өзгертуге болады. Ондай заттар лимфагога деп  аталады. Олар осмостық қысым  мен қан қысмы өзгерсе де  лимфа түзілуін күшейтеді. Олардың  лимфа шығару қабілеті апиллярлардың  таңдамалы өткізгіштігінің күшеюіне  байланысты. Мұндай қабілет пептин, гистамин, кейбір гормондар, сүлік  экатракты сияқты заттарға байланысты.  

Информация о работе Қан айналу щеңберлері