Кокшетау аймагында таралган саныраукулактар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 06:13, дипломная работа

Краткое описание

Саңырауқұлақтар әлемі жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдердің ерекше бір түрі. Саңырауқұлақтар өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің арасындағы аралық жеке әлем болып саналады. Олардың өсімдіктерге де, жануарларға да ұқсастығымен қатар көптеген айырмашылық белгілері бар кең тараған гетеротрофты организмдер.

Содержание

Кіріспе
І. Әдебиеттерге шолу
Саңырауқұлақтардың зерттелу тарихы 6
Саңырақұлақтардың морфологиялық- анатомиялық құрлысы 13
Базидиомиңеттер класына жалпы сипаттама 16
ІІ. Көкшетау аймағының физика-географиялық жағдайы
Аймақтың қысқаша тарихы мен жер бедері 20
Климаты 20
Топырақ жамылғысы 22
Өсімдік және жануарлар дүниесі 23
ІІІ. Зерттеу объектілері мен әдістері
Жинау әдістері 25
Анықтау әдістері 26
ІV. Зерттеу нәтижесі және оған талдау
Анықталып, зерттелген базидиомицеттерге талдау жасау 28
Зерттелген базидиомицеттердің систематикалық түр құрамы 47
Қорытынды 49
Әдебиеттер тізімі 50

Вложенные файлы: 1 файл

димплом.docx

— 74.97 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Кіріспе

І. Әдебиеттерге шолу

Саңырауқұлақтардың зерттелу тарихы       6

Саңырақұлақтардың морфологиялық- анатомиялық құрлысы    13

Базидиомиңеттер класына жалпы сипаттама      16

ІІ. Көкшетау аймағының физика-географиялық жағдайы

Аймақтың қысқаша тарихы мен жер бедері      20

Климаты           20

Топырақ жамылғысы         22

Өсімдік және жануарлар дүниесі        23

ІІІ. Зерттеу объектілері мен әдістері

Жинау әдістері          25

Анықтау әдістері          26

ІV. Зерттеу нәтижесі және оған талдау

Анықталып, зерттелген базидиомицеттерге талдау жасау    28

Зерттелген базидиомицеттердің систематикалық түр құрамы    47

Қорытынды                                                                                      49

Әдебиеттер тізімі           50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жер бетінде мекен ететін орасан көп тірі организмдердің әртүрлі биотоптарының ішінде елеулі орынды төменгі сатыдагы өсімдіктерге жататын саңырауқұлақтар алады. Саңырауқұлақтар әлемі жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдердің ерекше бір түрі. Саңырауқұлақтар өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің арасындағы аралық жеке әлем болып саналады. Олардың өсімдіктерге де, жануарларға да ұқсастығымен қатар көптеген айырмашылық белгілері бар кең тараған гетеротрофты организмдер. Макрофитті саңырауқұлақтар әлемі өте ертеден бастап зерттеле бастады. Тіпті бүгінгі күнге дейін саңырауқұлақтар адам баласының айналысып келе жатқан объектілерінің бірі.

Саңырауқұлақтардың көбеюі, қоректенуі, пайдалы және зиянды жақтары кез келген микологтарға жаңадан құпия сырын ашып беруде. Саңырауқүлақтардың әліде көптігі ашылмаған сырлары мен түрлері, қасиеттері әлі де болса толығымен зерттеле қойған жоқ.

Франңуз ғалымы - ботаник А.Вейана 1727-жылы "Саңырауқүлақтар органикалық дүниені зеттеуші ботаниктерді абыржыту, қажыту үшін перінің шығарғаны"- дейді. Саңырауқұлақтардың пайдалы жақтары тамақтық, мал азықтық белоктарды синтездеуінде. Табиғатта адам өмірінде, шаруашылықта алуан түрлі қызмет атқарады. Адамдарда, өсімдіктерде және жануарларда көптеген әртүрлі жұқпалы ауруларды қоздырушы болып есептеледі.

Саңырауқұлақтардың жан-жақты ерекшеліктері көп болғандықтан, сондай-ақ түрлерінің көптігінен, тіпті қазіргі кезде ауа райының өзгеруіне байланысты, олардың бейімделу қасиеті артып, адам баласына объекті ретінде кеңінен қолдануына мүмкіндік бермек.

Саңырауқұлақтар- тірі табиғаттың ерекше тобы, біздің планетамызда өте ертеде пайда болған. Олардың қалдықтары жердің өте ертедегі геологиялық кабаттарынан табылып отыр. Жер жүзінің барлық белдеулеріне кеңінен таралған: топырақта, суда, ағаш діңдерінде, тірі және өлі организмдердің денесінде т.б. жерлерде де тіршілік етеді. Олардың 100 мыңнан астам түрлері белгілі. Саңырауқұлақтардың тағы бір ерекшелігі олардың өспейтін, зиян келтірмейтін жері жоқ.

Aspergillus fumigatus окпе ткані  мен бас ми заттарының арасында, ал созтагігізупеа авиациялық  бензиндерде оніп авиация шаруашылығына  коп нүсқан келтіреді. Осылардың  өздері де саңырауқүлақтардың  қандай екенін түсіндіреді.

Саңырауқүлақтарды зерттеу жүмыстары ботаникалық экспедиция жүмыстарының тарихымен тікелей байланысты. Алғашқы уақытта жоғарғы сатыдағы өсімдіктер экспедицияларының барысында жол жөнекей жиналса, кейіннен арнаулы экспедициялар үйымдастырудың арқасында әртүрлі топқа жататын біраз саңырауқүлақтар түрі жиналды. Зерттеу нәтижесінде орман биоценоз тіршілігінде, формакогнозияда, халық медицинасында, тамақ шаруашылығында, микробиология өндірісінде маңызды жақтары анықталды. Осыған байланысты Республикамызда саңырауқүлақтарды зерттеу жүмыстары 1940 жылдан бастап жан - жақты жоспарлы түрде жүргізіле бастады. Бүндай жүмыс алғаш рет ҚазМУ-дың ботаника кафедрасының меңгерушісі С. Р. Шварцман және Б. К. Қалымбетов басшылығымен басталды. 1940 жылдан 1958 жылдар аралығында микологиялық экспедициялар ұйымдастырылып, біраз облыс аймақтары зерттеліп, көптеген жаңа материалдар жиналды. Бүл экспедицияларға Қазақстанның белгілі микологтары Б. К. Қалымбетов, С. Р. Шварцман, М. Г. Васягина, 3. М. Бызова, Н. М. Филимонова, И. Н. Головенко, Е. А. Байгулова, Н. Ф. Писарева, Б. И. Кравцев т.б. ғалымдар қатысты. Бүл ғалымдардың экспедицияда жинаған материалдары жеткілікті деуге келмейді. Біріншіден, барлық аймақтар толығымен жан - жақты қамтылмаған. Екіншіден, көпшілік саңырауқүлақтардың маусымдық жағдайына байланысты өсетіндіктен, экспедиция уақыты әртүрлі маусымдық жағдайды қамти алмаған.

Қазақстан жерінің зерттеу жүмыстары бүдан 30-35 жылдай уақыт болды. Оның үстіне маусым уақыттарына қарай саңырауқүлақтар зерттелген жоқ.

Әр кімге белгілі төменгі сатыдағы өсімдіктер маусым өзгерістеріне қарай олардың сандары мен түрлері өзгеріп отырады. Осы уақыттардың ішінде қаншама өзгерістер болды, тіпті ауа райының өзі бүрынғыдай емес. Ептеп әлемнің өзінде аздап жылығандығы байқалады.

Осы мәселелерді еске ала отырып, жүмысымыздың негізгі мақсаты Көкшетау аймағында осетін кейбір базпдпалды саңырауқүлақтарды жинап, олардың түр қүрамын анықтап, оларға систематикалық орын беруге негізделген.

Бүл мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді орындадық:

1. Әртүрлі мерзімде Көкшетау аймағында өсетін базидиалды саңырауқүлақтар түрлерін жинадық.

2.Көптеген арнаулы анықтауыш оқыулықтардың көмегімен жиналған саңырауқүлақтардың анатомиялық, морфологиялық қүрлысын анықтадық.

3. Анықталған саңырауқұлақтарға сипаттама бердік.

Жиналған материалдарды анықтау және диплом жұмысын дайындау   Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология - география факультетінің ботаника кафедрасының томенгі сатыдағы осімдіктер лабораториясында доцент Абдрахманов О.А. жетекшілік етуімен орындалды.

Зерттеліп отырған аудан Кокшетау аймағының үлттық саябақтары. Ол аралас орман, қайынды орман, аласа тау беткейлі далалы алқапта орналасқан.

Бұл жүмысқа жазғы дала практикасында жиналып, диплом қарсаңындағы практикалық жүмыс кезінде анықталған материалдар негіз болды. Бұл жүмыста жалпы қарастырылатын саңырауқұлақтар макрофиттер болып есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Әдебиеттерге  шолу

1.1 Саңырауқұлақтардың  зерттелу тарихы

Микология гректің "mусоs"- саңырауқұлақ деген сөзінен шыққан, ботаниканың бір бөлімі. Микология саңырауқұлақтардың морфологиясын, анатомиясын, физиологиясын, биохимиясын, экологиясын, географиясын, филогенезін және адам оміріндегі, табигаттагы маңызын зерттейтін ғылым.

Микологияда басқа ғылымдар сияқты өзінің даму жолы бар күрделі және үзақ мерзімді қамтыйды. Микологтар саңырауқүлақтарды зерттей отырып, оның даму тарихын 4-кезеңге бөлді.

І-кезең ХІХ-ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл кезеңде саңырауқүлақтарға сипаттама жазып, ғылыми жүйелеуге ұмтылды. 1578- жылы Голланд ботанигі К.Клаузис алғаш рет саңырауқұлақтар атласын жариядады. Оның ішіне саңырауқұлақтардың 200-ден астам түрі енгізілді. Бүл еңбек Голланд микологі Г.Персоонның 2-томды еңбегі "Обзор грибов" және Щвед ботанигі Э. Фирсонның "Система грибов" атты еңбегімен байланысты. Ресейде алғаш саңырауқүлақтар туралы еңбек 1750-жылы жарық корді. С.П. Крашенинников базидиальды саңырауқұлақтарға және оның ерекше морфологиялық белгісіне, түр және туыстық үқсастығына, терминологиялық түсіндірме берді. 1836 жылы Н.А.Вейнман саңырауқұлақтардың 1000-нан астам түрін анықтап, сипаттап жазды. Оның ішінде 100-ден астамы жаңа табылған саңырауқүлақтар еді, оларға сипаттама беріп, систематикалық орнын анықтады. XIX- ғасыдың бірінші жартысында алғаш рет, саңырауқұлақтардың плеоморфизмі, оның қүрлысы, филогениясы, өсімдіктерге паразит тіршілік етуімен және тағы басқа бағыттарда зерттелу жүргізілді.

ІІ-кезең. ХІХ-ғасырдың соңына дейінгі уақыт. Микологиянық зерттеулерде бұл кезеңдегі басты бағыт саңырауқүлақтардың оргонының дамуын, онтогенездік және филогенездік ңиклдік дамуын, фитопотогендік- өсімдіктерге ауру қоздыруын оқыту. Екінші кезеңнің басында Р.Л. Тюлян (1815-1885) інісі Ш.Тюлянмен бірге пирономиңеттер мен тат және қаракүйе саңырауқұлақтарын зерттеп, олардың бір түрінің даму циклында морфологиялық айырмашылықтары бар әртүрлі спора түзуші мүшелерінің құрылатынын, яғни плеоморфизм қүбылысының болатынын анықтады. Бүл кезге дейін түрлі спора түзуші саңырауқұлақтар жеке түр ретінде қаралып, әртүрлі туысқа, кейде түқымдасқа жатқызылып жүрді.

ХІХ-ғасырдың екінші жартысында неміс микологы А де Бари (1831- 1888) саңырауқұлақтардың онтогенезін зерттеуде жаңа әдістер қолданды. Бұл әдіс бойынша, саңырауқүлақты жасанды ортада қолдан өсіруді және паразит түрін зерттеп, тәжірибе қоятын өсімдікке оны жүқтыруды енгізді. Сөйтіп ол коптеген мәдени өсімдік ауруларын қоздырушының мәнін анықтады.

А де Баридің шәкірті, орыс ғалымы М.С.Воронин (1838-1903) капуста килінің (plasmodiopho brassicae) даму кезеңін анықтады. Сонымен бірге ол күнбағыстың тат ауруын қоздырушы Риссіnіа һеlіаntһі саңырауқұлағын ашты. Воронин Sclerotina heteroica саңырауқүлағының алғашқы кезде көк жидектің жапырағында (Vaccinium), кейін қызанақтың (ledum) түйінінде дамитынын тапты, сөйтіп ол алғаш рет қалталы саңырауқүлақтардың да екі иелі болатындығын анықтады.

Н.В.Сорокин (1846-1903) жоғарғы және жетілмеген саңырауқүлақтың, фикомиңеттің даму циклін жазды. "Обзор группы сикомицетов" атты кітабында олардың жіктеу принципін корсетті. 1882-1886 жылдары "Растительные паразиты человека и животных как причина заразных болезней" атты еңбегін шығарды. XIX -ғасырдың аяғы ХХ-ғасырдың басында азды көпті болсын микология бөлімдері көрсетілді: жалпы микология, оның таралуы, фитопотологиялық ауру өсімдіктерді оқыту; қоздыруды шақыратын саңырауқұлақтар.

ІІІ-кезең. ХХ-ғасырдың 40-жылдарын қамтыды. Мұнда саңырауқүлақтардың цитологиялық әдіспен дамуын зерттеді. Әсіресе ядролық фазасының дамуын. Бүл кезеңнің микологиялық ізденістің басты бағыты: цитологиялық онтогенезін оқыту, ядролық фаза мен генерацияның кезеңі, флористика, систематика, экологиясы, жыныс процесінің өтуін экспериментті түрде зерттеу.

Ресейде саңырауқұлақтардың филогенетикалық жүйесін А.А.Ячевский 1926-жылы жасады. 1929-жылы А.А.Ячевский лабороториясы өсімдіктерді қорғаудағы Бүкіл Одақ иниститутының қүрамына кіреді. А.А.Ячевский негізгі ғылыми еңбегін саңырауқүлақтардың систематикасына, филогенезі мен наменклатурасына негіздеді. 1897- жылы бірінші рет Ресей саңырауқүлақтарын зерттейтін еңбегі жарияланды.

Саңырауқұлақтардың физиологиясын зерттеуде К.А.Пуриевич (1866- 1916), Д.И.Ивановский (1864-1920) және К.П.Костичевтер (1877-1931) коп еңбек сіңірді. Бүлардың еңбектерінің, әсіресе Костичевтің саңырауқүлақтардың тыныс алу және ашыту процесі жоніндегі жүмысының дүние жүзлік маңызы болды. В.А.Траншеляның (1868-1942) " СССР-дің саңырауқұлақтары" (1939) деген еңбегінің практикалық және теориялық маңызы ерекше.

ІҮ-кезең. ХХ-ғасырдың 40-жылдарынан кейінгі уақыт.

Саңырауқұлақтарды зерттеудегі жаңа бағыт, электронды микроскроптарды қолданған кез. Осы кезеңде физика-химиялық әдістер қолданылып, саңырауқүлақтардың жүқа, нәзік қүрлымдарын және төменгі токсонның ерекшелігін анықтауға мүмкіндік берді. Биохимия, генетика, биологияның кейбір салаларынан маңызды сүрақтар шешілді. Бүл кездегі микологияның жан-жақты дамуы антибиотикалық, витаминдердің, оргондардың қышқыл және басқаға физиологиялық активті метоболиттің қалыптасуымен байланысты.

Микологияның одан әрі дамуы дәстүрлі болімдері - флористика, экология, систематика, жаңадан генетика, биохимия, физиология болімдері кірді.

Қазақстанның микофлорасын 1930-1939-жылдар арасында Г.Е.Неводовский зерттеп, онда 1522 түр кездесетінін анықтады. Оның ішінде жетілмеген саңырауқүлақтар қатарына 874 түр, 545 түрі аскомицеттерге, ал

қалғандары басқа сиситематикалық топтарға жатады. 1940-жылдан 1958- жылдар арасында микологиялық экспедициялар үйымдастырылып, біраз обылыс аймақтары зерттеліп, көптеген жаңа материалдар жиналды. Бүл экспедицияларға Қазақстанның белгілі микологгары Б.К.Қалымбетов, С.Р.Шварцман, З.М.Бызова, Б.И.Кравцев, Э.А.Даулбаева т.б. ғалымдар қатысты.Қазіргі уақытта тіркелген саңырауқұлақтардың саны 4000 астам. Оның 250-дейі төменгі сатыдағы саңырауқүлақтар. Бүл саңырауқүлақтардың 10%-дан артығы тек біздің республикамызда өсетін эндемиктер.

Б.Қалымбетов Қазақтың түңғыш ғалым микологі. Ол өзінің микология саласындағы көптеген ғылыми еңбектерімен белгілі. Ол "Флора споровых растений Казахстана" атты көп томдық еңбектің үш томының авторларының бірі. "Іле Алатауының микофлорасы", "Оңтүстік батыс Түркістанның микофлорасы" атты монографиясында 2000-дай саңырауқүлақ түрлері мен формацияларына анықтама береді және 50-ден астам жаңа түрін ашады.

Оңтүстік Қазақстан саңырауқүлақтарын Б.Д.Ермекова, ал С.Т.Назарбекова Қазақстанның микроскопиялық саңырауқүлағын зерттеді. Тат саңырауқүлағын оның ішінде Қазақстан көлемінде кездесетін астық түқымдасының сары татын жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі С.А.Абиев. Ол сары тат саңырауқүлақтарының таулы аудандарда ауа райына байланыстырып ғана анықтап қоймай, Қазақстанда кездесетін тат саңырауқүлақтарына жан-жақты талдау жасап, 138 астық түқымдас өсімдік түрлерінде 56 түрлі тат саңырауқүлағының паразиті тіршілік ететіндігін оаяндады. Олардың 10 түрі Иrоmусеs туыстығына, 46 түрі Рuссіnіа туыстасына жататынын анықтады.оның 11 түрі Қазақстан жерінетән екендігі анықталады. Олар 20 түрлі астық түқымдасының паразиттері.

М.Х.Шығаева "Селекция дрожжей" деген еңбегінде ашытқы саңырауқүлағының бірнеше жаңа сорттарын шығарып, оның сапасын артгырып, халық шаруашылығының өркендеуіне көмектесті.

Қазақстан территорясында агарикалық саңырауқұлақтардың және де басқада түрлері А.Э.Гегель (1878) және Д.И.Сорокин (1884) сияқты ботаник- флористер еңбегінен корінді.

Ең біріншіден ауыл шаруашылық мәдениетіндегі паразит саңырауқұлақтарды зерттеуден бастады, сонан кейін қалпақты саңырауқүлақтар тек қосымша объект ретінде жиналды.

Республикамыздағы Шығыс және Солтүстік аудандардың ең бірінші флористикалық мәліметтерін К.Е.Мурашкинский мен М.К.Зелинг жүмыстарынан көреміз.

Ағаш өсіруші Б.И.Кравцев 1920-жылдан 1944-жылға дейін Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарының және Алтай, Тянь-Шань ормандарының микофлорасын зерттеді. АнҚазССР ботаника иниститутындағы споралы өсімдіктер флорасы болімінде оздерінің дайындаған қалпақты саңырауқүлақтардық суреттерінің атласы сақтаулы.

Информация о работе Кокшетау аймагында таралган саныраукулактар