Қазақстанның өсімдік байлығы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 18:47, курсовая работа

Краткое описание

Ормандағы өсімдіктер ағаш-бұта, шөптесін өсімдіктер, мүктер, қыналар сияқты әртүрлі тіршілік формаларынан тұрады. Олардың тіршілігі де бір-бірімен тығыз байланыста, үйлесімді болып келеді. Орман тек ағаштар мен шөптерден ғана емес хайуандардан, құстардан, саңырауқұлақтардан, насекомдардан, микроорганизмдерден тұрады. Олардың бәрінің тіршілігі өсімдікке мәжбүр, онсыз тіршілігі жоқ. Қысқасы орман дегеніміз - күрделі экологиялық жүйе немесе академик В. С. Суначев мұны - биогеоценоз деп атаған болатын. Бұл гректің б и о с - тіршілік, г е о - жер деген сөздерінен шыкқан. Басқаша айтқанда жердің белгілі бөлшегінде тірі организмдердің (өсімдік, жануар, мккроорганизмдер) бірлесе, қарым-қатынаста тіршілік етуі. Ал топырақ өсімдіктердің тіршілік нәрін алатын негізгі ортасы. Онда тұқымдар өніп, өскіндер шығып тамырланады. Бұталар мен жас ағаштар тамырлары арқылы топырақты қопсыту, оған қоректік заттар мен судың сіңуін қамтамасыз етеді. Бұталардың денесіне өсімдіктердің зиянкес насекомдарын құртатын құстар ұя салады.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1.Өсімдіктерге жалпы сипаттама..................................................................5
1.1 Өсімдік байлықтарын тиімді пайдалану және қорғау.............................8
1.2 Елді мекендердегі өсімдіктерді қорғау....................................................13
2. Орманның халық шаруашылық маңызы.....................................................17
2.1 Орманды қорғау және көбейту шаралары ..................................................20
2.2 Орман өрттері және оны болдырмау жолдары..........................................23
2.3 Орман ағаштарының көшеттерін өсіру шаралары....................................30
3. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау.................33
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................42

Вложенные файлы: 1 файл

осимдик коргау.doc

— 259.50 Кб (Скачать файл)

Табиғи жайылым мен шабындығының мал азықтық сапасы басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Отты жайылымдарда 20 процент мал құмарта жейтін 1358 өсімдік, 27 процент жақсы немесе орташа құмарлықпен жейтін 1254 өсімдік, 16 процент нашар жейтін 774 және 15 процент жемейтін 758 өсімдік түрлері өседі. Барлық өсімдік түрлерінің 15 проценті немесе 758 түр улату қауіпі бар және улы өсімдіктерге жатады.

Шабындық пен жайылымда өсетін жабайы өсімдіктердің 458 түрі қолдан өсіруге жолдама алды. Бұрыннан мал азығы ретінде пайдаланылып келе жатқан 193 түрі бар. Жайылымның табиғи шөптерінен шөп, сүрлем, пішендеме, шөп ұнын дайындаудың технологиясын жақсарту арқылы егістіктен алынатын бағалы дәнді және басқа дақылдардың малға беретін мөлшерін айтарлықтай азайтуға болады.

Бұған қарамастан  табиғи жайылымдар мен шабындықтардың өнімі төмен, орта есеппен 1 гектар шабындықтан 7 центнер шөп, жайылымнан 13 центнер жасыл балауса алынады.

Бұл табиғи жайылымды жақсартудын төмен екендігін көрсетеді. Ол жерлер көбіне жүйесіз, есепсіз пайдаланылады, аяқ асты қалудың әсерінен жер эрозияға ұшырап, шөп өнімі төмендейді. Ерте көктемде мал жайылудан балауса өсімдіктер топталады. Осының әсерінен Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан жайылымдарының орташа өнімі Одақ бойынша әр гектардан алынатын өнімнен 2-5 центнер кем болып отыр. Табиғи жайылымдарға қарапайым күтім жұмысын жүргізгеннін өзінде өнімі 2-3 есе артатынын ғалымдар дәлелдеп отыр.

Табиғи жайылымдарды бағып күтуге мынадай жұмыстар жатады: 1) өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіруін жақсарту мақсатында тыңайтқыш беру. Бұл арқылы әр гектардан 78—101 центнер шөп алуға болады; 2) Жайылымды ылғалмен қамтамасыз ету (қар тоқтату, құрғату, су бастыру) арқылы өнімін арттыру; 3) Үстеме тұқым себу арқылы шөптің тығыздығын арттыру, т. б.

Табиғи байлықты қорғау үшін оны пайдалану тәртібін қатаң сақтау керек. Бұл жұмыста жердің бір гектарына жайылатын малдың саны және шөптің қоры ескеріледі. Көктеуде, жайлауда және күзде малдың, жайылу мерзімі қатаң сақталады. Қажетті жайылымдардың жайылу уақытын көбейту үшін малдың өрісін тиімді өзгертудің үлкен _мәні бар. Мұның бәрі ғылыми негізде есептелуі тиіс. Шалғындардан көп мөлшерде шөп шауып, жақсы мал азыктық өсімдіктердің түрлерін сақтау үшін де пайдаланудың арнайы тәртібі сақталуы тиіс. Жақсы пайдаланылған шабындыққа мысал етіп Москва облысының тәжірибесін келтіруге болады. Ол 12 жыл бойы шапқанда негізгі мал азықтық өсімдік- астық тұқымдастардың масақтануы кезінде   әр гектарынан 32, гүлдеу   фазасында - 42,

Жеміс беру фазасында- 59 және ауыспалы шабындықтан - 53 центнерден шөп жинаған.  Жайылымдар мен шабындықтардың сапасын жақсарту жұмысы қаратопырақты емес аудандарда, Батыс Сібірде, Қазақстан мен Орта Азияда, Кавказ бен Памир тауларында айтарлықтай жақсы жүргізіледі.

Қазақстан мен Орта Азия құмдарында сексеуілден қорғаныс орман жасау арқылы құмды жерлердегі жусан мен вегетациялық дәуірі қысқа эфемер-лерден тұратын жайылымның шебін төрт есе арттыруға болады.

Жайылым мен шабындық мал шаруашылығының негізі. Алайда, тың жерлерді игеру, көп көлемді жерлерді су қоймасына айналдыру жайылым көлемін кемітуде. Ал ол жерлердің орнын толтыру қолда бар жайылымдарды жақсартып, өнімін арттыру арқылы жүруі тиіс. Табиғи жайылымдар мен шабындықтарды қорғап, тиімді пайдаланудың мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етуден басқа, топырақты бекітіп, су, жел эрозиясынан сақтайтын өте пайдалы жағы тағы бар. Эрозияға ұшырауға бейім тұратын беткейлерге шөп өсіріп, жайылымға айналдыруға болады. Бұған қолайлы жабайы мал азықтық өсімдіктерге - бидайық қылтанақты арпабас, тура арпабас, биік райграс, еркекшөп, көде, қияқ, түйежоңышқа, эспарцет т. б. жатады.

 

1.2 Елді мекендердегі өсімдіктерді қорғау

Осы кезде елді мекендердегі өсімдіктерді қорғаудың мәні өте күшті. Тұрғын үйлердің, жұмыс орнының айналасында өсіп тұрған өсімдіктердің алдымен психологиялық   мәні бар.   Ол   өсімдіктер адамның көңіл-күйін жақсартып, шабыттандырып, жұмыс өнімділігін арттырады десек артық айтқандық болмайды.

Жасыл желек жағымды микроклимат жасап, ауаны фитонцидпен байытып, хош иіске бөлейді, ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығара отырып жапырақтары шаң тоқтатады, зиянды газдардың әсерін бәсеңдетеді. Әсерлей айтсақ өсімдікті қаланың тынысы - өкпесі деуге болады. Өсімдіктің қала халқы үшін пайдасы мұнымен шектелмейді.

Ағаштар адамға ауру туғызатын микроорганизмдердің бірден-бір қарсыласы. Гигиена ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары отыз ағаш түрін арнайы зерттеп, ауруға қарсы тұратын ең күштілері қарағай, Сібір майқарағайы, Венгрия шыршасы екенін анықтады. Олар қылқанының бетіне қонған микробтардың 75 процентін өлтіріп жібереді. Сондай-ақ, ауру денедегі жарақатты қоздыратын жылтыр және ақ стафилококк микробтарын да құртады. Қараған, қайың, қарақат та микробқа қарсы тұра алатын өсімдік-ер қатарына жатады. Табиғат санитары деп есеп-телетін бүл өсімдіктер қалаларды көгалдандыруға кең пайдаланылады.

Елді мекендердегі есімдіктерді қорғаудың жәйі қалай? Арнайы жүргізілген зерттеу жұмысы арқылы бір тұрғынға келетін жасыл өсімдіктің, мөлшері 12-15 м2 болып белгіленеді. Бұл мөлшердің құрамына парктердің, бақтардың, скверлердің мөлшері енеді. Қалаларда ағаштардың біркелкі отырғызылуын қадағалау керек.

Алайда көрсетілген мөлшер көп қалаларда сақталмайды. Орта есеппен қаланың бір тұрғынына - 5 м2, Украинада - 11 м2 өсімдік келеді. Өсімдікке бай Сібір қалаларында   бұдан да төмен. Мысалы, Владивостокта бір адамға бар болғаны - 1,1 м2, Кемеровода-1,5, Красноярскіде - 1,8, Томскіде — 2 м2 ағаш келеді. Ал қаланы көгалдандыруға жақсы назар аударатын Омбыда бір адамға ондаған текше метр ағаш келеді.

Ежелден бақ қала аталған Алматы қаласы өзінің жасыл желегінін арқасында дүние жүзіне аты белгілі болды. Қазақстан Ғылым академиясының алты ботаникалық бағы қалаларды көгалдандыру жұмысына баса назар аударады. Орналаскан жері өте қолайсыз деп саналатын Шевченко каласының өзінде көгалдандыру жұмысы жолға қойылып келеді. Алайда, Қазақстанның кейбір қалаларында көгалдандыру жұмысы нашар екендігін мойындауға тура келеді.

Қазіргі белгіленген мөлшер бойынша қалаларда тұрғын кварталдардың жалпы көлемінің 40 проценті, емдеу мекемелерінің 60, мектептердің, бала бақшалары мен яслилердің 50 проценті есімдік есетін жер болу керек. Ауылдық жерлерде әр үйдің 100 м2 жері бау-бақша, мектеп аулаларында әр оқушыға 35 м2, балалар бақшаларында әр бөбекке 60 м2, ауруханада бір ауру үшін 300 м2 жасыл желекті болуы тиіс.

Қала құрылыстарын жүргізу кезінде көгалдандыру жұмысы естен шықпау керек. Көп жағдайда бұл жұмыс ескерілмейді де көптеген өсімдіктер жойылып кетеді. Бір кездерде дүние жүзіне аты әйгілі Алматы апорты қазір «азғындап» бара жатыр деген сөзді кеп естуге болады. Бұл мәселе баспасөзде де көтеріліп жүр. Өкінішке орай халықтың бүл сақтандыруын мойындауға тура келеді. Алматы қаласы кеңейген сайын алма бақтары орын босатып басқа жаққа ығысуға мәжбүр болды, өсетін алаңы тарылды. Топырақ құрамының, микроклиматтың   өзгеруі,   қала   газы мен   өндіріс   қалдықтары алманың дамуына әсерін тигізбей қоймайды. Алатаудың мақтанышы — Алматы апортынан айрылып қалу қаупі төніп тұр. Алматы апортының болашағын шұғыл түрде ойластырып, болашақ ұрпаққа сақтап қалуды ойластырған дұрыс.

Кейбір қалаларда отырғызылатын ағаштардың да сапасы ойдағыдай емес. Көп қалаларда жергілікті жердің ауа райы ескерілмейді және отырғызылатын ағаштардың түрлері де аз, бар болғаны 10-12 түр. Әдетте көгалдандыруға, терек, үйеңкі, сары қараған, қайың, үшқат, Сібір алмасы пайдаланылады. Бұл өсімдіктер көбіне ретсіз кез келген жерге отырғызылады, өсімдіктің биологиялық ерекшелігі ескерілмейді. Мысалы, Өскемен қаласында негізінен Сібір терегі отырғызылған. Оның пісіп-жетілген кездегі мамықты тұқымы қаланы ластап, тұрғындарды әуреге салады. Бұл терек тез өсетін және көптеген ірі жапырақ беретін, көгалдандыруға ыңғайлы өсімдік. Бірақ оның мамықсыз, тұқым бермейтін түрін отырғызу қажет.

Қаланы көгалдандыру жұмысында жергілікті жердің ауа райы ескерілуі тиіс. Қазақстан қалаларында әсемдік мәні баяғыдан белгілі шетен, ырғай, шәңгіш, балқарағай, қарағай, тораңғы, қарақат, жүзген, шырғанақ, тобылғы, арша, жыңғыл сияқты ағаш тектес, таушымылдық, айдаршаш, шегір-гүл, жанаргүл сияқты шөптесін жабайы өсімдіктер пайдаланылмайды. Мысалы, өзі өте әсем, күй таңдамайтын, құмды, қарды жақсы тоқтататын жыңғыл өсімдігі Киевтің орталық Крещатик кешесіне сән беріп тұр. Ал бізде қала сыртындағы Сыр, Іле, Шу өзендерінің жағасында өсіп тұрған сол жыңғылды Қызылорда, Орал, Жамбыл, Шымкент қалаларын көгалдандыруға пайдалану жолға қойылмай отыр. Жергілікті жерлерде өсетін жабайы өсімдіктерді жақын қаланы көгалдандыруға   пайдаланудың эстетикалық, экологиялық, медицина-лық мәні өте жоғары. Бұл жұмысты іске асырған адам немесе мекеме коршаған ортаны қорғау жұмысына үлес қоскан болар еді.

Казақстанның кейбір қалаларында көгалдандыру жұмысы күнделікті қажеттілікке айналмаған. Ол жерлерде ағаштар мен бұталар көктемде аздап қана отырғызылады. Оған бағып-күту жұмысы жүргізілмейді, осыдан келіп келесі жылы сол жерге қайтадан ағаш отырғызуға тура келеді.

Қалаларды көгалдандыру жұмысын жаксартудың қандай мүмкіндігі бар? Тюмень ботаника бағы көп жылдық бақылау жүргізудің корытынды-сында Сібір жағдайында калаларға 80 бұта және ағаш өсімдіктерін пайдалануға болатындығын дәлелдеді. Олардын, деректері бойынша Сібір қалаларында өсіруге қолайлы өсімдіктерге - қотыр қайың, СібІр шыршасы, ақ және ешкі тал, самырсын, балқарағай, шетен, ақ терек, мойыл жатады. Басқа жақтан әкелінген өсімдіктерден Сібірде жақсы өсетін өсімдіктерге — қараған, Сібір жөкесі, сұр қандағаш, Манжүр жаңғағы, Пенсильван мойылы, Сібір алмасы сияқты т. б. өсімдіктер жатады, Мұндай жүмыстарды Қазақстан ботаника бақтары да жүргізеді. Алайда ол барлық қалаларда түбелікті әдетке айналмай отыр. Республика қалаларында әсемдік, төзімділік жағынан сапасы жақсы жабайы өсімдіктерді пайдалануды ботаника бақтары ойластыруға тиіс. КейбІреулер көгалдандыру жұмысына теректі пайдалануға қарсы, Бұл дұрыс емес. Өте тез өсетін ағаш ретінде бұл мәнін жойған жоқ мамықты болдырмау үшін аталық өсімдіктерін таңдап алу керек.

Терек фитонцидтік, шаң   жинайтын,   шуды бөлетін өсімдік ретінде жоғары бағаланады. Оны үйлердің арасында, заводтардың айналасына отырғызуға болады. Бірақ теректі жыл сайын жоғары жағын шырпып отыруды ұмытпау керек. Бұл жұмысты сәуір айында жүргізген жөн.

Қалаларды көгалдандыру өте жауапты жұмыс. Ол жоғары эстетикалық талғамды талап етеді. Сондықтан бұл жұмысты үй құрылыстарының тұрған орнымен үйлестіре жүргізу керек.

Кейбір жерлерде қалаға таяу ормандарды қорғауға назар аудармайды. Шығыс Қазақстан облысындағы Кендірлік өзенінің бойындағы шырғанақ орманын бір кезде бульдозермен қазғандар болды. Женшень сияқты шипалық қасиеті өте күшті деп есептелетін қызғылт семізот (родиола розовая) өсімдігін Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары көптеп қазып, өздері ойлап тапқан рецептімен пайдаланады. Осыдан келіп бұл өте бағалы өсімдік кейінгі жылдары күрт азайып кетті.

Қазіргі кезде мүндай өсімдіктерді қорғау жөнінде шаралар жүргізілуде. Бұған облыстық, аудандық табиғат қорғау қоғамдары, жекелей таби-ғаттың достары, мектеп оқушылары мен студенттер үлес қосуда.

 

 

 

 

2. Орманның халық шаруашылық  маңызы

Іске жарайтын ағаш материалдарының 60 процентке жуығы құрылыс өнеркәсіптері мен темір жол транспортында пайдаланылады. Миллиондаған текше метр ағаш материалдары тұрғын үй және баска құрылыстар салуға, телеграф, телефон линияларын жасауға жұмсалады. Жаңадан салынып жатқан темір жолдарда, бұрыңғы жолдарды жөндеуге өте көп ағаш қолданылады. Ұзындығы әрбір погон метр жолға металлдан гөрі, салмағы жағынан алғанда, ағаш әлде кайда көп жұмсалады. Жыл сайын темір   жол төсеуге  60 миллион  дана  шпал керек.

Іске жарайтын ағаштың 11 проценттен астамы көмір және тау-кен руда кәсіпорындарында тіреу материалы ретінде пайдаланады, Мысалы, шахталардағы тіреу бағаналарына әрбір 15-20 тонна көмір алу ушін 1-2 текше метр ағаш керек. Көмір өнеркәсібінің өзіне ғана 10 миллион сары қарағайдын, жыл бойына беретін өсімінің көлеміндей ағаш керек. Бұған назар аудармасқа болмайды.

Қазіргі   әлеуметтік   қоғамның   қағазсыз   өмірі   әсте мүмкін емес. Газеттердің, кітаптардың, журналдардың, оқушылар дәптерлерінің, әр түрлі блокноттардың, бланкалардың,   жазба   кітапшалардың   және   басқалардың, миллиондаған   тираждары   шырша   қарағай   ағашынан жасалған   қағазға   бастырылып   шығарылады.   Осыған орай қағаз-целлюлоз өнеркәсібі іске жарайтын ағаштың 7 процентке жуығын пайдаланады.

Жарамды ағаштың 8 проценттен артығы, әр түрлі жәшіктер мен ыдыстар жасауға жұмсалады. Ал мұндай жәшіктер мен ыдыстар тым аз уақыт пайдаланылып, тасталып жатады.

Жарамды ағаштың (7 процентке жуығын) едәуір бөлігін мебель, сіріңке жасайтын ағаш және фанер шығаратын өнеркәсіп орындары керек етеді.

Машина жасау кәсіпорындарына (вагон жасайтын және жөндейтін заводтар, авиақұрылыстары, ауыл шаруашылық машиналарын жасайтын кәсіпорындары т. б.), халық шаруашылығының басқа да көптеген салаларына жыл сайын миллиондаған текше метр ағаш материалдарын пайдаланады.

Қазір ағашты химиялық жолмен өңдеу де кең өріс алды. Адам баласы химиялық әдіспен өңдеу арқылы ағаштан сан алуан өнімдер мен бұйымдар жасайды. Ағашты химиялық жолмен өңдеу өнеркәсібі жарамды ағаштарды ғана емес, жарамсыздарын да-бұтақтарды, ағаш үгінділерін, қарағайдың қылқанын пайдаланып іске жаратады.

Химиялық жолмен өңдеуден өткізу арқылы бір текше метр ағаштан: 200 кг целлюлоза немесе 600 шаршы метр целлофан, немесе 70 литр шарап спиртін, немесе 165 кг жасанды торқа алынады, ал осы торқадан 4000 пар жібек шұлық, немесе 150 метр вискоз матасын тоқуға немесе 65 костюм тігуге болады. Химиялық өңдеуден алынған заттардан сорты жақсы лак жасалады, ерітілген немесе синтезделген органикалық қосындылар әзірлейді.

Жасанды резина мен жібек, былғары мен жүн ағашты өңдеу арқылы алынған заттар. Бір тонна кепкен ағаш үгіндісінен немесе жаңқасынан гидролиз жасау арқылы 185 литр спирт, немесе 44 кг жемшөп ашытқысын немесе 60 кг сіркесу қышқылын алуға болады.

Ағаш дайындаған жерде қалатын қылқанды бұтақшалардан өте құнарлы малға азықтық жем- кылқан ұны жасалады. Май қарағайдың қылқанды бұтақтарынан парфюмерия өнеркәсібінде кең қолданылатын май қарағай майы алынады.

Сары қарағайдын шайырынан қағаз, бояу, лак жасайтын, сабын қайнататын және парфюмерия өнеркәсіптерінде кеңінен қолданылатын канифоль мен скипидар жасалады.

Информация о работе Қазақстанның өсімдік байлығы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау