Электрокардиография. Фонокардиография

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 21:40, реферат

Краткое описание

Электрокардиография. Электрокардиография дегеніміз жүрек бұлшық етінде түзілетін биоэлектрлік көріністердің графикалық тіркеу әдісі. Жүректің жиырылу кезінде оның қозуы пайда болады, сол кезде жүректің бұлшық ет клеткалары, олардың мемброналарының физикалық-химиялық құбылыстары байқалады. Бұл кезде клетка аралық және клетка ішілік сұйықтықтың иондық құрамы өзгереді де, ол электрлік тоқтың пайда болуына әкеліп соғады.

Вложенные файлы: 1 файл

Жүректі зерттеудің аспаптық әдістері.doc

— 458.50 Кб (Скачать файл)

Жүректі зерттеудің аспаптық әдістері

 Электрокардиография.  Электрокардиография дегеніміз  жүрек  бұлшық етінде түзілетін  биоэлектрлік көріністердің графикалық  тіркеу әдісі. Жүректің жиырылу  кезінде оның қозуы пайда болады, сол кезде жүректің бұлшық  ет клеткалары, олардың мемброналарының физикалық-химиялық құбылыстары байқалады. Бұл кезде клетка аралық және клетка ішілік сұйықтықтың иондық құрамы өзгереді де, ол электрлік тоқтың пайда болуына әкеліп соғады.

  Электрокардиографияның клиникадағы маңыздылығы. Бұл тәсіл  жүрек қан тамыр жүйесін зерттеудегі қосымша тәсілдердің ішінде басты орын алады. Электрокардиография жүрек ырғақтылығының бұзылыстарын анықтауда, жүрек және қан айналымының бұзылыстарын анықтауда, жүрек тәж қан айналымының бұзылыстарының диагностикасына үлкен көмек жасайды.   Электрокардиограмма жүректің бөлек қуыстарының кеңеюін көрсетеді. Миокард гипертрофиясы және жүрекшеқуысының кеңеюіне байланысты болатын жүрекшенің үлкеюі кезінде Р сермесінің ұзақтығы да артады (0,1 сек. ұзағырақ). Р сермесінің амплитудасы жоғарылайды, себебі миокардтың қозуы кезінде жоғары потенциал туады. Егер миокардта дистрофиялық немесе склеротикалық өзгерістер дамыса, Р сермесінің пішінің пішіні өзгереді, ол серме жарықшақтанған екі фазалы болып тіркеледі. Сол жақ жүрекшенің үлкеюіне Р сермесі І және ІІ стандартты шықпаларда, оң жүрекшенің үлкеюінен –ІІ және ІІІ шықпаларда өзгереді. Кейбір қарыншалардың гипертрофиясы ЭКГ- де келесі өзгерістерге әккеліп соғады:1) Электр осінің орналасуы өзгереді; сол қарыншаның қалыңдауында жүрек осі солға, оң қарыншаның қалыңдауында – оңға ауысады; 2) Қарынша комплексінің амплитудасы жоғарылайды және оның ұзақтығы ұзарады, яғни қарыншалардың  қозу уақыты көбейеді; 3) миокардтың қайта қалпына келу үдерісі бұзылады, бұл ЭКГ- де қарыншалық комплексінің соңғы аяқ бөлігінің өзгеруімен көрінеді – S-Т аралығы орын ауыстырып, Т сермесі өзереді, 4) сол жақ қарыншаның қалыңдауында, оң жақ кеуде шықпаларындағы R –сермелерінің амплитудасы  жоғарылайды, оң жақ қарыншаның  қалыңдауында, S және R сермелерінің ара қатынасы осының алдыңғы сипатталғаннан кері, яғни оң жақ шықпаларындағы биік R сермесі, ал сол жақта- терең  S сермесі пайда болады. Электрокардиография миокардтағы дистрофиялық және склеротикалық өзгерістерді анықтауға көмектеседі. әр түрлі улы заттардың, кейбір дәрі-дәрмектердің әсерінен (дигиталис, хинидин т.б.) электролиттер алмасуының бұзылуы нәтижесінде ЭКГ өзгереді. Элетрокардиография әдісінің құндылығын, маңызын айта келіп, мынаны ескерту қажет – ЭКГ-ні тек клиникалық мағлұматтардың есебінде бағалау керек,себебі әр түрлі патологиялық өзгерістер осыған ұқсас бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Клиникалық мағлұматтарды ескермеу және электрокардиография  әдісін тым артық бағалау, үлкен диагностикалық қателіктерге әкеліп соғуы мүмкін.

       

57-сурет. Электрокардиографияның схемасы: 1 – зерттелінетін жануар, 2 –

жүрек тогы қойылымдардың  ауыстырғышы, 3 - күшейткіш, 4 – электр батареясы, 5 –

гальванометр, 6 – айна, 7 – сәуле көзі, 8 –лентаны жіберіп туратын механизм, 9 –  бақылау

терезесі, 10 –  уақытты белгілегіш, 11 – электр кернеуді бақылау механизмі

 

Жүрек еттеріндегі  биоэлектрлік құбылысты зерттейтін әдісті –

электрокардиография (ЭКГ), биотоктарды зерттеуде қолданылатын

аспапты – электрокардиограф, ал биотоктарды бейнелейтін сызықты  –

электрокардиограмма деп атайды. Қазіргі кезде медицинада қолданылатын

электрокардиографтарды  ветеринария саласында да пайдаланады.

Электрокардиограмма арқылы жүректің негізгі: автоматизм,

қоздырғыштық  және өткізгіштік қызметтері туралы мәліметтерді аңықтап,

жүрек ырғағының бұзылауына (аритмиялар), миокардиодистрофия мен

миокардттың инфарктына да диагноз қоюға мүмкіншілік  бар.

ЭКГ жазу үшін жануардың  екі алдыңғы және артқы сол  аяқтарына 5 %-

дық ас тұзы ерітіндісіне малынған дәкені орап, оның үстіне қалайы

пластинкадан  жасалған электродтарды бекітіп ЭКГ-ға кабель арқылы

жалғайды. Электродтарды  жануар аяқтарына рәзеңке арқылы бекітеді.

Электрокардиографияны тұрған малда өткізеді. Стандартты

қойылымдар 2-полюсті  шығаруларға жатады. Электрокардиограмманы

жазған кезде  әр қойылымнан 6-8 жүректің жиырылуын түсіру қажет.

Тәжірибеде  денеден 3 стандартты қойылым (ток тарту  жолдарын)

қолданады:

▲ Алдыңғы оң және сол аяқтың сирағынан (жүрек  құлақшаларының

қозу биотоктарын  тіркеу).

▲ Алдыңғы оң және артқы сол аяқтың сирағынан (жүректің оң және

сол қарыншаларының қозуы салдарынан келетін биотоктарды  тіркеу).

▲ Алдыңғы сол  және артқы сол аяқтың сирағынан (жүректің сол

қарыншасының  биотоктарын тіркеу).

Электрокардиограмманы оқыған уақытта екінші қойылымнан

бастайды, себебі ол негізгі, ал 1-ші, 3-ші қойылымдар қосымша деп

саналады.

Барлық жолдарынан алынған электрокардиограмма түзу

изопотенциалды  сызықтан және бес тістен тұрады. Оның үшеуі

изопотенциалды  сызықтан жоғары бағыттылған (P, R, T), олар оң тістер деп

аталады. Ал екеуі (Q, S) изопотенциалды сызықтан төмен қарай бағыттылған,

олар теріс деп аталады.

Электрокардиограмманың 3 көрсеткіштеріне сүйене отырып талқылау

жасайды (интерпретацияны):

■ Тістердің  биіктігі (мм);

■ Изопотенциалды сызықтан тістердің бағыттары (оң - жоғары, теріс -

төмен);

■ Арақашықтықтарының ұзақтығы (сек).

Электрокардиограммада ІІ-кезеңді айырады: систолалық және

диастолалық: систолық кезең Р-тісінің алдынан Т тісіне дейін орналасады,

диастолалық кезең - Т тісінің соңынан келесі Р  тісіне дейін.

Р тісі- құлақша еттерінің қозғандағы потенциалдарын көрсетеді, ол

қозу құлақшалардан  өткенде пайда болады.

Р тісінің үлкеюі симпатикалық жүйе тамырының өзгеруінде, жүрек

құлақшаларының  гипертрофиясында, митралды тесігінің  тарылуында

байқалады. Ал кішіреюі мен  кеңеюі жүректің өткізгіштік қабілетінің

төмендеуіне байланысты. Кейде  осы себептен Р тісінің ұшы  жалпақ болып

түседі. Р-Q аралығы биотоктың (қоздырудың) құлақшадан қарыншаларға

дейін өту уақытын көрсетеді. Р-Q арасының тым ұзын болуы өткізгіш

жүйенің морфологиялық өзгерістерінен, мысалы миокардиострофияда

кездеседі. Р-Q аралығының қысқаруы физикалық күш түсіргенде,

шаршағанда немесе экстрасистолада  болады (алғашқы жүрек қозу нүктесі

атрио-ветрикулярлы түйінге  жылжығанда).

Q тісі жүректің оң және сол қарыншалардың, бұлшық еттерінің ішкі

қабаттарының және қолқаның қоздыру әрекетін көрсетеді. Бұл  тісінің

үлкеюі (әсіресе 3-ші жолында) алдында болған миокард инфарктінің  белгісі.

R тісі – екі жүрек қарынша еттерінің қоздыруын көрсетеді. Оның

биіктігі миокард жағдайымен байланысты. R-тістің биік болуы миокардтың

қызметтік қабілеті өте жақсы, жоғары деңгейінде екенін көрсетеді, немесе

симпатикотонияны, ал кішіреюі керісінше - ваготония немесе дистрофиялық

бұзылуларды. R-тістің ұшы  жалпақ немесе екіге бөлінуі –  қозғыштық

жүйесінің соңғы бөліктерінің терең бұзылулары бар екенін білдіреді. Бұл

белгі QRS-комплекстің ұлғаюымен үйлеседі.

Сол жақ қарыншаның гипертрофиясында R-тісі 1-ші қойылымда

үлкейеді де, 3-де – кішірейеді. Көбінесе осы жағдаймен  қосымша S-тісі де

терең болады (левограмма).

Оң жақ қарыншаның гипертрофиясында R-тісі 3-ші қойылымда  ең

жоғары, ал 1-шіде төмен, қосымша S-тісі 1-ші қойылымда  терең болады

(правограмма).

S тісі- екі қарынша толық қозу кезінде пайда болады да, тіс төмен

қарай бағытталады. Оның талқылауы барлық QRS-кешенінің өзгеруіне

байланысты. Бұл  кешен қандай болсын өткізгіш жүйенің  зақымдануларын

көрсетеді. QRS-кешенінің  жарылуы, жалпақтануы, кеңеюі – миокардтың кең

таралған бұзылуларын  білдіреді.

S-T аралығы (интервал) қалыпты жағдайда изоэлектрлік. Ол

миокардтың толық қоздыру кезіндегі потенциал айырымның жоқтығын

көрсетеді. Интервалдың  ұзаруы қарыншақтардың коздыруы баяу

болғандықтан, ал қысқаруы – кенет тахикардияда кездеседі. Интервал S-T–

ның төмен немесе жоғары жылжуы - қан тамыр айналымының  бұзылуында,

миокардтың  ошақты зақымдалуында, жіті перикардитте пайда болады.

Т тісі миокардтың электр потенциалдың қайталану фазасына сәйкес

болады. Оның ұлғаюы малдың қозуында, физикалық күш салуында,

симпатикотонияда  кездеседі, ал кішіреюі – ваготония, жүректің

дистрофиялық өзгерістерінде пайда болады.

QRST-кешені қарыншалардың толық қоздыру және қалпына келу

уақытын көрсетеді, немесе жүректің электрлік систоласын білдіреді.

Т-Р  интервалы жүректің электрлік диастоласын білдіреді, оның

ұзындығы жүрек  ырғағына байланысты.

R-R және P-P интервалдар жүрек қызметінің толық циклін құрайды.

3 Вектор-кардиография – жүректегі электрөткізгіштік күшінің көлемі

мен бағыттылығын тіркеу әдісі. Жүректің электр өрісі  жүрек жұмысының әр

мезгілінде  өзгеріп тұрады, сол уақытта потенциалдардың айырымы пайда

болады. Соңғыларды график ретінде момент-вектор арқылы көрсетуге

болады (бір  нүктеден шығатын арнайы ұзыңдығы мен  бағыттағы түзу

сызықтар). Векторлардың жылжуы біртектес жабық қисықты  береді –

векторкардиограмманы (ВКГ). ВКГ жазу үшін арнайы аспап қолданады –

вектор-электрокардиоскоп. Бұл аспап жүректің визуалды (экранда  қарау)

зерттеуін құрастырылған (электрокардиографиямен векторкардиография)

әдіспен жүргізуге мүмкіншілік  береді.__

 

Фонография - жүрек соғуын кардиофонографпен жазып алу Дыбыс жазу - сақтау және керек уакытында қайта жаңғырту мақсатымен дыбыс толқынын тасымалдаушы материалға түсіру. Дыбыс жазу үшін микрофон, электр тербелістерін күшейткіш, дыбыс жазылатын материалға әрекет етуші құрылғы, дыбыс жазылатын материал қолданылады. Дыбыс жазудың механикалық, магниттік, фотосуреттік (оптикалық) түрлері және монофониялық , стерефониялық және квадрафониялық әдістері бар. Магнитофон арқылы стереожазуды орындау үшін әрбір дыбыс көзінің маңына жеке микрофондар орнатып, олар арқьшы дыбысты екі жолға синхронды түрде жазады. Қайта жаңғыртқанда да синхронды түрде жаңғыртады. Квадрофониялық жазуда дыбыс төрт жолға жазылады

Бұл әдіс ЭКГ  және аускультация арқылы алынған нәтижелерді

толықтырады. Фонокардиограф микрофонын жүрек қақпақшалардың нақты

естілетін орындарына жабыстырады, кейбір жағдайларда қосымша

нүктелерге  де қосады.

Фонокардиография  жүрек ақауларын ажырату үшін өте маңызды. ФКГ

жүрек шуылдарының басталу уақытын, ұзақтығын, ең жоғары деңгейін және

т.б. көрсеткіштерін анықтайды.

            

58-сурет.  Қалыпты электрокардиограмманың тістері мен интервалдары

(аралықтары): А  – жылқы, Б – ірі қара  мал, В – иттің электрокардиограммасы

           Батыс Қазақстан Инженерлік-Гуманитарлық Университеті.

 

 

                                                  «Экология және биотехнология» кафедрасы.

 

                         Баяндама

 

Тақырыбы:

          

       

    "Электрокардиография.

                   Фонокардиография"

 

 

 

                                                                        Орындаған:ВС-31 топ студенті

                                                                                                     Құспанова Б.С.

                                                                        Тексерген: оқытушы

                                                                                                     Исмагулов.А.Н.

                                                

                      

                                                             2013жыл


Информация о работе Электрокардиография. Фонокардиография