Тұқым қуалайтын аурулардың зертханалық-диагностикалық әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 10:37, реферат

Краткое описание

Тұқым қуалайтын аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геногеномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады.
Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар:

Содержание

Тұқым қуалайтын аурулар
Генетикалық жіктелуі
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері
Балалар ауруларын зерттеу әдістері
Тұқым қуалаитын ауруларды емдеу

Вложенные файлы: 1 файл

Тұқым қуалайтын аурулар.docx

— 35.25 Кб (Скачать файл)

Шерешевский-Тернер ауруымен тек қана қыздар ауырады. Бұл аурудың бірінші белгілері 10-12 жаста байқалады: қыздардың бойлары кішкентай болады, шашы төмен желкесіне дейін өседі, 13-14 жасқа келсе де етеккірі келмеген. Ақыл-ойының жетілуінде аздаған ауытқулар байқалады. Шерешевский-Тернер ауруымен ауырған ересек адамдарда аурудың ең негізгі әйгіленісі болып бедеулік саналады. Бұндай дертке шалдыққандардың кариотипін 45 хромосома құрайды. Бір Х-хромосома жоқ. Бұл аурумен 3000 қыздың ішінде 1 қыз, бойы 130-145 см болатын 1000 қыздың ішінде 73 қыз ауырады.

Клейнфелтер ауруы тек қана ұл балаларда кездеседі, бұл дерттің диагнозы жиі 16-18 жаста қойылады. Бұл дертке шалдыққан ұлдардың бойы биік (190 см и выше) болады, ақыл-ойының жетілуінде аздаған ауытқулар байқалады, кеудесін орап алатындай қолдары бойына сәйкес емес өте ұзын болатыны байқалады. Кариотипін зерттеген кезінде 47 хромосома болады – 47, ХХУ. Клейнфелтер ауруымен ауырған ересек адамдарда аурудың ең негізгі әйгіленісі болып ұрықсыздығы саналады. Аурудың тарауы 1:18000 тең, 95 ұлдың 1-нің ақыл-ойы дұрыс жетілмеген, 9 еркектің 1-уі ұрықсыз.

Жоғарыда біз өте жиі кездесетін хромосома ауруларын сипаттадық. Тұқым қуалайтын аурулардың 5000-нан астамы адам жасушасы ядросының 30000 генінің біреуінде өзгерулер, тектің өзгеруі болатын моногенді ауруларға жатады.

Белгілі бір гендердің жұмысы осы генге сәйкес келетін нәруыз немесе жасушалардың, органдардың және жүйелердің жұмысына жауапты нәруыздардың түзілуіне (қалыптасуына) мүмкіндік жасайды. Геннің бұзылуы (тектің өзгеруі) нәруыздың түзілуінің бұзылуына, содан кейін жасушалардың, органдардың және жүйелердің физиологиялық жұмысының бұзылуына әкеп соқтырады.

2-3 айға дейінгі барлық балаларда  фенилкетонурия немесе пировиноградты  жарыместіктің бар-жоғын білу  үшін зәр алып арнайы биохимиялық  тексеру жүргізу қажет. Бұл тұқым  қуалайтын ауру болған кезде  ауру бала әке-шешесінің дені  сау, бірақ та олардың әрқайсысы  бірдей ауру генді (басыңқы ген) таратқыш болып табылады да, ауру  баланың тууы – 25 % тең.

Бұндай жағдайлар туыс адамдар үйленген кезде жиі болып тұрады. Фенилкетонурия – тұқым қуалайтын аурулардың бірі. Бұл аурудың нәрестелер арасында кездесу жиілігі 1:10000. Фенилкетонурия ауруы дегеніміз – адам ағзасы фенилаланин амин қышқылын сіңіре алмауы және оның уытты концентрациясы ми және басқа да органдар мен жүйелердің функционалдық қызметіне теріс ықпал етуі.

Психикалық және қимылдық дамудың артта қалуы, эпилепсиялық сияқты ұстамалар, диспепсиялық әйгіленістер (асқазан-ішек жолдары жұмысының бұзылуы) және дермиттер (терінің қабынуы) – осы аурудың негізгі клиникалық белгілері.

Емінің ең бастысы арнайы емдәм және фенилаланин амин қышқылынан ажыратылған амин қышқылды қоспаларды ішу.

1-1,5 жастағы балаларда ауыр тұқым  қуалайтын ауру – муковисцидозды  анықтау үшін диагностика жүргізеді. Бұл дертке шалдыққанда дем  алу жүйесі және асқазан-ішек  жолдары зақымданады. Ауру балада  диспепсиялық әйгіленістермен (біресе  іш өтіп, біресе іш қату, жүрек  айну және т.с.с.) бірге өкпе  мен бронхтың созылмалы қабынуының  белгілері пайда бола бастайды. Бұл аурудың жиілігі 1:2500 тең. Емдеу  үшін ұйқы безінің, асқазан мен  ішектің функционалдық қызметін  жақсартатын ферментті топтың  препараттарын қолданады, сонымен  бірге қабынуға қарсы әрекет  ететін дәрілерді тағайындайды.

Бір жастан асқан балалар арасында кең тараған және жиі кездесетін аурулардың бірі гемофилия ауруы. Бұл дертке көбінесе ұл балалар шалдығады. Осы ауруға шалдыққан балалардың аналары тек өзгеруін тасымалдағыш болып саналады. Кей кездері баланың медициналық картасында шешесі және туыстары жөнінде ештеңе жазылмайды. Гемофилиеге шалдыққанда пайда болатын қанның ұюуы буындардың қатты зақымданыуына (буынның қанап қабынуы) және ағзаның басқа да зақымдануына әкеп соқтырады, кез келген жерін кесіп алса, көпке дейін қан тоқтамай қояды да, адам өміріне қауіп түсіреді.

4-5 жастағы ұл балаларда Дюшенн  миодистрофия ауруының клиникалық  белгілері пайда бола бастайды. Гемофилия ауруындағы сияқты  осы ауруға шалдыққан балалардың  аналары тек өзгеруін тасымалдағыш  болып саналады, яғни «кондуктор»  немесе беруші. Қаңқа-жолақ бұлшық  еттері, басқаша айтқанда, алғашында  балтырдың бұлшық еттері, уақыт  өткеннен кейін дененің басқа  да бұлшық еттері, жиырылмайтын  дәнекер тінге айналады. Ауру  бала толық қимылсыз қалады  да, өмірі жиі екінші он жылдықта  үзіледі. Қазіргі уақытқа дейін  әлемнің көптеген зертханаларында, соның ішінде біздің де зертхана  бар, осы ауруға қарсы текті  инженерия әдістерін қолдану  бойынша зерттеулер жүргізіліп  жатқанмен, Дюшенн миодистрофия  ауруының емі табылмаған. Жүргізіліп  жатқан ғылыми тәжірибенің осы  дертке шалдыққандардың болашағына  оптимизммен қарайтындай оң нәтижесі  алынды.

Молекулярлы диагностикалық әдістеме арқылы клиникалық белгілері пайда болғанға дейін айқындалатын кең тараған тұқым қуалайтын ауруларды көрсеттік. Бала денсаулығының қазіргі уақыттағы жағдайы және болашақта жиі кездесетін тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу мүмкіндігін сипаттайтын кариотип және молекулярлы-текті зерттеулер деректері көрсетілетін кариотипті зерттеумен, сонымен бірге балада кең тараған тек өзгеруі бар-жоғын мекемелер тексеру керек деп санаймыз. Әрине, бұндай зерттеулер балаға да, баланы өз отбасына алғысы келетіндерге де көптеген ауқымды проблемаларды шешуге ықпал ететіні сөзсіз.

Биотехнологияның дамуы

Молекулярлы технологиялар мен биоинформатика қосылып, ауруға шал­дығуға бейімділігін жеке-дара болжауды, қи­­ын жағдайларда диагноз қоюды қамта­масыз етуге, сондай-ақ жекелеген па­циент­тердің ауруы сипаты мен оның ауырлығын алдын ала болжауға жұмыл­дырылған.

 Тұқым қуалайтын аурулардың көп­ші­лігі ауыр, әрі созылмалы болып келеді. Бұл ау­руларға шалдыққан науқастарға қызметтер көрсетуге мемлекет едәуір қаржы жұмсай­ды. Жатырда тұқым дамуындағы кемістік­терді, моноген және хромосома ауруларын ерте кезден болжап білу, тұқым қуалайтын ауруға шалдыққан балалардың туылуын алдын ала ескерту ана мен бала денсаулығын қорғау саласының өзекті мәселесі.

 Молекулярлы биологияның: геномика, протеомика, метаболомика және биоинформатика дамуының геном дәуірі кезеңіне сай келетін биотехнологияның озық үлгілі ба­ғыттарын дамыту мақсатында және ғы­лыми орталықтардың ғылыми-өндірістік инфра­құрылымын дамыту мақсатында 2008 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы жанынан Ұлттық ұжым­дық пайдалану ғылыми биотехнология зертханасы ашылды.

 Алға қойылған міндеттерге сай зертхана жоғары білікті кадрлар мен қызмет көр­сететін персоналдан құралған, халық­ара­лық стандарттарға сай келетін қазіргі заманғы құрал-жабдықпен жабдықталған. Зертхана штаты геномика, биотехнология, молеку­лалық биология, молекулалық генетика, биомедицина, биоинформатика са­ла­сындағы жоғары білікті мамандардан тұ­рады. Зертхана қызмет­керлері АҚШ, Жапония, Франция, Израиль, Швейцария мен Ресей Федерация­сының алдыңғы қатарлы ғылыми орта­лық­тарында тағлымдамадан өтті. Қазірдің өзінде аталмыш зертхана адам асқазанында қатерлі ісіктің пайда болуын алдын-ала болжау үшін кешенді тест-жүйе әзірлеуге, онкологиялық зақым­данулардың өршуі – генетикалық маркер­ле­ріне кешенді талдау жасау жүйе­сін құруға, тұқым қуа­лайтын аурулардың скри­нингі үшін тест-жүйе, Қазақстан аумағында тараған туберкулез қоздырғы­шының муль­тирезистенттігін анықтау үшін тест-жүйе жасап шығаруға бағытталған перспективалы 8 жобаны іске асыруға кірісіп кетті.

 ҰБО-ның қосқан зор үлесі адам папилломасы вирустарын, В, С және G вирусты гепатиттерін, цитомегаловирусты инфекция­ларды, 1 үлгілі және 2 үлгілі қарапайым ұшық вирусын, желшешек вирусын – бел­демшелік ұшықты, адамның ұшық вирусын диагностикалау үшін, бұған дейін шетелден сатып алынып келген алғаш рет отандық диагностикалық тест-жүйе әзірлеп шығару болуға тиіс.

 Қазір Ұлыбританияда адамның ДНК деректер қоры жинақталған, әлемдегі осыған ұқсас мекемелердің ішінде аса ірі ерекше банк – UK Biobank ашылуда. Мұнда жарты миллион адамның гені сақталады, оларды гендер мен аурулардың өзара байланысын зерттеп-білу мақсатында адам өмі­рінің соңына дейін жіті қадағалап отырады. Озық үлгілі зерттеулердің қорытын­дылары ДНК талдауына UK Biobank ар­қылы нелік­тен кейбір адамдарда қатерлі аурулар пайда болатынына кең көлемде көз жеткі­зуге ар­налған. Мұндай зерттеулер әлемнің бар­лық дамыған елдерін­де қол­данылып келеді.

 Бүгінгі таңда генетиктер адамның жеке генетикалық паспортының көмегімен адам шалдығуы мүмкін аурулар туралы білуге қол жеткізді. Нақты бір адамның геномын зерттеу арқылы гендерінің бірізділігін және бар болуын толық көруге болады. Адам генінің оның мінез-құлқымен байланысты екені бәрімізге бұрыннан белгілі. Мәселен, ол ар­қылы біз қан тобын анықтай аламыз, бел­гілі бір заңды­лықтарға сәйкес ол ата-ана­мыздан бізге мирас болып қалады. Жа­қында ғалым­дар адамның гені оның ауруларымен тығыз байланысты екенін тапты, гендер гиперто­никалық аурулардың, жүрек аурула­рының, миокард инфаркты, асқазан жарасы ау­руының, атероскле­роздың пайда болу мүм­кіндігін анықтайды.

Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу.

Медициналық генетиканың алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі — тұқым қуалайтын аурулардың биохимиялық механизмдерін анықтап, соның негізінде оларды емдеудің жолдарын іздестіру. Мысалыға, қантты диабет ауруын алайық. Бұл ауру ұйқы безінің гормоны — инсулиннің түзілмеуіне байланысты болады, оны рецессивті ген анықтайды. Қантты диабетті организмге инсулин енгізу арқылы ғана емдейді. Бұл жағдайда тек ауру ғана, яғни “зиянды” геннің фенотиптік көрінісі емделеді. Емделіп жазылған адам ол генді өзінде сақтап, келесі ұрпағына береді. Қазіргі кезде көптеген тұқым қуалайтын аурулардың биохимиялық механизмдері анықталған. Соның бірі шизофрения ауруының бір түрі — фенилкетонурия. Бұл аурудың биохимиялық негізін зерттегенде белок құрамына кіретін фенилаланин аминқышқылы триптофанға айналуы керек. Оған арнайы фермент қатысады. Ал ол ферменттің қызметін белгілі бір ген бақылайды. Егер ол ген өзгеріске ұшыраса, аталған биохимиялық алмасулар дұрыс жүрмейді, яғни фенилаланин триптофанға айналмайды. Сондықтан оның концентрациясы артып кетеді. Мұндай жағдайда адамның миы мен жұлыны зақымдалып, психикалық ауруға ұшырайды. Осындай механизмдері анықталғаннан кейін фенилкетонурияны емдеудің де жолдары табылды. Ол үшін құрамында фенилаланин аминқышқылы аз тағамдармен тамақтану керек немесе қажетті ферментті организмге егу қажет. Адамда жақсы зерттелген мәселелердің бірі — қан топтарының тұқым қуалауы. Соның ішінде резус-факторды алайық. Резус-фактордың қанның құрамында болуын анықтайтын ген екі түрлі жағдайда болады: біреуі оң резус “+”, екіншісі теріс резус “—”. Резусы “теріс” әйел, резусы “оң” ер адаммен некелескенде оң резус болуды анықтайтын геннің доминантты болуына байланысты ұрық әкесінен осы қасиетті алады. Сөйтіп анасының қанына ерекше зат — антиген жасап шығарады. Ал анасының организмінде оған қарсы антиденелер түзіледі. Олар ұрықтың қан жасалу жүйесін бұзады. Нәтижесінде ана организмі мен ұрық уланады. Бұл ұрықтың өліміне апарып соғады.

Туыстық некенің тиімсіздігі. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың (немере, шөбере және т.б.) некелесуі дұрыс емес. Себебі, ондай адамдардың генотиптерінде ұқсастық болады. Ал тұқым қуалайтын аурулар мен түрлі кемістіктерді көбінесе рецессивті гендер анықтайтындығы белгілі. Олар тек рецессивті гомозигота жағдайында ғана білінеді. Туыстық некеде ондай мүмкіншілік мол болады. Сондықтан олардан туатын ұрпақта кемістік көп кездеседі. Керісінше, туыс емес ерлі-зайыптыларда ондай жағдай өте сирек кездеседі және ұрпақтың тіршілік қабілеті жоғары болады. Себебі, олар көбінесе гетерозиготалы жағдайда болатындықтан, Мендель заңына сәйкес ауру мен кемістікті анықтайтын рецессивті генді доминантты ген жеңіп кетеді. Біздің арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан қалыптасқан дәстүр бойынша жеті атадан кейін ғана некелесуге рұқсат беріледі. Бұл біздің гендік қорымыздың мол әрі мықты болуына әсер етеді. Сондықтан мұндай дәстүрді сақтап отыруымыз қажет.

Кейбір географиялық, әлеуметтік, экономикалық және т.б. себептерге байланысты тұрғын халықтың саны кеміп, оқшауланып қалады. Адамдардың ондай шағын популяциясында амалсыздан туыстық неке көбейеді. Соның салдарынан тұқым қуалайтын кемістіктер мен сәбилердің өлімі артады. Тіпті ондай халық жер бетінен жойылып кетуі де мүмкін.

Медициналық-генетикалық кеңес. Болашақ ұрпақты тұқым қуалайтын түрлі ауыр зардаптардан сақтандыру үшін адам генетикасы мен медициналық генетикада жүргізілген зерттеулер қолданылады. Дүниеге ауру ұрпақты келтірмеу үшін ата-ананың екеуінің де дендері сау болу керек. Кейде ерлі-зайыптылардың екеуінің де дендері сау болғанымен, олардың тегінде тұқым қуалайтын ауру болса ол келесі ұрпаққа беріледі. Мысалы, жігіттің шешесі эпилепсия (қояншық) ауруымен ауырса, ал әкесі сау болса, ол жігіт эпилепсик болмайды. Себебі оның әкесінен алған доминантты гені эпилепсияны анықтайтын шешесінен алған рецессивті генді жеңіп шығады. Егер дәл осындай жағдайдағы қыз жоғарыда келтірілген жігітке тұрмысқа шықса, өздері ауру болмағанымен, олардан ауру балалар дүниеге келуі мүмкін. Себебі оларда эпилепсияның гені бар.

Жалпы ауру немесе кеміс ұрпақтың дүниеге келуі отбасы мен ата-ана үшін үлкен қайғы-қасірет. Сондықтан отбасын құратын, әсіресе, тегінде тұқым қуалайтын кемістіктер бар адамдар медициналық-генетикалық кеңес алғаны жөн. Мұндай кеңес беретін орталықтар қазір Қазақстанның көптеген қалаларында бар.

Қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, әсіресе, судың, ауаның және азық-түліктің мутагендік және канцерогендік әсерлері бар заттармен ластанбауына соңғы кездері көп көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химиялық препараттардың және түрлі косметикалық заттардың “генетикалық залалсыздығы” мұқият тексеріледі. Сайып келгенде, мұның барлығы адамда тұқым қуалайтын кемістіктердің мөлшерін азайту мақсатында жасалады.

Информация о работе Тұқым қуалайтын аурулардың зертханалық-диагностикалық әдістері