Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 12:47, контрольная работа

Краткое описание

Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың

Вложенные файлы: 1 файл

ата аналар 8ш3н.doc

— 30.00 Кб (Скачать файл)

 

«Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»

 
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты  азамат етіп тәрбиелеу. 
 
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер. 
       Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына. 
     Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады. 
 
Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас, 
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас!- қане, балалар тілге байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысайық. Мен мақалдың басын бастаймын, сендер жалғастырасыңдар.

 
1. Өнер алды....              (қызыл тіл). 
2. Тіл тас жарады.... 
(Тас жармаса, бас жарады). 
3. Шебердің қолы ортақ..... 
(Шешеннің тілі ортақ). 
4. Тіл қылыштан..... (өткір). 
5. Басқа бәле...... (тілден). 
6.Ана тіліңді ұмытқаның-........

(Өз ұлтыңды құртқаның).

7.Тіл көңілдің.......( кілті).

8.Оқу инемен ……(құдық қазғандай)

9.

 

 Әбділда Тәжібаев аталарың  айтқандай;

Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

 

 

Әсем ән мен тәтті күй 
Көңілге сырлы ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті  әсем әнге берейік

«Анамның тілі –аяулы үні» әнін есімізге түсіріп, бәріміз шырқайық

Өмірге келдім,

Анамды көрдім,

Деді ол;Жаным,

Арайлы таңым.

 

Самал боп желпіп,

Жырыммен ертіп,

Үйретті тынбай,

Бал тілін ,әнін.

 

Қайырмасы:

Анамның тілі-айбыным  менің,

Анамның тілі-Ай,Күнім  менің.

Сүйемін байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі  елімді думан.

 

Мектепке  келдім,

Ұстазды көрдім.

Тыңдадым  сөзін,

Тыңдадым  сүйіп.

Анамның тілі-

Аяулы үні.

Жүрекке нұрын

Жіберді құйып.

 

 


Информация о работе Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз