Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2013 в 10:15, реферат

Краткое описание

Аэробты таза дақылын идентификациялау әдістері. Микробтардың биохимиялык қасиеттері. Ферменттер. Анаэробтарды дақылдандыру және таза дақылын бөліп алу әдістері. Вирусологиялық зерттеу әдістері. Вирустарды дақылдандыру. Вирустардың индикациясы мен идентификациясы. Микроорганизмдердің генетикасы. Тұкымқуалайтын хромосомадан тыс факторлары. Модификация, рекомбинация. Плазмидалар.

Вложенные файлы: 1 файл

2.doc

— 95.50 Кб (Скачать файл)

Ф КГМА 4/3-06/02

ПП КГМА 4/02

 

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК  МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

 

МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар 

Тақырыбы: Аэробты таза дақылын идентификациялау әдістері. Микробтардың биохимиялык қасиеттері. Ферменттер. Анаэробтарды дақылдандыру және таза дақылын бөліп алу әдістері. Вирусологиялық зерттеу әдістері. Вирустарды дақылдандыру. Вирустардың индикациясы мен идентификациясы. Микроорганизмдердің генетикасы. Тұкымқуалайтын хромосомадан тыс факторлары. Модификация, рекомбинация. Плазмидалар.

 

Микробиология пәні

051101 «Мейірбике ісі»

 

Курс II

 

Құрастырғандар: доц.м.а., Ахметова С.Б.

оқытушылар: Котенева Е.Н.,Қабдуова Ә.Қ.

 

Қарағанды 2009 ж

 

 

Кафедра мәжілісінде  талқыланып және бекітілген

«24» 03. 2009 ж. №9 Хаттама

Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. ________________ Ахметова С.Б.

 

 

Тақырыбы: Аэробты таза дақылын идентификациялау әдістері. Микробтардың биохимиялык қасиеттері. Ферменттер. Анаэробтарды дақылдандыру және таза дақылын бөліп алу әдістері. Вирусологиялық зерттеу әдістері. Вирустарды дақылдандыру. Вирустардың индикациясы мен идентификациясы. Микроорганизмдердің генетикасы. Тұкымқуалайтын хромосомадан тыс факторлары. Модификация, рекомбинация. Плазмидалар.

Мақсаты:Инфекционды аурулар қоздырғыштарын идентификациялау мақсатында микроорганизмдердің  биохимиялық белсенділік ерекшеліктерінт білу,  генетикалық және жасушалық инженерия әдістері, вирустардың көбею ерекшеліктері, оларды дақылдандыру әдістері, индикация және идентификациялау.

Сабақ мақсаты:

Студент білуге тиіс:

- микроорганизмдерді популяциялық, жасушалық және молекулярлық деңгейде идентификациялау принциптері;

- бактериялар идентификациясы үшін қолданылатын қоректік орталардың құрамы мен белгілері;

- вирустардың универсальді жіктелу принциптері;

- вирион туралы жалпы түсінік, ультрақұрылымы, вирустардың көбею ерекшеліктері;

- вирустарды дақылдандыру әдістері;

-микроорганизмдердің фенотиптік және генотиптік өзгергіштіктері. Мутациялар;

-бактериялардағы генетикалық рекомбинациялар: трансформация,  трансдукция, конью-гация. Плазмидалар.

Студент істей  алуға тиіс:

- «Гиссаның ала қатары» бойынша қорытындылау: бактериялардың протеолитикалық және сахаролитикалық белсенділіктерін бағалау;

- бактериологиялық зерттеу қорытындыларын түсіндіру;

- вирустардың  цитопатикалық әсерін анықтау ( демонстрация бойынша)

- трансдукция, коньюгация, трансформация тәжірибесін қою немесе тәжірибе нәтижесін санау.

-кесте және сызба нұсқасы бойынша молекулярлы гибридизация принциптерін, полимеразды тізбекті реакцияларды түсіндіру, интерферон, инсулиндерді гендік инженерия және МКА гибридомды технология көмегімен алу.

 

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар

1.Микроорганизмдердің ферменттері. Олардың әсер ету механизмі, субстрат сипаты, бактериалды жасуша байланысы бойынша жіктелуі.

2.Бактерияның сахаролитикалық белсенділігін анықтау әдістері. Гисс ортасы. Тағайындалуы. Мысалдары.

3.Бактерияның протеолитикалық белсенділігін анықтау әдістері. Ақуыздардың ыдырау өнімдерін анықтау (индолдың, күкіртсутегінің ). Уреазды белсенділікті анықтау.

4.Вирустардың жіктелуі. Вирион туралы жалпы түсінік.

5.Вирустарды дақылдандыру әдістері

6. Жасушалық дақылдардың типтері. Біріншілік, үзілісті, жартылай үзілісті.

7.Вирустарды  индикациялау және идентификациялау принциптері.

8.Генотип және  фенотип туралы түсінік. Ген. Генетикалық код.

9.Модификациялық өзгергіштік. Генотипттік өзгергіштік. Мутация.

10.Бактериальды торшаның генетикалық аппараты.  Бактериальді хромосома.

11.Генетикалық ақпараттардың хромосомадан тыс тасымалдаушылары. Эписомалар : плазмидалар, тұрақты бактериофагтар .Транспозондар. IS-реттімен.

12.Плазмидалар құрамы. F-фактор, R- плазмида, Col-плазмида және т.б.

13.Гендердің бір торшадан басқа торшаға тасымалдану механизмі. Трансформация. Коньюгация. Трансдукция. Арнайы, жалпы, абортивті.

 

Оқыту мен оқу әдістері: Микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігін үйрету мақсатында қоректік орталардың демонстрациясы. Торша дақылдарында вирус бөлшектерінің көбеюінің индикациялық тәсілдерінің демонстрациясы. ПТР-зертханасының презентациясы; ПТР жүргізу үшін  құралдар мен реактивтердің презентациясы.

Әдебиеттер:

  1. Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология.- М.: МИА, 2001.- 734 с.
  2. Коротяев А.И, Бабичев С.Л. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. - СПб.: Спец. лит, 2000.- 591 с.
  3. Коротяев А.И, Бабичев С.Л. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. - СПб.: Спец. лит, 2000.- 591 с.
  4. Медицинская микробиология /Гл.ред В.И. Покровский, O.K. Поздеев. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 2001, 2006. — 1200 с.
  5. Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.
  6. Компьютерная программа "Диаморф" - "Медицинская микробиология" - атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад.проф.Воробьева А.А.

 

Бақылау

Тест тапсырмалары:

1. Дифференциальді-диагностикалық орта:

А) етті-пептонды агар

Б) қанды агар

В) сарыуызды-тұзды агар

Г) висмут-сульфитті агар

Д)сарысулы агар

2. Генетикалық рекомбинацияның мәні мынаған негізделген :

а) донор-торша  ДНҚ –сы мен реципиент торша арасындағы  генетикалық материал алмасса, яғни трансдукция,  коньюгация немесе  трансформация нәтижесіне тасылған

б) хромосома  бөлігін 180 0 айналып орналасуы

в) екі торшаның бірігуі, екі ядролық торшаның түзілуі 

г) микробтық  торшаны  генетикалық  аппаратындағы  өзгеріссіз микробтық қасиетінің өзгеруі

д) хромосома  бөлімінің басқа аймаққа орын ауыстыруы

3. Трансформация процессінің мәні  неде:

а) компетентті бактериялардың торшадан тыс ДНҚ сіңіре алуы

б) бір бактериалдық НҚ генің басқасына таситын фагтың НҚ мүмкіндігі

в) тікелей жанасу кезіндегі бактериялардың  өзара НҚ мен алмаса алу мүмкіндігі

г) фагтардың тікелей жанасу кезіндегі НҚ бөлімдерімен өзара аламаса алу мүмкіндігі

д) бактериальды гендердің көмегі арқылы фагтардың өзгергіштігі

4. Трансдукция процессінің мәні неде:

а) бактериялардың сыртқы ортадан үлкен молекулалы НҚ-н сіңіре алуы мүмкіндігінде

б) фагтың  НҚ бір бактериальдық НҚ-ң генін  басқасына тасымалдай алады

в) бактериялардың өзара НҚ бөлімдерімен тікелей алмаса алу қабілеті

г) фагтардың  өзара НҚ бөлімдерінен  тікелей  алмаса алу қабілеті

д) бактериялардың ген көмегімен фагтардың өзгергіштікке қабілеті

 

5. Коньюгация процессінің мәні неде:

а) бактериялардың сыртқы ортадан үлкен молекулалы НҚ-н сіңіре алуы мүмкіндігінде

б) фагтың  НҚ бір бактериальдық НҚ-ң генін  басқасына тасымалдай алады

в) F-факторы  бар торшалар  реципиентпен тікелей  қатыныасқа түседі, F-торша цитоплазматикалық  көпірше бойынша плазмидадағы фрагменттер ДНҚ-ға ауысады

г) фагтардың  өзара НҚ бөлімдерімен тікелей алмаса алу  қабылеті

д) хромосомлық гендермен анықталады

6. Плазмидалар болып табылады:

а) бактериалдық рибосомалар

б) ДНҚ молекуласының хромоосмадаң тыс генетикалық элементі

в) бактериалдық мезосомалар

г) вирустар

д) жыныс пилилері

7. F-плазмида қызметі негізделген:

а) транскрипция процессін қадағалайды

б) коньюгация процессін қадағалайды

в) торша егесінің цитоплазмалық мембранасын жиырады

г) трансляция процессіне қатысады

д)бактериялардың вируленттік қасиетін сақтайды

8. Бактериялардың  дәріге төзімділігі негізделген:

а) бактериялардың клетка қабырғасының бұзылуы 

б) микроб цитаплазмасындағы  ақуыз коагуляциясы

в) микроб жасушасындағы  метоболизм бұзылысы

г) бактериялардың түріне байланысты г-гендермен коньюгативті плазмидалар арасындағы орын ауысу

д) ақуыз синтезінің этаптарына жол бермеу

9. Генотиптік өзгеріс мынада байқалады:

а) мутация кезінде

б) бактериялардың фильтр түзуші түрлерінің түзілуі

в) диссоциация  кезінде

г) ферментативтік өзгеріс

д) спирттің әсері

10. Молекулярлық-генетикалық әдісті қолданады:

а) арнайы микробтық  ақуыздарда

б) қоздырғыштардың  нуклеин қышқылдарында

в) қоздырғыштардың  метаболизм  әсерінен түзілген заттарында

г) микроб антигендеріне  антидене түзілуінде

д) жасуша морфологиясының  ерекшелігінде

11. Вирустар дақылданады:

а) Эндо ортасында

б) Левин ортасында

в) Плоскирев  ортасында

г) тауық эмбрионында, дақылдық ұлпада,жануарларда

д) сарыуызды тұзды агарда

12. Вирустардың репродукция кезеңдері:

а) адсорбция-кіруі-репродукция-шығуы

б) кіруі-адсорбция-репродукция-шығуы

в) репродукция-кіруі-адсорбция-шығуы

г) кіруі-репродукция-адсорбция-шығуы

д) адсорбция-репродукция-кіруі-шығуы

13. Вирустардың негізгі компоненттік құрылымы болып табылады:

а) капсула

б) нуклеин қышқылы  және капсид

в) талшықтар

г) спора

д) рибосома

14. Вирустардың екі патшаастылыққа бөлінуі  негізделінген:

а) НҚ типіне

б) морфологиясына

в) геномдар стратегиясына

г) антигендік қасиетіне

д) экологияға

15. Вирустың идентификациясы негізінде не жатады:

а) вирусты көбейту

б) вирусты анықтау

в) вирусты топтастыру

г) вирусқа қарсы  антиденелерді анықтау

д) вирусқа қарсы  антиденелерді көбейту 

 

 

Жауап  кілттері: 1. Г, 2А, 3А, 4. Б, 5. В, 6. Б, 7 Б, 8. Г, 9. А, 10. Б, 11. Г, 12.А, 13. Б, 14. А, 15. А.




Информация о работе Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар