Тамақтану тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 20:43, реферат

Краткое описание

Дұрыс тамақтану үшін әрқайсымыздың аспаз болуымыз міндетті емес. Тағамның дәмді, дәмсізін ажыратудан бөлек, пайдалы не зиянын таба білу үшін орасан білімнің қажеті шамалы. Тек бірнеше қарапайым қағидаларды жаттап алсаңыз болғаны.
Бүгінгі әңгімеміз осы қағидалар турасында өрбімек.
Көбіміз таңғы ас пен кешкі асты үйден ішкенімізбен, түскі асты көбіне сырттан (асханадан) ішеміз. Қандай жағдайда да, әрқайсымыздың өз мәзірімізді біліп жүргеніміз жөн.
Күндізгі тамақтану адамның қанша күш жұмсайтынына байланысты болуы керек. Егер жұмыстың басым бөлігі түске дейінгі мерзімге түссе, таңғы ас пен түскі асқа баса мән беріңіз.

Вложенные файлы: 1 файл

тамак.doc

— 99.00 Кб (Скачать файл)

Таңертеңгіліқ  ас қою, тығыз  болсын; түскі  аста негізгі  тамақ қабылданады; кешкі  ас калориялығы  жөнінен таңертеңгіліқ  аспен бірдей болып  ұйқыға  кемі 1,5-2 сағат  қалғанда  ішілуі  керек. Тамақты  өте жәй, ұйықтар  алдында қабылдау зиянды, ол ұйқыны қашырады, ас қорытуды қиындатады, май  жиналуына  себепші  болады.Кейде үйықтар  алдында  бір  стакан айран ішкен  пайдалы . Бұл ретте кешкі  ас жеңілдеу  болғаны жөн.

Дұрыс  құрастырылған  тамақтану рационының құрамында  сұйықтың  жеткілікті  көлемі  болады. Дегенменде денеге  елеулі  ауырлық  түскенде, жорық  күндері ,жазда  сүйық-сусынның  қажеттілігі  артады , өйткені   тер бөлінуі күшейеді  де, ағзаның  сұйықты қажет  етуі  көбейеді. Шөлді қайнаған  су, шәй ішіп басу  керек. Лимонадты, газдандырылған суды және құрамында қанты бар өзге де сусындарды  шектелген  көлемде қабылдау  керек.

Жоғарғы сынып  оқушысынының  тамақтану  тәртібін  нақты  көз алдымызға  елестетіп   көрелік. Күн жеткілікті  тығыз және  калориялы  ыстық  таңертеңгілік астан басталады. Бұл  дайындауы  онша  қиын емес сосиска, жұмыртқа, омлет, ботка, сүт қатылған шәй немесе  кофе, какао, бутерброд  болуы керек.

Екінші  таңертеңгілік асты оқушылар  мектептегі үшінші  сабақтан кейін,  яғни  таңертеңгі бірінші  астан  кейін 3-3,5 сағат  өткеннен  кейін  қабылдайды . Бұл  ас ет не  балығы бар, гарнирлі  ыстық  ас және шәй. Түскі асқа салат немесе венегрет, сорпа, ет не балығы бар гарнирлі  екінші тамақ, компот немесе кисель ұсынылады. Кешкі тамакка сүзбе,сүт,айран, жеміс-жидек тағамдары  желінеді. Кешкі  асқа шөлдетіндей  тамақ даярлауға болмайды.

Ет  немесе  балық, сүт, жеміс- жидектер, нан секілді  тағамдар күн  сайынғы ас мәзіріне, ал өзге – қаймақ, жұмыртқа, сүзбені күнде емес етіп ас мәзіріне қосу керек , бірақ бұлардың  бәрі де апталық рационда болуы керек.

Тамақ  әр түрлі болуы үшін азық-түліктің  түрін көбейтіп  қана қоймай, сондай- ақ  олардан түрліше тағамдар дайындау қажет.

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тамақтану  режимі мен сииаты туралы айтылғандар КТМ-де оқитын жасөспірімдерге  де  қатысты. Алайда, жоғарыда айтылғандай, олардың рационы  кәсіби  қызметіне, теориялық сабақтарды өндірістік оқумен үйлестіру  қажеттілігіне байланысты 10-15 пайызға  көбейтілген . Егер орта мектеп  пен КТМ-пің  кейбір  оқушылары  диета тағамдарына мұқтаж  болса, онда дәрігердің қортындысы бойынша  олар  үшін диета  тағамдары дайындалады.

Тамақтану  режимінің маңызды  элементтерінің  бірі- тамақтың  қайда  ішілетіндігі, тазалығы т.б. «Жүріп  келе  жатып», не өте  ыстық  немесе суып қалған тамақты ішуге  болмайды. Бірінші және екінші ыстық  тамақтың  температурасы  шамамен 50  С  болуы тиіс. Негізгі  тағамдарды  ішу  арасында  тәтті тағамдарды  жемеу  керек, өткені бүлар  тәбетті,  ішек- асқазан  жолы жұмысының ырғағын  бұзады. Спортпен  шүғылданған  кейін, үлкен  дене  жүктемелерін  орындағаннан  кейін  бірден  дастарханға  отыру  ұсынылмайды.

Әрбір  оқушы  тамақтану  тәртібін  сақтанудың маңыздылығын, мектепте немесе КТМ-де ыстық тамақ бар, жоқтығын есте үстауы керек.

Оқушылардың  өздерінің  белсенді  көзқарасына  және әсіресе  тазалық белсенділерінің  түсіндіру  жұмыстарына  сәйкес  мектептегі, КТМ-дағы тамақтану жүмыстары дұрыс ұйымдастырылады.

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.

Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:

1) Тамақ құрамында негізгі оректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);

3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы

Тамақтану режимі және құрамы төмендегі проценттік қатынас негізінде жүруі қажет:

1

Таңертеңгілік ас

7.30 – 8.00

25%

2

Таңертеңгілік ас

11.00 – 11.30

10%

3

Түскі ас

14.00 – 14.30

35%

4

Түстен кейінгі  ас

16.30 – 17.00

10%

5

Кешкі ас

19.00 – 20.00

20


Қарап отырсақ, таматанудың тәуліктік мөлшерінің 70% мектепте жүргенде, сабақ уақытына сәйкес келеді екен, сондықтан мектеп асханасынан таматану ережелері мен гигиенасын бақылау және тексеру маңызды болып табылады.

Жасөспірімдердің тамақ нәрлігі мен құрамы нормаға сай болуы керек. Бала немесе жасөспірім тәулігіне 80 – 100 гр нәруыз, 100 гр май, 380 гр көмірсу қорек ету керек. Нәруызды сүттен, дәнді – дақылдардан, еттен, көмірсуды нан, салат, картофельден, майлы заттарды май, жұмыртқа, сүттен, витаминдерді өсімдік және жануар майынан, минералды тұздар мен микроэлементтерді шай, шырын, компот және жеміс – жидек сияты заттардан алады. Осыған байланысты асхананың тамақтану тізімінде 2 – 6 жастағы балалардың тамақ құрамы 1 кг салмағына шаққанда 70 – 75 ккал, 11 – 15 жастағылардың ккал – сы 44 – 55, ал ересек балалардың тамақ құрамы 35 – 40 ккал болуы қажет. Біздің асханамыздағы апталық тама тізімін қарағанда, таңертенгілік ас 507 ккал, түскі ас 794 ккал, түстен кейінгі ас 545 ккал болады, яғни нормаға сай келеді деп есептеледі.

Қорытынды

Егер  денсаулықты қалыптастыратын факторлар: қозғалыс белсенділігі, жұмыс арқындылығы, ауруға қарсы тұру, дұрыс тыныс алу, жүрек бұлшық еттерінің жұысы, зат алмасу, еңбек пен демалысты ұштастыру және рационалды тамақтану десек, соңғысы бірден бір маңызды орын алып, жоғарыдағы аталған факторлардың орындалуына себепші болады.

Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай — ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төиендегі принциптер енеді.

Бірінші, тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш – немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диоьологтың да кеңесі артық болмайды.

Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.


Информация о работе Тамақтану тәртібі