СПИД дегеніміз не

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 12:30, доклад

Краткое описание

Адам организміне енген ол қанның лимфацит клеткаларының ішіне кіріп, тез көбейе бастайды. Осының әсерінен клетка жарылып өледі. Одан шыққан вирус жаңа клеткаға жабысып, өткен процесті қайталайды. Лимфацит клеткаларының осылай өлу салдарынан организмде иммунитет жетіспеушілік пайда болады, яғни иммундық жүйе клеткаларының өлуі біртіндеп адамды басқа сырқаттар алдында қорғанышсыз етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

СПИД.doc

— 43.00 Кб (Скачать файл)


 


 



 

 

 


 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адамдар АҚТҚ (адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы) қалай жұқтырады?  Инфекция көзі ЖҚТБ-мен ауыратын науқас немесе АҚТҚ-ын тасымалдаушы адам. Вирус қанда, спермада, қынап сұйықтарында, омырау сүтінде көп болады. Адамның түкірігінде, терісінде, көз жасында, несебінде аздап қана кездеседі. Алайда, бұл сұйықтар АҚТБ таратуда роль атқармайтыны белгілі болды.

  1. Қандай жолмен АҚТҚ организмге түсуі мүмкін? Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышы бұдан бұрын АҚТҚ-ын жұқтырған адам пайдаланған залалсыздандырылмаған шприцтерден, инелерде тұрып қалған қан қалдықтарымен бірге сау адамның ағзасына түсуі мімкін. АҚТҚ қанмен ластанған мысалы: ұстараның жүзін, ұстараны, пышақты, қайшыны пайдаланған кезде адам ағзасына енуі мүммкін.                                            

         АҚТҚ жұқтырылған қан мен кейбір  қан өнімдері арқылы берілуі                       мүмкін. Есірткі тұтынушыларға шприцтер  арқылы жұғуы мүмкін. Бұл қан  құйғанда немесе нашақорлардың бір ғана шприцтің пайдалануынан болады.                

        АҚТҚ берілуінің тағы бір жолы  – жыныстық қатынас. Егер жыныстық  қатынаста болғанның біреуі ауырған  болса, вирус жыныстық қатынас  кезінде сау адамға берілуі  мүмкін.                   Ақырында АҚТҚ оны жұқтырған анадан ұрпаққа берілуі мүмкін. Бұл жүктілік барысында немесе бала туу процесінде және баланы емізген кезде сүт арқылы болуы мүмкін.

  1. Тұрмыста адам жұқтырған қннан аулақ жүрсе, АҚТҚ-ын жұқтыру мүмкін бе? ЖОҚ. АҚТҚ қол алысқанда, «құрғақ» сүйісу кезінде, ауа арқылы, соның ішінде түшкіргенде, жөтелгенде, тамақпен, сумен, ыдыс, төсек орны, киіммен, моншада жуынғанда, ортақ дәретхананы пайдаланғанда, сондай-ақ жәндіктер шаққанда БЕРІЛМЕЙДІ. АҚТҚ-ын жұқтырған адамдарды оқшаулауға ешқандай негіз жоқ. Керісінше бұл адамдар жұртшылық арасында өмір сүруге және жан-жақтан психологиялық қолдау табуға тиіс.
  2. ЖҚТБ ауруының белгілері:

Аурудың жасырын кезеңі – алғаш жұқтырғаннан бірінші  белгілері білінгенге дейінгі кезең 3-4 айдан 8-10 жылға дейін созылуы мүмкін. Аурудың белгілері өте көп және әр түрлі. А) Жалпы шаршампаздық, терлегіштік, бездердің, әсіресе мойын, қолтық бездерінің ісінуі. Ә) жиі-жиі іш өту, арықтау, теріге немесе шырышты сілекей қабықтарына іріңді бөрітпелердің шығуы және өкпе қабынуы. Б) Күннен күнге иммунитет жетіспеушілігі салдарынан ауру қоздыруға мүмкіншілік алған әр түрлі бактериялардың, вирустардың әсерінен науқастың қызуы көтеріліп, бездердің ісініп, терлеуі, өкпе қабынуы, тыйылмайтын қанды іш өту және Капоши саркомасы сияқты қатерлі ісік пайда болып, нерв жүйесінің әр қалай зақымдануы сияқты белгілер орын алады. В) ЖҚТБ ауруы адамдардан бұғып жатқан туберкулез ауруын қоздыруға, қатерлі ісіктердің өсуіне, қанның әр түрлі микробтармен зақымдануына себеп болады.

  1. ЖҚТБ-нің алдын алу:  ЖҚТБ-нен қорғану үшін: І. әлеуметтік, мемлекеттік және халықаралық шаралар ұйымдастыру; ІІ. жеке адамды қорғауға бағытталған шаралар жүргізілуі тиіс.

А) АҚТҚ-ын жұқтырмау үшін өзін-өзі ұстау керек. Соның ішінде инъекциялық есірткіден бас тартқан, биреумен бірге ортақ шприцті, инені, ұстараны пайдаланбаған, кездей соқ  жыныстық қатынасқа түспеген жөн. Егер жыныстық қатынасқа түскен кезде  ылғи презервативті пайдалансаңыз және оны дұрыс пайдалансаңыз жыныстық қатынас қауіпсіз деп саналады.

Ә) АҚТҚ-ң белгілерінің бірі білінген кезде дереу медициналық мекемеге бару керек. Адам әр түрлі жыныстық қатынас жасаса АҚТҚ-ын жұқтыру қаупіне әр түрлі дәрежеде ұшырайды. Азғын жыныстық қатынастар: анальді және вагинальді. Әсіресеқұрғақ жыныстық қатынастар қауіпті, өйткені майланбағандықтан, үйкелетін әсерде көптеген зақымдар пйда болады. Олар арқылы АҚТҚ организмге түседі.

Б) Дәрігерлер АҚТқ-ның  организмде дамуын тқтатуды және соған байланысты АҚТҚ-ын жұқтырғандардың және ЖҚТБ-мен ауырғандардың өмірін ұзартуда көптеген табысқа жетуде, жақын арада осы бағыттағы табыстарды одан әрі арта түседі деген үміт бар.

 

     АҚТҚ инфекциясы мен ЖҚТБ туралы  білім алсаңыз оның алдын алуын кең таратыңыз. Егер ЖҚТБ туралы көбірек білгіңіз, АҚТҚ-на тексерілгіңіз келсе ЖҚТБ-нің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталыққа баруыңызға болады. ЖҚТБ ауруының кең таралуына жол бермеу үшін 2002-2005 жылдары жүргізілуі тиіс мемлекеттік программа қабылданып, ауруды анықтап, емдеп, алдын алу және салауатты өмір салтын уағыздау саласындағы жұмыстар белгіленген. Яғни, осы ауруға байланысты медициналық және әлеуметтік көмек көрсету – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі.

 


Информация о работе СПИД дегеніміз не