Пуццоланды цемент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 23:41, творческая работа

Краткое описание

Гидравликалық қоспалар
Пуццоланды портландцемент
Әктас пен гидравликалық қоспалар негізіндегі цементтер

Вложенные файлы: 1 файл

Пуццоланды цемент 7 жума 2007.ppt

— 709.50 Кб (Скачать файл)

Тақырыбы: «Пуццоланды цемент»

 

Жоспар:

 

        • Гидравликалық қоспалар
        • Пуццоланды портландцемент
        • Әктас пен гидравликалық қоспалар негізіндегі цементтер

•Гидравликалық әктің өндірісі және қатаюы. Гидравликалық әк өндірісі шикізатты шығару, оны ұсақтау, күйдіру және күйдірілген өнімді диірменге тарту процестерінен тұрады. Мергелдік жынысты шығару және ұсақтау тәсілдері әктас жынысын шығарып, ұсақтау тәсілдері сияқты. Мергелді шахты пешінде немесе айналмалы пешінде күйдіреді. Күйдірілген өнімді жақты немесе балғалы ұсақталғыштарда ұсақтайды, одан кейін диірменде тартып ұнтақтайды.ұнтақтылығы №008 електе 5 – 7 пайыз қалдығына сай бол керек.

Гидравликалық әк қатаю мезгілінде ауалық немесе гидравликалық қатаюға тән процестер жүреді. Алдымен, ауалық әк қатайғандай CaO гидратацияланып кальций тотығының гидратына Ca(OH)₂ көшеді. Бұдан әрі қарай кальций силикаттары, алюминаттары және ферриттері гидраттанып өздеріне сай коллаидтық және субмикрокристалдық қалпында гидратты қосындыларын құрайды.

 

Кептіру кезіңде                      Гидравликалық әк

Гидравликалық әк сумен араластырғанда кальций оксиді қарқындау сөнгендіктен массаның көлемі көбейіп жарылып кетеді. Сондықтаң П.И.Боженов әкке қажетті суды бірақ құймай, екі сатылы режиммен құйып араластыруды ұсынады, ал В.В.Манжурнет гидравликалық әктің негізінде дайындаған массада зиянды деформацияның болу қауіпінен сақтану үшін оған диірменге тартар кезде 2 -5 пайыз гипс қосуды ұсынған. Себебі, гипс әктің сөну процесін баяулатып, деформацияны онша болдыртпайды. Гидравликалық әктің мықтылығын құрамы 1 : 3 аз жұмсақтылы ертіндіден жасалған стандартты өлшемдегі үлгілерді сынау арқылы анықтайды. Үлгілер жасалған соң, I сөтке жабық бақта сақталып, 6 тәулік су үстінде, одан кейін 21 тәулік су астында қатаяды.

Гидравликалық әк суға төзімділігі және мықтылығы жоғарылау құрылыс ерітінділерін жасауға, әкті – пуццолонды цементтер шығаруға, төмен маркалы жеңіл ауыр бетондар өндіруге пайдаланады. Гидравликалық әк негізінде шығарған әкті – пуццолонды цементтердің ерекшелігі – мықтылығы және ауа төзімділігі жоғарылығында.

Пуццоланды портландцемент

Құрамына кемiнде 20% белсендi минералды қосым-шалар кiретiн цементтер тобының атауы пуццолан-ды цемент.

 Пуццоланды цемент термині пайда болуы қопсыған жанар тау жыныстың атауы - пуццолан деп аталуымен байланысты,  Ежелгi Римде оны қосымша ретінде әкке қосып   гидравликалық тұтастырғыш және пуццоланды цемент алуы үшiн  қолданылған.

 Кәдiмгi портландцементтен   (әсіресе жұмсақ және сульфатты суларда) тоттануға төзiмдiлiгi, аз жылдамдықта қатаюы және төмендетiлген аязға төзiмдiлiкпен айырмашылығы бар.

(60—80% ) ұнтақтаған портландцемент клинкері

 

(20—40% ) белсендi минералды қосымша

 

шамалы мөлшерде гипстi қолданамыз.

 

Пуццоланды цементтің  негізгі құрамында

 Қолданылуы:

-Пуссоланды цемент су асты және жер астындағы ғимараттарда қолданылатын бетондарды алуы үшiн  қолданады

-Гидравликалық әкті онша үдемелі көлік жүрісі жоқ жолдарды салғанда сазды онымен беріктендіріп, тұрақты ету үшін қолданады.

 

 

Өндіру технологиясы

Өндіру технологиясы

 

Пуццоланды портландцемент толық технологиялық айналысы бар цемент зауыттарында әзiрлейдi, яғни  портландцементті клинкер алу барысында. Мұндай зауыттардың басқа портландцемент өндіретін зауыттарынан айырмашылығы ұсақтау және қоспаны кептіру үшiн арналған ұнтақтағыш цех бөлiмшелерінің  болуында.

Ұсақтау және кептіру процесінен  кейiн белсендi минералды қоспаларды  ұнтақтағыштан бұрын жеке бункерлерге әкеледi. Олар бұдан өлшегіш (дозатор) арқылы ұнтақтағышқа  түседi, осы кезде клинкер мен гипс бiрге ұнтақталады  .  Осы өндіріс барысында көпкамералы шарлы ұнтақтағышта қосылатын көптеген гидравликалық қоспалардын салдарынан портландцементке қарағанда 10-15% жоғары тұнба пайда болады.

Шикізат қоспасын дайындаудың технологиялық ерекшелігіне  байланысты портландцемент өндірудің үш әдісін айырады: ылғал, құрғақ және комбинирленген.

Ылғал әдісте шикізат қоспасын ұнтақтау сулы ортада жүреді, шихта ұсақдисперсті қаймақтәрізді сулы суспензия, яғни шлам ретінде. Күйдіру процесі ұзын айналмалы, пеш ішінде жылуалмастырғыштары бар пештерде жүреді.

Құрғақ әдісте шикізат шихтасын ұсақ ұнтақталған құрғақ порошок, яғни шикізат ұны ретінде дайындайды. Сондықтан ұнтақтау алдында шикізат материалдарын кептіреді.

Мокрый способ производства.

Сухой способ производства

Негізгі апараттар

Назарларыңызға рахмет!!!!!


Информация о работе Пуццоланды цемент