Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 08:25, лекция
o Репликация – дегеніміз ядроішілік маңызды процесс. бұл өзін-өзі көшіруге қабылетті днқ санының екі еселенуіне алып келеді.
o Репликация процессінде матрицалық днқ молекуласының әрбір полинуклеотидті тізбегінде оған комплементарлы тізбек синтезделінеді.
o Нәтижесінде, екі спиральді днқ-ң біреуінен, екі ұқсас қос спираль пайда болады. бұндай екіеселену жолындағы әрбір – жаңа молекула бір матрицалық және бір жаңа синтезделген тізбектен тұрады және жартылай консервативті (сақтаушы, негізгі қалпын сақтау) деп аталады.
ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫ
ДНҚ репликациясы
ДНҚ синтезiне қатысатын ферменттер:
1) ДНҚ-ға тәуелдi ДНҚ-полимеразасы (I, II,III).
III ДНҚ-полимеразасы элонгацияға тiкелей қатысатын фермент.
2) ДНҚ-праймаза. ДНҚ-полимераза өз бетiнше синтездi бастай алмайды, сондықтан ДНҚ-праймаза ферментi праймерлерді түзуге көмектеседi, ал III ДНҚ-полимеразасы әрi қарай тiзбектiң өсуiне мүмкiндiк бередi.
3) хеликаза – қос тізбектің бір-бірінен ажырауын, ал хеликаза ферментi қос тiзбектегi сутектік байланыстардың бір-бiрiнен ажырауын қамтамасыз етедi. Бұл қос тiзбектiң ажырауы үшiн энергия қажет, яғни әрбiр азоттық негiздiк жұбын жазу үшiн АТФ-тың екi молекуласы гидролизге ұшырайды:
4) ДНҚ-лигаза - үзiктердi өзара жалғастырады. Жапон ғалымы Оказаки ДНҚ молекуласының алдымен қысқа-қысқа фрагменттерiнде синтезделетiнiн тапты, сондықтан оларды Оказаки фрагменттерi деп атады. Осы фрагменттер, кейiн 3’(ОН) және 5’(ОН) топтарының бiрiмен-бiрi фосфодиэфирлiк байланыс арқылы ДНҚ-лигаза ферменттерiнiң қатысуымен бiр тiзбек құрайды.
5) 20-ға жуық ақуыздық факторлар қажет. Нобель сыйлығының лауреаттары Очоа, Корнбергтың жұмыстары арқасында, қазiргi кезде ДНҚ синтезiне 20-ға жуық фермент пен ақуыз қажет екендiгi және олардың әрқайсысының өздерiне тән атқаратын қызметтерi бар екендігі анықталды.
3
ДНҚ-ның биосинтезi үш кезеңнен тұрады:
1. Инициация. ДНҚ-на тәуелдi РНҚ-полимеразасы жұмыс iстейдi, синтездiң басы.
ДНҚ-полимеразасы ДНҚ-ның басы болып табылатын тiзбектiң нуклеотидiнiң 3’-ОН тобына нуклеотидтердiң қосылуына мумкiндiк бередi, сондықтан синтездiң бағыты 5’®3’-ке қарай бағытталған болады. E. Coli клеткаларында ДНҚ-полимеразаны үш түрi болады: I,II,III. I және III ДНҚ-полимераза ферменттерi полинуклеотидтiк тiзбектiң өсуiне ғана жағдай жасайды. Олар өз бетiнше синтездi бастай алмайды. II ДНҚ-полимеразаның ролi әлi белгiсiз.
Репликация айырының қозғалу бағыты
7
8
12
13
14
15
18
РАХМЕТ!