Вирустық гепатиттер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 12:06, реферат

Краткое описание

Вирустық гепатиттер - жалпы клиникалық синдромдармен сипатталатын аурулар тобы - күрделі глобалді проблема. СНГ жыл сайын гепатит А 1 млн астам адам аурады. Ал гепатит В жұқтыратын санын айту қиын, 50 млн астам адамнан кем емес. ВОЗ мәліметтері бойынша дүние жүзінде гепатит В вирусын тасымалдаушылар саны 1 млрд. астам адам. Гепатит А адамның жұқпалы аурулар арасында экономикалық қатер келтіруде алдынғы орында келеді.

Вложенные файлы: 1 файл

вирустык.doc

— 82.00 Кб (Скачать файл)

Аурудан соң қалыптасатын иммунитет ұзаққа созылады, өмірбақи болады, егер қанда вирустық антигені болмаған жағдайда вирусты нейтралдайтын антиденелермен қалыптасады. Егер гепатит В жедел түрде дамыған болса, науқас адам толық сауығып кетеді, антиденелер деңгейі жоғары болғандықтан. Сонымен қатар, кей жағдайларда, қанда вирустық антигендер көп болғанымен (парентарылық жұғу жиі болатыны) антиденелер түзілмейді. Вирус ұзақ бауырда сақталып қалады, адам өмір бақи вирус тасымалдаушы болады. Созылмалы гепатит В жиі байқалатын асқынуы бауыр циррозы мен бауыр рагі, латентті кезеңі 30-50 жылға созылғанда.

     Гепатит  В диагностика әдістері. Қазіргі  кезде негізгі гепатит В диагностика  әдісі пассивті гемагглютинацияның  кері реакциясы - вирусты немесе  беткейлік НВsAg табу үшін. Көп жағдайда беткейлік антигендері анықталады, себебі олар вирустың өзіне қарағанда көп болады (100-1000 есе). Сонымен қатар, ИФА арқылы вирустың антигендеріне қарсы науқастың сары суында түзілген антиденелер титры анықталады. ДНҚ-ДНҚ-гибридизация - ДНҚ-зонды қолдануға болады.

Арнайы сақтандыруы. Гепатит В ауыр асқынулары дамытин болғандықтан және дүние жүзінде вирустасымалдаушылық кең таралғандықтан БДСҰ баланың бірінші жылында міндетті түрде вакцинация жүргізуін ұсынды. Екі типті вакцина ұсынылды:

Вирус тасымалдаушылардың плазмасынан жасалған вакцина;

Гендік инженерлік биотехнология арқылы дайындалған вакцина. Гепатит В беткейлік антигенің түзетін ашытқылардың рекомбинантты клондары қолданады. Вакциналардың эффективтілігі жоғары (егілгендердің 95% қорғайды). Вакцинациядан соң дамитын иммунитет 5-6 жылға созылады. Прививканың курсы 3 инъекция:

1-ші дозасы - нәрестеге  туған соң бірден, перзентханада  егіледі;

2-ші дозасы - 1-2 айдан соң;

3-ші дозасы - баланың  бірінші жылдың сонында.

БДСҰ ұсынысы бойынша баланың бірінші жылында туберкулезге, полиомиелитке, гепатит В, қызылшаға, сіреспеге, дифтерияға, көкжөтелге қарсы вакцина егіледі.

Гепатит В науқастан адаммен қатынаста болғандарға НВV қарсы антиденелері бар гамма-глобулин енгізіледі.

Емдеуі.  Гепатит В терапиясы гепатит А еміне ұқсас, аурудың ауырлығына, ағымына сәйкес жүргізіледі.

 

Дельта-гепатит

1977 жылы М.Ризетто  басқа зерттеушілермен бірге  ауыр түрде өтетін гепатиттің  қоздырғышын тапты, дельта-антиген  деп атаған. Дельта-вирус (НDV) созылмалы гепатитпен науқастанатын адамдардың гепатоцит ядросынан иммунофлуоресценция әдісімен тапқан.

Вирионы сфералық формада, диаметрі 35-37 нм. Дельта-вирустың суперкапсидінде В гепатиттің беткейлік антигендері (НВsAg) орналасады. Бірақ, вирионды ыдыратқанда, геномы екі жіпті ДНҚ емес, ал сақиналы РНҚ, м.м. 0.5 МД. (НDV) құрамында  антигендік құрылысы бар екі белок болады: беткейлік - НВsAg, (НВV геномы қадағалайды) және ішкі белок НDAg (НDV геномы қадағалайды). Ішкі белок - негізгі, маңызды, РНҚ байланысты. Геномның құрылысы бойынша дельта-вирус вироидтарға ұқсас келеді. Қазірге уақытқа дейін жіктелмеген.

Дельта-вирус гепатит В вирусына сателлиті (спутник) болып есептеледі, себебі олардың көбеюіне міндетті вирус-хелпер, яғни гепатит В вирусы қажет. Сондықтан, дельта-вирусты – дефектті жетім вирус деп санайды, гепатит В вирусы көмегінен тыс көбее алмайды. Вирус парентеральдық және тік жолмен (ауру анадан ұрыққа) жұқтырылады. Аурудың таралуы гепатит В ауруымен байланысты. ТМД елдерінің азиаттық республикаларында кең таралған 10-22%, ал еуропалық аймақтарында - 1,2-4.1% кездеседі.

Негізгі диагностика әдісі – антиденелерін анықтау ИФА иммуноглобулин М класын табу. Сонымен қатар, гепатит Д вирусының антигендерін анықтауға болатын басқа да серологиялық реакциялар жүргізуге болады (НФМ, РИФ және т.б.).

Дельта-инфекция дамуы көмекші-вирустың репликациясына (гепатит В вирусы) байланысты болғандықтан гепатит В қарсы вакцинация дельта-гепатиттің профилактикасын шешеді.

 

Вирустық гепатиттер (А-да емес, В-да емес)

1971 жылы кей вирустық гепатиттер этиологиясы гепатит А вирусы мен гепатит В вирусымен байланысты емес. Клиникасы әр түрлі: сарғаю, сарғаюсыз, созылмалы түрде дамуы байқалған. Осындай гепатиттердің екі эпидемиологиялық түрі анықталған. Біріншісі фекальды-оральды жолмен жұғатының гепатит Е деп атады, ал парентералық жолмен таралатының - гепатит С. Әр түрлі елдерде 25-90% трансфузиялық гепатит этиологиясы гепатит А емес және гепатит В емес, яғни гепатит С жатады.

 

Вирустық гепатит Е

Вирустық гепатит Е - адамның жұқпалы ауруы, бауыр зақымдануынан сарғаю мен интоксикациямен сипатталады.

Қоздырғышы - гепатит Е вирусы (НЕV) - сфералық формада, вирион диаметрі 27-30 нм, геномы бір жіпті фрагменттелмеген РНҚ. НЕV қасиеттері гепатит А вирусына ұқсас, бірақ антигендік туыстығы жоқ, вируленттігі төмен. Экспериментальдық жануарлардан НЕV маймылдар-приматалар, үй шошқалары, егеуқұйрықтар сезімтал.

Эпидемиологиясы. Инфекцияның жұқтыру көзі - жұқпалы адам. Қоздырғыш организмнен нәжіспен бөлініп отырады. Жұқтыру механизмі - фекальды- оральды, негізгі таралу жолы - су арқылы. Топыраққа түскен вирустар грунттағы суларға таралады. Гепатит Е жиі ересектер - 15 жастан 29 жастағылар ауырады, жазғы айларында ауыл шаруашылықта жұмыс істеген адамдар арасында су ішуі күшейгенде. Гепатит Е су құбырларында күрделі ақаулар болған жерлерде - эндемиялық ауру ретінде таралған. Канал, арық суларын қолданатындар арасында  таралған.

Клиникасы. Инкубациялық кезеңі орташа 30 тәулік, 14-50 тәулікке созылуы мүмкін. Ауру бәсендеп басталады, сарғаю алдынғы кезеңі 4 тәулік, терінің сарғаюы 1-3 апта созылады. Аурудың ауыр түрі сирек кездеседі, 95% женіл түрде дамиды.

Лабораториялық диагностикасы. Жедел гепатит Е диагнозы А, В және С гепатиттеріне теріс нәтиже берген әдістер арқылы қойылады. Иммунды электронды микроскопия қолданады. Қазіргі уақытта НЕV антигендеріне пайда болған антиденелерді ажырату тест-жүйелері ұсынылған, яғни ИФА жүргізіледі.

Инфекциядан соң дамитын иммунитет тұрақты, өмірбақилық, вирусты нейтралдайтын антиденелер мен иммундық есте сақтау клеткаларымен қалыптасады. Гепатит Е мен гепатит А арасында қиылыса иммунитет қалыптаспайды.

 

Вирустық гепатит С

Вирустық гепатит С - парентералық жолмен жұқтырылатын жұқпалы ауру, бауыр зақымданады. Қоздырғыш - гепатит С вирусы (НСV) - осы кезге дейін таза күйінде табылмаған. Көптеген зерттеулер арқасында вирустың қасиеттері бойынша Flavіvіrіdae тұқымдастығына жаткызған.

Вирион күрделі, суперкапсиді бар (хлороформға сезімтал). Геномы бір жіпті фрагменттелмеген позитивті РНҚ, нуклеотидтер саны 9500-10000. Вирионның РНҚ 8 гені анықталған. Үш гені құрылымды белоктарды қадағалайды:

С - капсидті, м.м.13 кД;

Е - қабықша белогы, м.м. 21,4 кД

М - мембраналық белок, м.м. 15 кД.

Қалған гендер 5 репродукцияға қатысатын белоктар синтезін қадағалайды. Вирустың геномы флавивирустардың геномына ұқсас. Клетка дақылында әлі өсіріп алмағандықтан НСV қасиеттері толық зерттелмеген. Экспериментальды зерттеулер шимпанзеге жүргізіліп жатыр.

Эпидемиологиясы мен клиникасы. Инфекцияның жұқтыру көзі адам. Вирустың таралуы трансфузия арқылы қан және қан өнімдерін құйғанда немесе инструменттер арқылы жұқтырады. Сонымен қатар, тік арқылы ауру анадан ұрыққа таралады. Тұрғындардың арасында сезімталдығы жоғары. БДСҰ ақпараттары бойынша Африкада гепатит С 25% таралған, АҚШта трансфузиялық вирустық гепатиттің 90% гепатит С вирусымен қоздырылған. Эпидемиялық процестің таралуы гепатит С созылмалы түрде дамуы. Науқастан вирус аурудың алдында бірнеше апта бойы және ауру басталған соң 10 аптадан астам бөлініп отырады. Инкубациялық кезеңі гепатит В қарағанда 1 ай қысқа, яғни 6-8 апта. Клиникасы гепатит В ұқсас, бірақ женіл өтеді, науқас тез сауығады, сарғаю байқалмайды. 50% созылмалы гепатит дамиды, ал 20% бауырдың созылмалы бұзылыстары бауыр циррозы мен рагіне әкеледі.

Диагностикасы. НСV қанда өте аз мөлшерде болғандықтан, басқа вирустық гепатиттерде қолданатын скринингтік әдістерде диагностикасы өте қиын. Сондықтан вирустық гепатит С диагностикасы үшін спецификалық вирустық белоктарға түзілген арнайы антиденелерді анықтайтын тест-жүйелер дайындалған, оны ИФА анықтауға болады. Сонымен бірге ДНҚ-зонд қолданады.  

 


Информация о работе Вирустық гепатиттер