Вирустар-тіршіліктің жасушасыз түрі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 18:46, реферат

Краткое описание

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XIX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д.И.Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У.Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.

Вложенные файлы: 1 файл

Вирустар.doc

— 37.00 Кб (Скачать файл)

               Вирустар-тіршіліктің жасушасыз түрі

Дүниежүзілік микробиология тарихында  орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XIX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д.И.Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У.Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.

XIX ғасырдың соңында Д.И.Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді.

Вирус-тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылының немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан-капсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өсіп-өнуге, көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр тәрізді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылықанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі.

Вирустардың құрылысы мен іс-әрекеттерін  темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирустары  темекі жапырақтарындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.

У.Стенлидің дәләлдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөшектері алты қырлы кристал пішінді шоғыр түзеді.

Бактерияларды зақымдап, ерітіп жіберетін  вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф.Туорт  сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың  денесі-басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДҢҚ немесе РҢҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал құйрығының ұзындығы 20-22 нм-ге тең. Құйрығының ұшы-нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф.Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топаланды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н.Ф.Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактерияларын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль байқаған.

Зерттеушілер осындай көзге  қөрінбейтін бактериялардың паразитін  егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия жеушілер немесе жалмаушылар деп атады.

Бұдан кейін зерттеушілер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін  табиғатта көптеген бактериофагтардың  бар екендігін анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды  ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және т.б. көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.

Фагтар өз бұтақшасымен бактерия жасушасына бекінеді. Іле-шала бактерия жасушасының қабықшасын ерітетін «лизоцим» деп аталатын фермент бөліп шығарады. Қабықша ерігеннен кейін фаг ішіндегі заттар бактерия жасушасын енеді де, оның бұтақшасы мен сыртқы қабықшасы бактерия жасушасының сыртында қалып қояды.

Фаг жасуша ішіне енісімен көбейіп өзінің зиянды әсерін тигізе бастайды (бактерия хромосомасының белсенділігін төмендетеді). Бактерия жасушасы бұдан кейін ісініп, жарылады да, одан жаңадан пайда болған фаг бөлініп шығып, ол келесі жасушаны зақымдауға кіріседі.

Фагтың көбею сатысының ұзақтығы 30 минуттан 90 минутқа дейін созылады. Олар құрғақшылыққа, төмнгі температураға және көптеген химиялық уларға төзімді. Бірақ 50%-дық глицерин ерітіндісінде, сол сияқты температура +100 градусқа көтерілгенде бактериофагтар тіршілігін жояды. Олар табиғатта өте көп таралған. Кейде фагтар бактерия жасушасында тіршілік етсе де, оның жасушасы ерімейді. Тек көбейген кезде ғана олардың зақымдаушы әрекеттері біліне бастайды.

Мұндай бактериофагтарды бір қалыпты фагтар деп, ал бактерияларды, яғни осы фагтарды тасымалдаушыларды «лизогенді» бактериялар деп атайды.

Қорыта айтқанда, вирустар ауру қоздырғыштарын тудырушы ғана емес, бір түр мен екінші түрдің арасында инфекция тасымалдаушы болып табылады. Сондықтан олармен үнемі күресудің  жолдарын білу қажет.

 

Вирустар арқылы таралатын кейбір аурулардың түрлері. Өсімдіктерде болатын вирусты аурулардан темекі, асбұршақ және басқа дақылдардың теңбіл ауруы белгілі. Мұнда, вирустар ауру өсімдіктердің хлоропластарын бүлдіреді де, жапырақтардың зақымданған жері түссізденіп қалады. Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушасына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады. Мысалы, тұмау, полиомелит, шешек, аусыл, құтыру және т.б. аурулар вирусарқылы таралады.

Тұмаудың нағыз қоздырғышы 1933 жылы табылды. Бұл ауру ертеден белгілі. Тұмау індеті адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918-1920 жылдары тұмаумен 500 миллиондай адам ауырып, оның 20 млн. қайтыс болған.

Полиомелит-тез таралатын індет. Полиомелит вирусы тұмау вирусымен салыстырғанда өте кішкентай болады. 1916 жылы полиомелиттен Нью-Йоркте 2 мыңдай адам қайтыс болып, 7 мыңдай адам сал ауруына шалдыққан. Бұл ауру әсіресе балалар арасында кең таралған. Оның қоздырғышы-су, тағам және ауа арқылы таралады. Полиомелит індеті Қазақстанда, әсіресе 1961 жылы кең өріс алды. Бұл аурудың қоздырғыштары жүйке жасушасына еніп, адам қозғалысын басқаратын жүйкелерді бұзып, жансыздандырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              Жоспар:

 

I. Кіріспе: Жасушасыз тіршілік иесі

II. Негігі бөлім: Бактериофагтар

III. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:Биология оқулығы.


Информация о работе Вирустар-тіршіліктің жасушасыз түрі