Биотикалық қарым қатынастардың негізгі типтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2014 в 23:07, реферат

Краткое описание

Биотикалық факторлар — басқа организмдер мен биоценоздардың
жеке организмге (жануарға немесе өсімдікке) я биоценозга әсер ететін жиынтығы.Жануарлардың бір түрінің екінші түрімен немесе жануарлардың өсімдікпен қоректенуін биотикалық фактор деп атайды.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Биотикалық қарым қатынастардың негізгі типтері:
1.1 Бәсекелестік
1.2 Жыртқышттық
1.3 Паразитизм
1.4 Комменсализм
1.5 Мутуализм
1.6 Симбиоз
1.7 Синойкия
Қорытынды бөлімі
Қолданылғпн әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

карым катынас.docx

— 23.74 Кб (Скачать файл)

                                           Мазмұны:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Биотикалық қарым қатынастардың негізгі типтері:
    1. Бәсекелестік
    2. Жыртқышттық
    3. Паразитизм
    4. Комменсализм
    5. Мутуализм
    6. Симбиоз 
    7. Синойкия 

  Қорытынды бөлімі

        Қолданылғпн әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Кіріспе

          Биотикалық факторлар — басқа организмдер мен биоценоздардың 

жеке организмге (жануарға немесе өсімдікке) я биоценозга әсер ететін жиынтығы.Жануарлардың бір түрінің екінші түрімен немесе жануарлардың өсімдікпен қоректенуін биотикалық фактор деп атайды. Биотикалық факторлар организмге тура немесе жанама түрде әсер етіп отырады (мысалы: жануарлардың топырақты қазып өзгертуі, немесе бактериялардың ортаға химизмдік әсері тағы басқалар .Топтық эффект – топ құрып тіршілік ету мен ондағы даралардың санының олардың мінез – құлқына, физиологиясына, даму мен көбеюіне әсері. Көптеген бунақденелілілердің (тарақандар, қанатты шегірткелер және т.б.) топта жеке тіршілік етуге қарағанда зат алмасуы, өсуі мен дамуы жылдам жүреді.

          Организм арасындағы – қатынастар типтері Биотикалық факторлар – бір организмдердің тіршілік ету барысында басқа организмдерге әсері.Биотикалық қарым – қатынастардың негізгі типтері : бәсекелестік , жыртқыштық, комменсализм , мутализм , симбиоз , синойкия , паразитизм болып табылады.

          Биоңенозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-қатынастар қалыптасады. Оның негізгі қоректік тізбектерге байлынысты екені белгілі . Десе де, организмдер арасындағы кеңістік қарым – қатынастар да негізгі роль атқарады . Қоректік тізбектер өсімдік , құстар және жануарлар арасында болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Организмдер арасындағы қарым  – қатынастардың негізгі типтері : бәсекелестік , жыртқыштық, комменсализм , мутализм , симбиоз , синойкия , паразитизм  болып табылады.

          Бәсекелестік – бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, тұрағы , т.б. ресурстардың жетіспеушілік жагдайындағы қарым – қатынастардың көрінісі . Кезінде Ч.Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған . Бұл корініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады.

          Мысалы кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу арқылы популяциясын реттеуі жатады. Тұраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады . Ол бірде айқын білінсе , бірде онша байқалмайды. Сондықтан эколог Г.Ф.Гуезенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Бұл әрине Қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да (мінез – құлық , тұрағы үшін , аумақтық т.б.) факторлардың жетіспеуінен де болады .

       Жыртқышттық – қорек , аумақ, т.б. ресурстар үшін бірін – бірі өлтіру , қуу , жеу арқылы көрініс береді. Жыртқыштық – түрлер арасында болатын қарым- қатынастардың ең жоғарғы формасы . Жыртқыштық организмдер үшін оңайға  түспейді . Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып , ұстауы қажет . д л жемтік өз кезегіде жауынан қорғану үшін жоғары бейім- делушілік қасиетке ие болады . Бұл құбылыстар ғасырлар бойы дамып , организм бойында морфологиялық , физиологиялық , биохимиялық т.б. өзгерістерге алып келді . Олар өсімдіктерде тікен , қабық , жағымсыз иіс түрінде білінсе , жануарлар дүниесінде улы бездер , панцилер , қорғаныс түстер , мінез – құлқының өзгеруі , түрін өзгерту , денесінің кейбір мүшесін бөліп тастау ,қашып кету, жасырыну т.б. құбылыстар арқылы жүзеге асады . Тіпті құстар , тұз тағылары сес көрсетіп, қарсы шабу  қатты дыбыс шығаруға дейін бейімделген . Эволюция

 барысында кейбір жыртқыштар  жемтігін таңдап жеуге , екіншілері  көпқоректілерге айналған . Мәселен , қасқыр көпқоректі болса , ал кейбір құстар тек балықпен қоректенуге бейімделген. Тіпті кейбір ірі жыртқыштар қорегін таңдаумен қатар өзіне тән агрессивті , баяу , кейде пассивті (өлекселермен қоректенетіндер) формалары келіп шыққан.

         Сондай- ақ табиғатта жәндіктермен қоректенетін де автотровты өсімдіктер болады. Олар жәндіктерді еліктіріп , қармап алады да органикалық қышқылдар мен ферменттердің көмегімен қорытады. Жәндіктермен қоректену арқылы өсімдіктер субстраттағы азоттың және басқа да қоректік заттардың жеткіліксіздігін осылай толтырады . Жәндіктермен қоректенетін 500- ге жуық өсімдіктер белгілі (көпшілігі тропикада кездеседі). Әдетте мұндай өсімдіктер топырақта азот, фосфор, калий элементтері жеткіліксіз жерлерде (суларда , батпақты жерлерде) өседі.Жәндіктерді еліктірудің жолдары да әртүрлі : біреулерінде су асты жапырақтарының қапшық сияқты мүше түзуі , екіншілерінде (непентес)  жапырақ сабағының жоғарғы жағы құмыра тәрізді болады. Беті жылтыр болғандықтан жәндіктер одан тайып кетіп отырады . Альдрованда өсімдігін жапырағы жабысқақ сүйықтық бөлетін қызғылт түкті болып келсе , дионея өсімдігінің жапырақтары қақпан сияқты жабылады. Кейбір өсімдіктер күніне бірнеше ондаған жәндіктермен қоректенеді.

       Адам баласы жыртқыштар мен құстарды байқап олардың мнез – құлқына қарай ат қойып, қолға үйретіп, мәдени формаларын шығаруға ұмтылып отырған. Кейбір кезеңдерге жыртқыш аң мен құстарды <<зиянды >>,

<<қас жау >>,<<құбыжық>> санап көпе-көрнеу қырып-жойып отырған. XIX ғасырдың бас кездерінде жыртқыпггарды (қасқыр, жыртқыш құстар, т.б.) адам баласы жойып тарихта күтпеген экологиялық апаттарға үшырап отырған. Мәселен, қасқырларды қырып түз тағыларының арасындағы жұқпалы аурулардың тез таралып аңдардың қырылу немесе жыртқыш құстарды қырып керісінше ауру таратқан кеміргіштердің қаптап кетуі (Қытай жерінде) т.б. көптеген факторлар осының айғағы болса керек. Шын мәнінде , жыртқыш жануарлар өте пайдалы организмдер екені қазір баршамызға мәлім. Олар дала санитары ретінде биоценоздағы түрлер арасындағы тепе- теңдікті сақтап , оның даму ырғағын реттеп отырады. Яғни , жыртқыш – табиғи срыпиаудағы негізгі жетекші фактор. Нәтижесінде популяциялардың сапалық құрамы прогресивті түрде дамып отыр. Ал өз кезегіне жемтік те жыртқышқа тікелеи әсер ете отырып, оның прогресивті түрде дамуына ықпал етеді. Осылайша қарама- қарсылықты әсері эволюцияның көзі аушы күшіне айналып жыртқыш пен жемтік ара салмағын реттеп отыратыны анық.

          Паразитизм – бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік етуі. Паризиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте- бірте пайда болған. Бұл процеестер бактериядан бастагі жоғарғы сатыдағы организмдер арасында кездеседі. Әсіресе бұл қарым- қатынас вирус , бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар , құрттар арасында жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдік пен өсімдік – жануао мен жануар , өсімдікпен жануар арасында да паразиттік құбылыс жақсы дамыған.Паразитердің қоректі пайдалануына , бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго- поли парозиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқа және ішкі паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауыпты ауру тарататын түрлері де баршылық. Бірақ, олардың қай түрі болмасын табиғатта орын толмас рөлі бар. Мәселен, біздің Жерімізде кездесетін зиянкез жәндіктердің паразиттері оладың табиғаттағы санын реттеп ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Бір ғана құм тышқанның үстінен емес ішкі мүшелерінен паразиттің 19 түрі табылған. Ал адамның ішек – қарын , өкпе, бауырларында кездесетін аскорида ,  эхинохок , т.б. . Организмдер паразиттер қатарына жатады. Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы , тіптен қатерлі аурулар таратады. Олардың қатарына Қазақстан аумағында жиі кездесетін маса ,сона, бүрге, кенелер жатады. Әсіресе республикамыздың шөл-шөлейтті аймағында кездесетін маса, бүрге кенелердің биологиясын білу олармен күресі, сақтануды жеңілдетері сөзсіз. Көптеген жануарлар(түлкі, қоян, жыртқыш құстар, қарсақ, т.б.)  паразиттерді таратушылар ретінде роль атқарады. Ал Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы алқаптарында кең таралып отырған энцефалитінің қауіпті паразит екенін бәріміздің білгеніміз жөн. Сембиоз-екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне кейбір Зиянын  тигізбей, керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, шаян мен актиния, акулалар мен жабысқақ балықтар арасындағы селбесіп тіршілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Қыналар – балдыр мен саңырау құлақтың селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады. Өсімдіктердің тамыр жүйесінде, ағашты өсімдіктерде майда тамырлардың сыртын орап(эктомикориза), шөптесін өсімдіктерде тамырлардың ішіне еніп (эндомикориза ) селбесіп тіршілік ететін саңырау құлақтар бар. ОЛар өсімдіктерді ылғалмен, минералды заттармен қамтамасыз ете отырып, өз кезегінде олардан өздеріне қажетті органикалық заттарды алады.

  Комменсализм—бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып оған еш бір зиян келтірмеуі. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Ал кейде екінші организм біріншісін қозғай құралы немесе қорғанысы ретінде де пайдаланады. Мәселен ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егерде комменсалдар бір-біріне зиянг келтіре бастаса оның біреуі паразиттік енемесе басекелестік жолға түседі.

 

Мутуализм-әр түрге жататын организмдердің бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селебесіп тіршілік етуі. Мәселен тақуа шаян мен актиния арасындағы қарым- қатынас немесе құмырсқа мен осімдік биті арасындағы байланыс осының мысалы.

        Зоохария – жануалардың орын ауыстыруы арқылы өсімдіктер тұқымдарын кеңістікке тарату қубылысы.  Зоохария- өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір түрінің ұзақ жывлдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілмектер пайда болып олар құстар, сүтқоректілер және тағы басқа жануарлардың денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы кеңістікке тарауы.

         Өсімдік тұқымдарының мұндай жолмен таралуын – поссивті дейді. Ал кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың соңғы өнімдері арқылы таралады. Оларды- активті таралу жолы деп атайды.

        Аллелопагия- организдердің денесіне өзіне тән химиялық заттар шығару арқылы қарым –қатынас жасау жолы.Яғни, осімдіктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс немесе жағымды әсерен тигізетін қасиеттке не болады. Мәселен, кәдімгі жусан иісі көптеген осімдіктерге теріс әсерн тигізсе, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді.

             Симбиоз - екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей, керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, шаян мен актиния, акулалар мен жабысқақ балықтар арасындағы селбесіп тіршілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Қыналар - балдыр мен саңырауқұлақтың селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады. Өсімдіктердің тамыр жүйесінде, ағашты өсімдіктерде майда тамырлардың сыртын орап (эктомикориза), шөптесін өсімдіктерде тамырлардың ішіне еніп (эндомикориза) селбесіп тіршілік ететін саңырауқұлақтар бар. Олар өсімдіктерді ылғалмен, минералды заттармен қамтамасыз ете отырып, өз кезегінде олардан өздеріне қажетті органикалық заттарды алады.

              Синойкия - әр түрге жататын ағзалардың өзара бірлесіп, (селбесіп) тіршілік етуі. Синойкия кезінде бір түр екінші түрге зиян келтірмей, өзіне пайдалы жағдай жасап тіршілік етеді. Мысалы - кейбір теңіз балықтарының шабақтары ірі медузалардың қармалауыштарының арасында тіршілік етеді де - қауіптен қорғанады.

 

 

 

 

 

                                                Қорытынды

          Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді,  оның байлықтарын пайдаланады және  өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Организмдер арасындағы қарым-қатынастар өте күрделі және алуан түрлі. Оларды шартты түрде тікелей және жанама деп бөлуге болады. Тікелей байланыс қоректену жолымен анықталады, яғни, өзінің тіршілігіне энергияны кейбір жануарлар өсімдіктерді немесе басқа жануарларды қорек ету арқылы алады. Өз кезегінде олармен басқа организмдер қоректенеді. Жыртқыш-қорек немесе  иесі паразит жүйелеріндегі қарым-қатынас нәтижесі табиғи іріктелуді және бейімделуші қасиеттердің сақталуын қамтамасыз етеді, сөйтіп популяция санының динамикасын анықтайды.

         Жанамалық  қарым-қатынаста бір организмдер екінші организмдерге орта түзушілік, субстрат рөлін атқарады. Мысалы, ормандарға жергілікті және Әлемдік орта түзуші тән. Олар топырақты және суды қорғап отырады. Су қоймаларында өсетін осімдіктер ондағы тіршілік ететін организмдерге өте қажетті оттегініңкөзі болып саналады. Өсімдіктер басқа организмдердің тіршілік ортасы болып табылады. Мысалы, ағаш қабықтарында, тамырларында, жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінде көптеген құрт-құмырсқалардың түрлері меномыртқасыздар тіршілік етеді,  ал ағаш қуыстары құстар мен сүт қоректі жануарлардың мекендейтін жері болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Экология және табиғатты тиімді пайдалану( Ә.Бейсенова, А. Самақова, Т.Есполов, Ж.Шілдебаев Алматы <Ғылым> ғылыми баспа орталығы 2014 ж.)

<Жалпы экология>( А.Т. Қуатбаев Алматы 2012ж.)

   


Информация о работе Биотикалық қарым қатынастардың негізгі типтері