Бейімделістің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2015 в 13:49, реферат

Краткое описание

Бейімделіс (адаптация) - сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына организмнің икемделуі. Ол жасушалық, ағзалық, жүйелік және организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа пайда болған немесе жүре пайда болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді. Ортаның көптеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне барабар немесе барабар емес келеді. Организмнің барабар тітіркендіргішке бейімделу қабілеті ұзақ мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасты. Ал барабар емес тітіркендіргіштер көбінесе организм мен ортаның теңестірілу қасиетін жояды.

Содержание

І Кіріспе
Бейімделіс (адаптация)
ІІ Негізгі бөлім:
Бейімделістің түрлері.
Бейімделу әсерленістері.
Бейімделістің кездері.
Бейімделіс тетіктері.
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиетттер

Вложенные файлы: 1 файл

Adaptatsia.doc

— 64.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар

І Кіріспе

Бейімделіс (адаптация)

ІІ Негізгі бөлім:

  1. Бейімделістің түрлері.
  2. Бейімделу әсерленістері.
  3. Бейімделістің кездері.
  4. Бейімделіс тетіктері.

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиетттер

 

Кіріспе

Бейімделіс (адаптация) - сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына организмнің икемделуі. Ол жасушалық, ағзалық, жүйелік және организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа пайда болған немесе жүре пайда болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді. Ортаның көптеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне барабар немесе барабар емес келеді. Организмнің барабар тітіркендіргішке бейімделу қабілеті ұзақ мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасты. Ал барабар емес тітіркендіргіштер көбінесе организм мен ортаның теңестірілу қасиетін жояды.

Ғылым мен техника жедел дамыған сайын, адамның шаруашылық және өндірістік ісәрекетінің өрісі кеңейіп, жаңа істер, мекен-жайлар игеруіне мүмкіндік туып отыр. Алайда табиғи және өндірістік жаңаша жағдайларда, организмге жағымсыз әсер ететін төңіректің қолайсыз түрткілері жиі кездеседі. Бұлар төтенше (экстремалдық) немесе шамадан тыс тітіркендіргіштердің қатарына жатады.

Төтенше түрткілер физикалық, химиялық орасан, ақпараттық, мағыналық (семантикалық) және биологиялық болып 5 топқа жіктеледі. Ортаның үйреншікті физикалық (қысым, климат, маусым, космос жылылық, сәулелену) және химиялық (ауаның, тағамның құрамы, газ-дардың мөлшері) түрткілері әдеттен тыс әсер еткенде, олар организмде төтенше жағдайлар туғызады.

Орасан түрткілер гравитациялық (салмақсыздық, әсіресалмақ-тық) және ақпараттық (қисындық, құрамалық, жағдайлық) негіздер-ден тұрады.

Адамның күнделікті тіршілік жағдайларында ақпараттық түрткілер, мәселен, жалған немесе оқыс, жеткіліксіз немесе артық хабарлар төтенше ықпал жасайды. Қазіргі кезде адам жасынан өмір бойы ақпараттық жүктемеге үшырайды. Сондықтан ол үнемі бейімделу әрекеттерінің қауырттығын талап етеді. Бұлар арнайы өндірістік ісәрекеттің шараларымен қосылып, адамның психика сала-сында зорланыс және бейімделіс олқылықтарын тудырады.

Мағыналық төтенше түрткілер жеке адам басына немесе ұжымға қауіпқатер төнгенде, апат жағдайларында пайда болады.

Биологиялық төтенше түрткілерге кенеттен ауру, ұзақ уақыт ұйық-тамау, аштық және т. б. жатады. Осыған орай адамның бейімделіс негізін тіршіліктік және әлеуметгік тетіктері жасайды.

Организм осы жағдайларға бар мүмкіншілігінше өзінің құрылымдық және әрекеттік әсерленістері арқылы бейімделіп отырады. Оның табиғи ортадағы әртүрлі маусымдық жағдайларына икемделу құбылысын акюиматизация деп атайды. Ол бейімделістің жекеленген түрі болып саналады.

 

Бейімделістің түрлері. Қазір бейімделістің әр алуан түрлері болғанымен, көпшілік мақұлдаған топтары жоқ.

Бейімделісті мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді деп жіктейді. Қысқа мерзімді бейімделісті икемделудің "авариялық сатысы" ретінде қарайды. Мұнда бейімделістің бастапқы кезінде, жүйке жүйесінің орталық бөлімдерінің әрекеттік күйі қатты өзгеріп, организмнің әсерленгіштігін өсіруге мүмкіндік жасалады. Ұзақ мерзімді бейімделіс организмнің икемделу қабілеті, мінездік әсерленісі мен жалпы әрекетін жоғары сапада қамтамасыз етеді. Бұл оның гипоксияға, суықтыққа, тамақтың тапшылығына бұрын байқалмайтын төзімділігін тудырады.

Жеке организм деңгейінде бейімделістің төмендегідей түрлерін ажыратады: туа біткен және жүре пайда болған, жеке және қауымды (түрлік), жалпы және маманданған, арнамалы және бейарнамалы, ішкі және сыртқы, шартты және шартсыз, қалыпты және төтенше, морфологиялық (құрылымдық) және физиологиялық (тірліктік), соматикалық (тәннің) және психикалық (жанның) т. с. с.

Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне дені сау адамның бейімделісі арнайы физиологиялық әсерленістер арқылы жүзеге асырылады.

Физиологиялық бейімделіс деп әрекеттік жүйе, ағза, тіндер белсенділігі мен өзара байланысын реттеуші тетіктердің орнықты деңгейін айтады. Бұның мәні ортаның жаңаша жағдайларында организмнің сақталуына, дамуына, қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін әрекеттердің қайта құруына келіп тіреледі. Сонымен бірге ортаның өзгерген жағдайларында адамның ұзақ өмір сүруі, жұмысқа қабілетінің сақталуы, ұрпақ жаңғыртуы бейімделістің көрнекті белгілері болып саналады.

Физиологиялық бейімделіс жағдайын талдағыштар жүйесін тітіркендіудің табалдырық күшіне және қарқынына икемделу қасиетінің өзгеруінен байқауға болады. Ол туралы өткен тарауларда толық айтылған.

Құрылымдық бейімделістің негізін жасушалық бейімделіс түзеді.

Жасушалық бейімделіс деп қоршаған орта жағдайларына, аман қалу және қайта жақсару үшін олардың икемделуін айтады. Ол организмдік бейімделістің бастапқы кезеңі болып саналады. Жасушалық бейімделісті шамамен генотипті және фенотипті деп екіге жіктейді. Гено-типті (тектүр) бейімделіс шыдамды, берік жасушаларды іріктеу нәтижесінде пайда болады.

Фенотипті (белгітүр) бейімделіс залалды түрткілерге қарсы қорғаныш әсерленісі ретінде туады. Ол тітіркендіргіштердің қарқыны мен мерзіміне байланысты болады. Сондықтан бейімделістің ұзақтығы және жасушаның төзімділігі өзгеріп отырады.


Организмнің фенотипті икемделісін даралама бепімделіс деп те атайды. Ол ортаның белгілі түрткілеріне бұрын болмаған тұрақтылықты және алдында шешімі қиын мақсаттарды жаңаша шешу мүмкіндігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мұнда ең әуелі осы нақтылы түрткіге жауапты әрекеттік жүйелер, одан кейін жалпы әрекеттік жүйелер соңынан жалпы бейарнамалы стреске қарсы жүйелер іске қосылады. Даралама бейімделіс түрлік икемделудің құрамына кіріп, оның дамуына әсер етеді. Бұл - популяциялық бейімделіс. Қауымдастық-түрлік бейімделіс тұқымқуалаушылық арқылы жеке организмдерге беріледі.

Бейімделу әсерленістері. Жалпы бейімделіс организмнің екі түрлі әсерленісіне байланысты болады. Біріншісінде, әсер етуші түрткілерді түйсіну үшін физиологиялық әсерленіс белсендіріледі, ал екінші түрінде оның әсерімен кездесуден организм қашқақтайды. Өйткені организмнің әрекеттік күйіне, жағдайына байланысты бейімделетін түрткілер жағымсыз немесе жағымды әсерленістер тудыруы ықтимал. Сондықтан көбінесе бейімделістің мәнін толық ұғыну, оның пайда болатын жағдайларын айқындауды талап етеді.

Адамдарға төтенше түрткілер әсер еткенде екі түрлі әсерленіс бай-қалады. Біреуі барабар әсерленіс болса, екіншісі - абыржу әсерленісі. Барабар әсерленіс организмнің арнайы жауаптары арқылы төтенше турткілердің әсерін әлсіретіп немесе жойып, оның қажетті ісәрекетін сақтауға бағытталады. Мұндай жағдайда адам байымды, мақсатты мінез көрсетеді. Оған көтеріңкі сезініс күйі (эмоцля) әсер етеді. Әсерленістің бүл түрінде талдағыштардың сезімталдығы өзгереді, зейін шоғырланады, қысқа мерзімді және амалдау (оперативті) зерде жақ-сарады, іс-қимылдар дәйекті жоспармен атқарылады. Адамда қырағылық, қосымша сақтық пайда болады.

Абыржу әсерленісі кезінде талдағыштардың түйсіну табалдырығы көтеріледі, зейін шашырайды, зерденің көлемі азайып, адамның еңбек-тену қабілеті төмендейді. Абыржу әсерленісінің белсенді және селцос түрлері бар. Белсенді түрін үрей билеген адамның мінезінен байқауға болады. Ол пайда болған жағдайдан қашу әрекетінен басталады. Алай-да бұл мінездік көрініс қисынсыз, орашолақ түсініксіз жағдайға байланысы жоқ қимылдардан тұрады. Адамның эмоциялық күйі тасып, еліктеу қасиеттері жоғарылайды. Ал абыржу әсерленісінің селқос түрінде, керісінше белсенді қимыл тыйылады. Адам дағдарып,  еркінен айырылып, есінен танады. Түрткінің әсерінен мелшиіп, қаша алмайды. Бүкіл талдағыштардың сезімталдығы өте төмендейді.


Әдетте, төтенше түрткілерге жауаптың түрі оларды тудыратын себептердің сипатына байланысты. Осы себептерді жағдайға байланысты сыртқы, ішкі және әлеуметтік деп жіктейді. Сыртқы себептер әсер етуші түрткілердің күші, қарқыны, мерзімі, ырғағы, қасиетіне байланысты болады. Сонымен бірге ісәрекетті ұйымдастыру сатысы, яғни жұмыс орны, мекені адамның техникамен қарым-қатынасы ықпал жасайды. Ішкі себептерге әртүрлі әсерленіс шығаратын адам психикасының ерекшеліктері, мінез-құлығы және организмнің хал-жағдайы жатады.

Әлеуметік себептердің ішінде ісәрекеттің мақсатын, адамдардың өзара қатынасын және талаптарын атауға болады. Осы себептердің салдарынан организмнің қалыпты жағдайы өзгеріп, негізгі әрекеттері зор күш салу арқылы қамтамасыз етіледі. Сондықтан оның физиологиялық қосалқы қоры тез азаяды, тіпті кейде сарқылады немесе әсерленіске өтеміс (компенсация) тетіктердің тиімсіз түрлері жұмылдырылады.

Алайда организм сыртсы және ішкі ортаның әртүрлі түрткілері-мен өзара әрекетінде осы белсендіру немесе тосқауылдау тетіктерін барлық денгейде қатар қолданады. Сөйтіп ол өзінің бірнеше кезден өтетін бейімделіс әсерленісін қамтамасыз етеді.

Бейімделістің кездері. Бейімделіс әсерленісі нақтылы физиологиялық тетіктермен байланысты бірнеше кезден тұрады.

1. Бейімделістің бастапқы кезі тітіркендіргіштер әсер еткен алғашқы сәттен басталады. Мұнда әртүрлі бағытталған құрама әсерленістер байқалады. Бірінші құрама әсерленіс - бағдарлау рефлексіне  байланысты. Бұл рефлекс пайда болғанда, осыған дейінгі ісәрекетті  тежейді. Жалпы тежеуші әсерленіс күшті тітіркендірудің бәріне жауап ретінде туады.

Екінші құрама әсерленіс - қозу түрінде жүзеге асырылады. Мұнда жүйкелік нәрлендіру (трофикалық) ықпалдары белсендіріледі және ағзалардың қызметі күшейеді. Бұл әсерленістерді симиатоадреналин жүйесімен бірге орталық жүйке жүйесі атқарады. Алайда бейімделістің бастапқы кезінде, олар өзара үйлесімсіз болуы мүмкін. Сонымен қатар бүл кезге организмнің даралама ерекшеліктері, эмоциялық өзгерістері де қатысады.

2. Бейімделістің келесі сатысы - өтпелі кез. Мұнда орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы төмендейді, гормондардың, белсенділігі азаяды, алғашқы әсерленіске қатысқан жүйелердің ықпалы тыйылады.

Ол кезде организмнің икемделу әрекеттерге тіндерде тереңдей түседі, бұған бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының "бейімдегіш гормондары" әсер етеді.

3. Бейімделістің тиянақты кезі - организмнің және оның кұрамына енетін ағзалардың, жүйелердің жаңа жағдайларға мұқият икемделу сәтін көрсетеді. Олардың қызметі үйлесімді келеді. Организмнің бейарнамалы төзімділігі көтеріледі және әркелкі арнайы бейімделістің тетіктері дамиды. Бұл кез физиологиялық құбылыстарды үнемді атқарады және энергия шығындарын азайтады және имундық қасиетін  көтереді.

Бейімделістің бұл кезін ұдайы тұрақты, өзгермейтін жағдай деп қарауға болмайды. Организмде оның ауытқулары, тербелістері жиі болуы ықтимал. Өйткені оған әралуан қосымша жанама түрткілер әсер еткенде, ол өзінің тіршілік күйінің шығыны мен қайта қалыптасуына байланысты туатын гомеостаздың жаңа деңгейін үнемі сақтауға тиіс. Сондықтан бүкіл тірліктік әрекеттер зор күш салу арқылы жүзеге асырылады. Ол организімнің энергия шығынын ұлғайтады, иммундық және гормондық қосалқы қорын азайтып, ақыры бейімделістің бұзылуына - дизадаптацияға әкеліп соғады.

  1. Дизадаптация кезі организмнің әрекеттік қоры сарқылуы нәтижесінен немесе нейрогормондық жүйенің және зат алмасуының өзара  байланысы бұзылғандықтан пайда болады. Бұл жағдайда бейімделістің  бастапқы кезі сияқты ісәрекеттің тұрақты көрсеткіштерінің ауытқулары пайда болады. Олар үйреншікті тітіркендіргіштер шамадан тыс   немесе кездейсоқ түрткілер көп уақыт әсер өткенде туады.
  2. Организм бейімделіс тудырған әсерлерден құтылған жағдайда, соның салдарынан пайда болған әртүрлі құрылымдық және әрекетгік  ерекшеліктерден біртіндеп арылады. Алайда оның жойылған икемделу әсерленістері сол бейімдеущі түрткілер тағы да әсер етсе, қайтадан қалыптасуы мүмкін. Мұны қайта бейімделіс (реадаптация) деп  атайды.

Бейімделіс тетіктері. Адам экологиясыньщ негізгі мақсаты орга-низмнің бейімделіс әсерленісін қамтамасыз ететін физиологиялық тетігін тексеріп, икемделу әрекетін жетілдіру болып саналады. Мүның басты міндеті адамның денсаулығын сақтау, оны жақсарту және ауру-дың алдын алуда өте тиімді жүйелер жасау.

1. Организмнің икемделу әсерленісі негізін жүйкелік және гуморал-дық тетіктер қүрайды. Денеге күшті, өте күшті, орасан және төтенше тітіркендіргіштер оқыс әсер еткенде, оларды қабылдап, өңдейтін негізгі жүйке қүрылымдарында шамадан тыс зорлану жағдайы пайда болады.

  1. Қоршаған ортаның қүбылмалы өзгерістеріне икемделуді жүзеге  асыратын бейімделістің жалпы физиологиялық тетіктері әрекеттік  жүйелер арқылы атқарылады (П.К. Анохин). Ол қозғағыш және жағдайлық тітіркендіргішті бағалаудан басталып, шешім қабылдаумен 
    болашақ нәтижені алдын ала озьщ болжауды қалыптастырады. Содан кейін іс-қимыл нәтижесін салыстыргыш (акцептор) аппарат іске  қосылады. Әрекеттік жүйе лимбия, торлы қүрылым және ми қыртысының белгілі аймақтарын қамтиды.
  2. Бейімделіс кезінде ақиқатты бейнелеу негізі шартты рефлекстер арқылы жасалады. Ол әсіресе бейімделу жақтарының сақтық және  ишаралық мәнін айқын бейнелейді.
  3. Жоғарыда айтылғандай, әрбір бейімделіс, әсіресе төтенше жағдайларда, зор энергия шығынымен тіршіліктің маңызды жүйелерін  реттеуші тетіктердің күш салуын талап етеді. Бүл бейімделістің алғашқы сәттерінде өтеміс тетігінің белсендірілуі арқылы жүзеге асырылады.

 

Қорытынды

Жалпы өтеміс қасиеті ортаның төтенше түрткілерінен туатын ал-ғашқы рефлекстік әсерленіс. Ол организмдегі әрекеттік өзгерістерді жоюға немесе азайтуға бағытталады. Бүл тетіктер биологиялық ма-ңызы бойынша, организмнің қосалқы амалдарының негізгі бөлімі бо-лып саналады. Олар өте жылжымалы, организмнің апаттан шығу жағ-дайларын қамтамасыз ететін, жедел пайда болатын физиологиялық амалдар. Сондықтан бүл тиімді өтеміс тетіктер организм барабар емес жағдайларға тап болғанда, үзақ уақыт гомеостазды қажетті деңгейде, яғни бейімделістің тиянақты кезі шыққанша, үстап түрады.

Информация о работе Бейімделістің түрлері