Бактериялар

Реферат, 22 Февраля 2014, автор: пользователь скрыл имя

Краткое описание


Бактериялар (гр. bakterion -таяқша) табиғатта ең көп таралған микроорганизмдер тобы. Олардың көпшілігі бір клеткалы организмдер, хлорофилдері болмайды. Бактериялардың шамасы микрометрдің оннан бір бөлігі ( 1 мкм = 0,001мм), 10 – 15 мкм- ге дейін барса, диаметрі 0,2- ден 1 мкм- дей болады. Бактериялардың шамасы мен пішіні тіршілік ету жағдайларына қарай біраз өзгеруі мүмкін. Дегенмен, тіршілік ортасы өзгермесе, сол туысқа және тұқымдасқа жататын түрлердің бұл қасиеттері олардың ұзақ эволюция кезінде қалыптасқан пішіндерін біраз уақыт сақтап тұра алады.

Содержание


Бактериялар
Бактериялардың морфологиясы
Актиномициттер
Хламидиялар
Микоплазмалар
Риккетсилар
Спирохеталар

Вложенные файлы: 1 файл

бактериялар.docx

— 563.93 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

  1. Бактериялар
  2. Бактериялардың  морфологиясы
  3. Актиномициттер
  4. Хламидиялар
  5. Микоплазмалар
  6. Риккетсилар
  7. Спирохеталар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бактериялар (гр. bakterion -таяқша) табиғатта ең көп таралған микроорганизмдер тобы. Олардың көпшілігі бір клеткалы организмдер, хлорофилдері болмайды. Бактериялардың шамасы микрометрдің оннан  бір бөлігі  ( 1 мкм = 0,001мм), 10 – 15  мкм- ге дейін барса, диаметрі  0,2- ден 1 мкм- дей болады. Бактериялардың шамасы мен пішіні тіршілік ету жағдайларына қарай біраз өзгеруі мүмкін. Дегенмен, тіршілік ортасы өзгермесе, сол туысқа және тұқымдасқа жататын түрлердің бұл қасиеттері олардың ұзақ эволюция кезінде қалыптасқан пішіндерін біраз уақыт сақтап тұра алады.

Бактериялар клеткасы тірі организмдер болғандықтан, олардың ішкі құрылысында кездесетін бөліктердің әр қайсысының өзіндік атқаратын қызметі болады. Бактериялар пішініне қарай негізгі 3 топқа бөлінеді: 1) шар тәрізділер ( коккалар), 2) таяқша тәрізділер ( бактериялар, бацилдер, клострийдилер), 3) иректелген пішінді топтар ( вибриондар, спириллалалар және спирохеталар)

 

 

 

1-  Сурет. Бактериялар  клеткасы.

 

 

Коккалар  -  шар тәрізді,  диаметрі 1 – 2 мкм. Олардың сопақша,  жалпақ  және ұзынша  пішінділері де бар. Табиғатта жеке – жеке  шар түрінде кездесетіндерін микрококкалар, клеткалары екі – екіден  қосақталғандарын диплококкалар, ал олар моншақ тәріздене орналасса степкоккалар, төрт – төрттен байланыса орналасқандарын тетракоккалар, клеткалары сегізден  топтасқандарды сарциналар деп атайды. Клеткалары жүзім шоқтары сияқтанып шоғырланған бактериялар – стафилококтар. Коккалар көбінесе қозғалмайды және спора түзбейді.

Таяқша тәрізді бактериялар  клеткаларының ұзындығына, еніне  және спора орналасқан  ұштарының  пішініне қарай ажыратылады. Белгілі  бір жағдайда тап болғанда таяқша тәрізді клеткалар споралар түзеді. Олар бацилдер деп атайды. (Bac. Subtilis).  Ал спора түзбейтіндерін бактериялар деген (Lactobac. Plantarum ) . коккалар сияқты таяқша бактериялардың клеткаларыда екі – екіден ( диплобактериялар ) және диплобацилдер тізбектеле  ( стрептобактериялар және стрептобацилдер) орналасады. Көптеген таяқша тәрізді бактериялар клеткаларынының ұзындығы 1 – 5 мкм, ал ені 0,5 – 1 мкм – ге дейін барады. Бұлардың ішінде қолайсыз жағдайға тап болғанда пішіні дөңгелек ерекше денешік - спора түзетіндері де бар.

Иректелген  пішінді бактериялар  ол – спиральдар. Мысалы спириллдер ( лат. аударғанда «спира» - ирек ). Иректелген  бактериялардың клеткалары таяқша тәрізді болғанымен олар иректеліп келеді. Егерде сол иректердің жеке өздері жалпы иректің төрттен бірінен аспаса, оларды вибриондар деп атайды. Иректелген бактериялар бір немесе бірнеше ирек буындардан тұрса, оларды спириллалар, ал пішіні көптеген иректен буындардан құрылса, оларды спирохеталар дейді.

Микроорганизмдердің  ішінде  жіпше тәрізділері бар. Олар көп  клеткалылар және аз топ. Бұлардың негізі өкілдеріне Beggiatoa  және  Fhiothrix жатады. Олар жіпшелер көмегімен субстратқа бекиді. Кейбір жіпше бактериялардың  сырты шырыш қабықпен қапталған. Бұған   Leptothrix , Crenothrix жатады. Олар ірі организмдер, жіпшелердің ұзындығы  40 мкм, ал қалындығы 4 мкм болады. Олардың Chloroflexus тобының ұзындығы 300 мкм – дай.

    Клетка  қабырғасы жоқ  бактериялар тобын микроплазмалар деп атайды.  Сондықтан да олардың пішіндері бірқалыпты болып тұра бермейді. Олар кокка тәрізді, эллипс тәрізді және алмұртқа ұқсас , ал кейде таяқша тәрізді болып құбылып тұрады. Ең ірі микроплазмалардың мөлшері 10 мкм – дай.Яғни, Микроағзалардың ең үлкен және кең таралған тобын бірін бактериялар құрайды. Бактерияларды морфологиясына, яғни көлеміне, пішініне, споралардың түзілуіне қарай ажыратады. Сыртқы пішініне қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәрізділер – коккалар, таяқша тәрізділер – бактериялар, бациллалар және спирилла тәрізділер – вибриндер, спириллалар. Спора түзуші топтарын – бациллалар, ал спора түзбейтіндерін бактериялар деп атайды.

Актиномицеттер (ескі атауы: сәулелі саңырауқұлақтар) – диаметрі 0,4-1,5 мкм-ге дейін жететін даму сатыларының кейбір стадияларында бұтақтанған мицелий құруға қабілеті бар бактериялар (кейбір ғалымдар актиномицеттердің бактериалды табиғатына байланысты саңырауқұлақтық мицелий аналогы – жіңішке жіпшелер деп атайды) тобы. Клетка қабырғасының типі бойынша Гржәне ДНҚ құрамында ГЦ жұптарының мөлшері – 60-75%.

Ең кең таралған жері –  топырақ: оның құрамында актиномицеттердің  барлық туыс өкілдері кездеседі. Люминесцентті  микроскопия көмегімен анықталатын  прокариотты биомассаның 10-15% мөлшерін және дәстүрлі қоректік орталарда сұйытылған топырақ суспензиясын егу кезінде  өсіп шығатын бактериялардың ¼ бөлігін  құрайды .

 

  

                     2 – сурет . Актиномициттер түрі.

 

 

 

 

   3 - сурет

Актиномицеттердің систематикасы  үшін микроорганизмдердің бұл тобына жататын микробтарға тән қасиеттер  анықталды. Сонымен қатар, зерттеу  барысында актиномицеттер түрлерінің морфологиялық өзгергіштіктері, ұрпақ  беру органдарының құрылымы және даму дәрежесі, споратасушылар сипаты, спора  қабықшасының құрылымы сияқты көрсеткіштер есепке алынды.

Жалпы,  Actinomycetes класы 2 қатардан құрылған. Actinoplanales – қозғалмалы және Actinomycetales– қозғалмайтын.  Класс 26 туысы бар  6 тұқымдасты біріктіреді .

Тұқымдастары:   ACTINOMYCETACEAE,     MICROMONOSPORACEAE,                                STREPTOSPORANGIACEAE,     ACTINOPLANACEAE,     DERMATOPHILACEAE,       PLANOSPORACEAE.

Streptomyces туысы – Actinomycetales қатары Streptomycetaceae тұқымдасына жататын топырақ актиномицеттерінің туысы, тұқымдастың ең үлкен туысы (500-ден астам түрі бар). Көптеген антибиотиктердің продуценттері ретінде танымал.

Актиномицеттердің арасында аэробтар және анаэробтар, мезофилдер мен термофилдер бар. Көбінесе актиномицеттер сапрофиттер, алайда араларында  адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге зиян келтіретін паразитті түрлері кездеседі. Actinomycetes классына қалыпты актиномицеттерден басқа, проактиномицеттер, микобактериялар және микококкалар жатқызылады. Проактиномицеттер актиномицеттерден мицелийдің дамудың ерте кезеңінде ған болуымен ерешеленеді. Одан кейін жас жіпшелер коккалар мен таяқшаларға дейін үзіледі.

Соңғы жылдары актиномицеттер адам қажеттілігіне сай көптеген алуан түрлі физиологиялық белсенді заттарды продуцирлейтін қабілеттілігіне  байланысты практикада кең қолданысқа ие. Актиномицеттердің көптеген дақылдарынан дәрілік препараттар – тағам  өнеркәсібінде, өсімдік өнеркәсібінде, ветеринарияда, медицинада қолданылатын антибиотиктер. Актиномицеттер витаминдер, гормондар, ферменттер, токсиндер, өсу  заттары, аминоқышқылдар және адам үшін қажетті басқа да биологиялық  белсенді заттар түзуге қабілетті. Топырақ  құнарлылығын қалыптастыру және топырақ  шығару прцесстеріне актиномицеттер белсенді түрде қатысады. Оларға топырақты  қалпына келтіруді жүзеге асыратын көптеген функцияларды жатқызады. Ең алғаш  болып актиномицеттерді 1878 жылы Ц. Гарц анықтаған болатын. 1945 жылы С. Ваксман және А. Шатц актиномицеттер дақылдарынан медицинада кең қолданыс тапқан стрептомицин антибиотигін бөліп алды .

 Жоғары сатыдағы актиномицеттердің мицелийі өте жақсы дамыған. Жіңішке гиф диаметрі — 0,1-1,0 мкм, ал айрықша жуан гифтер — 1,5 мкм-ге дейін жетеді. Тығыз агарланған қоректік орталарда (беттік егу) мицелийдің 3 типін анықтауға болады: субстратты, ауалы, субстрат алды немесе колониялар. Субстратты мицелий ортаның тереңдігінде дамиды және “тамыр жүйесі” қызметін атқарады. Оның жіпшелері қоректік заттарды өздеріне сіңіреді де колонияларға тасымалдайды, ал ол жерден ауалы мицелийге ауысады. Субстрат алды мицелийі агарланған ортаның бетінде дамиды және көлемі жағына үлкен жіне кіші колониялардың таралуы жүреді. Актиномицеттердің колониялары тығыз, көн тәрізді және ортамен тұтасып өседі. Ұсақ колониялар мөлшері — 0,5—2 мм, ал ірі колониялар 1 см-ге дейін жетеді. Колониялардың сыртқы көрінісі де алуан түрлі: тегіс, бұдыр, қатпарлы, түйіршікті. Актиномицеттердің ауалы мицелийі колонияның беткі қабатында қалыптасады. Актиномицеттердің клеткалары негізгі бірнеше бөліктерден құралған. Клетка қабықшамен — 0,01-0,03 мкм көлемі бар қабырғасы болады. Мицелий қабықшаларының бетінде шырышты капсула орналасқан, көбіне ол өте жұқа және тығыз емес жүйе болып келеді.

Хламидиялар (грек. chlamyda — мантия) — адам, жануар және құстарда әр түрлі ауру қоздыратын бактериялар. Хламидиялар жасуша ішінде өніп-өсіп, паразиттік тіршілік етеді. Зақымданған жасушаларда олар мантия (сырттан киетін ұзын шапан) сияқты қабықша түзетіндіктен, аты осыған байланысты аталған. Хламидияның бірнеше түрі бар:

C. trachomatіs, C. psіttacі — адамдарда;

C. pecorum, C. abortus, C. felіs — жануарларда  ауру қоздырады.

Ұсақ, пішіні шар тәрізді, диаметр 250—350 нм, вирустар секілді клеткаішілік көбейеді. Хламидия  адамдарда көз ауруларын (басыр, каньюктивит, т.б), несеп – жыныс жолдарының (уретрит , простатит , эндометрит,  сальпингит, т.б), шап бездерінің вирусты ауру (шап лимфогранулематозы ) және өкпенің қабынуы ( бронхит, пневмония, орнитоз, т.б) ауруларды қоздыруға себепкер болады. Қоздыратын ауру түріне байланысты жұғу жолдары да әр түрлі болып келеді. Көбінесе тұрмыстық қатынас арқылы (тікелей жанасу немесе тұрмыстық заттар арқылы), жыныстық жолмен және тыныс алу жолдары арқылы жұғады. Хламидия қоздыратын ауруларды жалпы атпен хломидиоздар деп атайды. Хламидиозбен ауырып тұрған адамда иммунитет ұзаққа  созылмайды, сондықтан қайталап ауруы мүмкін. Ауруға диагнозды:

  1. зақымданған жерден жағынды алып, бактерия морфологиясын;
  2. серол. реакцияның көмегімен науқастың қан сарысуындағы арнайы антиденелердің деңгейін анықтайды;
  3. ұрықтанған тауық жұмыртқасына немесе жасуша дақылдарына жұқтыру арқылы науқастан алынған заттан Хламидияның таза дақылын бөліп алып зерттейді.

Емі: антибиотиктер, иммунды-стимулдеуші препараттар, т.б. беріледі. Жеке бастың гигиенасын, құс өсіретін кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасын сақтау. Хламидияға қарсы егу әдісі қолданылмайды. 

 

              

                                   4 сурет- хламидии

 

Микоплазма -   (лат. Mycoplasma) ол клеткалық қабырғалары жоқ, мембранамен қапталған, өте кішкентай бактериялар.  Олар сапроторофты және паразитарлы болып келеді. Олар өсімдік, жануар және адам денесінде кездеседі.

Микоплазмоз — бұл өткір және созылмалы инфекциялық ауру, ауру қоздырғышы бактериялардың, грибоктардың және вирустардың арасындағы бос орынды алатын микоплазма атты микро ағзалар. 
Адам ағзасында 14 түрлі микоплазма өмір сүруі мүмкін. Оның ішінде 6 жыныстық жолмен, ал қалған 6 тамақ және ауыз қуысында кездеседі. Несеп жолының қоздырушысы болып табылатын Mycoplasma hominis және Mycoplasma genitalium, және тыныс алу жолдарының қоздырушысы болып табылатын Mycoplasma pneumoniae.

Микоплазмалар шарты түрде  патогенді микро ағза болып табылады. Олар бірқатар ауру тудыру мүмкін, алайда сирек жағдайларда оны дені сау  адамның бойынан анықтауға болады. Микоплазмоздың түрлері қоздырғыштарына  қарай мынадай түрлері бар:

Респираторлық микоплазмоз  әдетте ӨРА немесе пневманияның ауыр түрі ретінде жүреді. Ол ауа тамшысы арқылы жұғады. Белгілері: дене қызуының жоғарылауы, тамақтың қабынуы, тұмау, пневманияға өткен жағдайда өкпе қабынуының барлық белгілері көрінеді, яғни тоңазу, дене қызуының жоғарылауы, ағзаның жалпы тозуының белгілері  
Жыныстық-несеп жолы микоплазмозы — бұл жыныстық, сирек жағдайларда тұрмыстық жолмен берілетін несеп жолының ауруы. 
Микоплазмалар 60–90 % жағдайда несеп жолының қабынуы кезінде пайда болады. Сондай-ақ дені сау адамдардың талдамасында микоплазмалар 5–15% жағдайда кездеседі. Бұл аурудың белгілері білінбей ұзақ уақыт сақтала алатынын көрсетеді. Алайда жүктілік, бала туу, жасанды түсік, тоңу, стресс жағдайларында микоплазмоздар белсенді болып, ауру өткір түріне енеді. Микоплазмоз пиелонефрит, простатит, уретрит, артрит, сепсис, жүктіліктің әртүрлі патологиялары, босанғаннан кейінгі эндометрит сияқты аурулар тудыруы мүмкін.

 

 

 

   5 – сурет. микоплазма.

 

Риккетсиялар, олардың мөлшері 0,3-0,5 мкм, спораға айналмайды, кептіруге, аязға тұрақты келеді, қайнатқанда, залалсыздандырғанда тез өледі. Бұларда облигаттық паразит болып табылады. Тудыратын аурулар риккетсиоз деп аталады. Осылардың ішінде қауіпті аурулар: бөртпе сүзек, қайталама сүзек, Ку қызбасы кіреді.

6 – сурет. Риккетсия

 

Спирохета (лат. Spirochaetales)  ұзын бактериялар (3—500 мкм) және жіңішке (0,1—1,5 мкм) сонымен қатар иректелген , бірклеткалы спириллдерге қарағанда иректері аз. Олар қозғалмалы, көлденең бөліну арқылы көбейеді. Эндоспор түзілмейді. Аэробты,  анаэробты және факультативті –анаэробты түрлері кездеседі. Олар су, жер және басқа организмдерде кездеседі.  Spirochaetes  түрі жануар мен адам ағзасында кездеседі. Бұл лептоспироз ауруын тудыртатын Leptospira. Сонымен қатар  Treponema pertenue, Treponema carateum, Borrelia burgdorferi  бар.

7 – сурет. спирохета

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Инновациялық  Еуразия   университеті

 

 

 

 

 

 

              

 

Тақырып:  бактериялар анатомиясы , актиномициттер, хламидиялар, риккетсиялар, спирохеталар, микоплазмалар

 

Орындаған: Аманбаева Алуа

Тексерген: Абен  Серик  Қаршығаұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014  жыл


Информация о работе Бактериялар