Антропогендік фактор
Реферат, 18 Сентября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда.
Вложенные файлы: 1 файл
Биология.doc
— 158.50 Кб (Скачать файл)- Биомасса пирамидасы – қоректік тізбектің бірінші деңгейінен екінші деңгейіне берілетін органикикалық заттар
массасы. Продуценттердің биомассасы едәуір көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Бұдан кейінгі әрбір қоректік тізбекке өткен сайын биомасса мөлшері 10 есеге дейін азая береді. Организмдердің өнімділ ігі белгілі бір уақыт аралығында түзілген құрғақ органикалық заттардың биомассасы арқылы өлшенеді. *Энергия пирамидасы – қоректік тізбектегі бірінші деңгейден келесі әрбір деңгейге берілетін энергия мөлшерінің заңдылығы. Бұл энергия мөлшері де бір деңгейден екінші деңгейге өткенде 10 еседей азая береді. - Сан пирамидасы – әрбір қоректік тізбек деңгейлеріндегі организмдер саны арақатынасының заңдылығы. Қоректік тізбектегі дарабастар саны келесі қоректік деңгейлерде азая түседі. Бірақ оның көбеюі де мүмкін. Мысалы, орманда өсімдікпен қоректенетін жәндіктердің дарабастарының саны көп болған жағдайда. Сан пирамидасының диаграммасы биом
асса мен энергия пирамидаларын ың диаграммасынан басты ерекшелігі – оның төмен деңгейлеріне қарағанда, жоғары деңгейлері бірте-бірте ұлғая түседі.
Биологиялық прогресс—түрдің немесе басқа да жүйелік топтардың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы. Биологиялық прогрестің негізгі белгілеріне — жүйелік (систематикалық) топтағы даралар санының артуы, таралу аймақтарының (ареалдарының) кеңеюі, жеке жүйелік топтарға ажырауы және популяция мен түрдің жаңа тіршілік ортасына бейімделуі жатады.
2) Регресс (лат. regressus — кері кету, артқа қарай қозғалу), биологияда — 1925 ж. орыс ғалымы А.Н. Северцов (1866 — 1936) “Регресс” терминін биологияда екі түрлі мағынада қолдануды ұсынды:
- биологиялық Регресс — эвол. кері кету, яғни қоршаған ортаның өзгерістері едәуір қарқынды жүргендіктен организмдердің бе
йімделіп үлгере алмауы немесе басқа топтармен бәсекеде төтеп бере алмауы; қандай да бір жүйелік топқа жататын таксондар санының азайып, олардың ареалдарының тарылуы, дарабастар санының үздіксіз азайып, біртіндеп жойылуы; биол. Регрессті жануарлар арасынан қосмекенділерден, жұп артышқаннан, ал өсімдіктерде гинкго ағашынан айқын көруге болады; - морфофизиологиялық Регресс — жалпы дегенерация, яғни организмдердің тіршілік қабілетінің тұрақты және қалыпты жағдайларға бейімделуінің нәтижесінде құрылысының қарапайымдалуы. Мыс., саккулина
шаянының крабтың денесінде пар
азиттік тіршілік етуіне байланысты оларда ішекқуыстыларға тән диф ференцияланғанкүрделі органдар жүйесінің жойылуы.
Дегенерация(лат. degenero – біртіндеп жойылу) – табиғаттағы тірі организмдердің эволюциялық дам